Жүрек ұшындағы диастолалық шу

Мамандығы «Жалпы медицина» 5 курс студенттеріне

Ішкі аурулар» пәні бойынша интеграциялы емтиханға

Арналған тест сұрақтары

?

1. Атипті пневмонияның қозғырғышы:

- пневмококк

+ легионела

- стафилококк

- ішек таяқшасы

-клебсиелла

 

?

2. Созылмалы өкпенің обструктивті ауруының эмфизематозды түрінің негізгі клиникалық симптомын атаңыз:

- құрғақ жөтел

- кеуде клеткасында ауырсыну

- аяқтарының ісінуі

- оң жақ қабырға астында ауырсыну

+ ентігу

 

?

3. Аурухана ішілік (госпитальді) пневмония деп қанша сағат ішінде пайда болған пневмонияны айтады:

- бұрын емделмеген адамдағыны

- науқасты ауруханаға жатқызғанан 48 сағ. бұрын

- үй жағдайында емделген науқасты

+ науқасты ауруханаға жатқызғанан 48 сағ. кейін

- науқасты ауруханаға жатқызғанан 24 тәулік ішінде

 

?

4. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының эмфиземалық түрінің негізгі клиникалық белгісі:

- жөтел

+ентігу

- тершеңдік

- қалтырау

- қызба

 

?

5. Бронхообструктивті синдром диагностикасындағы ең тиімді диагностикалық әдіс:

- рентгенологиялық зерттеу

- компьютерлік томография

- бронхоскопия

- өкпе артериясын катетрлеу

+ спирография

 

?

6. Прологнирленген әсерлі β2 агонист:

- сальбутамол

- ингакорт

- беродуал

+ сальметерол

- беротек

 

?

7. Қантүкіру синдромы қандай патологияға тән:

- пневмонияға

- созылмалы бронхитке

- гидротораксқа

+ өкпе обырына

- өкпе эмфиземасына

 

?

8. Рентгенде өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырға аралықтарының кеңеюі, өкпе шекарасының төмен қарай ығысуы байқалады:

- спонтанды пневмоторакста

- бронх демікпесінде

- өкпенің кавернозды туберкулезінде

+ өкпе эмфиземасында

- бөліктік пневмонияда

 

?

9. Пневмонияның асқынуына жатады:

- анафилкатикалық шок

+ инфекциялық-уытты шок

- кардиогенді шок

- геморрагиялық шок

- жарақаттық шок

 

?

10. Бронх демікпесіне бейімдейтін генетикалық маркерлерге не жатады:

- қан тобы

+HLA - антигендері

- резус фактор

- рассалық тұқымдастылық

- жынысы

 

?

11. Созылмалы обструктивті өкпе ауруларының «бронхиттік» түрімен науұастардың ең басты клиникалық симптомы:

- ауырсыну

- ентігу

+жөтел

- тұншығу

- қалтырау

 

?

12. Бауыр циррозының Чайлд-пью бойынша жіктемесінің критериіне жатады:

+ энцефалопатия

- гепатомегалия

- спленомегалия

- холестаз

- сарғаю

 

?

13. Эндокринді симтоматикалық артериалық гипертензияға әкелетін ауру:

- Мориак синдромы

- Марфан синдромы

- Меньер ауруы

Симмондс – Шиен ауруы

+ Конн ауруы

 

?

14. Бронх демікпесі ауруының клиникалық көрінісіне тән:

- өкпенің ауаға толығу синдромы

+ бронхтардың обструкциясы синдром

- бронхиттік синдром

- плевра қуысында ауа жиналу синдромы

- өкпенің инфильтративті қабыну синдромы

 

?

15. Созылмалы өкпе текті жүректің ЭКГ-белгісі:

+ V1- V2 тіркемелерінде R тісшесінің биіктеуі

- V5- V6 тіркемелерінде R тісшесінің биіктеуі

- V1- V2 тіркемелерінде R тісшесінің жарықшақтануы

- V1- V2 тіркемелерінде S тісшесінің тереңдеуі

- V5-V6 тізбегінде Т тісшесінің теріс болуы

 

?

