Ой ұрықтандыруға арналған станоктар

Пункт жұмысшыларының еңбегін жеңілдете түсу мақсатында саулықтарды ұрықтандыруға арналған станоктардың алуан түрі қолданылады. Мұндай станоктар жеке қойға, немесе 5, 10, 20 және 40 қойдан топтастырып ұрықтандырылуға арналып жасалады.

 

 

54-сурет. Бір саулыққа арналған ұрықтандыру станогі

 

Көптеген шаруашылықтарда қойды жекелеп ұрықтандыруға арналған станоктар қолданылып келеді. Республикамыздың солтүстік аймағындағы шаруашылықтар екі саулыққа арналған шарнирлі станоктарды қолданып жүр.

Кой шаруашылығының өнеркәсіптік негізге көшірілуіне байланысты қойды топтап ұстау процесі механикаландыруды өндіріске енгізу ұсынылуда. Г. Томбу, И. Широбоков (1978) қойды топтап ұрықтандыруға арналған өте тиімді, әрі пайдалануға қолайлы айналмалы станокты ойлап тапты.

Айналмалы станок аумағы 2х2 метрлік платформадан тұрады. Бұл платформа тақтай еденніңортасына орнатылған ось арқылы емін-еркін айналады. Платформаның рамасы қырлы темірлерді бір-біріне дәнекерлеу арқылы жасалған. Қойларды «алдап шақыру» үшін платформаға жем салатын станокты екі бөлікке бөліп тұратын науа орнатылған. Науа бір-бірінен 12 сантиметр аралықта тікесінентік орнатылған жақтау ағаштардан жасалады. Жақтауағаштардың аралығынан қойдың мойны еркін сыйып, жоғары жағынан қыса салатын темір бекіткіш жасалған. Науаның әрбір бөлігіне 10 саулықтан орналастыруға бо­лады. Платформаның бүйірі темір шарбақтармен қоршалған.

Станок арнаулы қораға орналастырылады. Платформа емін-еркін айналып тұруы үшін тұғыры белгілі бір тереңдікке, еденнен 6- 10 сантиметрдей жоғары орнатылады. Станок қорадан тысқары жерге орналастырылған жағдайда қондырғының айналмасы жұқа тақтаймен қоршалып, төбесі сыңар итарқалы шатырмен жабылады. Станок орнатылған лапаста не­месе қорада қойларды шағылыстыруға дейін және шағылыстырудан кейін қамайтын арнау­лы қаша жасалады. Техник-ұрықтандырушының жұмыс орны платформаға жақын орналасады. Техниктің отырып жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы үшін жұмыс орны шағын траншеяға орнатылады.

Оның бүйір жағына құрал-саймандарды қоюға, екіншісі — айнаны тазалау және ыдыстарды жуу үшін пайдаланылатын екі стол орналасады. Техник-ұрықтандырушыға жарық сырт жағынан түсіп тұрады.

Күнделікті жұмыс кезінде қой ұрықтандырушының көмекшісі қашаның есігін ашып, жем салынған науасы бар станокқа 10 саулықтан санап жібереді. Саулықтар қамалған соң ол ілмек шығыр-шықты алып, көп күш жұмсамай-ақ станокты 180 градусқа айналдырады. Саулықтардың бір тобын ұрықтандыру аяқталғаннан кейін көмекшісі қойларды қашаға кіргізіп, станокқа саулықтардың келесі тобын жібереді. Осылайша станоктың көмегімен сағатына 60-80 саулықты ұрықтандырудан өткізуге болады. Сөйтіп техник-ұрықтандырушыың еңбек өнімділігі 3-4 есе арта түседі. Мұның өзі еңбекті біраз жеңілдете түсіп, жұмсалатын шығынды да азайтады.

Ф. X. Ғазизов пен С. X. Асанов (1979) 5-6 қойдан топтап ұрықтандыруға арналған тақтайдан жасалған станокты ұсынады.

Станок саулықтарға толысымен саулықтардың бауырынан сырғауылдардың көмегімен бекітеді. Диаметрі 6-8 см, ұзындығы 1,7-1,8 метрлік станок платформасына сырғауылдар конус тектес буртикке дейін бірқалыпты көтеріледі. Саулықтарды арлы-берлі қозғауға, олардың санын азайтып немece көбейтіп тұруға қолайлы, емін-еркін орналасуы керек. Сырғауылды көтеру кезінде саулықтардың шабы ұрықтандыруға қолайлы болуы керек. Олардың артқы сирақтары еденнен 3-5 сантиметр көтеріңкі тұрғаны жөн.

П. И. Савин мен М. В. Давиденколар (1980) қой ұрықтандыру үшін конвейерлі қондырғыны ұсынады. Қондырғы жұлдызша тектес бес бөлікті станогы бар көлбеу иілгіш электромеханикалық конвейерлі болып келеді. Ол беті жабық арнайы қазылған ор үстіне орнатылады. Конвейер электр қозғалтқыштың көмегімен қозғалысқа келеді.

Қондырғының жұмыс істеу тәртібі мынандай: торапқа қосқан кезде электр қуаты қозғалтқышқа беріліп, вал арқылы редукторға бекітілген дискіні және жетекші барабанды қозғалысқа келтіреді. Конвейердің қозғалысының жылдамдығын техник-ұрықтандырушы автоматты түрде ретке келтіріп отырады. Конвейерді қолмен айналдыратын тетіктің көмегімен қозғалысқа келтіруге болады.

