Жер пайдалану құқығын беру

1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi.
Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.
Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі.
Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу:

1) кепiлге беру кезінде, оның ішінде кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған затты сатуы кезінде, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;

2) орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне;
3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес екінші рет жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде талап етiлмейдi.
Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.

 

Ауылшаруашылығының жер пайдалану құқығы. Ауылшаруашылығында қоршаған ортаны құқықтық қорғау туралы сипаттама берініз.

Менің ойымша жер қатынастарын реттеуде жер пайдалану құқығына назар аудару қажет. Соңғы уақыттары заң әдебиеттерінде жерге меншік құқығы жөнінде зерттеліп жүр, шындығына келгенде оның өзі жер пайдалану құқығына негізделгенін ескеру қажет.

Жердің меншік иесі болуы оның жерді тиімді және рационалды пайдаланатынының кепілі бола алмайды. Жердің меншік құқығы иесіне артылып отырған сенім мен үміт ақталмай отыр, өйткені оның негізі болып отырған жер пайдалану құқығы жеткілікті деңгейде бағасын алған жоқ. Меншік иесі болу оны пайдаланушы дегенді білдірмейді.

Адам баласына әлемде берілген, табиғат берген баға жетпес құндылық, бақыт, осы бақытты толыққанды етіп көрсететін сый-сыралғының бірі де бірегейі ЖЕР. Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі, іргетасы болып табылатын негізгі табиғи ресурс. Жер дүние жүзінің басым бөлігін алып жатқан құрлық ресурстары болса, оның су қоры, орман қоры, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабалар тектен текке таласқан жоқ. Келер ұрпақ үшін, оның салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін, ел бірлігін сақтау үшін жер мәселесі қашанда өзекті болды.

Қазақстан Республикасы өз егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізген уақытта тарихи қалыптасу мен даму жолында кең байтақ территорияны иеленіп қана қоймай, оның экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін де алдына тартты. Бұл міндетті жүзеге асыру жер мәселесін құқықтық тұрғыда реттеудің негізділігін көрсетті. Құқықтық реттеу болса, жер құрамының, жер қорының заң жүзінде бекітілуін, олармен жасалатын қатынастардың жан жақты реттелуін ғана емес, оның сапалық көрсеткіштерінің тиісті талаптарға жауап беруін, оның құрамының адамзат тіршілігімен үндесіп тұруын да қамтамасыздандырады. Жер мәселесін құқықтық жағынан реттеу Қазақстан мемлекетінің жер қорының болашаққа, экологиялық қауіпсіз нысанда жеткізілуіне үлес қосатын тәсілдердің қатарда. Өзімізге мәлім, ұлан байтақ территориясы бар Қазақстан үшін жер мәселесін, жердің құрамын сақтау қазіргі таңда тек меншік иесі болып табылатын Қазақстанның қызығушылығын ғана емес, көршілес жатқан елдердің де қызғанышын тудырып отырған проблема.

Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.

Қазақстан Республикасындағы жерлерді ұтымды пайдалану және онда тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру – басты мемлекеттік және қоғамдық мақсат және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады.

Осы орайда жер тек мемлекеттік меншікте емес, жеке меншікте де бола алады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Бұл өз кезегінде келесі бір проблемалар кешенін туындатып берді. Ол жерлердің тек Қазақстан азаматтарының атында болмай, шетелдік азаматтар мен компаниялардың қолына өту фактілері толғантады.

Мемлекетімізде жер реформасын жүргізу мемлекеттік монополияны жойып, жерге жеке меншік құқығының кеңінен етек жаюына алып келді. Қазіргі таңда мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне үш млн. жер учаскелері немесе 589,9 мың гектар жер берілген. Жер ресурстары ұтымды пайдалану және табиғи жағдайын ұдайы жақсартып отыру нәтижесінде ішкі және сыртқы қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын көлемді азық-түлік өндіруге қабілетті.

Жер құқықтық өзгерістерінің нәтижесінде туындаған жерге мемлекеттің монополиясының жойылуы, жекелеген жер санаттарына жеке меншік құқығының пайда болуы, ақылы жер пайдалануға көшу, жерді жеке меншікке немесе пайдалануға алғаны үшін ақы төлеу, жердегі шаруашылық етуші субъектілердің тең құқықты дамуы, жер нарығының қалыптасуы сияқты әрекеттер орынды құбылыс болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығыбойынша үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 490, 2 мың гектар екен. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері – 222 513, 6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90 910, 35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды .

Егер де 1990 жылдары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Қазақстан Республикасы жер қорының 81,2 % құраса, 2000 жылдардың бас кезеңінде олардың ара салмағы небәрі – 39,6 % құрады. Егер де осы жағдай өзінің жалғасын ары қарай да тауып отыратын болса, онда біз жақын жылдары-ақ ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге зәру болып қалуымыз мүмкін.

«Жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, оның иелену мен пайдалану үшін кімге берілгеніне және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді»,-деп Б.Ж. Әбдірайымов жазған болатын.

А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша – жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерлердің бірқатар түрлері нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97 — бабы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер ретінде бекітіп берген. Ол — жер санаттарының ішіндегі ең негізгі жер санаты, оның басты ерекшелігі болып жердің өндіріс шикізаттары мен адамдар мен жан-жануарларға қажетті азықтардың басты құралы болып табылатындығы болып отыр.

Қазақстан Республикасында нарықтық жағдайға өтуге байланысты әртүрлі меншік нысандарының пайда болуы, шаруашылық етуші субъектілердің және олардың нысандарының көбеюі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алуды шектемейді, керісінше, оның әрі қарай дамуына алғышарт ретінде танылады.

Мемлекетiмiзде жер қатынастарының дұрыс дамуы елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигiзетiнiн ұмытпағанымыз жөн. Сол себептi жер қатынастарының реттелуiн мемлекеттен ажыратып алуға болмайды. Қазiргi нарықтық қатынастарға байланысты, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi және жеке меншiктегi жерлердiң азаматтық құқықтық мәмiлелер арқылы сатылуы, жалға берiлуi сияқты жүргiзiлiп жатқан қатынастардың барлығы ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл дамыған нарықтық қоғамның талабынан туындаған заңды құбылыс болып табылады және бұл өте орынды. Себебi, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi азаматтардың өздерiнiң рухани-материалдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады. Жеке меншiктегi жер учаскесiн әр тұлға заңда көрсетiлгендей иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтық мәмiлеге түсу арқылы сатып, өзiне сатып ала алады және шарт бойынша жалға бере алады. Бұл қатынастың барлығыда ерiктi негiзде шарт негiзiнде ақылы түрде жүзеге асырылады. Ал, мемлекет жеке меншiкке берiлген (сатылған) жер арқылы өзiн қаржыландырса, сонымен қатар, мәжбүрлi түрде салық салу арқылы қаржылық шаруашылығы қызметiн реттеп, жергiлiктi бюджеттердi қаржыландырып отырады. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiнiң жеке меншiкке сатылуы бұл тұрғыдан алғанда мемлекетке экономикалық және әлеуметтiк жағынан тиiмдi болып табылады.

Аталған жағдайдың барлығы жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудi құқықтық реттеудi қамтамасыз ететiн жер заңдарының дамуына объективтi түрде әсер ететiн факторлар болып отыр. Сонымен бiрге, қазiргi таңдағы нарық жағдайында жерге ақы төлеу мәселесi кез-келген тұлғаны алаңдатар шаралардың бiрi.

Азық-түлік нарығын құқықтық реттеу. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі аграрлық саясатының негізгі бағыт-бағдары

Қазіргі кезде азық-түлікпен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі дүние жүзі бойынша өте күрделі мәселе. Сауда-саттықтың жаһандануы салдарынан өзімізде өндірілетін және шеттен әкелінетін азық-түліктің қауіптілігі күшейді. Мәселен, сиырдың құтырық, аусыл аурулары, шошқаның африкалық оба ауруы, құс тұмауы сияқты індеттер азық-түліктер импортталған елдерден келіп таралуы әбден мүмкін. Мал өнімінен өндірілген азық-түліктер ауру туғызатын, тұтынушыларға түрлі зиян келтіретін патогендердің көзі болып саналады. Соған байланысты ДСҰ және ХЭБ «Адам және жануарлар – біртұтас денсаулық» атты тұжырымдаманы жария етті. Бұл тұжырымдама адамдар мен жануарлардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі стратегияның негізі болып саналады.