16. Бронхоэктаз ауруының клиникалық белгісіне жатады:

- тұншығу ұстамасы

- жатқанда ентігу

- құрғақ жөтел

- көпіршікті қақырық жөтел

+ қантүкірудің болуы

 

?

17. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының негізгі этиологиялық факторы:

- үйдегі шаң-тозандар

- аэрополлютанттар

- кәсіби зиянкестер

- тұрмыстық химиялық заттар

+ темекі шегу

 

?

18. Атопиялық бронх демікпесіне тән лабораторлық белгі:

- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

- сиал қышқылдарының жоғарылауы

- анемия, лейкопения

- лимфоцитоз, лейкоцитоз

+қанда және қақырықта эозинофилия

 

?

19. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының диагностикасындағы маңызды әдіс:

- физикальді қарау

- бронхография

- рентгендік тексеру

+ спирография

- пневмотахометрия

 

?

20. Созылмалы өкпе текті жүректің негізгі ренгенологиялық белгісі:

+ жүректің оң жақ шекарасының ұлғаюы

- өкпе түбірінің инфильтрациясы

- диафрагманың төмен орналасуы

- өкпе ұшы құрылымының қараюы

- жүректің сол жақ шекрасының ұлғаюы

 

?

21. Пенкост обырының рентгенологиялық белгісі:

- шар тәрізді қараю

- бронхтардың деформациясы

+ І қабырғаның деструкциясы

- өкпе түбіріндегі қараю

- өкпенің ауаға толығуы

 

?

22. Атипті пневмонияны емдеудегі тиімді антибактерияльді препарат:

- пенициллиндер

- аминогликозидтер

- цефалоспориндер

- тетрациклиндер

-+макролидтер

 

?

23. Пневмонияның өкпеден тыс асқынуы:

- майлы гепатоз

- амилоидоз

- кардиомиопатия

- энцефалит

+ миокардит

 

?

24. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруына тән:

+ «ауыз толтыра» қақырықты жөтел

- ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар

- тұншығу ұстамасы

- құрғақ ысқырықты сырылдар

- қан аралас қақырықты жөтел

 

?

25. 25. Реноваскулярлы артериалық гипертензияға қандай гипертензия жатады:

А. - +бүйрек артерияларының атеросклерозындағы

В. - пиелонефриттегі

С. - гломерулонефритте

D. - диабетиттік нефропатиядағы

Е. - жүктілердегі

?

?

26. Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінің дамуындағы негізгі патогенетикалық тізбегіне не жатады:

- миокардтың жиырылуы қызметінің жоғарлауы

+ миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі

- қантамырлар кедергісінің жоғарлауы

- натрий мен судың ұсталып қалуы

- кардиомиоциттердің массивті некрозы

 

?

27. Ренопаренхималық гипертензияға тән белгі қандай:

- артериялық гипертензияның жиі кризбен жүруі

+ несептің жалпы анализіндегі айқын өзгерістер

- медикаментозды емнің аса тиімділігі

- ағымының қауіпсіз болуы

- бүйрек артерияларының маңындағы шудың естілуі

 

?

28. Сол жақ қарыншаныңы артқыдиафрагмальды бөлігінің миокард инфакртісінде қандай тіркемелерде өзгерістер болады:

+ II, III, AVF

- V5-V6, I, AVL,

- V3-V4

- V1-V2

- I, AVL

 

?

29. Төс артындағы интенсивті ауырсынумен науқаста қандағы КФК-МВ және тропонина I (0,599 нг/мл) мөлшерінің жоғарлағаны анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай:

- тұрақты күштемелік стенокардия

- миокардит

- үдемелі стенокардия

- перикардит

+миокард инфарктісі

 

?

