Информация туралы түсінік

Глоссарий

Информация – қоршаған орта жөніндегі бізге байланыссыз барлық мағлұматтар.

Объект– уақыт бойынша орнықты, кеңістікте шектелген және бүтін бірлік ретінде қабылданатын құрылым.

Орта – бөлініп алынған объектінің ахуалына әсер ететін және, керісінше, олардың ахуалдарына объект әсер ететін, басқа потенциалды объектілердің жиынтығы.

Қарым-қатынас - объект мен орта ахуалдары параметрлерін белгілі бір уақыт аралығында өзара байланыстыра отырып өзгертетін процесс.

Информациядегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).

Информациялық ресурстардегеніміз информациялық жүйелердегі (кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша айтқанда, информациялық ресурстар деп информациялық жүйедегі жалпы көпшілік пайдалана алатын информация жиынын атайды.

Информациялық жүйе (ағылш. information system; орыс. информационнная система) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігінде – мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, информациялық база және информациялық процессор болып табылады.

Жүйедеп бір жағынан жалпы бүтін болатын, екінші жағынан өзара байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген объектіні атайды.

Жүйе деп кез келген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады.

Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Экономикалық информациялық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері информациялық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы.

Информациялық үрдіс - информацияға қолданылатын амалдардың тізбегін айтамыз

Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар.

Салыстырмалылық қасиет – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына тәуелді екендігін анықтайды.

Бөлінгіштік қасиет - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды.

Тұтастық қасиет – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды.

Информациялық жабдықтау– бұл информациялық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады.

Техникалық жабдықтау – бұл информациялық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы.

Жад – объектінің информациялық кодтарды ин-терпретациялау аппаратындағы, оның информациялық қарым-қатынастарының жекелеген актілері нәтижесінде пайда болатын және осы актілер аяқталған соң біршама уақыт бойы сақталатын, өзгерістер.

Болжау– жаңа информацияны, осы сәтте түскен информацияны бұрын түскен информация жиынтығымен салыстыру негізінде алуды имитациялау.

Информацияның жалпылануы – қарапайым дербес оқиғалардың орын алғандығы туралы информацияның, осы дербес оқиғалар оның жекелеген элементтері ретінде кірігетін жоғары деңгейдегі белгілі бір оқиғаның орын алғандығы туралы информацияға түрленуі.

Дезинформация - информацияның бір объектіден екіншісіне, оның іске асырылуы біріншісі үшін мақсатқа сай, ал екіншісіне – мақсатқа сай емес ахуалында берілуін айтамыз

Информациялық код дегеніміз - зат пен энергияның информация берілетін түрі

Кері байланыс дегеніміз – осы ұйым қызметкерлерінің өңдеген ішкі информациясының белгілі бір бөлігі кіріс информацияға қосылып, оны толықтыруы.

КІРІСПЕ

 

Ғылымға, экономикаға, өндіріске информациялық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі информациялық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық әлеуметін толық аша алатыңдай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: информациялық жүйенің обьектіге бағдарланған ұғымын анықтау.

Кез келген оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады. Олар: оқытуды ұйымдастыру технологиясы, оның технологиялық базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Информациялық жұйелердің топтасуы мен құрылымы мәселесі көбінесе автоматтандырылған оқыту ісінде қолданылады. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидакгикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа информациялық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді. Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Бұл біздің курстық жұмыстың теориялық маңыздылығын анықтайды.

Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).

Қазіргі қоғамның дамуы «информациялық қоғам» немесе «білімдер қоғамы» деп аталынатын өзінің жаңа формациясына өту жағдайында. XXI – ғасыр жаңа информациялық технологиялардың (IT) адам қызметі мен өмірінде кеңінен пайдалануымен сипатталынатыны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты әрбір қоғамның немесе мемлекеттің даму деңгейі олардың халқының жаңа информациялық технологияларды игеруі мен пайдалануы дәрежесімен анықталады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты қарастырылған.