2002 жылы Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндіріс сатыларындағы қауіпсіздікті бақылайтын регламент қабылдады. Санитарлық қауіпсіздікті бақылау түрлі шаруашылықтардың жағдайы мен қоршаған ортаның тазалығын қарастырудан басталады. Тұтынушыға азық-түлік арқылы жұғатын аурулардан сақтау үшін малдарды өсіру, мал азығын өндіру, малды қасаптау, еттерін сақтау, сату, кулинариялық өңдеу, өнімді бөлшектеп орап тұтынушыға жеткізу сияқты көптеген өндіріс са-тыларының бақылауының қатаң болуы өте маңызды мәселе. Сондықтан өндірістің барлық сатыларында жұмыс атқаратын адамдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

1) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларында мемлекеттің саясатын, стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру және іске асыру;

2) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында бәсекеге қабілетті тауар өндірісін, аграрлық азық-түлік нарығын және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсізідігін жасаудың негіздерін қалыптастыру;

3) ЕврАзЭҚ шеңберінде халықаралық экономикалық интеграцияның стратегиясын әзірлеу, ДСҰ-ға кіруге байланысты материалдарды дайындау;

4) АӨК салаларын техникалық реттеу, оларды нормативтік қамтамасыз ету және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі салаларындағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізу.

Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты, стратегиялық жоспарларды, басымды және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, іске асыруға және үйлестіруге қатысады;

2) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларындағы заң жобаларын және заңға бағынысты актілерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы, нормалар мен нормативтерді әзірленуін қамтамасыз етеді;

3) мемлекетаралық байланыстардың басымды бағыттарын жасауға қатысады, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларында Министрліктің атынан өкілдік етеді;

4) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруына қатысады;

5) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларында өндірісті тұрақтандыру мен арттыру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуге қатысады;

6) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту салаларында қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға мониторинг және талдау жүргізеді;

7) бюджеттік бағдарламаларды, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу салаларын қолдау жөніндегі республикалық бюджет бағдарламаларын іске асырудың бюджеттік бағдарламаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін әзірлейді, олардың уақытылы және тиісті орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді; т.б

Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуы мен ауылдық кәсіпкерлік аясының кеңуі ауыл шаруашылық саласында аграрлық бизнес жүргізу үшін тиімді шешімдер іздеп, оларды қабылдау үшін сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті ақпараттық-кеңестік нарық қызметінің дамуы мен күшеюнің қажеттілігін тудырды. Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламада көрсетілген міндеттерге сәйкес, отандық тауар өндірушілерге ақпараттық-кеңестік қолдау көрсету 2003 жылы «Казагромаркетинг» АҚ қоғамын құруға негіз болды. Компанияның негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді ақпараттық-кеңестік және консалтингтік қызметпен қамтамасыз ете отырып, агробизнес тиімділігінің деңгейін арттыру. Міндеттері:

  • ауыл шаруашылық білімін тарату және жеткізу жүйесін құру және дамыту, озық технологиялар, ғылым жетістіктері мен инновациялық жетістіктер туралы ақпарат тарату;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-кеңестік жүйесін дамытуға ат салысу;
  • Отандық ауылшаруашылық тауарларын ішкі және сыртқы нарықта жылжыту үшін көрсетілетін қызмет аясын кеңейту;

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының мақ­саты– мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету, яғни отандық сапалы тағам өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жет­кізу және оған тұтынушылардың қолжетімдігін жақсарту. Атап айтқанда, ауыл тұр­ғын­дарының та­ғам түрлерімен өздерін толық қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық өнімдерді арзан баға­мен жеткізу. Түпкі мақсат – аграрлық салада шикі­зат­тық экономикадан ары­лып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған елдердің қатарына қосылуы­на батыл қадам жасау.

Сонымен қатар уақыт ұттырмай импортталған азық-түліктердің санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген жұқ­палы аурулардан арылту, медициналық ветери­нария жұмысын жолға қою.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының прин­циптері:
– ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын макро­экономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналыса­тындарға несие және субсидия түрінде беріледі;

– елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі;
– ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен рефор­маны төменнен, яғни ауыл және аудан әкім­дерінің деңгейінен бастау;
– азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен жауапкерші­ліктерінде болуы;
– мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау;
– қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдар­дың қатысуымен және жергілікті атқарушы орган­дар­дың бақылауымен жұмсау.

