I. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамдағы экономикалық тәжіребесі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Леуметтану кафедрасы

ТАРИХИ ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН :

Зерттеу кейсі

Тақырыбы :

«Қазақ қауымның экономикалық тәжірибесі:қалыптасуы мен өзгерістерге бейімделуі»

 

 

Орындаған:әл-11,Төлеу Т.

Абылдаған : ф.ғ.к., д.м.а. Әбетова Зейнеп

Астана қаласы, 2016 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

IҚазақ халқының дәстүрлі қоғамдағы экономикалық тәжіребесі

ІІ 2.1Модерн және постмодерн кезеңдеріндегі қазақ халқының экономикалық тәжіребесі

2.2Әлем және отандық бизнес практикасындағы қазақ салт- дәстүрлерілерінің көрінісі

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

КІРІСПЕ

Мақсаты: Ұлттық экономикалық институттарды, экономикалықпроцесстерді зерттей келе, олардың нақты портретін көрсеті,ерекшеліктерін анықтап, бүгінгі өмермен сабақтастыру.

Өзектілігі: XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ қоғамындағы экономикалық институттарды атап айтқанда: сауда жүйесі, меншік түрлері, жұмыс беруші мен жұмысшының қатыснасы, экономикалық институттармен байланысты нaным-сенімдерді анықтай келе, бүгінгі күнге дейін сақталып қалған салт-дәстүрлермен байланысын зерттеу және басқа да наным-сенімдер мен сен салт-дәстүрлердің өзгеру себебін анықтап, оған әсер етуші факторларды анықтау, қазақ қоғамына төл нәрселерді айқындап көрсету.

Міндеттері:

1. Қазақ қоғамындағы экономикалық институттардағы, сауда жүйесіндегі салт-дәстүрлерді зерделеу.

2. Қазақ қоғамындағы экономикалық институттары мен сауда жүйесінің басқа өркениетпен салыстыра келе, мәдени-әлеуметтік маңызын анықтау.

3. Қазақ қоғамындағы экономикалық институттар мен сауда жүйесінің тарихи даму стадияларын айқындау.

4. Қазақ ұлтының XV экономикалық институттар мен сауда жүйесінің бүгінгі өркениетке әсерін зерттеп, әлем сауда жүйесіне берер практикасы мен пайдасын тауып және оны орынды пайдаланудың жолын табу.

5. Сауда жүйесі мен экономикалық институттардың бүгінгі күндегі көрінісін табу.

 

Болжам: Әрбір тарихи кезеңдерді экономиқалық қатынастар әдет-ғұрыптардың формалары мен қоғамдық типтерімен байланысты болып қалыптасады, қазақ қоғамы соған сай, бірақ ұлттық экономикалық институттар ныным-сенімдерімен байланысты болып бүгінгі күнге дейін сақталу мүмкін

 

 

I. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамдағы экономикалық тәжіребесі

