Кесте. Қаракөл сортына және жүн талшығының ұзындығына қарай толқындау бұйраның орташа мөлшері

Толқын-ның формасы мен типі Қаракөл сорты Талшық-тың орташа ұзындығы, мм Бұйраның орташа мөлшері
Биік-тігі Ені Ұзындығы Жік
Биік   Жартылай шеңберлі   Қабырғалы     Кирпук I жакет I жакет Қалың жакет Мәскеулік жакет I жұқа қабырғалы II қалың қабырғалы 8,6 9,0 9,5 12,2   9,4   8,2   10,5 4,3 4,8 5,2 6,5   5,0   5,1   6,6 3,3 3,9 5,2 7,2   5,1   4,1   8,3 62,9 59,6 52,0 36,3   43,7   47,5   35,4 4,1 3,8 3,0 2,1   3,5   4,0   3,3
               

 

Қаракөл елтірісін бұйрасының мөлшері бойынша осындай жіктеу елтіріні сату, әсіресе экспортқа шығару үшін сұрыптағанда өте қажет. Сатып алушы бұйрасының мөлшері бірдей елтіріні ықыластана сатып алады, өйткені одан әдемі киім тігілетінін біледі.

Өндіріс жағдайында бұйраны А.С. Канцепольктің құрылымы бойынша жасалған бұйра өлшегішпен өлшеген ыңғайлы. Алайда, бұйраны неғұрлым дәл өлшеу үшін штангельциркульді, миллиметрлік сызғышты, курвиметрді пайдаланған жөн.

Бұйра иректігі.Талшық иректігі бұйра сапасының маңызды көрсеткіші болып саналады. Толқындау-бұйраның бір бөлігін жабатын талшық ирегінің дәрежесі бұйраға ерекше әдемілік, тығыздық және құндылық береді.

Талшықтағы иректіктің көбірек байқалатыны жамбасы мен қыр арқасында. Қыр арқасынан шоқтығы мен мойнына және бүйіріне қарай жүн талшығы едәуір ұзарып, сирейді, ирегі азаяды, бұйрасы сиреп, ұйпаланады.

Орташа мөлшердегі толқындау бұйрада талшықтың ирегі толық, ал басқа мөлшердегі бұйрада – азырақ болады.

Талшық ирегі толық болған жағдайда бұйра тығыз, серпімді болады. Мұндай бұйрасы бар елтіріні өңдегенде әдемі өрнегі толық сақталады. Талшықтың ирегі жеткіліксіз болған жағдайда бұйраның серпімділігі нашарлайды.

Талшықтың ирегі шамалы болғанда, әсіресе құрғақтай тұздалған елтірілерде, бұйраның көрінуі онша айқын болмай, олар ұйпалақталған сияқты болады.

Толқындау және бұршақгүл бұйраларда жүн талшығының иректік дәрежесі оның ашық жағын инемен немесе түйреуішпен көтеріп анық байқауға болады.

Жік ені.Жік ені деп іргелес бұйралардың ара қашықтығын айтады. Оның шамасы жүн талшығының ұзындығына, оның қалыңдығы мен қоюлығына байланысты. Қысқа талшықта жік арасы айқын болып, өрнегінің айқындығын қамтамасыз етеді. Талшық неғұрлым ұзын болса, бұйра ірірек, жік жиірек келіп, өрнегі нашар көрінеді. Ал толқындау бұйрада жақсы көрінетін жік ерекше бедерлік беріп тұрады.

Жік енін бұйра енімен бірге салыстыра қарастыру қабылданған. Ұзын әрі қою талшықта және тығыз бұйрада жік ені бұйра енінің ¼ немесе 1/5 шамасына тең болады. Мұндай жағдайда бұйра онша айқын көрінбейді де, өрнегі біршама жоғалады.

Талшықтың ұзындығы мен қоюлығы қалыпты, бұйрасы тығыз болғанда жік ені бұйра енінен 1/4-ден, 1/3–ге дейін кем болады. Жіктің мұндай енділігі елтірідегі бұйра өрнегінің әдемі орналасуын қамтамасыз етеді.