Қазақстанның жаңа аграрлық сая­сатының маңыздылығы:
1. Қазақстанның аграрлық саласы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау көр­сеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.
2. Азық-түлік индустриясын қалып­тас­тыру мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл­да тұратын адамдардың материалдық жағ­дайының көтерілуіне жағдай туғызады.
3. Қазақстандық тауар брендтерінің қа­лып­тасуы.
4. Азық-түлік тауарларының экспорттық мүм­кіндіктерінің өсуі.
5. Деурбанизация және кіші қалалар саны­ның артуына мүмкіндік туады. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл ат­қарады.
6. Ауыл экономикасының қалыптасуы, әлеу­меттік-экологиялық жағдайдың жақсаруы халық санының өсу динамикасын жеделдетеді.
7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам терри­ториясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар көзі болмақ;
8. Ішкі және сыртқы инвестициялық мүмкін­дік­тер ашылады.
9. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық жүйе­лері, басқа да қаржылық институттар дамиды және нығаяды.
10. Республиканың өндірістік көрсеткіштері жақ­сарады және шағын және орта бизнесі дамыған индустриалды мемлекет қалыптасады.

 

35. Аграрлық құқық қатынастарын реттеудегі сот тәжірибесінің мәні және мазмұны туралы жалпы сипаттама берініз. Сот ережелері аграрлық құқықтың қайнар көздері

ретінде танылмайды. Дегенмен, заң талаптары әрқашан орындала бермейді, соның нәтижесінде даулар туындайды. Заң талаптарының сақталмау себептері азаматтар немесе заңды тұлғалар, өздеріне берілген жерлердің нақты орналасқан шектесу шекараларын білмегендіктен және олардың қолдарында жерлерді орналастыру картасы, сызбалары болмағандықтан, жерлерді пайдалану кезінде қателіктер жібереді. Атап айтқанда, олардың жерлері бір-бірінің жерлерінің іштеріне кіріп кетуі салдарынан, сол жерге олардың салған құрылыстары, үйлері бұзылуға тиіс болады. Осы себепті көршілер, жер пайдаланушылар араларында дау пайда болады.

Екіншіден, мұндай заң бұзушылықтардың себептері жер мамандарының азаматтарға пайдалануға берілген жерлерге қазығын қағып, осы бөлінген жер телімінің шекарасын белгілеп бермегендіктен болып отыр.

Жер дауы – шешімі қиын даулардың бірі

Қазақ халқында ата-бабамыз бұрыннан жер дауы мен жесір дауының бітпейтін,

шырмауы көп дауларға жатқызған. Соның ішінде əлі күнге дейін шешімі қиын,

бірақ қазіргі заманда тек заңи тұрғыдан шешілетін даулардың бірі – жер дауы. Қай

кезеңде де ұлтарақтай жердің айналасында үлкен мəселелер қозғалып, жылдар

бойы нүктесі қойылмай келеді. Ата-бабамыз да бізге ұрпақтан-ұрпаққа

қалдырған қазақ жерін оңайлықпен алған жоқ, толассыз даулардың, қанды

шайқастардың арқасында қалдырды. Сондықтан əрбір жердің көлеміне қарай

соншалықты көлемде даулардың туындап жататыны, оны дұрыс шешу үшін

«оқыған» халықтың сотқа жүгінуі – біздің де сот тəжірибесінде жер дауын қарауда

үлкен көмегін тигізіп жатады. Бəріміз білетіндей, қанша теория жүзінде бір

мəселенің төңірегінде дайындалғанмен, практика жүзінде оны пайдаланбағанша,

оның түпкілікті мəні мен мағынасын түсінбейсің. Сол себепті біздің өндірісімізге

жер дауы талап арыздары түссе, оны шешу үшін Жер кодексіне, нормативтік

актілерге, азаматтық кодекстердің талаптарына сүйене отырып шешумен қатар,

басқа ұқсас даулардың қандай тұрғыда қорытынды алғанына аса мəн береміз.

