Ойдың биологиясы және оның көбеюі

Басқа ауыл шаруашылық жануарлары сияқты жыныстық көбею қойларға да тән. Олардың негізінде аталық және аналық көбею мүшесінің дифференциациясы мен функция құрылысын қамтамасыз ететін күрделі үдерістердің жүйесі.

Қойдың жыныстық аппараты. Ол жұмыртқалықтан, жұмыртқа түтігінен, жатырдан, қынаптан және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады.

Жұмыртқалық - бүйректің артында және біршама төмен орналасқан домалақ пішінді қос жыныс безі. Олардың салмағы, тұқымы мен жасына және функционалды құрылысына байланысты жұмыртқалықтың қалыпты ауытқу массасы 0,6-3 граммның арасында болады. Жұмыртқалықтың сырты ақ қабықпен қапталған. Қабықтың астыңғы бөлігінде қыртысты және милы қабат орналасқан. Милы қабат дәнекер ұлпадан, көк тамырлар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Қыртысты қабат дәнекер ұлпадан және көбіршіктер мен сары денелер түзеді. Қыртысты қабатта әртүрлі көбею сатысындағы көптеген фолликулалар саны орналасады. Фолликулалардың өлшемі 1см дейін ауытқиды.

Жұмыртқа түтігіқойларда жатыр мүйізінің ұшынан жұмыртқалыққа дейін жалғасқан иір түтік. Олардың ұзындығы 9-10 см-ге дейін ауытқиды. Кілегей қабықтан күшті дамыған, көптеген қатпарлар түзіледі. Қатпарларды желбірлі эпителий ұлпасы жауып тұрады. Бұл ұлпада жатырға бағытталып, сұйық ағынына қарсы өскен кірпікшелер болады. Мұнда кірпікше эпителилер, әсіресе түтіктің қаптама және құйғыш бөлігінде өте мол кездеседі.

Жатырденеден және екі мүйізден тұрады. Дене ұзындығы 3-5 см-ге, ал мүйізі 8-15 см-ге ауытқиды. Жатырдың өлшемі мен массасы оның функционалды мүшесінің тұрқына байланысты. Шырышты қабығы бір цилиндрлі эпителиймен жабылған. Бұл қабықта көптеген жатыр бездері орналасады. Оның сыртында жатыр денесі мен мүйізінің шырышты қабығында ерекше түзілім - карункулдер кездеседі. Жатырдың екі мүйзінде де олардың саны 76-108 дейін ауытқиды.

Жатыр мойнының ұзындығы 5-7 см. Оның негізін бұлшық ет қабаты мен көптеген серпінді талшықтар құрайды. Шырышты қабығы цилиндрлі секторлы эпителиймен және 7-8 ірі бүйір қатпарларынан тұрады. Қатпардың биіктігі қынапқа қарай бағытталған. Ең соңғы қатпар қынаптың қуысында орналасқан.

Қынап сағасынан жатырдың мойнына дейін жалғасқан ұзын түтік. Қынап жамбас қуысының түбінде, тік ішектің астында жатады. Қынаптың шырышты қабығы мен көп қабатты жалпақ эпителимен жабылады және ұзынынан орналасқан көптеген қатпарлар түзеді. Бұлшық ет қабығы ұзынынан жатқан және сақиналыны біткен майда ет талшықтарынан құралады.

51-Сурет. Саулықтың жыныс мүшесі

1 – жұмыртқалық, 2 – жұмыртқа түтігі, 3 – жатыр мүйізі, 4 – жатыр денесі, 5 – жатыр мойнының ішкі тесігі, 6 – жатыр мойыны, 7 – жатыр мойынының тесігі, 8 – жатыр шандыры, 9 – жатырдың қызыл және көктамырлары, 10 – жұмыртқалықтың қызыл және көктамырлары, 11 - қынап, 12 – зәр жолының тесігі, 13 – қынап сағаға, 14 – шүрткей.

 

Қойлардың көбеюі жұмыртқалықпен байланысты. Олар екі негізгі - генеретивті және гормональді функциясын атқарады. Генеративті функция - жетілген жұмыртқа жасушасын, ал гормональді - жыныс гормондарының секреция спецификасын өндіреді.

