Информациялық жүйенің объектіге бағдарланған ұғымы

Аты

Информациялық жүйе – қойылған мақсатқа жету жолында информацияны сақтау, өңдеу және оны басқаларға беру үшін қолданылатын, өзара байланысқан құралдар, тәсілдер және адамдар жиыны.

Информациялық жүйелер техникалық құралдарының адамсыз ешқандай рөлі болмайды, өйткені информация адамдарға арналған және адамсыз ешқандай информация алынбайды да, көрсетілмейді де.

Компьютерлер мен информациялық жүйелердің айырмашылығы бар, арнаулы программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық жүйелердің техникалық базасы, яғни аспабы болып саналады.

Информациялық жүйелер компьютерлермен және телекоммуникациялармен байланыс құра отырып, оларды басқаратын адамдарсыз жұмыс істей алмайды.

Информациялық жүйелердің қазіргі ұғымында мәлімет өңдейтін негізгі техникалық құрал болып дербес компьютер саналады. Ірі мекемелерде дербес компьютермен қатар ИЖ-дің техникалық базасына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіруі мүмкін.

Информациялық жүйелерді жасау мен пайдалану істері мынадай мәселелерді шешуге бағытталған:

1. Информациялық жүйенің құрылымы, оның функциялық қызметі ұйым алдында тұрған мақсаттарға сай болуы тиіс. Мысалы, коммерциялық фирмада – тиімді бизнес жүргізу; мемлекеттік мекемеде – әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу.

2. Информациялық жүйелерді адамдар бақылауы, түсінуі тиіс, солар жүйені негізгі әлеуметтік және этикалық принциптерге сәйкес пайдалануы қажет.

3. Анық, сенімді, дер кезінде қажет өзекті және бір жүйеге келтірілген информацияны өндіру.

Информациялық жүйелерді құруды үй салумен салыстыруға болады. Бір жерге жинақталған кірпіш, ағаш, шеге, цемент және басқа да материалдар үй бола алмайды. Ол үшін үй жобасы жасалып, құрылыс жүргізілуі керек. Сол сияқты информациялық жүйелерді жасау үшін алдымен ұйымның құрылымын, атқаратын функциясын түсініп, оның қабылдайтын шешімдерін, басқару мақсатын, компьютерлік технологиясы мүмкіндіктерін білу қажет. Информациялық жүйе ұйымның бір бөлігі ғана, ал оның түйінді элементтері ретінде құрылымы, басқару органдары, қызметі, адамдары, ішкі мәдениеті (субкультура) қарастырылады.

Информациялық жүйе жұмысын қамтамасыз ететін процестерді бірнеше блоктар түрінде бейнелеуге болады:

· сыртқы не ішкі мәлімет көздерінен алынған информацияны қабылдау, яғни жүйеге енгізу;

· келген информацияны өңдеп, оны ыңғайлы күйде кескіндеу;

· осы информацияны тұтынушыларға беру немесе басқа жүйелерге жеткізу;

· кері байланыс дегеніміз – осы ұйым қызметкерлерінің өңдеген ішкі информациясының белгілі бір бөлігі кіріс информацияға қосылып, оны толықтыруы.

Қазіргі кезде информациялық жүйе деп компьютерлік техника негізінде құрылған жүйені айтады. Ал жалпы тұрғыдан алғанда, оны компьютерсіз де қарастыруға болады.

 

 

Рісі

 

Информациялық жүйенің түрлері:

1. Медициналық информациялық жүйе

2. Әлеуметтік информациялық жүйе

3. Экономикалық информациялық жүйе (ЭИЖ)

 

 

Асиеттері

Базалық деңгейдегі медициналық информациялық жүйелеринформациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді қамтамасыз етеді. Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдеу арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер - клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады.

Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:

1. Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер;

2. Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер;

3. Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;

4. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны;

 

1. Қолданушының сұранысы бойынша медициналық ақппаратты іздеуге
табылған беруге негізделген жүйе медициналық информациялық анықтамалық жүйе деп аталады. Базалық деңгейдің бұл жүйесінде әртүрлі сипаттағы ақпараттар сақталады. Мысалы, ауру тарихы, науқас жайлы мәлімет немесе дәрігерлер туралы ақпарат т.б.

2. Медициналық концультациялық- диагностикалық жүйелер әртүрлі аурулар кезінде және науқастардың түрлі категорияларында патологиялық жағдайды сонымен қосқанда болжам (прогноз) және емдеу жолдарын, диагностикалау мақсатындағы жүйе болып табылады. Бұл жүйе медициналық ақпараттық жүйелердің ішіндегі ең алғашқысы болып табылады. Алғаш шет елдерде 1956 жылы пайда болды. Бұл жүйеде ауру симптомдары компьтерге диалогты режимде немесе арнайы өндірілген ақпараттық форматта енгізіледі. Сонымен қатар ем шаралық мерекелері, ауру алдын алу, емдік ұсыныстарды еңгізіледі.

Есепті шешу мақсатында бұның өзі екі жүйеге ажыратылады.

- Дәлелді (вероятностный) жүйе. Бұл жүйе ауруды нақты белгісімен тану арқылы жүргізіледі.

- Экспертті жүйе. Бұл жүйе тәжірибелі дәрігерлердің жүргізген эксперименттері болып табылады.

Консультативті диагностикалық жүйеде қауыпты жағдайда онымен қоса, уақыт аздығында тексеріс мүмкіндігі аз жағдайда және адам өміріне қауыптыжоғары деңгейдегі клиникалық симптом кезінде шешімді тез табуға мүмкіндіктуғызады. Тағы бір айта кететін жайт бұл жүйе барлық медициналық орталықтарда, диспансерлерден бастап госпиталды ауруханаларға дейін, кең түрде қолданылады. Бұл система диагностикалардың сапасын арттыра түскен және көмек ресурстарын тиімді қолдану, тексеріс барысын жеңілдету ең бастысы дәрігердің профессионалдық деңгейін жоғарылатқан. Бірақ өкінішке орай, бұл жүйе практикалық медицинада әліде өз алдына кең қолдануға ие болған жоқ, тек басқа жүйелермен бірге қолданылып келеді. Бұл жүйеге 80-жылдардың басында Стэнфорд университетінде (АҚШ) жасалған MYCIN системасы болып табылады. Бұл система экспертті жүйе және қан жүйесінің бұзылысын және менингитті инфекцияларды емдеу үшін дайындалған жүйе. Берілген симптомдарға қарап соған сай диагноз қояды және медикаментозды емдеу курс ұсынады. Бұл жүйе күрделі 450 ережеден тұрады. Жүйенің диагностикалық сапасы жоғары дәрежедегі дәрігердің деңгейімен теңестіріледі.

Әлеуметтік информациялық жүйе.Ең қарапайым социум – тобыр. Объектілер тобырға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Тобыр мүшелерінің қарым-қатынастарының барынша төмен деңгейімен сипатталады. Бұл, әрбір мүшесі жекелей алғанда түрлі іс-әрекеттердің үлкен потенциалына ие болғанымен, оның бүтін ретіндегі мүмкін іс-әрекеттерінің ең қарапайым деңгейін анықтайды. Тобыр ұзақ өмір сүрмейді. Ол өзінің пайда болуына негіз болған мақсатқа қол жеткенде немесе басқа себептерге байланысты мақсат жойылғанда тарап кетеді.

