Шінші салдары: Парықсыздардың жетекшілерге айналуы

Бүліктердің тағы да бір салдары болып парықсыздардың (ақымақтардың) басшылыққа қол жеткізуі болып табылады. Аллаһтың діні туралы білімі де, түсінігі де жоқ адамдар алға шығады да, құрметті орындарды иемдене бастайды. Әрі олар осындай орындарды өздерінің білімдерінің себебінен де, Аллаһтың дінін жақсы түсінуінің себебінен де, сабырлық, ұстамдылық (байсалдылық), парасаттылық сияқты сипаттарының болуы себебінен де емес, тек өздерінің эмоцияларының себебімен ғана иемденеді! Олар басшылыққа тұрады да, содан соң соқыр түрде, жорамалдап шешімдер мен үкімдер шығарып, пәтуалар жариялайды. Әрі осы олар өз білімдерімен, парасаттылығымен, дұрыс ойлаушылығымен танылмаған бола тұра іске асады. Сондықтан шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) былай деп айтатын: “Бүлік басталған кезде ақылдылар ақымақтарды тоқтатуға әлсіз болады». Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/187.

Бүліктер мен сынақтардың кесірі тек залым мойынсұнбаушыларға ғана емес, жазықсыз адамдарға да тиеді, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан (бүліктен) сақтаныңдар».(әл-Әнфәл 8: 25).

Бүлік басталған кезде, оның күйесі Аллаһ құтқарғандардан өзге әрбір адамға тиіп кетеді. Және біз Аллаһ Тағаладан бізді бүліктің лас күйесінен құтқаруын сұраймыз!

 

Төртінші салдары: Амалдар сәтсіздікпен аяқталады және олардың салдары да жаман болады

Бүліктердің салдарына бүлікке басын сұққан адамның одан пайда алмайтыны және өзгелерге де пайда келтірмейтіні, оның ақыры міндетті түрде қайғылы болатыны және күткен нәрселерінің орындалмайтыны да жатады.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) өзінің «Минхадж әс-Сунна» атты кітабында ерте заманда орын алған бүліктерді зерттеп, өте пайдалы қорытынды жасаған. Ол былай деп айтқан: “Билікке ие болған әмірге қарсы шыққан (адам) өз әрекеттерімен пайдаға қарағанда көбірек зиян келтірген жағдайдайлар аз болмады». Кейін ол осындай бүліктердің мысалын келтіріп, бүліктердің салдары мен жемістері туралы былай деп қорытынды шығарды: “Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де сақтап қалмады”. Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/527-528.

Бұған мысал - біз ертеректе олар туралы баяндаған адамдар. Яғни имам Ахмадтың насихаттарына құлақ салмағандар және әл-Хасан әл-Басридің кеңесін алмаған басқа топ. Олардың барлығының соңы бір болды: «Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де сақтап қалмады». Олардың бір бөлігін өлтірді, басқаларын түрмелерге жапты, кейбіреулері қашқындарға айналды. Яғни, бір сөзбен айтқанда, олардың барлығының соңы қайғылы болды.

Басқа бір мысалды имам әз-Захаби өзінің «Сияр а‘лям ән-нубаля» деген еңбегінде Андалусияның әмірі болған әл-Хакам ибн Хишам әд-Дахыль әл-Амауидің өмірбаянында келтіреді. Ол оның мемлекетінің қаншалықты гүлденгенін, қандай қуатты болғанын және оның римдіктердің үстінен қандай жеңістерге жеткенін ұзақ баяндайды. Содан соң әз-Захаби былай дейді: “Андалусияда әл-Хакамның мемлекетінде ғалымдардың санының өскені соншалықты – «Куртубада (Кордова) ғалымдардың және білім ізденушілердің қатарынан болған төрт мың білім иелері бар» деп айтылатын. Алайда олардың опат болуының уақыты жеткенде, Аллаһтың қалауымен оларға әл-Хакамның әділетсіздігіне сабыр ету қиын болды және олар оны тақтан құлату туралы сөз байласты. Кейін олар онымен шайқасу үшін әскер жинады да, Андалусияда Ислам үшін және оның жақтаушылары үшін жамандыққа айналған ұлы бүлік лап ете түсті». Қз.: «әс-Сияр» 8/253-260.