Аналық жұмыртқа жасушасының пісіп-жетілуі мен түзілуі сүтқоректі жануарларда эмбриональді кезеңде басталады. Болашақ жұмыртқа жасушасының көзі ұрық эпителиінің жыныстық ұрықтануы болып табылады. Бұл эпителидің көбеюі қой эмбрионында 44-50 күнінде байқалады. 89-шы күнінде ұрық эпителиі жасушасының бөлігі диаметрі 6-12 мкм болатын ооциттерге айналады. 132-ші күнінде жұмыртқалық эмбриогенездің қыртысты қабатында біріншілік фолликулдар санын анықтауға болады. Олардың әрқайсысы ооциттерден тұрады.

Көбею кезеңі аяқталғаннан кейін ооциттердің өсу кезеңі басталады. Ол біруақытта фолликулдардың дамуымен және олардың өлшемдерінің үлкеюімен байқалады. Оның сыртын тығыз гомогенді мөлдір қабық қаптап тұрады.

Овогенездің соңғы кезеңінде жұмыртқа жасушасының пісіп-жетілуі мен байланысты. Біріншісі - редукционды, ал екіншісі - эквационды. Қарапайым митоздың мейоздан айырмашылығы, ол қос хромосомалардың бірінші бөлінуі кезінде жан-жаққа шашырамай бөлек-бөлек тарайды. Қойда піскен жұмыртқа жасушасында олар 1-ге тең.

Жаппай жұптау кезеңі қойларда көбінде күз айларында келеді. Бұл мезгіл жабайы ата-тегі мен филогенетикалық ұрпақтың тірі қалуына көптеген кезең байланысты. Қолға үйрету мезгілінде көбею біршама ауысты және осы шақта әр түрлі қой тұқымдарының көбеюі бірдей болмайды. Орталық Азия республикаларында, Оңтүстік Украина және Солтүстік Кавказда өсірілетін құйрықты, қаракөл және меринос қойларының жыныстық мезгілі біршама шектеулі. Олардың көбінде күйек кезі тек қана күзде және қыста келеді. Бірақ осы қойлардың жыныстық мезгілі жылдық метеорологиялық ерекшелігіне, азықтандырылуына, күтіп-бағуына байланысты ауытқып отырады.

Жыныстық мезгілдің физиологиялық қатынасы күн сәулесінің түсуімен тығыз байланысты. Жоғарғы сыртқы температура мен күн сәулесінің ұзақтығы күйек кезеңін тоқтатады.

Жыныстық циклдің физиологиялық процесінің қайталанып отыруы - күйек кезі, күйлеу және овуляция өз алдында экзогенді және эндогенді факторлардың жүйке жүйесінің қатысуымен организмге жауап қайтару реакциясының барлығын рефлекс деп атауға болады.

Күйек кезі- бұл жыныс орталықтарының қозуы мен клиникалық тұрғыдан аналықтардың аталықтарға жақындауы және жыныстық актіге дайындығы. А. И. Лапыриннің деректері бойынша қойлардың күйек кезі 23-60 сағат және орташа 38 сағат құрайды.

Күйлеу- бұл морфологиялық және физиологиялық күрделі комплекстің ауысуы. Күйек кезеңінде аналықтардың жыныстық шежіресі бойынша және жұмыртқаның жақсы ұрықтануы мен ұрықтың дамуы күйлеудің ауысуы жыныстық акт кезінде әр түрлі болады. Жатыр кішірейіп, шырышты қабығы ісініп, жатыр бездері үлкейеді. Жатыр мойынындағы шырышты қабық қынап сағасына ағады. Қынап қызарып, ісінеді.

Овуляция - бұл піскен фолликулалардың бөлінуі мен аналық жыныс жасушасына шырыш ағумен байланысты. Қойларда овуляция кездейсоқ болады, яғни қандай да бір спецификалық факторларға байланысты емес. Овуляция күйек аяқталғанға дейін 4-6 сағат келеді, яғни 30-32 сағаттан кейін. Саулық және қошқарлардың ұзақ қарым-қатынасы кезінде күйектің жалғасуы 10-14 сағат және овуляцияның тез жүруіне 3-4 сағат.

Тұқымдардың жеке ұрықтануы жануарлардың жасына, азықтандыруына, бағып-күтуіне, жыл мезгіліне және басқа да көптеген факторларға байланысты үстіңгі жатыр мүйізінің спермийлері 4-5 сағаттан кейін жетеді. Жұмыртқа түтігіне кіру жылдамдығы ұрықтандыру уақытына байланысты. Күйек басында спермаларды енгізгенде жұмыртқа түтігіне 12-14 сағаттан кейін енеді, ал орташа эстральді кезеңде ұрықтандырғанда 5-7 сағаттан кейін енеді.