Социумның организммен салыстырғандағы ең басты еркшелігі – оның бір элементтің көп рет тізбектеле бөлінуінен басқа жолмен пайда болатындығы және оның әрбір элементінің белгілі бір шамада социумнан тәуелсіз өмір сүре алу қабілетінің болуында. Басқалары сияқты бұл ерекшеліктер де, басқалары сияқты олардағы жүріп жатқан информациялық қарым-қатынастар тұрғысынан алып қарағанда, онша мәнді де, маңызды да емес. Негізгі айырмашылық информациялық қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін пайдаланылатын құралдардың құрамында, қасиеттерінде, құралды өзерту мүмкіндігінде. Ең дамыған социумдардағы мұндай құрал - таңбалар жүйесі ретіндегі информациялық кодтардың құрылу заңдылықтарын және осы кодтардың тасымалдаушылары жиынтығын анықтайтын, олардың ұзақ уақыт бойы сақталуын және ұзақ қашықтарға тасымалдануын қамтамасыз ететін тіл. Социумдардың эволюциясы оның мүшелерінің информациялық қарым-қатынасы, әсіресе, олардың жиынтық жадын құру және пайдалану, құралдарының дамуымен байланысты. Бұл эволюция жылдамдығы, организмдер эволюциясы жылдамдығынан әлдеқайда жоғары. Бұл жылдамдық социум пайдаланатын информациялық қарым-қатынасы құралдары, оның мүшелеріне тән құралдармен бірге сырттан алып келінетіндерін де қамтитынмен байланысты. Жоғары деңгейде дамыған социумдар информациялық қарым-қатынастың өздері пайдаланатын сыртқы құралдарын мақсатқа сай өзгерте алады. Оларсыз социум өмір сүруге қабілетсіз болатын құралдарды социумның өзіне тән элементтері деп қарастыруға болады.

Экономикадағы информациялық жүйелердеп нақты өмірдегі қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы информацияларды жинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтамыз.

Экономикалық информациялық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері информациялық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы. Информациялық жүйелер миссиясы: информациялық жүйелер және информациялық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған информация қажет. Демек, информациялық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін информациялық және техникалық орта құру. Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Информациялық жүйе негізінде – информацияны өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада информациялық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей информациялық жүйені басқару органдары бар.

 

 

Дісі

 

Медициналық информациялық жүйенің әдісі. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны. Бұл жүйе базалық деңгейдің негізі болып табылады. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны медициналық ақпараттарды жинау, сақтау және анализ жасауды іске асырады және диагностикалық және тактикалық (емдік, мекемелік т.б.) дәрігерлік шешімдері үшін қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық деңгейдегі информациялық жүйелер осы жүйенің құрамына кіруі мүмкін, кіруі тиіс және дәрігердің технологиялық автоматтандыруын қамтамасыз етеді, оның ішінде емдік профилактикалық және қорытынды статистикалық мәліметтер енгізу, жұмыс жоспарын құру, әртүрлі сипаттағы анықтамалық ақпаратты алу. Базалық деңгейде қолданылатын дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнын міндетіне қарай үш топқа жатады.

1. Емдеуші дәрігерлерге;

2. Медициналық қызметшілерге (медбике, санитар, фельдшер);

3. Административті шаруашылық бөлімге арналған автоматтандырылған жұмыс орындары.

Медициналық приборлық компьютерлік жүйені программалық ақпараттық комплекс немесе құрал жабдықтық компьютерлік және микропроцессорлық медико-технологиялық автоматтандырылған информациялық жүйе деп те айтуға болады. Бұл жүйе информациялық қолдау және диагностикалық және емдік процесстерді автоматтандыру мақсатында қолданылады,науқас организмімен байланыс жасау арқылы және осы байланыс жасау мүмкіншілігімен басқа жүйелерден ерекшеленеді. Бұл жүйемен жұмыс жасау үшін арнайы медициналық құрал жабдықтар, саймандар, телетехника, байланыс құралдары қажет. Мысалы, ЭЭГ, ЭКГ, ультрадыбысты диагностика, радиография. Бұл жүйе 60 жылдардың аяғында дамыды және қолданысқа түсті. Даму барысы екі жолмен жүрді:

1. Медаппаратураларды шығару

2. Қолданысқа түсіру

Дәрігердің негізгі мақсаты- науқастарды амбулаторлы және үйінде емдеу, профилактика мен диспансеризация жүргізу, медициналық документацияны өткізу және басқарушы алдында жұмыс туралы есеп беру. Дәрігердің ең шаршататын жұмысы – “қағаздық”. Бұл амбулаторлы карталарды толтыру, әртүрлі бөлімдерін көшіру болып келеді.

“Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны” - кез-келген медициналық информациялық жүйенің орталық бөлімі. Бұл дәрігердің қызметі жалпы максималды және толық түрде автоматтандырылған, яғни нақты бағыттағы арнайы стационар мен поликлиникадағы жұмысқа шартталған болып келеді. Сондықтан дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны көптеген медициналық мекемелерде қолданылады.

ДАЖО жұмыстың келесі бағыттарында тиімді компьютерлік құралдары бар:

  • электронды ауру тарихын енгізу (электронды медициналық карта);
  • науқастарды тіркеу, электронды карточканың құрылуы, керекті ақпараттарды тез іздеу;
  • мамандандырылған тексеру карталарын толтыру;
  • науқастардың шағымын, өмірі мен денсаулығының анализін объективті тұрғыдан мәліметтерін енгізу;
  • бақылауларды мәліметтерін, науқас жағдайының белгіленген өзгерістер ақпаратын, қаралу нәтижелерін, нұсқауларды тез енгізу;
  • консультацияға бағыттау;

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнының атқаратын қызметі:

Мәліметтерді тиімді түрде енгізу:

1. Амбулаторлы картаға науқастың мәліметтерін жылдам енгізу;

  • Амбулаторлы картаның барлық құжаттары бір-бірімен байланысты;
  • Мәліметтер дәрігерге үйреншікті формада – қарапайым стандартты бланк түрінде енгізіледі;
  • Электронды анықтамалық жүйелер – МКБ10, медикаменттер тізімі және т.б. өңделген;
  • Аналогты құжаттарды – диагноз типі, емдеудің сапалы нәтижелері және т.б.
  • архив және базадағы келесі құжаттар бойынша іздеу жүйесі өңделген;

2. Қосымша статистикалық есеп беру формаларын толтыру шығарылған, себебі негізгі статистикалық есеп берулер автоматты түрде амбулаторлы карта негізінде құрылады;

3. Мәліметтерді өткізуде бақылау автоматтандырылған;

4. Толтыру процессінде өңделген документтерді қарап шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік информациялық жүйенің әдісі. Әрбір социумның өмір сүруі, оның мүшелерінің іс-әрекеттерін, ең алдымен, социумның өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету бағытында, екіншіден, оның жекелеген мүшелерінің өмір сүруін қамтамасыз ету бағытында сәйкестендірілгенін білдіреді. Іс-әрекеттер келісіміне социум ішілік информациялық қарым-қатынас процестері арқылы қол жеткізіледі. Бұл процестер құрылымында көп клеткалы организмдегілермен салыстырғанда ешқандай жаңалық болмайды. Бастапқы информацияны қабылдаушылар бар. Олардан аралық түйіндерде бірігетін және бас орталыққа дейін жететін бақылаушы информациялар ағындары басталады. Орталық түйіндер арқылы атқарушы органдарға таралатын және ең соңында бастапқы информацияны өз іс-әрекеттері жиынтығы арқылы социум үшін мақсатқа сай бағытта іске асыратын, басқарушы информацияларды генерация жасайды. Информациялық ағындардың кейбір тізбектері орталық арқылы өтпестен, аралық түйіндерде өтуі мүмкін. Көп клеткалы организмдерде де мұндай тізбектер бар. Организмдерде де, социумдарда да бақылаушы және басқарушы информациялардың негізгі ауқымы оларды құрайтын элементтердің өмірлік қызметін өзара қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Яғни, информациялық процестердің негізі үлесі “өзі үшін зат” өмір сүруі үшін қызмет етеді. Социумдар да, организмдер де сыртқы ортамен және күрделірек социумдармен қарым-қатынаста “басқалар үшін зат” түрінде көрініс табуы мүмкін. Социум басқа күрделі социум құрамына элемент ретінде кірігіуі де мүмкін.