Кейін әз-Захаби бұл бүліктің соңы не болғанын ескертіп, қаза болғандардың саны бес мың адамға жеткенін, ал аман қалғандар не түрмелерге отырғызылғанын, не қашып кеткенін баяндады. Бұл оқиға осындай көтерілістермен және бүліктермен дінге пайда келтіру мүмкін еместігін тағы да бір рет растайды. Әрі біз алдында айтып кеткеніміздей, басқалардың қателіктерінен сабақ алған адам ақылды.[18]

Бұл бүлікке қатысқандардың көпшілігі соңында оған басын сұққандары үшін өкінді, әрі тарихта осындай оқиғалар аз емес. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аиша сахабалардың арасында болған соғысқа қатыспады және соғысу үшін шықпады, алайда ол өзінің шығуында мұсылмандар үшін пайда бар деп есептеп, мұсылмандарды татуластыру ниетімен шықты. Бірақ кейін оған шықпағаны жақсырақ болатыны айқын болды. (Кейін) ол сол кезде шыққанын есіне алған сайын көп жылайтыны соншалықты – тіпті оның орамалы сулана түсетін. Сол сияқты (бүлік кезінде) шайқасуға басын сұққан (кіріскен) алдыңғы өмір сүрген адамдардың көпшілігі де соңынан өкінген, мысалы, Тальха, әз-Зубайр және Али, олардың барлығына Аллаһ разы болсын”. Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/316.

Айюб әс-Сахтияни (оны Аллаһ рақым етсін) Ибн әл-Аш‘астың бүлігінде қатысқан қарилар (Құранды жатқа оқитындар) туралы былай деп айтқан: «Мен өлтірілгендердің қатарынан осындай халіне өкінбеген бір де бір адамды білмеймін және аман қалғандардың қатарынан оны сақтап қалған Аллаһқа мадақ айтпаған бір де бір адамды білмеймін». Халифа ибн Хаят «әт-Тарих» 76-бет.

Осы тақырып бойынша пайдалы деректердің қатарына сондай-ақ Зубайд ибн әл-Харис әл-Ямияның оқиғасы да жатады. Ол Исламның ұлы ғалымы және алты хадис жинағының риуатшыларының (жеткізушілерінің) бірі болып табылады.[19] Ол Ибн әл-Аш‘астың бүлігіне кіргендердің біреуі еді, бірақ аман қалды және адам өлтірулерге қатыспады. Мухаммад ибн Тәлха былай деп баяндайтын: “Бірде Зубайд менің әл-‘Аля ибн ‘Абдуль-Каримнің жанында күліп тұрғанымды көріп, былай деп айтқан еді: “Егер сен бас сүйектерді көргеніңде[20], күлмес едің! Және ақиқатында мен оң қолымның шынтағымнан төмен шауып тасталуын қалар едім, тек осыған қатыспасам болды!” Халифа ибн Хаят «әт-Тарих» 76-бет.

Содан соң басқа бір бүлік басталды және Зубайд оған қатысу үшін шықырылды. Бүліктің салдарын көрген және осыдан сабақ алған Зубайдтың тамаша жауабына назар аудар: Зубайдты жиі зиярат ететін және Алидің отбасы мүшелерінің (ахль әл-байт) өлтірілулері туралы оған айтып беретін Ибн әл-Му‘тамир оны Зайд ибн Алимен бірге шығуға шақырды, бұған Зубайд: “Мен Пайғамбармен ғана шығамын, ал мен оны таппай тұрмын», - деп жауап қайырды. Я‘қуб ибн Суфьян «әт-Тарих» 3/107, Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димашқ» 19/473.

Бұл – бүліктің салдарын өз көзімен көрген және өз басынан өткізген адамның жауабы!

