Кесте. Тәжірибе жүргізілген қошқарлар ұрығының сапалық көрсеткіштері

Көрсеткіш-тер Тәжірибедегі топтар
Бақылау тобында І тәжірибе тобында ІІ тәжірибе тобында
Абсо-лютті % Абсо-лютті % Абсо-лютті %
Әзірлеу кезеңі
Шәуетінің көлемі, мл Саны, (млрд/мл) Резистен-ділігі (мың) 1,27   2,28   33,7 100,0   100,0   100,0 1,08   3,09   30,6 85,1   135,5   90,9 1,06   2,90   36,6 83,5   127,3   108,1
Пайдалану кезеңі
Шәуетінің көлемі, мл Саны, (млрд/мл) Резистенді-лігі (мың) 1,13   3,45   40,5 88,9   151,3   120,1 1,19   3,59   43,5 110,0   116,1   109,8 1,75   2,86   41,8 165,1   98,6   114,8
               

 

Тәжірибенің негізгі кезеңі де осы кесте бойынша жүргізілді. Тәжірибе жүргізілген қошқарлардың тірілей салмағы бақылау тобында 7,3%-ға, 1 тәжірибе тобында 12,3 және ІІ топта 11,4 %-ға артты. Ұрықтың сапасын тексерудің нәтижесі төмендегіше болды. Зерттеу жүргізілген мерзімінде шәуеттің көлемі дайындау кездегімен салыстырғанда 1 тәжірибе тобында 10,1 процентке көбейді. Ұрықтың резистенттілігі барлық үш топта да 9,8-ден 20,1 процент аралығында ұлғайды.

Ұрықтың қозғалысы барлық қошқарлар тобында 8 балдан жоғары болды. Олардың мөлшері бір миллилитрінде 2,28-ден 3,59 миллиард аралығында ауытқып отырды, яғни 14 пайызға көбейді. Осыдан байқағанымыз, әр топтағы қошқарлар шәуетінің мөлшері жедел ұлғайды.

Қошқарларды азықтандыруда, әсіресе қой ұрықтандыру кезінде жемнің құрамындағы протеиннің биологиялық құндылығы мен деңгейін және оның басқа азықтық заттармен ара қатынасын анықтап алудың үлкен маңызы бар. А. П. Локуниннің зерттеулері» (1982) көрсеткендей, егер қошқарларың қой ұрықтандыру кезіндегі күнделікті жыныстық жүктеменсі әдеттегідей 2-3 есеге артатын болса, онда олардың протеинге деген қажетін 115-тен 120г азықтың өлшеммен қамтамасыз етуге болады. Қошқардың рационындағы протейн мөлшері одан әрі молайту (мәселен 135 г азықтық өлшемге дейін) ешқандай тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан протейн көбінесе тек пластикалық қана емес, экономикалық жағынан пайдалы, қуатты зат деп есептелінеді.

Қошқардың азық рационындағы протеин мөлшерін 95 г азықтың өлшемге дейін кеміту оның қорытылуын нашарлатты және ұрықтың санын да азайтты. Айта кеткен жөн, мәселен, қошқарлардың рационында протейн мөлшердегіден аз болса, оны өсімдіктен және малдан өндірілген аса бай белоктық азықтармен (күнжара, шрот, сұйық және құрғатылған көк сүт, тауық жұмыртқасы және т.б.) байытуға болмайды.

Қошқарлардың фосфорлы жем-шөппен азықтандыру – олардан қырқылған жүннің көлемін арттыра түсіп, таза талшығының мөлшерін 5,2-6,8 пайызға көбейтеді және оған қоса ұрығының саны мен сапасын жақсартады.

Тәжірибе топтағы қошқарлар шәуетінің көлемін бақылау тобындағыға қарағанда 25,8-30 процентке, ұрықтың саны 6,4-8,9 пайызға, резистенттілігі 10,5-13,2 пайызға өсті. Тәжірибедегі қошқарлар ұрығының жарамдылық қасиеті артып, осы қошқарлармен ұрықталған саулықтардан алынған төл де көбейді. Мәселен, азық рационының құрамына фосфор қосылған қошқарлардың ұрықтандырғыштығы алғашқы ұрықтандырудың өзінде-ақ 5,3-7,1 пайызға артып, әр жүз саулықтан алынған төл саны 6,0-8,7 пайызға көбейді. Рационның құрамында 5 г фосфор және малдың 1 кг тірілей салмағына шаққанда 0,5 мл/гр күкірт қышқылды цинк қосылғанда қошқарлардың ұрықтандырғыштық қасиеті мен тұқымдық сапасы да арта түседі.