Қошқардың жыныстық аппараты- ен, ен қосалқысынан, ұмадан, қосымша жыныс бездерінен және сыртқы жыныс органдарынан тұрады.

Қошқарлардың ені үлкен болып келеді. Ересек жақсы жетілген қошқарларда әр ен мен қосалқының салмағы 0,2-0,3 кг дейін ауытқиды. Ен ұмада орналасқан. Ұма теріден және серпімді бұлшық етті қабаттан тұрады. Серпімді бұлшық етті қабат жиырылғанда ұма қатпарланып, көлемі кішірейеді. Бұл қабатты ішінен астарлай жалпы қынап қабығы орналасады.

 

 

52-Сурет. Қошқардың жыныс мүшесі

1 – бүйрек; 2 – қолқа; 3 – несеп жолы; 4 – тік ішек; 5 – көбіршік бездері;

6 – қуық түбі безі; 7 – бадана безі; 8 – қуық; 9 – шыбық; 10 – S тәрізді иір; 11 – ен; 12 – шәует түтігі; 13 – шәует түтігінің қампимасы; 14 – ен қызылтамыры; 15 – шыбық үсті қызылтамыр; 16 – ішкі мықын қызылтамыры; 17 – қасаның басы; 18 – күпек тесігі; 19 – күпек қалтасы.

 

Ен- қос мүше. Ол жалпы қынап қабығының қуысында орналасады. Оның ішінде жылмағай сұйық болады. Бұл сұйық еннің жоғары, төмен жылпылдап қозғалуына себін тигізеді. Жалпы қынап қабығының жоғарғы ұшында еннің сыртқы көтергіш бұлшық еті бекітілген. Бұл бұлшық ет жиырылғанда ен жоғары тартылып, шат қуысына жақындайды.

Ен мен қосалқы басының біріккен жерінде ақ заттық қабық енге терең сіңіп, аралық қабат түзіледі. Аралық қабаттан орталыққа бағытталған дәнекер ұлпадан тұратын жұқа перделер таралып шығады. Бұл перделер енді көптеген кішкене жарнақшаларға бөледі. Ен жарнақшаларының әр қайсысында 2-4 жіңішке иір түтікшелер кездеседі. Түтікшелердің ұзындығы 30-50 см, диаметрі 0,15-0,2 мм. Иір түтікшелер дәнекер және жабын ұлпасының бөліктерінен құралады. Жыныс жүйесі жетілген ата малдың иір түтікшелерінде аталық жыныс торшалары - спермилер түзіле бастайды.

Иір түтікшелердің арасында жіңішке қан тамырлары, жүйке талшықтары және лейдиг торшалары орналасады. Лейдиг торшаларында аталық жыныс гормондары түзіледі.

Ен бауыен және ен қосалқысынан басталып ары қарай созыла желіленіп шап арығына енеді. Ен бауының құрамына шәует түтігі, қан және жүйке тамырлары, бұлшық ет талшықтары кіреді.

Қосымша жыныс бездерінен ішіндегі ең үлкені - көбіршік безі. Оның ұзындығы 4 см, ал жуандығы 1,3 см.

Шағылысу мүшесі.Аталық малдың шағылысу мүшесін әр түрлі атайды. Қошқарда несеп-жыныс арығының өскіні шыбық басынан 2-3 см артық шығып тұратын ерекшелігі бар. Шағылысу мүшесінің негізін қуыс денелер құрайды. Бұл денелер көп перделі, тығыз дәнекер ұлпалардан тұрады. Перделердің арасында бірімен бірі жалғасып жататын бос кеңістіктер кездеседі. Жыныстық қозуы кезінде бос кеңістіктер қанмен толып, шағылысу мүшесін үлкейтіп, сыздата бастайды.

Жұмыртқалықтарға қарағанда, енде генеративті және гормональді функция атқарады. Аталық жыныс жасушасы спермиогенез 3-4 градус төмен температурада құрсақ қуысында жетіледі. Спермиогенез жыныстық жетілу кезінде басталады. Меринос қошқарларында ол 6-7 айында, ал қылшық жүнділерде ерте. Сперматогоний спермиогенді эпителий жасушасының көбею кезінде спермиогенез күшейеді.