Бесінші салдары: Бүлікке қатысқан адам абыройын жоғалтады

Бүліктің кері салдарының бірі сондай-ақ егер оған білім иелерінен болған бір адам кірсе, оның абыройы мен құрметінің жоғалатыны болып табылады. Бірақ кім бүліктен құтылса, соның беделі артады және адамдар оның білімінен пайда алады. Ал бұл ғалымның аман қалуы игіліктің ары қарай жалғасатындығын білдіреді, әрі бұл тек Аллаһ Тағаланың қолдауымен ғана іске асады.

Сондықтан да Абдуллаһ ибн Аун былай деп айтатын: “Муслим ибн Ясар, әл-Хасан әл-Басриге қарағанда, адамдардың арасында үлкен құрметке және абыройға ие еді. Алайда бүлік басталған кезде, Муслим оған қарай асығыс ұмтылды, ал әл-Хасан кідіріп, оған қатыспады. Сонда Муслимнің адамдардың көзінше беделі түсті, ал әл-Хасанның беделі артты”. Ибн Абу Шайба 11/128, Ибн Са‘д «әт-Табақат» 7/165, Ибн ‘Асакир «әт-Тарих» 58/146.

‘Абдуллаһ ибн ‘Аун ол туралы осылай деп айтқан Муслим ибн Ясар Ибн әл-Аш‘астың бүлігіне кірді, бірақ осы бүлік өтіп кеткеннен кейін, ол Аллаһты мадақтайтын. Оның Абу Қилябаның жанында болып былай деп айтқан сөздері жеткізіледі: “Уа, Абу Қиляба! Мен осы бүлікте бірде-бір оқ атпағаным үшін, ешкімді найзамен жарақаттамағаным үшін және қылышпен соқпағаным үшін сенің алдыңда тұрып Аллаһты мадақтаймын!”

Яғни ол осыған қатысқанын және олардың қатарларында болғанын, алайда ешкімге садақпен атпағанын және ешкімді қылышпен ұрмағанын меңзеп тұр.

Абу Қиляба оның осы сөздеріне былай деп жауап берді: “Уа, Абу ‘Абдуллаһ! Ал сені олардың арасында көргендермен не істемекпіз? Сен адамдардың арасында мойындалған ғалым және олардың арасында беделді орынға ие емессің бе? Ал ендеше сені екі қатардың арасында көріп: «Мынау Муслим ибн Ясар ғой! Аллаһпен ант етемін, ол бұл жақты ол ақиқат болғандықтан алды!» - деп айтқандармен не істемекпіз! Сенің екі жақтың біреуінің арасында болуың және оларды қолдауың бүлікті одан сайын өршіткен нәрсе болып табылады!”

Осы сөздерден соң Муслим ибн Ясар жылап жіберді, ал оны сүреттеген Абу Қиляба былай деп айтқан: “Ол менің: «Оған ешнәрсе айтпағаным абзалырақ болар еді», - деп қалауымды білдіргеніме дейін жылай берді және жылай берді!»” Ибн Са‘д «әт-Табакат» 7/187, Халифа «әт-Тарих» 52, Ибн Асакир «әт-Тарих» 58/146.

Міне, Муслим ибн Ясарға оның бүлікте енжарлықпен қатысқаны неге әкеп соққанын ескерткен Абу Қилябаның сөздері осылайша әсер етті, ал ендеше бүлікте нағыз белсенділікпен қатысып, мұсылмандарды өлтіріп жатқан адамдар туралы не айтуға болады?

 

Алтыншы салдары: Ақиқат өтірікпен араласып кетеді де, оларды ажырату мүмкін болмай қалады[21]

Бүліктің тағы бір салдары – оның кезінде көпшілік ақиқатты өтіріктен ажырата алмайтыны. Адам өлтіріледі, ал ол өзінің не үшін өлтірілгенін де білмейді. Тура сол сияқты адам өлтірген де не үшін біреуді өлтіргенін білмейді. Ақиқатында, бұл – адамдардың еліруіне әкеп соғатын, жүректер өзгеретін, қауіп-қатерлерлер ауыр салдарға ие болатын, адамдарды жан-жақтан жауыздық қоршайтын және істерде түсініксіздік пайда болатын лаулаған бүлік. Абу Муса әл-Аш‘ари былай деп айтқан: “Ақиқатында, бүлік басталған кезде, ол күңгірт болады және тек ол біткенннен соң ғана оның мәні ашыла бастайды”. әт-Табари «әт-Тарих» 3/26.

