Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының

Студенттеріне арналған

Пәні: Қазіргі қазақ тілі

 

Ақтау

 

Әзірлеген: «Қазақ тілі мен әлдебиеті» кафедрасының доценті Қабылов Ә.Д.

 

Әдістемелік нұсқау ҚР МЖМБС 3.08.017-2004 мемлекеттік стандарт мен типтік бағдарлама негізінде әзірленген.

 

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«___» _________ 2014 ж. Хаттама №___

Кафедра меңгерушісі: ___________ А.Н.Отарова

 

 

Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросымен келісілді.

«___» _________ 2014 ж. Хаттама №___

Төраға: ____________ Б.Ә.Көшімова

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

 

Түсінік хат

«Қазіргі қазақ әдебиеті» – университеттер мен педагогикалық институттардың филология факультеттерінде қазақ тілі мен әдебиетінен жоғары дәрежелі мамандар даярлау мақсатында оқытылатын негізні пәндердің бірі. Бұл ғылыми курс қазақ әдебиеті тарихының ең бір елеулі де жемісті кезеңін – ХХ ғасырдың жиырмасыншы-тоқсаныншы жылдарын қамтиды. Осы кезеңде қазақ әдеби процесіне белсене араласып, әдебиет тарихында елеулі із қалдырған ақындар мен жазушылардың өмір жолы мен шығармашылық ғұмырбаянын, басты-басты шығармаларын және олардың тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктерін оқыту – курстың басты мақсаты болып табылады.

«Қазіргі қазақ әдебиеті» курсы – университеттер мен педагогикалық институттардың филология факультеттерінң күндізгі және сыртқы бөлімдерінде бір бағдарлама бойынша (сырттай бөлімде қысқартылған түрде) оқытылады.

«Қазіргі қазақ әдебиеті» курсы күрделі (материалдары мол, қамтитын кезеңі ауқымды) курс болғандықтан, семестр бойында 4 кредит көлемінде дәрістер оқылып, семинар (тәжірибелік) сабақтар жүргізіледі, сонымен қатар студенттердің өз бетімен және оқытушы жетекшілігімен жұмыстары орындалады. Оқу жоспарына сәйкес, семестр соңында курстық жұмыс орындау қарастырылған.

Курс жұмысы – студенттер орындайтын жазба жұмыстарының күрделі түрі болып табылады. Оның мақсаты – студентті өз бетімен жұмыс істеуге үйреті, оқу құралдарын, ғылыми әдебиетті оқып, ізденуге дағдыландыру, студенттің бағдарламалық материалды теориялық жағынан болсын, тәжірибелік жағынан болсын, толық меңгеруіне, бағдарламадан тыс осы дәуірдегі (ХХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы) қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармашылығы бағытында өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыс орындауына бағыт беру, сөйтіп, студенттердің емтиханға тыңғылықты дайындықпен келуіне жағдай туғызу. Сондықтан арнаулы жазба жұмысының бұл түрін сапалы орындауға әр студенттің зер сала, аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн.

Сонысен қатар, студенттердің қазіргі қазақ әдебиеті бойынша орындайтын бұл жұмысы – студенттің орындауға тиісті (қазақ әдебиетінің тарихы бойынша) ғылыми жұмысының алғашқы түрі болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулықта курс жұмысын орындаудың жалпы ережелері мен оған қойылатын талаптар көрсетілген. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқу бағдарламасына сай курс жұмысын қазіргі қазақ әдебиеті саласы бойынша орындау көзделген. Курс тақырыптары осы сала бойынша, бірақ оқу бағдарламасына енбеген, алайда, кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы бойынша орындау қарастырылған.

Курс жұмысы тақырыптарымен бірге студентке қосымша кеңес ретінде әр салаға қысқаша түсінік берілген. Студент тақырыптан ауытқымау үшін жұмыстың жоспарын осы бағытта құруға болады. Алайда бұл студенттің ғылыми іздену аясын шектемейді, керісінше, оған тақырыпты толық ашуға, жинақтаған материалдарын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Алғашқыда курс жұмысын орындауда студенттердің әр түрлі қиындықтарға кездесетіні, ақыл-кеңес, әдістемелік нұсқауға, үлгіге, тіпті әдебиеттер көрсеткішіне зәру болатыны тәжірибеде байқалып жүр. Осындай жағдайларды ескере отырып, студенттерге көмек ретінде ұсынылып отырған бұл құрал үмітімізді ақтайды деп сенеміз.

 

Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

Жоғары арнайы білім берудің кәсіби-ағарту бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының 3, 4 курс студенттері мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттар мен мамандықтың жұмыс оқу жоспарында қарастырылған болса, курс жұмысын орындайды және қорғайды.

Курс жұмысының мақсаты:

ü мамандық бойынша бағдарламалық материалды теориялық жағынан толық меңгеруіне жағдай жасау;

ü өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, оқу құралдарын, ғылыми әдебиетті оқып-ізденуге дағдыландыру;

Курс жұмысының міндеттері:

ü Курс жұмысының тақырыптары мамандыққа қатысты ғылым саласының нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алатын көкейтесті болуы керек;

ü Курс жұмысының тақырыптарын оқытатын кафедра жыл сайын жаңадан құрап, анықтайды. Курс жұмысының тақырыптары кафедра мәжілісінде талқыланып, факультеттің оқу-әдістемелік фюросында бекітіледі;

ü Бекітілген тізімнен студентке курс жұмысының тақырыбын таңдауға құқық беріледі. Студент жұмысты орындаудың мақсатты бағытталған негіздемесімен өзінің тақырыбын ұсына алады.