1- бөлімде информациялық жүйенің ұғымы, яғни информация және информациялық жүйелер және т.б. жайлы мағлұмат келтірілген.

2- бөлімде информациялық жүйенің объектіге бағдарланған ұғымы жайлы мәліметтер қарастырылған.

 

1. Информациялық жүйе

Информация туралы түсінік

“Информация” сөзі Аристотель заманында–ақ белгілі болған. Сонан бері 2500 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, ол жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап, байланыс немесе кодтарды беру теориясына қатысты (тасымалдау) техникалық мағынада Клод Шеннон енгізгеннен соң ғана, пайдаланыла бастады. Сонан бері “информация” ұғымы, көп жағдайларда, интуитивті түрде пайдаланыла отырып, адамзат қызметтерінің әр саласында әр түрлі мағынаға ие болып келеді. Ғалымдар информацияның өз қызметі ерекшелігіне сай негізгі қасиеттерін бөліп ала отырып, оны өз мақсаттарына сай, субъективті түрде түсінуге тырысуда. Мәселен:

Информация – қоршаған орта жөніндегі бізге байланыссыз барлық мағлұматтар.

Информация – білім өсімшесі.

Информация – берілгендер мен оларға адекватты әдістердің өзара қарым–қатынасының жемісі.

Информация – түрлі процестерді басқарудың ерекше тетiгi.

“Информация” ұғымының барынша жалпылама анықтамасын беру үшін оның, біріншіден, әрбір нақты көрінісіне сай келетін, екіншіден, оны басқа ұғымдардың пайда болуынан ажырататын, қасиеттерін бөліп көрсету керек. Басқаша айтқанда, белгілі бір құбылыстың “Информация” ұғымына қатысты екендігін анықтайтын қажетті және жеткілікті шарт көрсетілуі тиіс.

Информацияның жалпылама анықтамасын беруде “объект”, “орта”, “операциялық орта” және “қарым-қатынас” ұғымдары фундаментальді роль атқарады. Объект – уақыт бойынша орнықты, кеңістікте шектелген және бүтін бірлік ретінде қабылданатын құрылым. Орта – бөлініп алынған объектінің ахуалына әсер ететін және, керісінше, олардың ахуалдарына объект әсер ететін, басқа потенциалды объектілердің жиынтығы. Қарым-қатынас - объект мен орта ахуалдары параметрлерін белгілі бір уақыт аралығында өзара байланыстыра отырып өзгертетін процесс. Орта бөлініп алынған объектінің ахуалына әсер ететін барлық потенциалды объектілерді қамтитындықтан, тұйық жиын болып табылады.

Ортадағы барлық объектілер түрлі күрделіліктегі құрылымдарға біріккен элементар бөлшектерден тұрады. Сондықтан объектілер арасындағы қарым-қатынастардың барлығы элементар бөлшектер арасындағы қарым-қатынастар түрінде болады да, микродүние физикасы заңдарына сәйкес орын ала отырып, орнықтылықтары әр түрлі құрылымдардың құрылуына алып келеді. Бұл құрылымдарды, орнықтылықтың белгілі бір деңгейінен бастап, операциялық орта ретінде қарастыруға болады. Операциялық ортадағы элементар қарым-қатынастар, бір элемент екіншісіне қанша мәлімет берсе, екінші элемент сонша мәлімет алатындықтан толығымен симметриялы.