Яғни адамдардың басына бүлік келіп жеткен кезде, олар оны көрмейді және ол олар үшін күңгірт (бұлынғыр) болады, ал ол кеткен соң адамдарға оның бүлік болғаны айқын болады және олар оның мәнін ұғынады.[22]

Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ ибн әш-Шиххир былай деп айтқан: “Ақиқатында, бүлік адамдарды тура жолға шығару үшін емес, мүмінге дін істерінде зиян тигізу үшін басталады”. Ибн Са‘д «әт-Табақат» 7/142, Абу Ну‘айм «әл-Хилья» 2/204.

Бүліктен одан алдын ала ескертетін және оны тануға болатын сипаттарын түсіндіретін кезде де құтылу мүмкін емес, бұған мысал Дажжалдың бүлігі және азғыруы. Ақиқатында, бұл – ең үлкен азғыру және ең ұлы бүлік, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметіне ол туралы алдын ала ескертіп айтып кеткен еді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең айқын түрде оны тануға болатын және олар арқылы Дажжалды әшкерелеуге болатын сипаттарды түсіндіріп берді, бірақ осыған қарамастан, оның ізінен өте көп адамдар ілесіп кетеді. Әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) насихаты – бүліктен алшақтау. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Дажжал туралы естіген әрбір (адам) одан алшақтасын, өйткені, Аллаһпен ант етемін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, кейін ол таратып жүрген күмәндардың себебінен оған ілесіп кетеді». Ахмад 19968, Абу Дауд 4319, әл-Хаким 4/576. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-джами’» 6301.

Сондай-ақ қандай да бір іске, егер ол түсініксіз және күмәнді болса, кірісуге тыйым салынады, әсіресе бұл адамдардың өміріне қатысты болса. Муслимның «Сахих» жинағында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны келтіріледі: «Кім бұлыңғыр (соқыр) тудың астында шайқасқан және тайпасы үшін ыза танытқан, немесе ұлтшылдыққа шақырған, немесе тек тайпасына деген махаббатының себебінен көмектескен кезінде өлтірілген болса, сол жахилиет (Исламға дейінгі надандық) өлімімен өлген болады».[23] Муслим 1848.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша данқты сахаба Са‘д ибн Абу Уакқастың (оған Аллаһ разы болсын) оқиғасын келтіріп, Али ибн Абу Талиб пен Му‘ауияның (оларға Аллаһ разы болсын) арасында орын алған бүлік кезіндегі іс-әрекеттері туралы баяндау орынды болады. Абдур-Раззақ жеткізушілердің сенімді тізбегімен Мухаммад ибн Сириннен мына оқиғаны жеткізеді. Бірде Са’дқа: “Сен не үшін шайқаспайсың? Өйткені сен Кеңесте қатысқандардан (ахль аш-шура) едің ғой, сондықтан да сен басқалардан гөрі көбірек соғысуға міндеттісің!” – деп айтылды. Ол: “Сендер маған кәпірді мүміннен ажырата алатын, екі көзі, тілі және еріндері бар қылыш ұстатпағандарыңа дейін мен соғыспаймын. Мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі мен джихадтың не екенін білемін». Абдур-Раззақ 20736, Абу Ну‘айм «Ма‘рифа әс-сахаба» 1/135.