Ю. Д. Максимов пен А. К. Дацунның зерттеуіне қарағанда қошқарлардан алынған ұрық сапасын арттыруына олардың жемшөп рационына зығыр тұқымын қосып беру жақсы әсерін тигізген. Сонымен бірге ұрықтың суыққа төзімділігін, тұрақтылығын өсімдік тектес азықтардың да арттыратындағы анықталды. Зертеу жұмыстары 130 күнге созылып, мынадай кезеңдерге бөлінді: дайындық кезеңі – 45 күнге, негізгі - 60, аяқталу кезеңі – 25 күнге белгіленді. Тәжірибе үшін әрқайсысына бес-бестен тұқымдық қошқар бар екі топ құрылды. Бақылауға алынған топтағы мал белгілі рацион бойынша әдеттегі жемшөппен азықтандырылса, тәжірибе тобындағы қошқарларға зерттеу жұмысы аяқталғанға дейінгі рационына 134г зығыр тұқымы, 45 мг липид қосылды. Тәжірибедегі қошқарлар рационына зығыр тұқымын малға берілетін құрама жем мөлшерінде қосқан жағдайдың өзінде, қорытылатын протеин, оның құнарлылығы мен сіңімділігі бақылау тобындағы қошқарлар рационынан ешқандай артықшылық көрсете алмады, бір сөзбен айтсақ ешқандай айырмашылық болған жоқ.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, қошқарлардың рационына өсімдік липидін қосу алынған шәуеттінің көлемін ұлғайып, ұрықтың санын арттырды. Ұрықтағы шәуеттің жалпы саны 2,77-ден 3-59 миллиардқа және 2,77-ден 3,75 миллиардқа дейін өсті. Сонымен бірге оның сапалық көрсеткіші де жақсара түсті. Мәселен, ұрықтың қозғалысы 7,7 балдан 8,8 балға өссе, резистенттілігі екі есе ұлғайтып, тыныс алысы, яғни көгілдір бейнеде метилленді түссіздендіру жылдамдылығы 3,29-ден 1,53 минутқа қысқарды.

Қошқардың ұрықтандырушылық қабілетін зерттеу жұмысы Чоплинск ауданындағы «Долинский» совхозында тәжірибе және бақылау тобындағы қошқарлардың ұрығын тексеру арқылы жүргізіледі. Қошқардың ұрығы алынғаннан кейін 0-5 градустық температурада 12 сағатқа дейін сақталынады. Саулықтарды бір дүркін ұрықтандырғанда мөлшері 0,1мл сұйытылған ұрық қолданылады. Бұған екінің бір бөлігіндей мөлшерде глюкоза сарыуыз-цитраты пайдаланылған.

Әдетте тәжірибе жүзінде саулықтардың ұрықтандырылуы дәрежесі олардың қайталап күйлеу-күйлемеу, қанша қозы алынғандығының нәтижесіне, туған қозысының денсаулығы мен салмағына қарап бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда тәжірибе жүргізуге арналған қошқарлардың ұрықтандырғыштық қасиеті бақылау тобындағылардан жоғары болды (56,7-нің орнына 64,5 пайыз). Сондай-ақ олар өсімталдығымен де ерекшеленеді (115,7-нің орнына 123,9 пайыз) .

Келтірілген гематологиялық көрсеткіштерден аңғаратынымыз, қошқарларды азықтандыруға қосымша зығыр тұқымын қосудың әсерінен олардың зат алмасу процесі жақсара түседі. Әсіресе қошқарлардың ағзасындағы липидтік және белоктық зат алмасуын жақсартудың нәтижесінде олардан алынған ұрықтың саны мен сапасы ұлғаяды.

Сондықтан да, қошқарлардың тұқымдық қасиетінің артуы оларға берілетін азық рационының биологиялық құндылығы мен физикалық байланыста екен.

Қой ұрықтандыруға дайындық

Құрал–саймандар мен қажетті материалдарды әзірлеу.Қой ұрықтандыру пунктіндегі жұмыс жоғары нәтижелі және малдәрігерлік-санитарлық ережелердің мұқият сақталуы үшін онда тазалықтың маңызы зор. Ол үшін ұрық алуға, сақтауға және саулықты ұрықтандыруға пайдаланылатын барлық құрал-саймандар мен аспаптар үнемі таза, құрғақ және зарарсыздандырылуы тиіс. Жаңа жабдықтар мен құрал-саймандардың артығын майдан тазартып, жуып, резинадан жасалған тетіктердің ішін шаң тозаңнан арылтқан соң зарарсыздандырылады. Қойды қолдан ұрықтандыруға қажетті таза жабдықтар мен құрал-саймандар, түрлі химикаттар жабық шкафтарда сақталады.