Бұл конвейердің тағы бір ерекшелігі қойларды бірқалыпты жылдамдықта үздіксіз техник-ұрықтандырушыға жеткізіп беруге мүмкіндік тудырады. Оның үстіне шағын ғана манеж бен жабдықтарды тиімді пайдалануға басқа да қора-қопсы мен қашада қойлардың босқа үйіріліп тұрып қалмауына және ұрықтандыру пунктінде санитарлық-гигиеналық талаптарды орындап отыруға мүмкіңдік тудырады. Техник-ұрықтандырушының жұмысын да жеңілдете түседі. Конвейердің еңбек өнімділігі жоғары, мұнда сағатына 200 қой шағылыстыруға болады.

М. В. Рябов (1978) қойларды шағылыстыруға жеткізіп беру үшін рельспен жылжитын тіркеме ұсынады. Ол үшін пункт ұзындығы 7 метрлік, ені 3,5, биіктігі 2 метрлік ағаш каркастардан, теплица типінде салынады. Пункт арқылы екі ізінің арақашықтық ені 1,75 метр рельс жүргізіліп, оның үстіне ұзындығы 6 метрлік, ені 2,4, биіктігі 1 метрлік тіркеме орнатылады. Ол 40 саулыққа арналған. Тіркемені бір адам оңай жылжытуы үшін подшипниктің дөңгелегін оське бекітеді. Тіркеменің еденінде саңылауы болуы ке­рек. Оның ішкі қапталдарына ені 40 сантиметрлік науа қойылып, екі жағынан жол жасалады.

Ертеңгілік күйлеген саулықтар қораға қамалып, тіркеменің маңайына топтасады. Тіркемедегі науаға балауса шөп немесе жем салынады, сөйтіп саулықтар тіркемеге өздігінен кіреді. Сол сәтте шопан оның есігін жауып, тіркемені рельспен пунктке алып келеді. Пунктте отырған екі техник-ұрықтандырушы екі жақтап қойларды ұрықтандыра бастайды.

Саулықтардың барлығы ұрықтандырылған соң ондағы мал пункттің қарама-қарсы жағындағы екінші қашаға кіргізіледі. Тіркемені шопан кайта алып келіп, осы жұмыс тағы да қайталанады. Күні бойы ондағы науадан жем мен су арылмауы керек. Мұндай тіркемелер пунктте алтау болса тіпті жақсы. Бұл әрқайсысында 850 саулықтан бар 4 отарды ұрықтандыруға есептелген.

Қой ұрықтандырудың мерзіміне қарай отырып, мұндай пункттерді тікелей жайылымдардан да ұйымдастыруға болады.

Бір немесе екі отар қой шоғырланған пунктте кейде екі жақты тіркеменің орнына ықшамды бір жақты тіркеме де қолданады. Оған 12-15 қой сияды. Оның ұзындығы 3,6-4,5 метр, ені 1,7, биіктігі 0,7 метр болады. Ол да рельс бойымен із қалады және жоғарыда айтылған екі жақты тіркемеде қолданылатын әдіс пайдаланылады. Мұндай тіркеменің артқы қабырғасы суырылмалы тақтаймен жабылады. Мұндай пункттердегі қой ұрықтандыру жұмысы 1-2 сағаттан аспайды.

Қой ұрықтандырудың осындай технологиясын колдану саулықтардың төлшеңдік қабілетін арттырып, шопандардың еңбегін жеңілдетеді, пункттегі әр түрлі басы артық жұмысшылардың санын азайта түседі.

Қой ұрықтандыру жұмысында платформалы дөңгелек станок та қолданылады. Ол электр қозғалтқыштың көмегімен айналып тұрады. Платформада 120 градус дәрежесінде орналасқан бір-біріне іргелес үш станок болады. Бір саулықты ұрықтандырып болған соң оны шығарып, орнына екіншісін кіргізеді, екіншісін техник-ұрықтандырушыға беріп, одан кейін үшіншісін әкеліп, шағылысқа түскендерін кезекпе-кезек шығара береді.

Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтының мамандары саулықтарды топтастыра ұрықтандыратын станок-науаны сынаудан өткізді. Саулықтарды ұрықтандыруға іріктеп алғаннан соң оларды станоктың аумағына ка­рай 10-20 бастан манежге қамайды. Станок-науа біреуі қозғалмайтын, екіншісі жылжымалы кедергі сатыдан құралған. Қойды станокқа кіргізер ал­дында науаға әрбір қой басына 100-150 граммнан құрама жем салады. Қойды станокқа кіргізген соң ұрықтандырушының көмекшісі жылжымалы қалқанды қозғап, қойдың мойнын бекітіп қояды. Осы­дан кейін техник-ұрықтандырушы жарық желілі кеңейткіштің көмегімен саулықтарды ұрықтандырады. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығының «Құрөзек» кешенінде жүргізілген тәжірибе көрсеткендей мұндай станокты қолдану шопандардың еңбегін едәуір жеңілдетіп, бір орындық станокқа карағанда әрбір саулықты ұрықтандыруға кететін уақытты 6,7-6,9 секундқа кемітуге мүмкіндік тудырады. Ол үшін қой ұрықтандыру жұмысын бес жылдық тәжірибесі бар бір техник-ұрықтандырушы жүргізді. Хронометраж ертеңгілік ұрықтандыру жұмысы кезінде жүргізілді. Саулықтарды қашаға қамаудан бастап, соңғы саулықты ұрықтандырғанға дейінгі барлық технологиялық процестер есепке алынады. Ұрықтандыру кезінде кәдімгі қынап айнасы мен жарық желілі кеңейткіш қолданылды.

Топтап ұрықтандыратын станокты қолданғанда жаңбырлы күндердің өзінде көмекші жұмыскердің арнаулы жұмыс киімдері көп ластанбай, олар жаңбыр суына малшынбайды. Оның үстіне ұрықтандырылатын қойларға берілетін жемшөп үнеммен жұмсалып, қойларды таңбалауда бұрынғыдай асығыстық болмайды.