30. Анамнезінде артериалық гипертензиямен науқаста ЭКГ-да V5, V6 тіркемелерінде R тісшесінің амплитудасы биіктеген, 25 мм сәйкес. Қандай қорытынды жасауға болады:

- оң жақ қарыншаныңы гипертрофиясы

- оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы

- сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

+ сол жақ қарыншаныңы гипертрофиясы

- ЭКГ-дағы өзгеріс қалыпты жағдайға сәйкес

 

?

31. Науқаста тыныштық жағдайда ентігу, гепатомегалия, анасарка анықталған. Емдеу барысында қанайналым жеткіліксіздігінің белгілері жойылды. Сіздің ойыңызша науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің қандай сатысы анықталған:

- қанайналым жеткіліксіздігінің I сатысы – ФК I

- қанайналым жеткіліксіздігінің ІI сатысы - ФК II

+қанайналым жеткіліксіздігінің IІ А сатысы - ФК III

- қанайналым жеткіліксіздігінің I сатысы – ФК III

- қанайналым жеткіліксіздігінің IІІ сатысы – ФК IV

?

32. Қарыншалық тахикардияны ұстамасын басу үшін лидокаин тиімсіз болғанда қандай препарат қолданады:

+ новокаинамид

- мезатон

- обзидан

- верапамил

- строфантин

 

?

33. Сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасының миокард инфарктісі қандай тіркемеде орналасқан:

- V3-V4

- III, AVF

- V1-V2

+ I, AVL, V5-V6

- I, AVL

 

?

34. Артериалық гипертензияның бірінші дәрежесіне тән систолалық және диастолалық қан қысымы көрсеткіштері:

- 130 - 139 және 85 - 89

+ 140 - 159 және 90 – 99

- 160 - 179 және 100 - 109

- 180-нен жоғары және 110-нан жоғары

- 130-дан төмен және 85-тен төмен

 

?

35. Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезіндегі қандағы өзгеріске тән:

+ лейкоцитоз

- лейкопения

- эозинофилия

- ретикулоцитоз

- анемия

 

?

36. Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары бозарған, суық тер байқалады, жүрек тондары бәсеңдеген, диурезі төмендеген. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған:

+ кардиогенді шок

- өкпе сусіңділенуі

- жүрек демікпесі

- жүрек аневризмасы

- Дресслер синдромы

 

?

37. Жиі қарыншалық экстрасистолияны емдеуде қандай препарат тағайындаған дұрыс:

- 10 мг изоптинді көктамырға енгізу

- полярлы қоспаны көктамырға енгізу

+ 300 мг лидокаинді көктамырға енгізу

- 0,25% - 1 мл дигоксин ерітіндісін көктамырға енгізу

- 80 мг верапамилді күніне 3 рет ішке қабылдау

 

?

38. Миокард инфарктісінің дамыған уақытынан бастап 4-6 сағат ішіндегі негізгі жүргізілетін патогенетикалық терапия қалай аталады:

- коронарлы ангиопластика (тәж артерияларын баллонмен кеңейту)

+ тромболитикалық терапия

- аортокоронарлы шунтау

- нитроглицеринді көктамырға енгізу

- бета-блокаторларды инфузия түрінде енгізу

 

?

39. Митральды стенозға тән клиникалық көрініс:

- І тонның әлсіреуі

- І тонның жарықшақтануы

+ «шапалақты» І тон

- «шоқырақты» ырғақ

- Флит шуы

 

?

40. Вазоренальды гипертензияны диагностикалаудағы аса маңызды әдіс:

- вена ішілік пиелография

- қан плазмасындағы ренинді анықтау

Радиоизотопты ренография

+ бүйрек артерияларының ангиографиясы

- бүйректі УДЗ

 

?

41. Науқаста физикалық күштемеден кейін ауырсыну пайда болып ЭКГ-да ST сегменті 3 мм-ден аса жоғарылады. Осы белгілер қандай ауруға тән:

- нейроциркуляторлы дистония

+ ЖИА

- миокардит

- перикардит

- инфекциялық эндокардит

 

?

