АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы

1. Негізгі құралдар тақтасы

2. Арнайы құралдар тақтасы

3. Флипчарттың құралдар тақтасы

4. Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы

5. Бетті редакторлеу құралдар тақтасы

6. Тез таңдау құралдар тақтасы

 

Арнайы құралдар тақтасы.Негізгі құралдар тақтасындағы «Арнайы құралдар» батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  
Флипчарттың құралдар тақтасы.Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.  

Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы.Объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен объектіні редакторлеудің көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Тақта объектіде екі рет шерткенде пайда болады.

Бетті редакторлеу құралдары.Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.

Жылдам іске қосу құралдар тақтасы.ACTIVboard –та презентация кезінде қажетті құралдарды тез іске қосу құралдар тақтасы мүмкіндік береді. Оң жақ батырманы бетте немесе объектіде шерткенде тез іске қосу тақтасы қосылады. Бұл тақтаға 12 құралды өз таңдауың бойынша қосуға болады.

Кітапхана ресурсы.Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.

1. Жалпы / Менің коллекциям

2. Жалпы / Менің түсім

3. Жалпы / Менің торым

4. Жалпы / Менің кескінім

5. Жалпы / Менің мәтінім

6. Жалпы / Менің формам

7. Жалпы / Менің сызбам

8. Жалпы / Менің ескертпем

9. Жалпы / Менің дыбыстарым

10. Жалпы / Менің флипчартым

11. Жалпы / Менің флипчарт беттерім

12. Жалпы / Менің лентам

13. Жалпы / Менің көрсеткіштерім

14. Жалпы / Менің бейнем

15. Жалпы / Менің веб-сілтемелерім

16. Жалпы / Менің іс-әрекеттерім

Тапсырма 1.

Сиқырлы сандық

басып жаңа флипчарт құрыңыз

көмегімен жаңа флипчартқа түс береміз. Ол үшін түстер аймағына барып тышқанның оң жағын басу арқылы ашық түс аламыз:

сосын экран бетіне бассақ экран боялады.

пайдаланып сандықтың астына жасыратын сөздерді жазамыз. Әрбір сөз жеке объект болуы керек, ол үшін әр сөзді жеке-жеке жазу керек. Сөздер екі топқа бөлінуі керек. Мысалы, компьютердің негізгі құрылғылары және компьютердің қосымша құрылғылары.

енді осы сөздерді жасыратын сурет немесе фигураны кітапханалар ресурстарынан алып экран бетіне орналастырамыз.

Енді бұл фигуранының үстіне қандай суреттер шығу керектігін жазайық.

Компьютердің негізгі құрылғыларын фигураның бетіне шығару үшін бірінші сол фигураны құлыптап алу керек.

Қажетті сөздер фигураның бетіне шығару үшін негізгі құрылғылардың үстіне оң жағын басып Редакциялау-Тегістік-Жоғары, ал қосымша құрылғылардың үстіне Редакциялау-Тегістік-Төменкомандаларын орындаймыз.

Осы әрекеттерді орындап болған соң флипчартты сақтаймыз. Ол үшін Басты мәзір-Флипчарт-Келесіге сақтау-Басқа орналасқан жерікомандасын орындау арқылы флипчартты өз папкаларымызға сақтаймыз.

Орындап болған соң жұмыстың нәтижесін тексеріп көреміз. Ол үшін сөздерді фигураның үстіне апарамыз. Сол кезде негізгі құрылғылар фигураның бетіне түсіп, ал қосымша құрылғылар фигураның артында қалады.

жұмыс аяқталды.

Тапсырма 2

Сиқырлы лупа

жаңа флипчарт құрыңыз

флипчартқа түс береміз.

кітапхана ресурсынан екі сурет таңдап аламыз

Алынған суреттердің өлшемдерін теңестіру үшін сол суреттің үстіне екі мәрте шерту арқылы Нысанды өңдеу командасынан немесе + таңбаларын шерту арқылы кішірейтіп, үлкейте аламыз.

Енді осы суреттерді бірінің үстіне бірін жауып қалатындай етіп орналастырамыз

Бұл жаттығудағы лупаның мақсаты ол суреттерді үлкейту үшін емес, ол суретттің астындағы суретті көру үшін орындалады. Ол үшін біз Өшіргіш аспабын пайдаланамыз. Ол үшін суретті жоғары қабатқа орналастырамыз. Суреттің үстінде оң жақ батырманы шертіп Редакциялау-Тегістік-Жоғарыкомандасының көмегімен.

Астындағы сурет қозғалып кетпес үшін жоғарғы суретті жылжытып астыңғы суретті құлыптапалуымыз керек. Ол үшін суреттің үстінде оң жағын басып Редакциялау-Құлыптау командасын орындаймыз.

Сосын суреттерді қайта орнына орналастырамыз. Бетіндегі суреттен құралын пайдаланып лупаға ұқсайтындай етіп дөңгелек өшіреміз.

Енді біз дөңгелекшеден астыңғы суреттерді көріп отырмыз. Сол дөңгелекшені қозғалту арқылы біз астыңғы суреттің әр түрлі бөліктерін көруімізге болады. Әрине біздің дөңгелекше тегіс болмады, сондықтан біз Қалам командасын пайдаланып, одан дөңгелек фигураны алып оның шектеулерін қалыңдатып қызылмен бояймыз. Ол үшін Қаламкомандасының үстіне оң жағын басып дөңгелек таңдап Қаламның қалыңдағын 5-6 аралығында таңдаймыз.

Енді лупаны жылжытуға оңай болу үшін ұстағышын дайындаймыз. Ол үшін Қалам командасынан тік сызық таңдап қоямыз.

Енді лупаны қозғалтуға ыңғайлы болу үшін оның әр объектісін біріктіруіміз керек. Ол үшін лупаның айналасына барып тышқанның көмегімен төрт бұрышты етіп ерекшелейміз. Ерекшелегеннен кейін ерекшеленген аймақтың төменгі бөлігіндегі таңбаға барып топтастыруды басамыз.

Міне енді сіздің лупа дайын, сіз сол лупаны жылжыту арқылы астыңғы суреттің кез келген бөлігін көре аласыз.