Элементар бөлшектер қарым-қатынасының, құрылым ретіндегі объектінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қызмет жасайтын бөлігі объектіні “өзі үшін зат” ретінде анықтайды. Элементар бөлшектер қарым-қатынасының, объектінің басқа объектілермен қарым-қатынасынан көрінетін екінші бөлігі, объектіні “басқа үшін зат” ретінде анықтайды. Яғни, объектілер қарым-қатынасы заңдары олардың элементар бөлшектерінің қарым-қатынас заңдарының салдары болып табылады. Сондықтан, бөлшектер мен олардың түрлері неғұрлым көп және олардың объект құрылымындағы жиынтығы неғұрлым күрделі болған сайын, сол ғұрлым қарым-қатынастардың дербес заңдылықтарынан жалпы заңдылық алу күрделене түседі. Бұл кезде, объектілер қарым-қатынастары заңдылықтарының орнықтылығының жоғарылауын қамтамасыз ететін және орнықтылықтың белгілі бір деңгейінен бастап бұл заңдылықтарды жекелеген элементар қарым-қатынастар заңдылықтары ескерілмейтін дербес заңдылық деп қарастыруға болатын, үлкен сандардың статистикалық заңы басты роль атқарады. Осылайша элементар бөлшектер қарым-қатынастарынан атомдар, молекулалар заңдарынан бастап, макродүниелік және әлеуметтік заңдарға дейінгі заңдар қорытылып шығарылады. Жоғары деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары заңдылықтары, оларды құрастыратын төменгі деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары заңдарының статистикалық интеграциясы негізінде құрылады. Сондықтан, қарым-қатынас жасаушы топтар мөлшері онша көп болмайтындықтан, әлеуметтік қарым-қатынас заңдылықтарының орнықтылығы үлкен сандар заңы орнықты жұмыс жасауы үшін жеткіліксіз.

Ортадағы барлық қарым-қатынастарда энергия жоғарғы деңгейдегі объектілерден оң кері байланыс арқылы элементар объектілерге беріліп отырылады. Ортадағы энергия алмасу түріндегі қарым-қатынас та, бір объект екіншісіне қанша энергия берсе, екінші объект сонша энергия алатындығынан, сақталу заңына бағынады. Басқа кез-келген қарым-қатынас объект және энергия алмасу арқылы өтетіндіктен, объект пен энергия алмасу фундаментальді қарым-қатынас болып табылады. Фундаментальді қарым-қатынас, қарым-қатынас константалары қосындысы өзгермейтіндіктен, ортадағы жалпы тепе-теңдікке әсер етпейді.

Операциялық орта жұмысында орнықтылықтың жоғары деңгейі сақталуы үшін, ортаның ыдырау хаосына қарсы тұратын үлкен мөлшердегі энергия қажет. Энергия жеткіліксіз болса, орнықтылық жойылады. Мәселен, қыздыру барысында барлық кристалдық құрылымдар ериді және буланады. Бу мен судан энергия алынып кетілсе, кристалдану орталығы айналасында жаңа құрылым пайда болып дами бастайды. Кристалдану орталығы – орнықтылықтың бұзылу орталығы.

Келесі мысал. Бөтелкедегі газ молекулалары көптеген жылдар бойы ұшып жүре береді. Сол молекулалардың бүкіл әлемде теңбе-тең үлестірілуін қамтамасыз ету үшін өте үлкен температура қажет. Алайда, мұндай температура жоқ. Сондықтан молекулалар гравитациялық қойыртпақтарға бірігеді. Тығыздықтың флуктуациялары орнықтылықтың бұзылу орталықта-рын құрайды.

Жануарлар дүниесінде бір-бірін тебу, ымдау, қатты дауыс шығару және т.б. арқылы қарым-қатынас жасау үшін көп энергия қажет. Адамға ұқсас жануарлардың көбеюі барысында мұндай қарым-қатынас үшін энергия жеткіліксіз бола бастады. Нәтижеде жаңа құрылым – тіл пайда болды. Жаңа ахуалда босаған шексіз көп энергия адамның дамуына бағытталды.

Сонымен, энергия жеткіліксіздігі жағдайында ОО-да орнықтылықтың бұзылу орталықтары, информацияның берілгендері пайда болады. Орнықтылықтың бұзылу орталығы пайда болысымен, оның жанынан екінші бір орнықтылықтың бұзылу орталығы пайда болады. Бұл құбылыс себеп-салдарлық байланыстардың құйындануы деп аталады: орнықтылықтың бұзылу орталығы орнықтылықтың бұзылу орталығы болғандықтан пайда болады. Кей кездері (әсіресе техникада) бұл эффект оң кері байланыс делінеді.

Себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процестерінің көптеген қиылысу нәтижесінде өзінен төменгі иерархиялық деңгейдегі бір немесе бірнеше қабаттармен оң кері байланысты қамтамасыз ететін жаңа құрылым пайда болады. Құрылым, жоғары деңгейдегі құрылыммен салыстырғанда тиімді болған жағдайда, жаңа ОО құраушы объект ретінде бөлініп алынады (зафиксируется). Яғни, берілгендердің жаңа типі нәтижесінде пайда болады. Себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процесі ортаны өзін өзі жаңаша ұйымдастыруға мәжбүрлейтін “өмірлік” күш болып табылады.

Сонымен, фундаментальді қарым-қатынастар комбинациясы негізінде, ОО мен орта арасында, себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процесі түріндегі жоғары деңгейдегі қарым-қатынас орнауы мүмкін. ОО-да өзінен төменгі иерархиялық деңгейдегі бір немесе бірнеше қабаттармен оң кері байланысты қамтамасыз ететін жаңа құрылым пайда болғанда, орта бұл құрылымды жоғалтпайтындықтан, мұндай қарым-қатынас бейсимметриялы болады. Себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процесі негізінде фундаментальді қарым-қатынастар түрлерінің комбинациясы жатқандықтан, бейсимметриялы қарым-қатынас барысында объект пен энергия мөлшерінің өзгеруі орын алады.

ОО мен орта арасындағы, ОО белгілі бір құрылымды алғанда орта оны жоғалтпайтын қарым-қатынас - информациялық қарым-қатынас, ал информациялық қарым-қатынас арқылы берілетін және теңбе-тең деп атауға болатын көптеген информациялық берілгендер қасиеттерінің жинақталу нәтижесі болып табылатын құрылым информациялық құрылым, немесе тек информация деп аталады.

Бұл анықтамадан информацияның үш, ең жалпы қасиеті шығады. Бірінші қасиет – информация ОО мен орта арасындағы қарым-қатынассыз пайда болмайды. Екінші қасиет – қарым-қатынас барысында орта информацияны жоғалтпайды. Үшінші қасиет - информация теңбе-тең деп атауға болатын көптеген информациялық берілгендер қасиеттерінің жинақталу нәтижесі.

«Информация» туралы түсінік екі объектінің – информация «беруші» мен информация «қабылдаушы» арасындағы қарым-қатынастан туады. Информация сигнал (signum – белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы, электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Сигналдардың пайда болуы энергия алмасудың әсерінен болады. Сигналдарға байланысты, информация үзіліссіз және үзілісті (дискретті) түрде болуы мүмкін.

Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).

Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады:

— информация объективті болуы тиіс;

— информация сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана туады;

— информацияны әртүрлі «қабылдаушы» өзінше қабылдайды.

Жоғарыда аталынған информацияның сипатын оның кейбір мынадай қасиеттерімен толықтыруға болады; информация дәл, толық, сенімді, актуальді, қол жетерлік болуы тиіс.

Информацияның қоғамдағы маңызы аса зор, информациясыз ғылыми-техникалық прогрестің және экономикалық дамудың болмайтыны, адам толыққанды өмір сүре алмайтыны анық.

Информация келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:

— танымдық функциясының мақсаты – жаңа информация алу;

— коммуникативтік функция адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету;

— басқару функциясының мақсаты – басқарылуға тиісті жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету.

Информацияның аса қажеттілігі — адам өмірінде және оның қызметінде белгілі бір мәселе жөнінде дұрыс шешім қабылдау қажет болғанда жиі кездеседі.