42. Миокард инфарктісімен науқаста кенеттен тұншығу ұстамасы дамып, ентігу күшейді, өкпесінде қатқыл тыныспен қатар көптеген ылғалды ұсақ әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Пульсі минутына - 104 рет, АҚ 100 және 60 мм.сын.бағанасында. Осы науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған:

+жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігімен, өкпе сусіңділенуі

- жедел миокард инфарктісімен қоса пневмония дамыған

- Дресслер синдромы

- жедел миокард инфарктісімен, ӨАТЭ

- жедел миокард инфарктісімен, перикардит

 

?

43. Артериалық гипертензияның үшінші дәрежесіне тән систолалық және диастолалық қан қысымының дәрежесін атаңыз ( мм.сын.бағ.):

- 130 - 139 және 85 - 89

- 140 - 159 және 90 – 99

- 160 - 179 және 100 - 109

+ 180-нен жоғары және 110-нан жоғары

- 130-дан төмен және 85-тен төмен

 

?

44. Конн ауруы қандай жағдайда дамиды:

- өкпе ісіктерінде

- гепатомада

- гипернефромада

- феохромацитомада

+бүйрек үсті безінің ісігінде

 

?

45. Артериалық гипертензиямен науқаста ЭКГ-да қандай өзгерістер болуы мүмкін:

- ІІ, ІІІ тіркемелерде үшкір Р тісшесінің болуы

+сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

- Гисс шоғырының оң жақ аяғының блокадасы

- Гисс шоғырының сол жақ аяғының блокадасы

- І, ІІ тіркемелерде кеңейген, екі өркешті Р тісшесінің болуы

 

?

46. Бета-блокаторларды қолданғанда миокардттың оттегіге деген қажеттілігінің азаюы немен байланысты:

- теріс инотропты әсерімен

- теріс хронотропты әсерімен

+ теріс инотропты және хронотропты әсерімен

- сол жақ қарыншаға келетін қанның азаюымен

- сол жақ қарыншадан шығатын қанның азаюымен

 

?

47. Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінде миокардтың жиырылу күшін жақсарту мақсатында қандай препарат тағайындайды:

+ дигоксин

- атропин

- фуросемид

- нитроглицерин

- пропранолол

 

?

48. ЭКГ-да QRS комплексінің алдында P тісшесінің болмауы және R-R аралықтарының әртүрлі болуы байқалады:

Синусты тахикардияда

- жүрекшелік экстрасистолияда

- қарыншалар фибрилляциясында

+ жүрекшелер фибрилляциясында

- синусты аритмияда

 

?

49. Миокардтың оттегіге қажеттілігі мен оны тәж артерияларының қамтамасыз етуі аралығында сәйкессіздіктің болуы қандай аурудың дамуына әкеледі:

- миокардиттің

- инфекциялық эндокардитке

+ стенокардияға

- перикардитке

- созылмалы өкпелік жүрекке

 

?

50. Нитраттарға толерантттылықтың дамуын алдын-алу мақсатында жасалған қандай шара дұрыс:

- тәулік бойы қандағы концентрациясын бір деңгейде ұстау қажет

+ препараттарды қабылдауда үзілістер жасап тұру қажет

- препаратты аз мөлшерде қолдану қажет

- препаратты максимальды мөлшерде қолдану қажет

- әртүрлі препараттармен қоса тағайындау қажет

 

?

51. Асқынбаған миокард инфарктісінде ЭТЖ максимальды жоғарлауы қанша уақытта болады:

- аурудың басталғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін

- аурудың бастапқы күндерінде

- аурудың екінші күнінде

+ аурудың басталғанан кейін 7-12 күн аралығында

- аурудың басталғаннан кейін 20 күн ішінде

 

?

52. Миокард инфартісінде жүрекшелер фибрилляция қанша уақыт аралығында дамиды:

+ аурудың басталуында 1,2-2 сағаттан кейін

- аурудың басталуында 2-3 тәулікте

- аурудың басталуында 7-10 тәулікте

- аурудың басталуында 20 тәулікте

- аурудың басталуында 30 тәулікте

 

?