Құрал-саймандар мен ыдыстарды ас содасының (1 литр суға 20—30 граммнан), немесе кальцийленген сода (1 литр суға 10—15 г) ыстық ерітіндісімен жуады. Бұл үшін кір жуатын ұнтақтың 2—3 пайыздық ерітіндісін пайдалануға да болады.

Бұл мақсат үшін ерш (ыдыс тазалауға арналған арнайы щетка), мақта, паралон немесе дәке оралған пинцет пен әйнек таяқша қолданылады. Жасанды қынапты тазалаған кезде оның резина түтігінің ішінде вазелин жұғындысының қалып қоймауын қадағалау керек. Мұқият тазаланған құрал-саймандар таза ыстық сумен шайылып, кептіріледі де таза орамалмен немесе дәкемен сүртіледі.

Таза, қүрғақ құрал-саймандар мен ыдыстарды пайдаланар алдында қайнатып, стерилизациялау арқылы зарарсыздандырып, тампонмен немесе қыздырылған спиртпен сүртеді. Ол үшін 70 градустық спирт қолданылады. 73 миллилитр 96 градусты спиртті қайнатылған және сүзгіден өткізілген немесе дистилляцияланған 27 миллилитр суға араластырып пайдаланылады. 70 градус спирттің дұрыс әзірленуін тексеру үшін ол спирт өлшеуішпен өлшенеді.

Жабдықтар мен аспаптарды зарарсыздандыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

- жұмыстың соңында жасанды қынапты 3 пайызы сода қосылған жылы суда жуып, 20 минуттай суға салып, қайнатады.

- ол арнайы термостат шкафта құрғатылады. Пайдаланар алдында 96 градус спиртке батырылған мақта тампонмен сүртеді;

- ұрық қабылдағышты құрғату шкафта 160-180 градус температурада 30 минуттай сақтап немесе жалынға ұстап қыздырады, спиртпен зарарсыздандырады. Ұрық қабылдағышты қайнатып, өңдеу кезінде алдын ала жылы суға батырады, осыдан соң 10—15 минуттай қайнатады;

- ұрық қабылдағышты су тамшыларынан арылту үшін сілкіп, кептіреді және салқындатып қояды;

- жуылған ұрық қабылдағышты зарарсыздандыру үшін 70 градустық спиртпен, содан кейін пайыздық хлорлы натримен жуады;

- таза жуылған шприц катетерді 70 пайызын спиртпен зарарсыздандырып, осыдан соң кемінде бес рет 1 пайызын хлорлы натримен жуады;

- айналы металдан жасалған қынапты және катетерді қайнатып немесе қос құлақты примус жалынында ұстап зарарсыздандырады;

- шыны ыдыстарды зарарсыздандыру үшін қайнатып, спиртпен сүртеді немесе құрғату шкафында 160—180 градус температурада 30 минуттай ұстайды;

- вазелинді күнделікті зарарсыздандырады: стерилизаторға немесе аузы тығынмен мықтап жабылған құтыдағы вазелинді қауашақтағы суға салып, оның түбіне мақта төселеді де, 30 минуттай қайнатады. Арнайы құтыдағы вазелин зарарсыздандырылмай-ақ пайдаланыла береді.

1 литр дистиляцияланған, кей жағдайда қайнатылған немесе сүзгіден өткізілген суға 10 грамм хлорлы натрийді қосу арқылы 1 проценттік ерітінді әзірленеді. Ерітіндіні қалың шынылы колбаға құйып, аузын мақтамен тығындап, біраз қайнатады.

Сода ерітіндісін жасау үшін 30 г көмір қышқылды содасын 1 литр суға араластырып, 50—60 градусқа дейін жылытады. Кальцийленген сода ерітіндісін жасау үшін 1 литр суға 15 грамм ұнтақ салынып араластырады.

Диаметрі 2—3 сантиметрлік мақта тампонын жасау үшін стерильденген мақтаны 96 градустық спиртке батырып, сығып алады да қақпағы тығыз жабылатын шыны құтыға салып қояды.

Рық алу әдістері

Ұрықты жасанды қынаптың көмегімен алады, бұл ретте әрбір қошқар үшін екі қынап қажет.

Жұмысқа кірісер алдында жасанды қынапты мұқият тексеріп алу керек: онда су қалдықтары мен ауа болмауы тиіс. Жасанды қынапты құрастыру кезінде резина түтікшесі бұратылып қалмауы және тым созылып кетпеуі керек. Ол цилиндр түбіне ернеуі сыртқа қарай түріліп, тікесінен орнатылады.