XV ғасырдағы меншік түрінің бір ғана типі болған. Ол – ортақ ұжымдық меншік, яғни белгілі бір аумақтың, белгілі бір қожайыны болмады. Десе де, жер аумағы үшін тарихта қаншама дау–дамай болғанын білеміз. Әрине, белгілі бір қожайыны болмаса да, номиналды түрде болатын. Қазақтар біз білетіндей жылына төрт рет қоныс тепкен. Жыл сайын дәл сол орынға көшіп бару мүмкін емес–ті. Бір ру өз номиналды жеріне көшіп келгенде, малға беретін жем, шөп, су болмаса қатты шығынға бататыны айтпаса да, түсінікті жайт.Қазақтарда сол кезеңдерде көп тараған ұғымдардың бірі жер-cу дауы.Жер-су дауы көшпелі қазақ қоғамына ежелден таныс дәстүрлі даулардың бірі. Мал жайылымы, ел қонысы, құдық, су жағасы үшін туындап жататын таластар дер кезінде өзара бітім мен шешімін таппаса асқынып кетіп, ел бірлігіне сызат түсіруі мүмкін болатын. Сондықтан мұндай дау-дамайларға атақты да белгілі билер шақырылып, оларды уақытысында ауыздықтап тастауға үлкен мән берілетін. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жер дауларының өз ерекшеліктері болды. Ол ерекшеліктер, ең алдымен қазақ даласына шығыстан жоңғарлардың, батыстан орыстардың көз алартып ішке ендей кіруімен байланысты еді. Әсіресе, жоңғар жаулап алушыларының XVІІ ғасырдың 80 жж. бастап жүргізген жойқын шабуылдары нәтижесінде Қазақ хандығы аумағының біршама бөлігі жоңғар мемлекетінің бақылауында болды. Сондықтан да бұл кезеңдегі ең басты жер дауы қазақ-жоңғар арасындағы әскери қақтығыстан пайда болған қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығы үшін жүргізілген жер дауы еді. Бұл дау, негізінен, әскери күш қолдану арқылы, соғыс-майдан алаңдарында шешіліп отырды. Әрине, жоңғар-қазақ соғыстары кезінде екі жақ бірін-бірі ала алмай, алма кезек жеңіс-жеңіліс дәмдерін татып отырды. Дегенмен, ХVІІІ ғасырдың 50 жж. басында жоңғар мемлекеті тарих аренасынан кетіп, таразы басы қазақтардың бұл ғасырлық соғыстан жеңімпаз болып шыққандығын көрсетті. Біз бұл мақалада осы қиын да күрделі дауларды шешуде көрініс тапқан билер даналығын туралы сөз қозғамақпын. Қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтекедей атақты билері қазақ-жоңғар соғысының нағыз бел ортасында жүрді. Олар қазақ жерін ең алдымен қолына қару алып қорғаған, қазақ жасақтарын ұйымдастыру арқылы мемлекет аумағының тұтастығын қамтамасыз етуге ұмтылған жауынгер билері еді. Олар қазақ жері саудаға түскен осы бір жылдары оны майдангер би есебінде қорғады, жауынгер би есебінде қолына қару алып даулады. Сонымен бірге, олар тек қазақ рулары арасындағы жер-су дауларына қатысушы ғана емес, бүкіл алты Алаштың жер дауына бітім айтушы билер болды. Ал, алты Алаш дегеніміз не деген сұраққа Төле би былай деп жауап берген: «Алты Алаш – Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған» [1, 220 б.]. Төленің шын мәнінде алты Алаштың арасындағы жер-су дауларына араласып, оларды шешіп отырғандығын Н.Төреқұлұлының жинаған деректері де растайды. Ол деректерге сүйенсек Төле би бір жолы өзіне бітімге келген үш қазақ даулаушыларын бірден қабылдамай өзін күте тұруды сұрайды. Сондағы Төленің қазақ даулаушыларына айтқаны: «Мен бүгін қырғыз еліне жүргелі отырмын. Атым ерттеулі тұр. Бірге жүретін кісілеріміз де әзір. Онда екі ел арасындағы жер дауы қаралмақ. Күтем десеңдер ауыл міне, қайтып соғамын десеңдер өздерің біліңдер. -Біз ауылға қайтып екі айдан кейін соғайық, - дейді үш жігіт. Осы келісім бойынша олар еліне қайтады. Төле би кісілерімен қырғыз еліне жүріп кетеді. Екі ай өтеді. Төле би қырғыз, қазақ дауларын шешіп, тындырып еліне оралады» [2, 186 б.]. Қазақ пен қырғызды бір туған бауырлар деп есептеген қазақ билері, олардың дауларына да бірдей араласқаны күмәнсіз. Ал, егер Төленің Ташкент аумағында өмір сүргенін ескерсек, онда оның қазақ, өзбек дауларына да араласып оларға да бітім айтушы би болғанын жоққа шығаруға болмайды. Жер-суға таластан туған қазақ рулары мен тайпалары арасындағы нақты дауларды шешу барысында шешім шығарушы билер ең басты бағдар есебінде елдің бірлігі мен тыныштығын сақтау, ынтымағын бұзбау, сызат түскен ағайын жарастығы болса оны орнына келтіру сияқты қағидаларды алға ұстағанын байқаймыз. Осы бағыт-бағдар, қағида-құндылықтардың талаптары аумағында сот шешімдерін қабылдау үшін билер өздерінің бар қажыр-қайратын, ақыл-білімін, шешендігі мен шеберлігін пайдалана білді. Осы ретте Төленің ел аузында сақталған мына бір шешімін толық келтіре кеткеннің артықтығы жоқ сияқты. «Іргелес отырған Жанту және Жантас ауылының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серттесіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кеңесіне мойынсынбайды. Осыны естіген би араздасқан жігіттерді шақыртады. Төленің үйіне екі жақтан келген екі жігіт аттарын бір қазыққа байлап үйге кіреді. Тізе бүгіп биге қол беріседі. Би ләм-мим демей екі жігітпен сыртқа шықса екеуінің аттары бірін-бірі қасысып тұр екен. - Япырым-ай, мынау екеуінің татуын қарашы? - дейді Төле қасынып тұрған аттарды көріп, - кекілдері де келісті екен. Бидің осы сөзінен кейін екі жігіт қол алысып татуласады. - Жолдарың болсын! - депті оларға Төле би» [2, 178 б.]