Ойды ұрықтандыру және оны ұйымдастыру

Қой ұрықтандыру науқаны кезінде қошқарларды азықтандыру және күту өте жауапты кезең. «Тегіне тартпай төл тумас» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Шындығында да сүйегі асыл текті малды, егер дұрыс күтім таба білсе, өнімділігі жоғары шаш етектен пайда келтірер қой отарын өсіруге болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан асыл тұқымды қошқарларды дұрыс пайдаланудың да бүгінгі таңдағы маңызы зор.

Саулықтарды ұрықтандыруды сапалы өткізу қошқарларды алдын ала даярлаудың үлкен маңызы бар екені мамандар осы тұрғыдан түсінуі керек. Сондықтан қошқарларды тиімді, әрі ұзақ уақыт пайдалану үшін оларды азықтандырудың мәні де арта түседі. Ол үшін әрине, қошқарлар жыл бойына жеке топқа бөлініп, құнарлы жемшөппен азықтандырылады. Алайда қошқарларды заводттан алынған қондылығы кондицияға сай келмесе қой ұрықтандыруға пайдалануға болмайтынын ескере кеткен жөн.

Қошқарларды күйікке даярлау жұмысы қой ұрықтандыру науқаны басталардан 1,5-2 ай бұрын қолға алынады. Қошқар ұрығының мөлшері мен сапасы олардың азықтандыру деңгейіне тікелей байланысты болады. Сондықтан осыны есептей отырып, оларға берілетін шырынды, құнарлы жемшөп мөлшерін бірте-бірте арттыра түсудің маңызы зор.

Қошқарлардың рационында 1,5-2 килограмм жоғары сапалы жоңышқа, 1,2-1,5 килограмм қоспа жем, оның құрамында сұлы, арпа, тары, бидай жармасы және күн жара т.б. болуы керек. Астық дәнін жарып беру қажет. Күнделікте рационындағы осы жемшөпке сәбіз, қант қызылшасы қосылады.

Жаз айларында ұрық алынатын қошқарлар шұрайлы, шөбі шүйгін өңірлерге жайылады. Ал қой ұрықтандыруға әзірлік кезінде және науқан басталған уақыттарда арнайы лапастарда немесе желдеткіш қондырғысы бар таза қорада бағу керек.

Қошқарлардың аталық жыныс қабілетін сақтау үшін оларды бір мезгіл өріске шығарып, бой жаздырудың маңызы зор. Бой жаздырудың ең тиімді түрі таңертеңгілік және кешке қарай екі рет өріске шығарған жөн. Мұндай бой жазудың пайдасы сол, қошқардан күніне екі рет ұрық алуға болады. Сөйтіп, бұл жұмыс қошқарларды тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады.

Аталық малдан көлемі кемінде 1 миллилитр мөлшерінде, қозғалысы – 8 балдық қою ұрық алынғанды ғана ол ұрықтануға жарамды деп есептелінеді. Қой шағылыстыру кезінде қошқарды тиімді пайдалану үшін құрамында протеин, минералдық заттар, витаминдер мен аминқышқылдар бар құрамындағы жоғары жемшөп беру керек. Олай дейтініміз әдетте, күйіс қайтаратын малдың жалбыршақ қарнындағы 10 түрлі амин қышқылының барлығы микрофлоралар арқылы синтезделеді, сондықтан да мұндай түлік организмінде амин қышқылының жетіспейтіндігі көбінесе сезіле де бермейді.

Дегенмен белгілі бір уақытта ұрықтың жиналуын тежеп тастамас үшін рационның сақталуын қадағалау керек. Сол себептен де қошқарлардың рационына амин қышқылдарына бай белокты заттарды көбірек қосу ұрықтың мөлшерін арттыруымен бірге, оның сапасын да жақсарта түседі. Осыған байланысты қошқардың ұрығына лизин мен метиониннің әр түрлі дәрежеде қалай әсер ететінін зерттеу мақсатымен мал азығының құрамына лизин мен синтетикалық метиониннің әр түрлі мөлшерін қосып көрдік.

Қой шағылыстыру науқаны басталардан 60 күн бұрын 3,5 жастағы 12 элита қошқарын іріктеп алып, тірілей салмағына, жас мөлшеріне, қырқылған жүніне қарай үш топқа бөлдік және олардың тегі төрт рет тексеруден өткізілді.