Жер – халқымыздың бабалар қалдырған бай мұрасы, оны үнемді пайдалану –

ұдайғы міндет. Əсіресе, еліміз тəуелсіздік алғаннан бері бұл міндеттің маңызы

арта түсті. Жер төңірегінде болып жататын даулы əңгімелер негізінен

заңдылықтарды білмеу немесе білсе де оны сыйламау, бұрмалауға

ұмтылушылықтан туындайды. Мəселен, жер белгілі бір меншік иесіне мұра

арқылы немесе сол өңірдің Əкімінің шешімімен берілсе, тағы басқа жағдайлармен

оның пайдалануына өтсе, ол тез арада жерге қатысты құжаттарын Заң

талаптарына сəйкес заңдастырып алу қажет. Ал біздің қанымызда əлі күнге дейін

көшпенді ата-бабамыздың əдеті қалыптасқан. Ата-бабамыз секілді, қай жерге

киіз үй тіксе, сол жер менікі деген қағидамен «мына жерге үй тұрғыздым, тал

ектім, менен жерді алып көр» деген бағзы заманның түсінігі арылмай жүр.

Соның кесірінен, жерді заңдастырмай, тіршілігімізді жасай береміз. Ал күндердің

күні сол жерге қатысты дау туындағанда ғана, сандық түбінде сарғаюға шақ

қалған бүткіл құжаттармен Əкімнен бастап барлық жер мəселелерін шешетін

құзырлы органдардың табанын тоздыруға дайынбыз. Мұндай жағдайларда

ешқандай шара қолдануға болмайтынын, уақыттың өтіп кеткенін меңзеп, сот

арқылы шешуді ұсынады. Сот жерге қатысты дауларды өз өндірісіне қабылдаған

соң, оның дұрыс жəне əділ шешілуі үшін құжаттардың қандай органмен

берілгеніне, қажеттілігі болса сол органды мүдделі жақ етіп сотта жауап беруге

тартады, сот отырысын, прокурордың, мүдделі жақтардың, тараптардың

ұсынуымен немесе соттың өз бастамашылығымен куəлердің қатысуымен

қарайды. Жерге қатысты талап арыздарды немесе арыздарды қарағанда, міндетті

түрде сол жердің өңіріне байланысты жер инспекцияларынан өкілдер

қатыстырылады. Жер дауы тек біржақты тараптың түсінігемен

қарастырылмайды. Себебі жер – құнды жылжымайтын меншік.

Біздің қалалық соттың тəжірибесінде кездескен жерге қатысты даулардың бірі –

көршілес қоныстанған жерлердің меншік иелерінің басып алған жерді босату

немесе қатару туралы. Осыдан 20 жыл бұрын берілген жерлер көзбен ғана

өлшеніп, жəне ол жердің меншік иелеріне жер түзу төрт бұрышты етіп бөлініп

беріледі деген уəждері халықты жаңылыстырып жатырады. Осындай дауды

шешкен кезде, жер инпекциясының даулы жерге жасалынған қорытындысынан

жер көлемі еш уақытта түп-түзу көлемде берілмейтінін жəне оны жер көлемі

қисық кетті деп даулаудың өзі қисынсыз екенін шешімде келтіріп, талап арызды

қанағаттандырусыз қалдырдым.

Жер үлестіргенде бей-берекетсіздікке жол берілгеннің арқасында мұндай даулар

Төретам кенті жəне Қармақшы аудандарында кездесіп жатырғанын, бірақ барлық

мəселені Қармақшы аудандық жер басқармасының бастығы Б.Утегеновтың

айтуымен, сотқа жеткізбей, өздерінің мамандарымен жерді қайта өлшеу жəне ол

жерге жаңа акті беру арқылы шешіп жатырғандарын білдік. Мұның өзі жаңа

жерге қатысты заңдар мен заңдылықтардың жер инспекциялары арқылы дұрыс

қолданылып жатырғанын жəне оның нəтиже беріп отырғанын байқаймыз.

Ата-бабамыздан қалған үлкен мұра - жерімізді дұрыс əрі заңды пайдалана

білейік!

 

Ауылшаруашылығы жер пайдалану құқығын кепілге беруді құқықтық реттеу тәртібі және жолдары туралы сипаттама берініз.

Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепіл шартына негізделген не Қазақстан Республикасы заңдарының негізіндегі әдісі, осыған орай кредитордың (кепіл ұстаушының) борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құнынан осы жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы тиесілі тұлғаның (кепіл берушінің) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген алып қою жағдайлары қосылмайды;