Кесте. Әлемдегі қой саны мен жүн өндіру

Елдер 2008 жыл 2009жыл Тенденция, %
қой саны, мың бас жүн өндіру, мың тонна қой саны, мың бас жүн өндіру, мың тонна қой саны мың бас жүн өндіру мың тонна
Қытай 157,0 162,0 +1,3 + 3,2
Австрия 500,0 512,0 -2,2 + 2,4
Жаңа Зеландия 195,0 213,0 -2,4 + 9,2
Ұлыбритания 46,0 47,0 -1,5 + 2,2
Испания 16,0 14,0 -2,9 - 12,5
АҚШ 14,0 18,0 -3,0 + 28,6
Уругвай 59,0 45,0 -5,0 - 24,0
Аргентина 43,0 48,0 +10,0 + 11,6
Бразилия 37,0 39,0 +5 +5,4
ОАР 40,0 40,0 -1,0 0,0
ТМД елдері 120,0 140,0 -2,3 + 16,7
Қазақстан 33,3 34,3 +3,7 + 2,9
Әлемде 1190,0 1 239,0 -1,8 + 4,12

 

Қазіргі кезде қойдың саны 16,9 млн. басқа жуық, көпшілігі республикамыздың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс облыстарында (51,0%), яғни Алматы обл-да – 18,3%, Жамбыл обл-да – 12,6%, Оңтүстік-Қазақстан обл-да – 20,1%. Жүн өндіруден жоғарыда аталған облыстар 22,4, 16,4 және 17,6 % - дан жалпы 56,4 %-ды құрайды. Статистикалық агенттік деректер бойынша, жалпы биязы жүнді өндіру көрсеткіші 35%. Бұл өнімдер отандық биязы жүнді тұқымдар (қазақи биязы жүнді - ҚБ, оңтүстік қазақ мериносы - ОҚМ, солтүстік қазақ мериносы – СҚМ, казақ архар мериносы – ҚАМ).

 
 
Тонна, мың

1 – Ақмола 6 – Жамбыл 11 – Маңғыстау
2 – Ақтөбе 7 – Батыс Қазақстан 12 – Павлодар
3 – Алматы 8 – Қарағанды 13 – Солтүстік Қазақстан
4 – Атырау 9 – Қостанай 14 – Оңтүстік Қазақстан
5 – Шығыс Қазақстан 10 - Қызылорда  

 

5 – сурет. 2008 жылдағы Қазақстан Республикасы облыстары бойынша жүн өндіру

 

Қой жүнінің сапасы мен қасиеті көбінесе оның терісіне байланысты, сондықтан терінің құрылымы мен жүн талшықтарының арасында байланыстылық болады.

Жүн талшықтарының мал терісінде пайда болуы және өсіп-жетілуі жас ағзадағы жүн талшықтарының фолликулалары енесінің құрсағында жатқан шағында пайда болады. Фолликулалар бірінші және екінші болып бөлінеді. Жүннің сапасы көбінесе осы фолликулалар құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қылшық жүнді қой фолликулаларының құрылымында биязы жүнділерге қарағанда үлкен айырмашылық бар. Оларда алғашқы фолликулалар қыл тәрізді жүн талшықтарын, ал екінші, фолликулалар түбіт талшықтарын құруға бейімделген. Биязы жүнді қойдың бірінші және екінші фолликулаларының құрылымында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қой жүнінің қалың, тығыз болып келуі, осы жүн талшықтары пайда болатын фолликулалардың санына байланысты. Фолликулалардың саны түрлі тұқымда, тіпті бір тұқымының ішінде қойдың дербес ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болып келеді, тіпті тұқым қуалаушылық қасиеті ұрпақтан- ұрпаққа өзгерместен ауысып отырады. Мұның өзі қой жүнінің тығыздығын жақсарта түсуіне фолликулалары көп қошқарларды алдын-ала таңдап, сұрыптап алып, шаруашылықтардың практикасында кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Енесінің құрсағындағы төлдің болашақ жүн талшығы шығатын орнында, негізгі терінің мальпигиев қабатымен ұштасқан жерінде қоздырғыш (түршіктіргіш) нүкте пайда болады да, оған қанның ағуы көбейіп жылдамдайды, ал мұның өзі мальпигиев қабатына жақын жатқан жасушалардың неғұрлым жақсы қоректенуіне жағдай туғызады. Сондықтан бұл жасушалар тез көбейеді де кішкентай ғана бүршіктер пайда болады. Осы бүршік күн сайын баяу өсіп, астындағы тері үрпілерімен бірге тереңдей түсіп, тері астындағы клетчаткаға дейін жетеді. Осылай, терінің бүкіл қалыңдығы бойына, ортасы мальпигиев қабатының жасушаларымен толықтырылған ұзын түтік пайда болады.

Тері үрпілерінің үстінде орналасқан мальпигиев қабатының жасушалары қоректік заттарды көп қабылдау нәтижесінде тез өсіп, көбейе береді. Кейіннен пайда болған жасушалар бұрынғы жасушаларды ығыстырады, яғни жүн талшығы бірте-бірте жоғарылап өсіп, терінің эпидермикалық қабатын тесіп өтіп, оның сыртына шығады. Сыртқа шыққанда да оның өсуі, тері үрпілерінің үстіндегі жасушаларының қарқындап көбеюіне байланысты тоқтамайды. Алғашқы қырқуға дейін қозылардың жүн талшықтарының ұшы үшкір, ал қырқылғаннан кейін доғалдау болып келеді.

Алғашқы фолликулалар эмбрионның денесінде (ең алдымен басында) саулықтар буаздығының 50-70-ші күн аралығында пайда болады. Осы бірінші фолликулалардан құралған алғашқы жүн талшықтары дененің сыртына эмбрион шамамен 100 күнге толғанда шыға бастайды да, кейінгісі 14-17 күн мөлшерде аяқталады.

Эмбрионның 70-80 күннен 110 күнге дейінгі аралығында эпидермисте екінші фолликулалар құрылып, олардан пайда болған жүн талшықтары дене сыртына шамамен 115-күннен бастап шыға бастайды. Бұл процесс қозы туғаннан кейін де тоқталмайды, яғни эмбриональдық кезеңде пайдаланылмаған фолликулалардан жаңа жүн талшықтары шыға береді. Мысалы, М.Л. Лущихиннің қырғыздың биязы жүнді қозыларымен жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, жүн талшықтарының көбейіп өсуі қозының 7-8 айлығына дейін тоқталмайды.