. Ел арасына «Мынау екеуінің татуын қарашы» немесе «Кекілдері де келісті екен» деген айдармен тараған бұл шешім адам аралық жарастық пен түсіністікті мадақтауға арналған, татулық пен келісімді дүние-мүлік үшін таластан жоғары ұстауды үндейді. «Сары табақтан сарқыт қайтады», ал кейде «Ақты ақ деп бағалар» деген айшықты сөздер арқылы халық жадында сақталған жер дауына байланысты тағы бір шешім енді жеке адамдар арасындағы емес тайпа аралық келісімді, рулар арасындағы бірлікті бетке ұстайды. Мәселен Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын руларының талас-тартысына байланысты туындаған жер дауында Төле би жас болса да «жар астында жау тұрғанда өзара жерге бола таласу құптарлық іс емес» деген ойға баса көңіл аударады. Ел ағаларының жас Төленің сөзіне бірден тоқтап, бітім айтуды соған бергендігін оның осы сөзінің сол кездегі шырылдап тұрған шындық екендігінен болса керек. Жауға қарсы барлық күшті жұмылдыру керек, ел бірлігін сақтау керек деген мақсатқа берік би жерді де бірігіп пайдалану ұсынысын ортаға салады. Дауласушы екі жақ билері де осы бір қарапайым да бірақ әділ төрелікке тоқтауға мәжбүр болады. Жер-су дауына байланысты ең әйгілі де халық арасына кең тараған атышулы даулардың бірі Қасқакөл дауы. Бұл даудың хатқа түскен бірнеше нұсқасы бар. Барынша толық әрі кең нұсқасын С.Өзбекұлы жарияласа, ықшам да шағын түрін І.Есхожин жарыққа шығарды. Біз осы екі нұсқаны да басшылыққа ала отырып аталмыш дауды талдау талқысына салғанды жөн көрдік. Әңгіме-дерекке сай, қазақ жұрты малдарын жайлаудан күзеуге қарай түсірген сәтте Қасқакөл маңында жерге таласып, ұрыс-жанжал көп болған екен. Бір-бірімен өршілескен рулар малдарын барымтаға салып, кісі өліміне жиі-жиі әкеліп соқтырады. Осы дауды шешу үшін ұлы жүзден Төле би, кіші жүзден Әйтеке би бас қосып дауды бір жолата бітіруге бел буады. Негізінде Қасқакөлді бұрынғы заманнан бері Орта жүз пайдаланып келген екен [3, 28 б.]. Төле мен Әйтеке өзара ақылдасып, көлді үш жүз рулары бірігіп пайдаланғаны дұрыс деген шешімге келеді. Осы шешімді Төле би Орта жүз биі Ормамбетке хат арқылы жеткізеді. Ормамбет хатқа хатпен жауап беріп, көлді бөлуге келіспейтіндігін білдіреді. Хат арқылы дау бітпейтін болған соң, Төле мен Әйтеке арнайы үй тіктіріп Ормамбетті шақыртады. Мәселені жүзбе-жүз кездесіп, келіссөз арқылы шешуге ұмтылады. Енді жоғарыда айтылған әңгіме-деректің екі нұсқасына оларды өзара салыстыра отырып орын бергенді жөн көріп отырмыз. Себебі, даудың соңғы шешімі ғана емес оның басталу, жалғасу, өрбу сатылары да өте қызықты әрі өнегелі. І.Есхожиннің нұсқасына сәйкес «Қасқакөл жағасына жиырма үй тігіледі. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле: - Ей Ормамбет! Мен әлі тірімін,өлгем жоқ. Бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоқсың, ер кетер, жер кетер. Ей Ормамбет, сен бізден кіші боласың, сен ілгері барасың, біз кейін келеміз, сен жас едің, көңілдегіңді аларсың! - дейді. Әйтеке де Төленің сөзін қостап: - Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала бөтен үйің күйсін - деген, бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын дейді. Сонда Ормамбет: - Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әркімдер-ақ таласады, бұл Қасқакөл Орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істер жаман деген,- дейді. Төле-би айтады: - Ей, Ормамбет, сен бізге Қасқакөлді бер. Қасқакөл, рас, саған жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырынтілепкөріңіз. Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліпенші қылып алысайық, жер жетер көңіліңді ұстама тар. Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбетекі биге ырық бермеген соң Төлеқатты сөздер айтады» [4, 156 б.]. С. Өзбекұлының нұсқасы бойынша Төле Ормамбетке ашуланып оның орыс тәрбиесін алғандығын бетіне басыпқатты сөздер айтады. Ормамбет те Төленің бұл сөзіне шыдай алмай жауап қайырады. Екі би ашу үстінде бір-бірінің жеке бастарына тиісіп, бір-бірінің өзара кемшіліктерін термелеп, бір-бірінің беттеріне басады. Кел елі кеңестің орнына отбасы, ошақ қасылық ұсақ кeкілжіңге орын берілгені сезіледі. Мұндай жағдайда жер дауының бітпесі өзінен-өзі түсінікті де. «Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады, - деп жалғастырады І.Есхожин нұсқасындағы дерек-әңгіме – Үйіне келген соң, даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда Ормамбет бидің анасы: - Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлі де болса, тілімді алсаң, Қасқа көлді бөліп бер, - дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үйтігіп, тоғызбиесойып Төле мен Әйтекені шақырады. Сонда Төле би: - Билер жақсы болса білім иесі батыр-дағы, жаман болса, сал бөкселі қатын-дағы. Әйел жақсы болса елдің басшысы емес пе? Бұрынғылар осылай демес пе! (С.Өзбекұлының нұсқасында: «Әйел жақсы болса, ел иесі – батыр туады, Әйел жаман болса, ер бөкселі болса да қатынтуады.Жақсыдан жақсы туса, атасының жолын қуады, Жақсыдан жаман туса, атасының абыройы мен бетін жуады. Бұрынғы жақсылардың сөзі осылай емес пе?») Қасқакөлді алам деп келіп едім? Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгі де тірілмейтін өлі кедім. Жеңгей, менітірілттіңіз, енді балаңызға бата берейін – дейді [4, 157 б.]. Жер-су дауларын шешудегі билердің басты еңбегі – ел бірлігін және тұтастығын сақтауға ұмтылуы, жер үшін таластың ушығып кетуіне жол бермеуі, өз беделі мен шешендігін халық ынтымағын ыдыратпауға жан аямай жұмсауы. Сонымен бірге данышпан билержер-су дауларын шешу барысында елге өнеге боларлықтай көптеген өсиет сөздерді артына қалдырып кетті.