“Сендер маған кәпірді мүміннен ажырата алатын, екі көзі, тілі және еріндері бар қылыш ұстатпағандарыңа дейін мен соғыспаймын» деген сөздердің мағынасы: маған мүмінді кәпірден ажарата алатын және мен онымен мұсылманды ұрғанда, ол шетке ыршып кететін, ал мен онымен кәпірді ұрғанда, оны өлтіретін қылыш беріңдер. Ал “Мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі мен джихадтың не екенін білемін», - деген сөздер «мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі джихадтың дәл қандай болатынын білемін. Ал мұсылмандар бірін-бірі өлтіріп жатқан және олардың бастары ұшып жатқан шайқасқа мен кірмеймін, тек егер сендер маған мен суреттеген қылышты бермесеңдер ғана» дегенді білдіреді.

Кейін Са’д керемет мысал келтіріп, былай деді: “Сіз бен бізді айқын жолмен жүріп бара жатып, өршеленген қатты дауылға тап болған және соның себебінен олар жолды көру мүмкіндігін жоғалтып жолдан тайған адамдармен салыстыруға болады. Сонда олардың кейбіреулері: «Жол оң жақта!» деді. Олар айтқан жағына қарай жүріп, адасты және жолдан ауытқып кетті. Басқалары: «Жол сол жақта!» - деп айтты да, сол жаққа бет алып, кейіннен адасып, жолдан тайды. Ал қалғандары: «Дауыл өршеле бастаған кезде біз тура жолда болатынбыз, сондықтан да біз тоқтап, осы жерде күтеміз», - деді. Таң ертең дауыл тынышталды, ал жол тағы да анық күйге келді. Соңғы (орнында қалған) топ, міне солар – «Біз Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кездестірмегенімізше оның бізге қалдырып кеткенін ұстануымыз қажет, әрі біз бүлікпен байланысты қандай да бір нәрселерге кіріспейміз!» - деп айтатын «әл-джама‘а»”. Ибн әл-А’раби «әл-Му’джам» 713, әл-Хатаби «әл-‘Узля» 72, Ибн Асакир «Тарих ад-Димашқ» 39/496.

Са’д ибн Абу Уакқас, Абдуллаһ ибн Умар және сахабалардан құралған топ Му’ауия мен ‘Алидің арасында орын алғанға қатысты «қылыш - мәселені шешуші» деп есептемеген. Олар мәселенің шешімі деп татуласуды, істердегі парасаттылықты т.с.с. есептеген.[24]

‘Алидің бұл мәселеде өз ижтихады болды, Му’ауияның да бұл мәселеде өз ижтихады болды. Ал кім бар күш-жігерін ақиқатты және дұрыс шешімді іздеу үшін жұмсаған болса, сол өзінің тырысуы мен дұрыс шешімі үшін сауапқа ие болады. Ал егер де ол қателессе, оның қатесі кешіріледі де, шешім қабылдаудағы күш-жігер жұмсағаны үшін сауап жазылады. Бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Егер сот (шешім шығарушы) ыждағаттылық (ижтихад) көрсетіп шешім шығарса әрі оның шешімі дұрыс болса, оған екі сауап тиісті болады, ал егер ол ыждағаттылық танытып шешім шығарса және қателессе, онда оған бір сауап тиісті болады». әл-Бухари 7352, Муслим 1716.

Жетінші салдары: Жастардың азуы (бұзылуы)

Бүліктің салдарының тағы бірі – оның жастардың оған тартылуына, олардың бұзылуына және адасуына себеп болуы. Ол жастарды салдары қатерлі және соңы қайғылы жолмен жүргізеді. Осы себепті жастар игі болып көрінетін шақыруларға, дүрліктіретін ұрандарға және көркемделген үндеулерге алданбауға міндетті. Керісінше, егер біреулер бір нәрселерге шақырып жатса, осы мәселе бойынша беделді ғалымдарға жүгіну керек. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Игілік сендердің үлкендеріңмен бірге».[25] Ибн Хиббан 559, әт-Табарани «әл-Аусат» 8991, әл-Хаким 1/131. Хадис сахих. Қз.: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1778.

