Кесте. Әр түрлі аталық ізге жататын бір жасар тұсақтардың негізгі белгілерінің генотиптік өзгергіштігі

Аталық із қошқар   Анасы-қызы жұптарының саны (n)   Тірі салмағы, h2 Өнімі, h2
    0,17 0,22  
    0,30 0,12  
    0,13 0,13  
    0,31 0,34  
    0,55 0,54  

 

Осымен қатар тірі салмақ және жүннің қырқылуы бойынша 91184 линиясының және жүннің қырқылуы бойынша 7424 линиясының көрсеткіштері өте төмен. Генотипті әр түрліліктің ұрпақтағы белгілері бойынша шынайы үлесінің болмауы, тек қана генотип бойынша топтастыру қажеттілігін білдіреді.

Қайталану. Селекциялық жұмыста белгілердің қайталануы өте маңызды, ол өзінің болмысы жағынан тұқым қуалаушылыққа жақын. «Қайталану коэффициенті» түсінігін алғаш рет Лаш енгізген. Бұл түсінік осы белгінің жануардың бір түрінде көптеген жылдар бойы немесе белгілі бір кезеңде (жыл, маусым, тәулік және т.с.с.) қайталануын білдіреді. Н.А. Плохинский бойынша қайталану - бір ұрпақ шеңберінде жануардың түрлі жасында немесе қоршаған ортаның немесе бір топта фенотипті әр түрлілік (рангтердің тұрақтылығы) құрылымының тұрақтылығында генетикалық ақпараттарды жүзеге асыру түрі.

Жануарды қандайда бір белгісі бойынша селекциялауда, оны көп рет өлшейді, сосын соның негізінде одан әрі асыл тұқымдылық жұмыста бағдар ретінде ұстануға біріктірілген көрсеткішті анықтайды. Осылайша айлық сауын бойынша сиырдың сүт маусымындаға сауымын анықтайды, сүттің майлылығының ай сайынғы көрсеткіші бойынша, сүт мауысымындағы сүттің орташа майлылығын анықтайды және т.с.с.

Нақты бағалау үшін кей кезде жануардың өнім беру кезіндегі қысқа мерзім аралығында алынған белгілер көрсеткішін қолданады. Айталық, мысалға, ересек қойлардың тірі салмағын, оларды аналықтарынан 4-4,5 айлығында айыру кезіндегі тірі салмақ көлемі бойынша анықтайды.

Қайталанудың үш түрі бар, олар: жасына байланысты, паратипті, топографиялық.

Жасына байланысты қайталану — жануарлардың түрлі белгілерінің бір түрінің аралық жаста (дене салмағының өсуінің, сүт мауысымындағы сауын және т.б.) корреляциясы бойынша анықталады.

Паратипті қайталану жануарлардың бір түрінің қоректендіру және күту бойынша түрлі жағдайда рангтері арасындағы корреляция коэффициентімен бағаланады. Оның міндеті болып, тиімді селекция жүргізуге мүмкіндік беретін олардың болуы мүмкін тербелістерінің жағдайын және деңгейін анықтау. Оның әдістемелік күрделілігі болып, көбінесе паратипті жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлардың жасының да өзгеруі есептелінеді.

Топографиялық қайталану дененің жеке мүшелерінің өнімдері арасындағы корреляция коэффициентімен бағаланады. Мысалға, желіннің алдыңғы және артқы бөлігінен сауылған сүт арасындағы. Топографиялық қайталану сонымен қатар онтогенезді зерттеуде де қолданылады.

Қайталану коэффициенті 0-ден 1-ге дейінгі мөлшерде өзгереді. Оның көлемі неғұрлым бірге жақындаған сайын, белгінің тұрақтылығы да соншалықты жоғары, оның бағалануы да соншалықты дәл болады.

Қайталану коэффициентінің мынадай келесі ерекшеліктері және қасиеттері бар:

1. rw – hw жоғарғы шекарасы. Сондықтан да ол генетикалық әр түрліліктің жоғарлатылған бағасы. Ол һ –төмен бола алмайды.

2. rw – белгінің көлемінің уақыт аралығында көріну тұрақтылығының деңгейін өлшейді және жануарларды ерте топтастырудың көрсеткіші қызметін атқарады. Оның көлемі неғұрлым жоғары болса, белгінің бірінші өлшемімен бағаланған жануарлар, осы бағаны келесі өлшемдерде де сақтайды деген пікір дұрыс.