Мұның басты себебі ол кездегі басты экономикалық көрсеткіш мал санының сапасы мен санына байланысты болды. Екі ру араздасқан кезде, әрдайым билер сотына арыздасатын. Себебі ол кездегі басты билік ханнан кейнгі билік билердің қолында болған. Бұл жерде билер соты конфиктідегі үшінші жақтың қызметін атқаруда, және екі жақта билер сотының қандай да болсын шешімін орындауға міндетті еді. Тарихтағы Ұлы жүздегі қоңырат пен дулат руларының арасындағы жер үшін тіре- текесінде, билер соты екі руды да бейтарап жерге көшіріп жіберген. Осыдан- ақ билер сотының мықтылығын көріге болады. Десе де, әр ру, әр тайпа, әр жүз әрқашан да өз терретиориясын ешбір қағассыз, ешбір заңсыз, ешбір шекарасыз білген.

Әр тереторияны емденуші өзінің қол астында қызметшілер ұстаған. Сырт көзден қарағанда, олар құл болып көрінгенмен, ол олай емес-ті. Оларды құлдан гөрі қызметшілер, не жұмысшылар деп, ал байларды, жер иемденушілерді жұмыс берушілер деп атаған дұрыс.. Мен жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым- қатынастарға мынадай фактілер келтіруге болады:

1. Жұмыс беруші жұмысшыға өзінің есебінен оған тамақ, өсімдіктердің тұқымын, малдың бір бөлігін, оны бағатын және егін өсіретін жер аумағын және жұмыс маусымында оны қарумен қамтамасыз етеді.Жұмыс аяқталғаннан кейін, тауып берген пайдасынан ¼-ің немесе жарты бөлігі жұмысшының үлесінде қалады. Егер пайда әкелмеген жағдайда, жұмысшыға да әштеме берілмейді.

2. Қожайын өзінің жұмысшысын, малайын балам,көзім, не өз адамым деп атайды. Оны қазақ қоғамындағы қожайынның үлкен сенім артуын көріге болады.

3. Келтірген шығыны үшін қызметші ақша төлемейді. Тек келісім- шарт жасасқан кезде айтылмаса. Мысалы: құнды затты сындырып алса, жоғалып кеткен қой болса және т.б.

4. Қожайын өзінің қызметшісін үш рет ұруға құқылы. Бірақ қожайын төртінші рет соққы жасайтын болса, қызметшінің шағымдануына толық құқығы бар. Қызметшінің не қарсыласуына, не ашу үстімен жауап қайтаруға құқығы жоқ. Көп жағдайда қызметші қожайынның қолын ұстап, тізерлесеп өтініш айтатын болса, қожайын көбінде ол өтініштерді орындайтын. Егер екеуіде бір-біріне қоқан-лоққы көрсетенін болса, ол ешбір назарсыз болып қалады.

Бұл мәліметтерді оқи келе қазақ қоғамындағы экономикалық институттар мен сауда жүйесіне деген көз- қарас түбегейлі өзгереді. Бұл ережер мен нормалар Фарнциядағыдай, Америкадағыдай белгілі бір кодекск, конституция болып жазылмаса да, оларды барлығы білетін, бүгінгі жұмыс кодексына қарағанда, ол кездегі ережер әлдеқайда жемісті болып көрінеді. Ол заңдарды, қазіргі кезде «жазылмаған, эффективті заңдар» деп атауға болады.

Бұл ережелермен қатар мына наным-сенімдер мен рәсімдерді атап көрсетуге болады.

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды.

Бірақ Маковецкийдің айтуына сенсек, басқа да түрі болған. Сүйінші табылған мүліктің 1/5 бөлігін тапқан адамға береді. Мысалы, табылған тірі мүлікті қайтарады. Егер ол қой болса, буаз болған жағдайда және лақ туған жағдайда тапқанның үлесінде қалады. Тапқан қойды жасырмақ ниетті болып, койдағы таңбаны өшіретін болса, онда ол қойды үлесімен қайтарады.

Егер буаз сиырды тапта және ол бұзауласа, сиыр да, бұзау да малдың иесінде қалады. Иесі табылмаған жағдайда барлық мүлік тапқанның үлесінде. Егер бір табын сиыр жоғалып, табушы тек бір бөлігін тауып әкелсе, онда ол ұрлықшы ретінде қабылданады және малдың қалған бөлігін қайтураға міндетті болады. Бұл нормаларды саралай келе, әрбір төрт түлік өкіліне сүйінші де өзгеше болғанын көрсетеді.

Сүйінші уақыттың өтуімен өсіп отырады.

Кейбір заттардың сүйінші құны

Зат құны 1 руб. 10 руб. 20 руб. 1 жылқы 1 түйе
Сүйінші мөлшері 20 тиын 2 руб. 5руб. 1 бұзау 1.5, 2 бұзау

Сүйінші де басқа да рәсімдер болған. Мысалы, қойшылар шапан немесе баскиім табылған жағдайда,қатысушылар арасындағы жасы үлкеніне беріледі.

Кез келген зат табылған жағдайда, және қатысушылар жасты болса, ақсүйекке беріледі, егер ақсүйек болмаған жағдайда, өзге ру өкіліне басқаша айтқанда, қонаққа беріледі, қонақ болмаса, молдаға беріледі; молда болмаған жағдайда, үйлегенге беріледі; барлығы үйлі-баранды адамдар болса, жасы үлкенге; ал бәрі бойдақ болған жағдайда, жасы үлкеніне беріледі; Бұл рәсім- байлаған деп аталады. Бұл салтты қарастыра келе, қазақ қоғамындағы, үлкенге деген, қонаққа деген, туысқа деген, молдаға деген құрметті көріге болады.