Экономикалық информациялық жүйелердің әдісі. Қазіргі уақытта экономикалық информациялық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде деген пікірлер туындаған. Бірақ олай емес. Информациялық технологиялар сияқты, экономикалық информациялық жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, экономикалық информациялық жүйенің обьектісі ретінде фирманы қарастырайық. Фирманың элементтеріне адамдар, жабдықтар, материалдар, ғимараттар т.б. жатады. Бұл жерде фирманың негізгі мақсаты – тауарлар өндіру болып табылады.

Экономикалық информациямен қоғамда өндірістік қатынастарды сипаттайтын информация түсіндіріледі. Экономикалық информацияға экономикалық жүйеде жүретін мағлұматтар жатады. Экономикада автоматтандырылған информациялық жүйенің атқаратын ролі өте зор. Экономикалық информациялық жүйенің құрылуы үшін адам рольінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Барлық бөлімдерді үйлестіру ісі түрлі деңгейлердегі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Басқару дегеніміз қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ету жолында мынадай функцияларды жүзеге асыру болып табылады: ұйымдастырушылық, жоспарлық, есепке алу, талдау, бақылау, ынталандыру (стимулирование). Басқару функциялары құрамын қарастырып шығайық.

Ұйымдастырушылықфункциясы ұйымның құрылымы мен нормативті құжаттарын: жауапкершілігі, құқығы, міндеттері көрсетілген фирманың (бөлімнің, топтың, т.с.с.) штаттық кестесін жасау. Бұлар бөлім, цех ережелерінде, лауазым нұсқауларында (должностные инструкции) көрсетіледі.

Жоспарлау функциясыалдағы мақсатты орындау үшін жоспар жасап, соны орындаудан тұрады. Мыс-алы, фирма үшін бизнес-план жасау, өндіріс жоспа-рын, маркетингілік зерттеу, ғылыми-зерттеу жоспар-ларын белгілі бір уақыт кезеңдеріне (год, квартал, месяц, день) арнап жасау.

Есепке алу функциясы фирма жұмысының көрсеткіш-терін есепке алу формаларын, тәсілдерін пайдалану, жасау: бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп, басқару есебі, т.с.с. Жалпы есепке алу (учет) ісін нақты шар-уашылық процесі жайлы информацияларды алу, тір-кеу, жинақтау, өңдеу және беру деп анықтау деуге болады.

Талдау (аналит. функция) ісіне жоспарды, тапсыр-маны орындау, оларға әсер ететін факторларды анықтау, резервтер табу, фирма даму үрдісін зерт-теу, т.б. жатады. Анализ объектінің не процестің күрделілігіне, деңгейіне байланысты жүргізіледі. Фирма жұмысының жылдық нәтижесін талдауды мамандар жүргізеді, ал цех, бөлім көлемінде – солардың менеджерлері (бастығы не орынбасары) экономистпен бірігіп жасайды.

Бақылау функциясын менеджер жүргізеді: жоспар орындалуын, материалдық ресурстар жұмсауды, қаржыны пайдалануды бақылау, т.б.

Ынталандыру не мотивациялық функция жұмысшы-ларды еңбекке ынталандыру істерінің түрлі тәсілдері:

· қаржылық - айлық, сыйақы, акциялар, лауазымын көтеру, т.б.;

· психологиялық ынталандыру - алғыс, грамота, атақ, құрмет тақтасы, т.б.

Соңғы кездерде басқару ісінде “шешім қабылдау" түсінігі кең қолданылуда, ол система, тәсіл, шешім қабылдау құралы сияқты түсініктермен тығыз байланысты.

Шешім қабылдау – мақсатқа жету үшін программа жасау, жоспарды нақтылау, жағдайды бақылау арқылы басқару объектісіне әсер ету істерін атқару.