Егер жүн талшығы сирек, бұйрасы болбыр болса, онда жік аралығы мүлде байқалмайды да, бұйра онша әдемі көрінбейді.

Жікті: тар 1-2 мм, орташа 2-3 мм, кең 4-5 мм деп бөледі және оның енін миллиметрлік шыны сызғышпен немесе миллиметрлік бөлігі бар лупамен өлшейді.

Бұйра тығыздығы.Бұйраның тығыздығы немесе серпінділігі дегеніміз, олардың әдеттегі қалпына сай тығыз құрылысы. Оны механикалық жолмен бұзған кезде ол өзінің бастапқы қалпына келіп, сол күйін сақтай алады. Сонымен қатар бұйраның тығыздығы елтірінің маңызды қасиеті болып табылады. Ол: төлдің құрсақта даму жағдайына, бір құрсақтан туған қозы санына, қозының туған кездегі салмағына, олардың тауарлық типіне және саулықтың жасына байланысты болады.

Сонымен қоса бұйра тығыздығы оның құрылымдық ерекшеліктеріне және талшық сапасына да байланысты келеді. Толқындау және бұршақгүл бұйралар едәуір тығыз келеді. Бұйрасы нашар болса тығыздығы да шамалы болбыр келеді. Талшықтың жіңішкелігі мен ұзындығы да тығыздығына әсер етеді. Талшық неғұрлым ұзын болса, бұйра соғұрлым болбыр және керісінше болады. Егер талшық жіңішкелігі (биязылығы) біркелкі боса бұйрасы соғұрлым тығыз келеді. Тығыз бұйралар механикалық әрекетіне қарай онша бұзыла қоймады.

Бұйраларды құрғақтай тұздап консервіленгендерінде, бөгде заттар кездесетіндіктен оның серпімділігін анықтау өте қиынға түседі. Сондықтан, жүн талшығының қоюлығын, жік енін, тері тканінің тығыздығын ескеру қажет. Тығыз бұйра өте қою талшықта, тар жікте және тығыз тері тканінде болады.

Негізгі аумақтағы бұйрада өрнектің орналасуы.Елтірідегі бұйра ешқашанда тік сызықта орналаспай, өзіндік өрнек түзеді. Өрнектің қалыптасуында толқындау және басқа бұйра типтерінің бірге орналасуының маңызы өте зор. Бұйра толқыны неғұрлым ұзын болса, елтірі өрнегі соғұрлым әдемі болады. Өрнек әдемілігіне және сонымен қоса бұйра иректігінің айқындығына, олардың ені мен биіктігіне, жік ені және талшық сапасына ықпал етеді.

В.М. Юдин бұйраның орналасуының үш типін сипаттаған.

1. Параллель түзу бұйра қатары елтірінің орта сызығына орналасады. Ұзынша бұйралар тура немесе сәл иілген қатарларымен елтірінің көлденең аумағында параллель қатарда орналасады.

2. Параллель шоғырланған бұйралар, әсіресе жамбасында және белінде шоғырланған жартылай шеңберлі, жарты ай қалпын түзеді.

3. Өзара бұрыс-бұйралар бір-біріне әр түрлі бұрыштықта орналасады. Өрнектің алғашқы екі типінің қалыптасуына толқындау бұйра мен енсіз бұйра, ал үшіншісіне – қысқа толқын, бұршақгүл, орташа және басқа да бұйралар қатысады.

Өрнектің тағы бір типі ол шырша тәрізді. Мұндай жағдайда елтірінің бауырынан арқасына қарай шығатын сызықта шамалы көрінетін ось өтеді, ал одан бүйіріне қарай шырша түрінде бұйра пайда болады. Паралелль түзу орналасу көбінесе қабырғалы жалпақ тауарлы типке (50, 3 – 63), паралелль шоғырланған жакеттікке (52, 3 – 60, 76,9) және өзара бұрыс орналасу кавказдық тауарлы типке (40 – 54,1) тән келеді.

Елтіріде өрнектің орналасу байланысын анықтау мақсатында қара қаракөл қозысы елтірісінің топографиялық учаскелеріне тиісті өлшеулер жүргізілді (әрбір категориясынан 10 дана) (34 – кесте).