М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет:Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар:

А) азаматтық хал актілері

Ә) оқиға

Б) әрекет

В) заңдық салдар

 

2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган:

А) халыққа қызмет көрсету орталығы

Ә) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Б) ішкі істер органдары

В) азаматтық хал актілерін өңдеу бөлімі

 

3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы

А) рұқсат ету

Ә) аккредиттеу

Б) лицензиялау

В) жәрдемдесу

 

4. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам

А) әрекет қабілеті шектеулі адам

Ә) әрекетке қабілетсіз адам

Б) бала

В) жасөспірім

 

5. Нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны

А) бала асырап алу

Ә) патронаттық тәрбие

Б) баланы уақытша тәрбиелеу

В) күшін жою

 

6. Кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі

А) әрекет қабілеттілік

Ә) белсенділік

Б) құқық қабілеттілік

В) балалық шақ

 

7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастырушы басқа да тұлғалар

А) заңды өкілдер

Ә) жақын туыстар

Б) ағайындар

В) ата-аналар

 

8. Ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер

А) ағайындар

Ә) жақын туыстар

Б) заңды өкілдер

В) мүдделі тұлғалар

 

9. Ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық)

А) неке

Ә) одақ

Б) жалған неке

В) өкілдік

 

10. Жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект

А) куәлік

Ә) сертификат

Б) құқық құжаты

В) жеке басты куәландыратын құжат

 

11. Азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі

А) кәсіби қызмет

Ә) мемлекеттік қызмет

Б) бюджеттік қызмет

В) азаматтық қызмет

 

12. Қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер

А) арнаулы киім

Ә) маусымдық киім

Б) әскери киім

В) қауіпсіз киім

 

13. Қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері

А) қауіпті жұмыстар

Ә) зиянды жұмыстар

Б) ауыр жұмыстар

В) қалыпты жұмыстар

 

14. Қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі

А) ұжымдық әріптестік

Ә) әлеуметтік әріптестік

Б) саяси әріптестік

В) қоғамдық белсенділік

 

15. Тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс

А) үстеме жұмыс

Ә) ауысымдық жұмыс

Б) қосымша жұмыс

В) қалыпты жұмыс

 

16. Экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы

А) өндірістік қажеттілік

Ә) іркіліс

Б) уақытша ауыстыру

В) бос тұрып қалу

 

17. Адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі

А) еңбек

Ә) қызмет

Б) функция

В) әрекет

 

18. Халықаралық келісім негізінде құрылған үкіметаралық емес сипаттағы тұрақты бірлестіктер

А) мемлекет

Ә) мемлекет тектес құрылым

Б) халықаралық ұйымдар

В) мемлекеттік ұйымдар

 

19. Мемлекеттің БҰҰ Жарғысына қарсы индивидуалды және ұжымдық қорғаныс туғызуға негіз болатын алғашқы болып қару қолдануы

А) соғыс

Ә) ұжымдық келіссөз

Б) қарулы шабуыл

В) мемлекетішілік қақтығыс

 

20. Халықаралық құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынастар тәжiрибесiне сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды қамтамасыз еудің негiзгi формасы

А) дипломатиялық қатынас

Ә) консулдық қатынас

Б) халықаралық қатынас

В) мемлекетішілік қатынас

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №__«__»________2014ж. Каф.меңгерушісі_______________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №­__«__»_______2014ж. Факультет ОӘК төрағасы_______________Бахтиярова А.Ж.

 

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет:Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат

А) келісім

Ә) шарт

Б) жарғы

В) статут

 

2. Мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы:

А) тәуелсіздік

Ә) дербестік

Б) зайырлылық

В) әлеуметтілік

 

3. Саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет

А) лаңкестік соғыс

Ә) халықаралық қылмыс

Б) агрессия

В) халықаралық лаңкестік

 

4. Оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім

А) халықаралық келісімшарт

Ә) конституция

Б) заң

В) жарлық

 

5. Суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел

А) тапсырыс беруші

Ә) суррогат ана

Б) жүкті әйел

В) некеде тұрған әйел

 

6. Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны

А) патронат

Ә) қорғаншылық

Б) қамқоршылық

В) бала асырап алу

 

7. Үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар

А) туыстар

Ә) жекжат

Б) ағайындар

В) отбасы мүшелері

 

8. Некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы

А) туыстар

Ә)ағайындар

Б) отбасы

В) неке

 

9. Адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы

А) денсаулық

Ә) қосалқы денсаулық

Б) репродуктивтік денсаулық

В) тән саулығы

 

10. Орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі

А) кәсіби деңгейі

Ә) жоғары білімі

Б) еңбек стажы

В) біліктілік санаты

 

11. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені

А) еңбек қауіпсіздгі

Ә)еңбек қорғау

Б) еңбек санитариясы

В) еңбек гигиенасы

 

12. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер

А) еңбек дауы

Ә) қақтығыс

Б) дау

В) жанжал

 

13. Халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем

А) жұмысқа орналастыру

Ә) жұмыспен қамту

Б) еңбек делдалдығы

В) еңбек қызметі

 

14. Сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу

А) суррогат ана болу

Ә) бала туу

Б) баланы сату

В) балаға тапсырыс беру

 

15. Некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы

А) тұрмыстық жағдай

Ә) әлеуметтік жағдай

Б) азаматтық жағдай

В) отбасылық жағдай

 

16. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте белгіленген, адамның некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) құқығына жеткендегі жасы

А) кәмелеттік жас

Ә) еңбек жасы

Б) әрекет қабілеттілік

В) неке жасы +

 

17. Жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүлкінің болуы; отбасының басқа да мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы

А) материалдық жағдай

Ә) әлеуметтік жағдай

Б) отбасылық жағдай

В) саяси жағдай

 

18. Азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі

А) әскери қызмет

Ә) мемлекеттік қызмет

Б) азаматтық қызмет

В) мәдени қызмет

 

19. Қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері

А) қиын жұмыстар

Ә) ауыр жұмыстар

Б) зиянды жұмыстар

В) қауіпті жұмыс

 

20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар

А) еңбек қатынастары

Ә) еңбек шарты

Б) еңбек делдалдығы

В) еңбек қызметі

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №__«__»________2014ж. Каф.меңгерушісі_______________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №­__«__»_______2014ж. Факультет ОӘК төрағасы_______________Бахтиярова А.Ж.