3. rw – түзету коэффициенттерінің сенімділігінің көрсеткіші ретінде қолданылуы мүмкін (жасына, қоректендіру жағдайына және т.б. түзету енгізу). Егер түзету коэффициенттерін енгізгеннен кейін r - мәні солай өзгеріссіз қала берсе, ол түзетудің дұрыс еместігін білдіреді. Мұндай жағдайларда оларды қолданбауға да болады.

4. rw – тәжірбиенің қателігінің өлшемі қызметінде атқара алады. Мысалға, егер сүттің құрамындағы майды анықтауда rw - жоғары мәні алынса, онда ол талдаманың дәлдігін білдіреді.

Қайталану коэффициенті тұқым қуалаушылық коэффициентімен байланысты, оның тұқым қуалаушылық коэффициентіне қарағанда, көлемі үнемі үлкен болады.

Біздің аспирант Н. Бурамбаева аналықтарда жүннің қырқылуының (47-кесте) және бір жылдық линиялық қозылардың тірі салмағының қайталану коэффициентін зерттеген.

47-Кесте. Аралас жүнді қазақи құйрықты қойлардың аналықтарында жүннің қырқылуының жасына байланысты қайталану коэффициенті(Н. Бурамбаева бойынша)

Кесте. Аралас жүнді қазақи құйрықты қойларының линиялық қозыларында тірі салмақтың жасына байланысты қайталануы

Белгілердің коррелятивті байланысы.

Асылдандыру дифференциалы (SD) көмегі арқылы асылдандырудың белсенділігі көрсетіледі.

Асылдандыру дифференциалы дегеніміз – іріктеп алынғандардың орташа көлемді белгілерінің айырмашылықтарын атайды (х іріктелген), ол популяцияда (х популяция) орташа көлемді белгіні және жануарларды (асылдандыру) ұдайы өндіру үшін керек. Оны мына формула арқылы көрсетуге болады:

Осы жағдайда берілген белгі сияқты, оны өлшеу бірлігінде де асылдандыру дифференциалы көрсетіледі. Асылдандыру дифференциалын орташа квадраттық ауытқуының (δ) қатынасы бойынша, шартты бірліктерді көруге болады, ол белгінің фенотипті өзгергіштігімен сипатталады. Осы жағдайда ол белсенді іріктеуді (i) келесі формуламен сипаттайды:

Мұндағы: і - асылдандырудың екпінділігі;

SD - асылдандыру дифференциалы;

δ - белгінің фенотипті өзгергіштігі.

Берілген жағдайда і көрсеткішін қолдана отырып, өлшеудің әртүрлі бірлікте өлшенген белгілерді және әртүрлі популяцияның асылдандыру дифференциалын салыстыруға болады.

Ата - анасының орташа асылдандыру дифференциалы 2 түрлі көлемге бөлінеді: орташа шешесінің және орташа әкесінің, сонымен табынның жалпы асылдандыру дифференциалын формула бойынша анықтайды:

Мұндағы: SDш - шешесінің асылдандыру дифференциалы;

SDә - әкесінің асылдандыру дифференциалы.

 

Осыдан басқа асылдандыру екпінділігі асылдандыру дифференциалына және зерттелген белгілеріне байланысты, ол дегеніміз зерттелетін іріктеудің (і) коэффициент көлемін (һ2) және асылдандыру дифференциалының көлемін (SD) немесе екпінділіктің көрсеткіші белгілі болса, іріктелген жануарлар ұрпағының асылдандыру екпінділігін келесі формуламен анықтауға болады:

Мұндағы: SD – i×δ, яғни SE-h2×i×δ

Бұл асылдандыру екпінділігінің әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа берілуін көрсетеді.

Бірақ экономикалық жағынан, асылдандыру екпінділігі ұрпақтан-ұрпаққа берілуі ғана емес, сонымен бірге жыл бойы жоспарлануы керек.

Сонымен қатар асылдандыру екпінділігі ұрпақтың арасындағы аралықтарына байланысты (жыл сайын), бұл ұрпақтың және ата - анасының туу арасындағы уақыттың орташа аралығына байланысы, яғни ұрпақтың өзгеруі. Асылдандыру екпінділігі жыл сайын (SEj) тұқымдардың (і) арасындағы аралыққа тұқымдарға (SE) асылдандыру екпінділігін бөлу жолымен анықталады:

 

 

немесе