Табиғи және қолдан ұрықтандыру көбінесе сперма сапасының көрсеткішіне байланысты. Алынған спермаға ең алдымен санитарлық және визуалдық баға береді. Балшық иісті және қызғылт түсті спермаларды қолданысқа жібермейді.

Шәуеттің сапасын әуелі сезу мүшелері арқылы жалпылай анықтап, одан кейін қоюлығы мен аталық жыныс торшаларының қозғалыс серпінін зерттеп біледі. Анықталған қасиеттері мен көрсеткіштері талапқа сай, қолдануға жарамды болса шәуетті ары қарай зерттемейді. Алайда, қолдан ұрықтандыруға пайдаланатын әрбір ата малдың шәуетін белгілі уақыт аралығында зертханалық тәсілдермен толық зерттеп, сапасын қортындылап отыру қажет.

Шәуеттің ұрықтану қабілетін анықтау әдісі тура және жанама әдіс болып бөлінеді. Тура әдіс - бұл қошқардың шәуетімен аналықтың ұрықтануы. Басқа қалған шәуетпен ұрықтану жанама әдістермен анықталады. Бұл кезде шәует сапасы объективті және субъективті болуы мүмкін. Субъективті қолдану шәуеттің қоюлығын және белсенділігін көзбен бағалауға негізделген. Объективті қолдануды бағалау сперманың концентрациясы мен белсенділігіне ғана емес, сонымен қатар спермилердің өмір сүруін, шәуеттің қышқылды-қалыптандырғыш потенциалын және тағы басқа көрсеткіштермен бағаланады.

Шәует тамшысын микроскоп арқылы қарағанда оның екінші көрсеткішін - белсенділігін де анықтайды. Белсенділікті он балдық шкала арқылы бағалайды. Белсенді шәуеттер саны 90 пайызға жеткенде шәует жоғары бағамен бағаланады. Егер белсенді шәуеттер саны 10 пайызға төмендесе, онда оның бағалануы да бір балмен бағаланады. Жаңа алынған шәует белсенді қолданысқа 8 балдан төмен емес кезде жіберіледі.

Аталық жыныс торшалары метил көк бояуының оттегімен тыныс алып, оны өңсіз болдыратын қабілетіне бұл тәсіл негізделген. Яғни, шәуеттің аталық жыныс торшаларының тыныс алу үрдісі қарқынды болған сайын метил көк бояуының өңі тез кетіп тұнықтана түседі. Мұндай шәуетті сапалы шәует деп атайды. Егер жыныс торшаларының тыныс алуы нашар болса, бояудың өңі көпке дейін сақтала береді. Бұл шәует сапасы нашар екендігінің белгісі. Торшалардың тыныс алу белсенділігін анықтау үшін қуысының диаметрі 0,8-1 мл, ұзындығы 6-8 см жіңішке шыны түтікшелерді пайдаланады. Тазаланған заттық шынының шетіне тамызғышпен бір тамшы шәует тамызады. Оған тағы да бір тамшы 0,01 пайыздық метил көк бояуын қосып, шыны түтікшемен жақсылап араластырады. Шәует пен бояу қоспасын жіңішке шыны түтікшеге 2 см ұзын сорғызып алады. Түтікшені ақ қағаздың үстіне қойып, уақыт белгілейді. Қанша минут өткенде шәуеттің көк өңі өзгеріп, тұнықтанғанын нақтылап анықтайды. Сапасы жақсы қошқардың шәуеті 3-7 минутта өңі өзгеріп тұнық болады. Ал сапасы орташа қошқардың шәуеті 8-12 минут өткен соң көк өңі жоғала бастайды. Бұдан ұзақ уақытта өңі тұнықталған шәуетті мал ұрықтандыруға қолданбайды.

Шәуеттің pH-ы сілітілік немесе қышқылдық бағытқа қалыптан тыс ауытқуы сапасының нашарлығын айқындайды. Ерітіндіні қолданғанда сағат шынысына бір тамшы шәует құйып, оған тағы бір тамшы ерітінді айқындағышты қосып араластырғанда шыққан өңмен шәуеттің pH-ы қандай екенін бағалайды. Қошқардан алған шәуеттің pH-ы 6,9-7,1 болады.