53. Жүрекшелер фибрилляциясына тән ЭКГ белгісі:

+ Р тісшесінің болмауы

- QRS комплексінің алдында теріс Р тісшесінің болуы

- QRS комплексінің соңында теріс Р тісшесінің болуы

- PQ интервалының әртүрлі болуы

- R-R интервалының бірдей болуы

 

?

54. Феохромоцитома кезіндегі артериалық гипертензияны емдеудегі ең тиімді препарат:

+ альфа-адреноблокаторлар

- бета-адреноблокаторлар

- диуретиктер

Жүрек гликозидтері

Кальций антагонистері

 

?

55. ЖИА-мен науқасқа коллатералдардың түзілуін жақсарту мақсатында тағайындалатын препарат:

+бисопролол

- аспирин

- гепарин

- симвастерол

- нитроглицерин

 

?

56. Науқастың ЭКГ-да Р тісшесінсіз аздаған ерте қарыншалық деформацияланған комплекстер байқалады. Осы көрініс қандай патологияға тән:

- суправентрикулярлы экстрасистолияға

- суправентрикулярлы тахикардияның пароксизмі

+ қарыншалық экстрасистолия

- жүрекшелер фибрилляциясы

- қарыншалық тарикардия пароксизмі

 

?

57. Науқас жедел коронарлы синдроммен клиникаға келіп түсті. ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауымен биік «коронарлы» Т тісшесі байқалады. Сонымен қатар тропонин I тесті оң мәнді. Осы жағдай қандай ауруға тән:

- күштемелік стенокардия ұстамасына

- үдемелі стенокардияға

- вазоспастикалық стенокардияға

+жедел миокард инфарктісіне

- алғаш рет пайда болған стенокардияға

 

?

58. Вирусты гепатит В интеграция кезеңінде вирусқа деген иммунологиялық тәуелділік дамып науқастарда қандай антиген анықталады:

+ HBsAg

- HBeAg

- HBcAg

- HBeAL

- HBcAL JgM

 

?

59. Созылмалы панкреатиттің дамуындағы негізгі этиологиялық фактор:

- ет тағамдарын көп пайдалану

- вирусты инфекция

+ алкогольды шамадан тыс пайдалану

- цитостатиктерді қабылдау

- белок пен витаминдер тапшылығы

 

?

60. Науқаста кекіру, қыжылдау, әсіресе горизонтальды жатқанда күшейетін, өңешті зондтау барысында метил көгінің түсінің өзгеруі анықталды. Осы белгілер қандай ауруға тән:

- созылмалы эзофагит

- өңеш дискинезиясы

- өңеш қатерлі ісігі

- кардиальді бөліктің дивертикулы

+гастроэзофагальды рефлюкс ауруы

 

?

61. Созылмалы тассыз холециститтің негізгі субъективті симптомы:

- кешегі кұні қабылдаған тағаммен құсу

- жеңілдік әкелмейтін құсу

- қышқылмен кекіру

+ оң жақ қабырға астына таралған ауырсыну

- қыжылдау, шіріген иісті кекіру

 

?

62. Физикальды тексеру барысында Плеш симтомының оң мәңді болуы қандай ауруға тән:

+ кардиальді бауыр циррозына

- вирусты бауыр циррозына

- алкогольді бауыр циррозына

- аутоиммунды бауыр циррозына

- криптогенді бауыр циррозына

 

?

63. Созылмалы гепатит кезінде дәнекер тінінің белсенділенуі нәтижесінде гепатоциттерді зақымдаушы әсер етіп, соның салдарынан қандай үрдіс дамиды:

- регенерация түйіндері

- дәнекертінді септілер

+ сатылы некроздар

- микромодулярлы түйіндер

- мультилобулярлы бөліктер

 

?

64. Ұйқы безінің сыртқы секреторлы қызметін анықтау үшін қандай секрецияны анықтау керек:

+ферменттер мен бикарбонаттарды

- инсулин мен глюкагонды

- глюкоза мен кетонды денелерді

- секретин мен панкреозиминді

- амилаза мен церулинді

 

?