Осы себепті (біреулер) қандай да бір іске және жолға шықырып жатса, үлкендерге – мығым білімге ие, пәтуа шығаруында және қандай да бір мәселені түсіндіріп беруде сақтығымен және абай болуымен танылған, насихат беруде парасаттылығымен және даналығымен елге белгілі ірі ғалымдарға қайту керек.

Бірақ бүліктердің кезінде (бүлікшілер) жастарды арбап опат етуші істерге тастайды, ал олар содан соң одан шығатын жол таба алмайды. Жастарды, яғни болашақта бүлікті тұтандырушыларды тарту, болмашы және әдетті болып көрінетін істерден басталады, мысалы, бір топ адамдар жинайды да, Аллаһқа, Оның періштелеріне иман келтіруде, намаз оқуда, зекет беруде т.с.с. нәрселерде бірігетіні туралы өзара келіседі. Бірақ осыған олар кейіннен жас адамға белгілі міндеттемелерді жүктейтін тағы да басқа кейбір шарттарды қосады. Сөйтіп ол партиядан (хизб) немесе сектадан бір-ақ шығады немесе біреулерге ант берген болып шығады және т.с.с. Ол кейіннен ойланып, кеткісі келуі де мүмкін, бірақ енді мұны істеу қиынға соғады, өйткені бұл жолда көп уақыт өткізген және опат етуші істерге белшесінен батқан болады. Осындай нәрселер ежелден бері жалғасып келуде. Мысалы, атақты таби‘ий – Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ әш-Шиххир (оған Аллаһ разы болсын) өзінің жас кезінде орын алған оқиғаны баяндап береді. Ол былай деп баяндайтын: “Біз жиі-жиі Зайд ибн Суханға келіп тұратынбыз әрі ол: «Уа, Аллаһтың құлдары! Кең пейілді болыңдар және ең жақсы түрде амал жасаңдар! Ақиқатында, пенделердің Аллаһқа апарар жолы екі нәрседе: тақуалықта және ыждағаттылықта!» - деп айтатын. Ол уағызшы болатын, адамдарға насихат пен ескерту жасайтын, оларға Аллаһтан қорқуды сіңдіретін және оларды Аллаһқа мойынсұнуға және құлшылық жасауға жігерлендіріп ынталандыратын. Бірде мен оның жанына келгенімде, адамдардың қолдарында шамамен «Раббымыз – Аллаһ, Пайғамбарымыз – Мухаммад, ал Құран – жетекшіміз! Және біз бізді қолдайтынмен бірге боламыз, ал кім бізге қарсы болса, оның төбесінде біздің қолымыз тұрады!» - деген мәтіні бар жазуларды көрдім».

Сөйтіп, олар сырт көзбен қарағанда адамдардың басым бөлігі үшін ешқандай қиындық туғызбайтын нәрсе жазған еді.

Мутарриф былай деп жалғастырды: “Кейін Зайд (қатысып отырғандардың) әрбіріне осы жазуды алып келіп, одан: «Уа, пәленше, сен осымен келісесің бе?» - деп сұрай бастады. Ал (олардың) әрбірі: «Иә, келісемін!» - деп жауап берді. Ол маған келгенше және: «Уа, бала, сен осымен келісесің бе?» - деп сұрағанша осылай жалғасты. Мен: «Жоқ, мен келіспеймін», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл баламен асықпаңдар! Ал сен не деп айтасың?» - деді. Мен: «Аллаһ менен Өзінің Кітабында келісім-шарт алды, әрі мен Аллаһ Өзінің Кітабында менен алған келісім-шарттан өзге ешқандай келісім-шарт жасаспаймын. Осыдан кейін олардың барлығы түгелімен өз шешімдерінен бас тартты және қатысып отырғандардан ешкім, ал олар отыз адамдай болатын, ол жазған нәрсені бекітпеді». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204, Ибн ‘Асакир “Тарих әд-Димашқ” 58/313.

Қорытынды: Бүлік көптеген жастарды түрлі ұйымдар мен партияларға алдап тартады және оларды салдары кесірлі болған әртүрлі анттармен және сол сияқты нәрселермен міндеттейді.