Егер мерген құланды атып өлтірсе, қасында біреу табылған жағдайда, оған не оларға құланның арқасын жоғары айтылған ереже бойынша беріге міндетті.

Егер жат құрсақта түлкіні тауып алған жағдайда, оны алып кетуге толық құқығы бар. Бірақ құрсақпен алып кеткен жағдайда, ол қылмыс болып саналады. Тіпті соттасқан жағдайда, тұзақты қайтарып, ішіндегісін өзеңе қалдырады.

Тағы бір айқын мысал ретінде барымтаны қарастыруға болады.

Барымта — қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. Барымта бастапқы кездепрогрессивті рөл атқарған; “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қастықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен алмастыру, егер де кінәлі жақ әр түрлі себептермен белгіленген құн мөлшерін өтей алмаса, немесе бұлтарса ақсақалдар алқасының, биле сотының кесімімен барымта жасауға, яки, оның өрістегі малын айдап алып кетуге рұқсат етілген. Сондықтан барымтаны ұрлықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға болмайды. Кезінде барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған. Оған біреудің ақ баталы жесірін не некелі әйелін азғырып әкету, кісі өлтірген жақтың кесімді құнды төлей алмауы, біреудің қорық жеріне мал жайып, қыс қыстауына, жазжайлауына рұқсатсыз қону, ортаға түскен олжадан тиісті үлес-сыбаға бермеу, тойға шақырмай, елеусіз қалдыру, т.с.с. дала заңына, салт-санасына қайшы келетін жағдаяттар себеп болған. Сондықтан, барымталаушының ісі заңды әрекет саналған .

Егер барымта шектеулі мөлшерден артық жасалса, онда жапа шеккен жақ қарымта қайтарған. “Барымтаға — қарымта” деген мәтел соған байланысты шыққан. Екі жақтың дауы біткен кезде барымталанған мал, мүлік түгелдей есепке алынған. Ал санаққа ілінбей, білінбей қалғандары сырымта ретінде сіңіп кеткен. “Білсе — барымта, білмесе — сырымта” деген сөз де содан қалған.Тәукеханның тұсында құн төлеу институтының тәртіптелуіне байланысты, Барымта дала қоғамындағызаңдылық пен реттілікті сақтаудың бірден-бірқұралынаайналды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Қазақ елі Ресейдің қоластына қарап, отарлық өктемдіктің күшеюіне, дала халқын билеп-төстеудің жаңа әкімш.-құқықтық тетіктері енгізілуіне орай, көптеген әдет-ғұрып қағидалары өзінің бастапқы мән-мағынасын жоғалтты. Әсіресе, құн өтеу амалы — Барымта мал ұрлау мен талан-тараж, шапқыншылықретіндеайыпталды. Мысалы, 1822 жылы 22 маусымдағы “Сібірқазақтары туралы жарғының” 202-бабында: “қазақтарға қатысты тек: 1) мемлекеттік мүддені сату; 2) кісіөлтіру; 3) тонау мен барымта; 4) өкімет билігіне әдейі бағынбау қылмыстық іс саналсын” деп атап көрсеткен. Содан бастап қазақ жерінің әр тарабында билер соты Барымтаны ұрлыққа жатқызып, барымташыларды қатаң жазалау туралы үкімдер шығара бастады.

Барымта уақыты - жаз мезгілі. Барымташылықпен ауылдың қарулы жігіттері айналысқан. Барымташы: «жаудан бос қайтқанша жаралы қайт» деп тарамыс жеп, жорыққа дайындалып аттанған. Тарамыс қазақтардың дәстүрлі наным-сенімі бойынша барымташыға күш береді, жолда қауіп-қатерден сақтайды-мыс. Барымташылар құрамы әлеуметтік жағдайы темен орташа кедейлер еді. Кәнігі барымташылардың ұлдары да өсе келе барымташылыққа үйренді, бір жағынан ерлік көрсетіп, ептілік танытудың бір сәті тәрізді көрінген.