65. Асқазан ішілік рН-метрия әдісі асқазанның қандай қызметінің бұзылыстары туралы мағлұмат береді:

- асқазанның базальды секреция жайлы

- асқазанның жалпы қышқылдығы жайлы

- пепсиннің концентрациясы жайлы

+асқазанның қышқыл түзу қызметі жайлы

- тұз қышқылының секрециясы жайлы

 

?

66. Экспресс – уреазды әдіс жүргізу арқылы нені диагностикалауға болады:

- қабынудың айқындығын

- тағамның асқазаннан өңешке кері өтуін

+ хеликобактерді анықтауды

- асқазан кілегей қабатының атрофиясын

- асқазанның секреторлы қызметінің жеткіліксіздігін

 

?

67. Өт қапшығын тітіркендіру арқылы анықталатын симптом:

- Пекарский симптомы

- Алиев симптомы

- Айзенберг I симтомы

- Макензи симптомы

+Мерфи симптомы

 

?

68. Телеангиэктазиялар мен Дюпюнтрен контрактурасының анықталуы қандай ауруға тән:

+ алкогольді бауыр циррозына

- вирусты бауыр циррозына

- аутоиммунды бауыр циррозына

- кардиальді бауыр циррозына

- криптогенді бауыр циррозына

 

?

69. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруына тән симптом:

+ іштің кебуі

- қыжылдау

- ауамен кекіру

- жүректің айнуы

- құсу

 

?

70. 45 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 15-20 минуттан кейін эпигастр аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Пальпацияда эпигастр аймағында және семсер тәрізді өсіндінің маңында ауырсыну анықталды. Осы науқастағы симптомдар қандай ауруға тән:

+асқазанның кардиальды бөлігінің ойық жара ауруына

- ұлтабар буылтығының ойық жара ауруына

- асқазанның антральді бөлігінің ойық жара ауруына

- пилорикалық бөліктің ойық жара ауруына

- асқазанның үлкен иірімінің ойық жара ауруына

 

?

71. Бауыр циррозымен науқаста «тамыр жұлдызшалары» симптомы қандай синдромның белгісі:

+ цитолитикалық синдромның

- мезенхимальді-қабыну синдромының

- портальды гипертензия синдромының

- анемиялық синдромның

- бауырлық энцефалопатия синдромының

 

?

72. Бауыр циррозымен науқаста асциттің пайда болуы қандай веналық қысымның жоғарлауымен байланысты дамиды:

- бауырлық венаның

+қақпалық венаның

- өңеш веналарының

- орталық венаның

- геморроидальді венаның

 

?

73. Бауыр циррозымен науқаста панцитопения (анемия, лейкопения, тромбоцитопения) белгісі қандай синдромды құрайды:

- сплемомегалия синдромын

- гепатоспленомегалия синдромын

- бауыр жетіспеушілік синдромын

- холестаз синдромын

+ гиперспленизм синдромын

 

?

74. Іштің жоғарғы бөлігіндегі белбеу тәрізді белді айналдыра ауырсыну қандай ауруға тән:

- холециститке

- асқазан ойық жара ауруына

+ панкреатитке

- ұлтабар ойық жара ауруына

- гастритке

 

?

75. 5-нуклеотидаза, ГГТП, сілтілі фосфотаза белсенділігінің жоғарлауы, гиперхолестеринемия, тік фракциясының жоғарлауымен гипербилирубинемия қандай биохимиялық синдромның көрсеткіштері болып табылады:

- мезенхимальді-қабыну синдромының

+ холестаз синдромының

- цитолиз синдромының

- портальды гипертензия синдромының

- гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромының

 

?

76. Ойық жара ауруының негізгі этиологиялық факторы:

- тұз қышқылы мөлшерінің жоғарлауы

- пепсиноген мөлшерінің жоғарлауы

+ хеликобактерлы инфекцияның анықталуы

- асқазан қышқылдығының өзгеруінің анықталуы

- α1-антитрепсин белсенділігінің жоғарлауы

 

?