Информацияны пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Информацияға қолданылатын негізгі амалдар мыналар:

— информацияны жинақтау және құрастыру;

— информацияны сақтау;

— информацияны компьютер жадына енгізу;

— информацияны компьютерде бейнелеу;

— информацияны компьютер жадынан шығару;

— информацияны берушіден пайдаланушыға жеткізу;

— информацияны өңдеу;

— информацияны қорғау.

Информацияға қолданылатын амалдардың тізбегін информациялық үрдіс (процесс), ал оны жүзеге асыратын жүйелерді информациялық жүйелер (системалар) деп атайды.

Қазіргі замандағы қоғам дамуының бір ерекшелігі – индустриалды қоғамнан информациялық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды информацияландыру кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі — информацияның қоғамдағы, өндіріс пен шаруашылықтағы маңызы мен ролінің артуына байланысты. Кез-келген ұйымның немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін материалдық ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика көздері, еңбек пен қаржы ресурстары және т.б.) болуы жеткіліксіз екендігі дәлелденді. Әрбір әлеуметтік, экономикалық немесе инженерлік жобаның жасалынуы мен жүзеге асырылуы оның информациямен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Сондықтан материалдық ресурстармен қатар информациялық ресурстардың жеткілікті болуы қоғам дамуының кепілі.

Информациялық ресурстар дегеніміз информациялық жүйелердегі (кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша айтқанда, информациялық ресурстар деп информациялық жүйедегі жалпы көпшілік пайдалана алатын информация жиынын атайды.

Информациялық ресурстың материалдық ресурстан ерекшелігі – қоғамның дамуының нәтижесінде, егер материалдық ресурстардың көпшілігі азайып немесе таусылатын болса, ал информациялық ресурстар пайдаланғаннан азаймайды, керісінше, дамып көлемі арта береді.

Соңғы жылдарда ұлттың немесе мемлекеттің даму деңгейі, олардың дүниежүзілік рейтингісі қоғамның информацияландырылуына тікелей байланысты деп есептелінеді. Қоғамның информацияландырылуының техникалық бөлігі – жедел әрі сапалы информация алу мен жинақтауды қамтамасыз ететін компьютерлік құралдармен жабдықталуы. Осы істің ғылыми негізі — информатика. Информатика жаңа информациялық технологиялар (IT) мен жүйелерді құрастыруға жағдай жасайды.

Адамзат тарихында ұзақ уақыт бойы информацияны өңдеу мен жеткізуге байланысты мәселелерді шешудің негізгі құралдары ретінде адамның зердесі, көзі, мұрыны, тілі мен құлағы ғана болып келді. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, адамзат қоғамының дамуына өте зор әсер еткен оқиға — жазудың пайда болуы. Оның арқасында білімді жинақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мүмкіншілігі туды. Ал XV ғасырда баспа станогының пайда болуы кітап шығару ісінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл оқиғалар (жазу мен кітап басу) адам өмірінің, мәдениетінің, өндірісінің күрт өсуіне жағдай жасады.

XIX ғасырдың соңында электр қуатын пайдалану телеграф, телефон, радио сияқты жаңа құралдарды пайдалануға мүмкіншілік берсе, ал XX ғасырда ғылым мен техниканың, өндірістің үдемелі дамуының нәтижесінде электрондық — есептегіш машиналар (ЭЕМ) пайда болды. Бұл оқиғалардың арқасында адам өмірінде, қоғамның дамуында, информацияны өңдеу, сақтау және жеткізу ісінде ғылыми-техникалық революция жасалынды деуге болады.

Қазіргі қоғамның дамуы «информациялық қоғам» немесе «білімдер қоғамы» деп аталынатын өзінің жаңа формациясына өту жағдайында. XXI – ғасыр жаңа информациялық технологиялардың (IT) адам қызметі мен өмірінде кеңінен пайдалануымен сипатталынатыны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты әрбір қоғамның немесе мемлекеттің даму деңгейі олардың халқының жаңа информациялық технологияларды игеруі мен пайдалануы дәрежесімен анықталады.