Көшпелілердің еркін өмірі, өзара талас-тартыстары, кек алу, кешірім беру, бұл істерге билердің араласуы сияқты мәселелер осы барымташылық кезінде көрініп отырды. Жылқы барымталау мен жылқы ұрлау екеуі екі бөлек жағдай. Н.Гродековтың түсіндіруі бойынша, біріншіден, Барымта алдын ала ескертіліп ашық түрде жасалады; екіншіден, түнде емес, күндіз жасалады; үшіншіден, барымта жасауға негіз керек, мысалы, оның жесірін, қалыңдығын алып қашқан, айыбын төлемеген, ұрлық жасағанда т.б. Сондай-ақ барымта біреу айыпкер болып, би кесіп берген айыпты төлеуден бас тартқан жағдайда да жасалады. барымта тек жылқының иесіне, кей жағдайда оның рулас туысына, сол әулеттің ақсалына, яғни қарсыласына жасалған шабуыл болып саналады .

Н.Гродеков: «Қазақ хандығы тұсында барымта соғыспен тең болды. Қазір де одан кем емес, жау шаптыға теңейді. Барымта қатыгездікке де ұласқан. Барымталаған ауылдың адамдарының аяғына арқан салған, ағашқа байлаған», -дейді. Белгілі «Айман-Шолпан» оқиғасында Көтібар батыр Маман байдың ауылын барымталағанда, қыздары Айман мен Шолпанды алып кеткен. Барымталасқан екі ауыл мәселесіне билер араласып, бір-біріне барымталасқан малдарын қайтартатын болған. Барымталап әкелген малдан Барымташыларға аз ғана үлес тиген. Айталық 200 жылқыдан тек 20-30-ға жуығы ғана барымташыларға қалдырылып, қалғаны сұлтандар мен билерге тиесілі болған. Қазақы ортада барымташылық туралы: «Ол ұрлаган жоқ барымталап алды» деген қағида қалыптасып, барымташылықпен айналысуға өздерінің «заңды» құқықтары бардай сезінген. Барымта қазақы ортада руаралық қатынастар жүйесін реттейтін функция да атқарды. Оның зорлық-зомбылықтың құралына және оспадар түріне айналуы орыс отаршылығының күшейген кезеңінде болды. Себебі жері тарылған, ежелгі басқару жүйесі мүлдем өзгерген қазақ рулары орыс шенеуніктерінің айдап салуымен барымташылдықты бір-бірінен жер тартып алу, мал айдап алып кету, сан алуан зорлық-зомбылық көрсету сияқты жағымсыз мақсаттарға қолданды .

Қорыта келгенде, ежелгі қазақ қоғамында экономика негізі туыстық қатынасқа құрылған, мығым, берік экономика болған. Бұлардың бәрі, уақыт өте келе жоғала бастап, формасын өзгерте бастады. Оған көптеген тарихи факторлар әсер еткен. Әрине, олардың ең үлкені: қазақ халқының дамуын 1,5 ғасырға тежеген жоңғар шапқыншылығы. Барлығы содан басталды деуге болады. Себебі XVII, XVIII ғасырларда қазақ жерлерінің біраз бөлігі жоңғар қолына өтті, қазақ рулары малдарын қайда жаятынын білмеді.Көмек ретінде Ресейге сұранды. Қазақ халқы Ресей Империясына енді. Десе де, бұл жағдайды өзгертпеді. Одан сайын ушықтырды. Өз қатесін түсінген Әбілқайыр хан өмірінің соңына дейін Ресей Империясының шекерасын шабуыл жасаумен болды . Бірақ бәрі де, кеш еді. Қазақ жері түгелдей Ресей Империясының қол астына өтті. Бұл жағдайды одан сайын қиындатты. Ресей империясы қазақ жерін тартып алып, бекіністер тұрғыза бастады. Бұл жағдай кейін болған барлық көтерілістердің бастамасы болды. Сырым Датұлы, Пугачев, Бөкей ордасындағы Махамбет пен Исатай көтерілістері және т.б. Бұл қанаушылық Кеңес Үкіметінің құрылуына дейін жалғасты. Сол уақыттан бастап бұл қанаушылық жаңа формаға ие болды. Енді жайлаудан айрылған халықты, малдан, яғни тамақтан, күн көрістен айырды.