77. Вирусты гепатит В вирусының жоғарғы репликациялық белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді:

+ HBV- ДНК

- ДНК- полимераза

- pre- S антигендер

- HBeAg- антиHBe

- HBcorAg

 

?

78. ФЭГДС әдісі және асқазанды рентгенологиялық зерттеу әдістері толық мағлұмат бермесе гастроэзофагальді рефлюкс ауруымен науқастарға қандай зерттеу әдісін жүргізген қолайлы:

- қышқылды перфузионды тест

- метил көгімен асқазанды зондау

- эзофагоманометрия

- эзофаготонокимография

+көп сағатты рН-мониторлау әдісі

 

?

79. 30 жастағы науқас эпигастр аймағындағы тағам қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағатта пайда болатын ауырсынуға, «түнгі» және «аш қарынға» ауырсынуға шағымнады, қарағанда эпигастр аймағының оң жағында Мендель симптомы оң мәнді. Осы белгілер қандай ауруға тән:

- постбульбарлы ойық жара ауруына

- асқазанның кіші иірімінің ойық жара ауруына

- асқазанының үлкен иірімінің ойық жара ауруына

+ ұлтабар буылтығының ойық жара ауруына

- асқазанның антральді бөлігінің ойық жара ауруына

 

?

80. Пероральды холецистография әдісі қандай патологияны диагностикалайды:

+өт қапшығының моторлы қызметінің бұзылысын

- өттің литогенділігін

- бауырдың экскреторлы қызметін

- Одди сфинктерінің атониясын

- бауыр ішілік холелитиазды

 

?

81. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруымен науқаста нитраэзофагеальды рН-мониторлау барысында қандай өзгеріс анықталады:

- өңештің қышқылдығы рН 3,0-ден төмендейді

- өңештің қышқылдығы рН 6,0-ге дейін жоғарлайды

+ өңештің қышқылдығы рН 4,0-ден төмендейді

- өңештің қышқылдығы рН 7,0-8,0 аралығында болады

- өңештің қышқылдығы рН 5,5-7,0 аралығында болады

 

?

82. Бауыр циррозының маңызды диагностикалық белгісі:

- мезенхимальді-қабыну синдромы

+ портальды гипертензия синдромы

- цитолитикалық синдром

- бауыр-жасуша жетіспеушілік синдромы

- гепаторенальды синдром

 

?

83. Пальпация кезіндегі Мейо-Робсон нүктесіндегі ауырсыну тән:

+ ұйқы безінің құйрығының зақымдануына

- ұйқы безінің басының зақымдануына

- ұйқы безінің тотальды зақымдануына

- ұйқы безінің атрофиясына

- ұйқы безінің денесінің зақымдануына

 

?

84. Созылмалы аутоиммунды гастритпен науқастың асқазанының секреторлы қызметін зерттегенде қандай көрініс анықталады:

- секреторлы қызметінің қалыпты болуы

- секреторлы қызметінің жоғарлауы

+ қышқыл және пепсин түзу қызметінің төмендеуі

- гипо-ахлоргидрия көріністері

- секреторлы қызметі өзгермейді

 

?

85. Ұлтабардың ойық жарасының ең жиі орналасуы қай жерден анықталады:

- буылтықтан тыс бөлікте

- пилорикалық бөлікте

+ұлтабардың алдыңғы бөлігінде

- препилорикалық бөлікте

- бульбарлы бөлікте

 

?

86. Созылмалы тассыз холецистит кезінде өттік «В» порцияда қандай өзгерістер анықталады:

- холестерин мөлшерінің төмендеуі

- билирубин концентрациясының төмендеуі

- микролиттердің көп мөлшерде болуы

- фосфолипидтер мөлшерінің жоғарлауы

+ лейкоциттер мөлшерінің жоғарлауы, өттің рН төмендеуі

 

?