Әр топтағы қошқарлардың негізгі рационы бірдей еді. Рацион құрамында 1 килограмм жоңышқа, 1 килограмм жүгері сүрлемі, 1-2 килограмм арпа жармасы, 0,15 кг күнбағыс күнжарасы, 2 тауық жұмыртқасы, 20 грамм ас тұзы болады. Барлығы 2,2 кг азықтық бірлікке тең күндік рацион 298 г сіңімді метионинмен, 164 г лизинмен және 11,08 г цистинді метионин байытылды. Сондықтан бірге қалған ІІ топтағы қошқарлар рационына 1,5 грамм лизин мен метионин, ІІІ топтағыларға 3 грамнан осындай амин қышқылдары қосылады.

Қошқарлардан алынған ұрықтың жалпы сапалық көрсеткіштері шәуетінің көлемі, ұрығының қозғалысы, саны, тыныс алу ерекшелігі және патологиялық формасының проценті анықталды.

Зерттеудің нәтижесі мынаны көрсетіп отыр: рационына 1,5 г лизин мен метионин қосылып азықтандырылған қошқалардан алынған ұрық сапалық жағынан жақсы көрсеткіштерге ие болады. Осының нәтижесінде шәуетінің көлемі 17,3 процентке ұлғайып, ұрықтың саны – 38,5, қозғалысы - 1,7-ге, резистенттілігі (1% ас тұзы ерітіндісіне қарсы тұру қабілеті) – 17,1, ал патологиялық формасының пайызы тыныс алу интенсивтілігінің уақыты тиісінше 2,1 және 9,2-ге азайды. Сонымен бірге І және ІІІ топтағы қошқарлардың көрсеткіштеріне қарағанда әлдеқайда жақсы болады. Рационы қосымша 3 грамм лизинмен және метионинмен қосып азықтандырылған қошқарлардан алынған ұрпақтың сапалық көрсеткіші бақылау тобындағыларға қарағанда біршама тәуір болғанымен ІІ топтағы қошқарлардікіне жете алмады.

Қошқарларға берілетін протеинді азықтардың құнарлылығын арттыру мақсатымен оған 1,5 грамм амин қышқылын қосқан кезде ұрықтың пайда болуы және оның өмір сүру қабілеті артты.

Біз қой шағылыстыру кезінде қошқарларды түйіршіктелген толық рационды жемшөппен азықтандырудың алынатын ұрық мөлшері мен сапасына, жыныс органдарының қызметіне қалай әсер ететіндігін зерттедік. Тәжірибе жүргізу үшін екі топ құрдық. І топтағы қошқарларға түйіршектелген азық, ІІ топтағы қошқарларға түйіршіктелген қосымша шөп берілді (Г. К. Асылбеков, 1976 ж). Ал бақылаудығы қошқарлар табиғи жағдайда әдеттегідей бағылады.

Түйіршектелген азық құрамында бұршақ тұқымдастар шөптер – 25, жоңышқа ұны - 20, сұлы – 12,4, тары – 8, арпа – 10, бидай ұнтағы – 7,5, мақта күнжарасы – 10, ет-сүйек ұны – 1,5, бор – 5, ас тұзы 6 процент мөлшерінде болады. Сондай-ақ осы азық түрінің құрамына аммоний сульфаты, хлорлы кобальт, иодты калий, күкірт қышқылы мыс қосылды. Бір килограмм түйіршіктелген жемнің сіңімділігі 0,77 азықтық бірлікке тең болады. Бақылау тобындағы малға жемшөптің 53,3 порцент, 1 тәжірибе тобындағына 53,6 пайызы берілді. Қоспа жем мен түйіршіктелген азықты мал түгелдей жеп тауысты. Тәжірибе кезінде бақылау тобындағы қошқарлардың салмағы 4 пайызы, I тәжірибе тобында – 8,3 және ІІ тәжірибе тобында 8,1 пайызы артты.

Ұрықтың сапасын тексеру мынаны көрсетті: шәуіттің көлемі алғашқы алынғандағысымен салыстырғанда пайдалану кезінде I тәжірбие тобында 36 пайызға, ІІ тәжірибе тобында 25 пайызға ұлғаяды. Барлық топтағы қошқарлар ұрығының активтілігі 8 балдан асты. Сонымен бірге ұрықтың мөлшері де едәуір артып, бір миллилитріндегі тірі клеткалар қозғалысы 2,88-ден, 3,59 миллиард аралығында ауытқып отырды. Тәжірибедегі барлық қошқарлар ұрығының 7,4-14,6 проценке ұлғайғандығы анықталды (60-кесте).