Қынапты пайдаланғанда қошқардан ұрық алу үшін тұлып немесе шөре-саулық пайдаланылады. Ондай шөре-саулықтардың дені сау, күйлі болуы тиіс.

Жасанды қынапты ұрық алуға әзірлеу — оны тазалау, зарарсыздандыру, суға және ауаға толтыру, ұрық қабылдағыш сауытты жалғастыру, вазелинмен майлау, температураны тексеру 50-55 градус температурадағы тексеру сияқты бірнеше сатылардан тұрады. 50-55 градус температурадағы 150-180 миллилитр су қынапқа толтырылып құйылғаннан соң оның аузы тығындалады. Жасан­ды қынаптың түбінде ұзындығы 2-3 сантиметрлік ұрық қабылдаушы шыны сауыт қозғалып тұрады.

Бір қабат қабырғалы ұрық қабылдағыш сауыт­ты пайдаланған кезде манеждегі температура 18 градустан төмен болмауы тиіс. Ал екі қабат қабырғалы ұрық қабылдағыш сауыт төменгі температурада да пайдаланыла береді. Қабырға аралықтарына 40-45°С температурадағы 50 миллилитр су құйылады да, бұл ұрық қабылдағыштың қабырғаларын 30-35°С температураға дейін қыздырады. Жасанды қынаптың резиналы сығымдап бүріккіш қабырға аралығына ауа алмұрт тәрізді резина немесе компрессор арқылы толтырылады. Сонда оның жақтаулары қабысып тұрады.

Жұмыс басталар алдында жасанды қынаптың бүтіндігін тексеру керек. Оның сыртқы және ішкі қабырғаларының арасындағы қуыстан су тамшылауға, ауа шықпауға тиіс. Егер тиектен су немесе ауа өтетін болса, оны жөндеп, майлаған жөн. Ішкі түтіктің түйіншектеліп қалмауын не тым созылып кетпеуін қадағалау қажет. Ол цилиндрдің шетінде, тік бұрыш бейнесінде, ішке қарай иіле орналастырылған.

Жасанды қынап түтігінің ернеуін қошқар қамшысы еркін кіретіндей, кедергі келтірмейтіндей етіп айналдыру керек.

Ұрық алар алдында қынаптың температурасы термометрмен тексеріліп, спиртті тампонмен зарарсыздандырылады. Жасанды қынаптағы температура 40—45 градус болуы керек.

Қошқарлардан ұрық алар алдында саулық немесе тұлып станокқа қойылады.

Ұрық алар кезінде жасанды қынапты қойдың жамбасы тұсына 35—40 градус мөлшерінде көлбеу ұстап тұру керек. Қошқар саулыққа артылған сәтте техник-ұрықтандырушы қошқардың қамшысын оған тигізіп алмай, өте ептілікпен жасанды қынапқа сала қояды. Қошқар ұрығы жасанды қынапқа келіп түсісімен ұрық қабылдағыш дереу төңкеріліп, ішіне ауа толтырылады да ұрық қабылдағыш қынаптан еппен ажыратылып тазартылған шыны қақпақпен жабылады. Жасанды қынап қайтадан содалы жылы сумен жуылып, тазаланып, вазелинмен майланады да, ыстық суға қайтадан шайқалып, осыдан соң құрғатылады.

Ұрық алынатын қошқарлар шоғырланған мемлекеттік асыл тұқымды мал станциясының көшпелі филиалдары үшін Казақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының мамандары ұрық алу үшін манекенді — саулық бейнесіндегі тұлыпты пайдалануды ұсынады. Ол ағаштан жасалынып, сырты қой терісімен қапталады. Тұлыптың қошқар артылатын сырт жағындағы саңылауға жасанды қынап орнатылады.

Қошқарларды тұлыпқа үйретпес бұрын манежде оны бірнеше рет саулыққа артылту керек. Осы әдіспен бес-алты рет ұрық алғаннан кейін-ақ қошқар тұлыпқа артылып, дағдыланатын болады. Манекенді қолдану бір жағынан қошқарлардан ұрық алудың тиімділігін арттырса, екіншіден, жұмсалатын уақытты үнемдеуге ықпал етеді, алынған эяку­лят мөлшерін 0,3-0,5 миллилитрге ұлғайтады. Манекеннің биіктігі 70, ұзындығы 85, ені 30 сантиметр болады. Жасанды қынапты орнататын артқы тесіктің ұзындығы 261 миллилитр, диаметрі 6 сантиметрге жетуі керек. Мұндай манекеннің аумағы 120—105 сантиметрлік ағаш тақтайға орнаты­лады.