87. Бауыр циррозы кезінде «тамыр жұлдызшаларының» - телеангиэктазиялардың пайда болуы қандай механизмге негізделген:

+ гиперэстрогенемиямен

- гиперлипидемиямен

- гипербилирубинемиямен

- эндотоксинонемиямен

- гиперальдостеронемиямен

 

?

88. 35 жастағы науқас қыжылдауға, қабылдаған тағаммен кекіруге, әсіресе енкейгенде және горизонтальды жатқанда қыжылдаудың күшеюіне шағымданады. Науқастың болжам диагнозы:

- өңештің дискинезиясы

- созылмалы эзофагит

+ гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

- созылмалы гастрит

- өңеш қатерлі ісігі

 

?

89. Асқазан және ұлтабар ойық жара ауруының тікелей рентгенологиялық көрінісі:

- тұрақты контрасты дақтың болуы

- барий сульфатының пассажының тежелуі

- асқазан және ұлтабардың деформациясы

+ «ниша» симптомының анықталуы

- дуоденогастральды рефлюкс

 

?

90. Созылмалы тассыз холециститтің өршуіне тән патогенді симптомдарда жатады:

+ Макензи, Боас, Алиев симптомдары

- Мюсси, Бергман симтомдары

- Йонаша, Харитонов симтомдары

- Лапинский және холецисто-кардиальды синдромы

- Пекарский және предменструальды тітіркену синдромы

 

?

91. Геберден түйіндері қандай ауруға тән:

- подагралық артритке

- ревматоидты артритке

+ деформирлеуші остеоартрозға

- бруцеллезді артритке

- гонореялық артритке

 

?

92. Науқаста қан сарысуында креатинфосфокиназа (КФК) ферментінің жоғарлауы қандай ауруда байқалады:

+ дерматомиозитте

- ревматоидты артритте

- жүйелі склеродермияда

- түйінді периартериитте

- жүйелі қызыл жегіде

 

?

93. Жүйелі склеродермияда басым зақымдану қандай ағзада байқалады:

- буындарда

+ теріде

- жүрек-тамыр жүйесінде

- орталық жүйке жүйесінде

- асзазан-ішек жолдарында

 

?

94. Науқаста ауыз қуысы маңындағы «кисетті» қатпарлар анықталған, осы белгі қандай ауруда байқалады:

- ревматизмде

- дерматомиозитте

+ жүйелі склеродермияда

- ревматоидты артритте

- Шегрен синдромында

 

?

95. Ревматоидты артриттің бастапқы кезінде зақымданбайтын буындарға жатады:

+ I,V-аяқ- саусақ буындары

- шынтақ буындары

- тізе буындары

- II-қол - саусақ буындары

- проксимальды саусақ аралық буындар

 

?

96. Жедел подагралық артритті басу үшін қандай препарат тағайындалады:

- волтарен

+ колхицин

- вольтарен

- преднизолон

- реопирин

 

?

97. Буындардың зақымдануымен көкбауырдың ұлғаюы және лейкопения қандай ауруда байқалады:

- Рейтер ауруында

- Бехтерев ауруында

+ Фелти синдромында

- Титце синдромында

- Рейно синдромында

 

?

98. Ревматизмде Ашоф-Талалаев гранулемасының дамуы қандай уақыт аралығында байқалады:

- 10-14 күнде

- 1 ай ішінде

- 2 ай ішінде

+ 4-6 ай шамасында

- 1 жыл аса уақытта

 

?

99. Жүрек ұшындағы систолалық шу қандай ақауда байқалады:

+ миральды қақпақшаның жеткіліксіздігінде

- митральды стенозда

- қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігінде

- қолқа сағасының тарылуында

- үшжармалы қақпақшаның зақымдануында

 

?

100. Митральды стеноздың тікелей белгісі:

- жүрек ұшындағы диастолалық діріл

- семсер тәрізді өсіндінің үстінен естілетін систолалық шу

жүрек ұшындағы диастолалық шу