Тақырып. Саяси режимдер

 

Сұрақтар:

1. Тоталитарлық саяси режим; оның негізгі түрлері мен типтері.

2. Диктатураның тарихи формалары.

3. Тоталитарлық саяси жүйесінің формасы.

4. Тоталитарлық режимдердың саяси практикасы.

 

Саяси режим – елде саяси өмірді анықтайтын мінез құлық, саяси бостандықты көрсету деңгейі және билік органдарының құқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы саяси өмір сүру тәсілі.

 

Саяси режимдердін типологиясы:тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

Тоталитаризм:әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынғаң мемлекеттік саяси құрылыстың түрі.

Тоталитаризмның пайда болуы себептері:

төнкеріс

соғыста жеңіліп қалу

ішкі қарама-қайшылықтары

сырттан көндіру

 

Қалыптасу шарттары:

қалыптасқан әлеуметтік құрылымдардың кенеттен өзгеру

әр түрлі қоғамдық топтардың маргинализациясы

саяси биліктің дағдарысы

азаматтық қоғамның күйзеліске ұшырауы

саяси сананың деформациясы.

 

Қалыптасудың негіздері:

қазіргі заманның ақпарат құралдардың пайда болуы және тұтынынушының қалыптасуы

бұқаралық саяси партиялардың қоғамдық саясатқа және әлеуметтік – процеске қуатты құралдардың ықпалы

мемлекеттік басқарманың қоғамдағы тәжірибесінің жинақталуы

бұқара халықтың әлеуметтік мәселелерін мобилизациялау жолымен шешу

күштеу мен репрессия аппаратының тармақталуын құру мүмкіндігі

 

Тоталитаризмның ерекше белгілері:

қоғамның барлық саласына бір идеология үстемдік етеді

мемлекеттік органдармен үнемі және репрессияның кезеімен қайталануын ішкі саяси құралы ретінде біріккен бұқаралық партияның монополиялық билігі

ақпарат құралдарына мемлекеттік монополияның орнауы және плюрализм толығымен жоқ болуы

мемлекет жағынаң экономиқаға қатаң бақылау

мемлекеттік емес меншіктің барлық формасын жою

 

Тоталитаризмның тарихи формалардың көріну:

тоталитаримз солшыл уклоны (сталинизм, маоизм)

тоталитаризмның оңшыл уклоны (итальяндық фашизм, немістің национал-социализмі)

 

Тоталитарлық режимге мысал келтіріңіз

 

Авторитаризм– жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін меммлекеттік-саяси тәртіп

 

Авторитаризмның өзгеше белгілері:

билік саяси көшбасшының немесе жеке топтардың қолында қалыптасуы

қоғам өмірінің шешуші құралдары мемлекеттің қолында болуы

азаматтардың және әлеуметтік саяси ұйымдардың саяси құқықтары мен жүріс-тұрысын қатаң түрде бақылау

жазалау аппаратының жоқ болу

кейбір демократия элементері болу (сайлау процесі, парламентік қүрес)

 

Авторитаризмның тоталитаризмнан ерекшілігі:

міндетті емес анық жетілдірген бірыңғай идеология

қоғамның үстінен мемлекет тарапынан ықпал жасаудың болмауы

азаматтардың ынталық пен дербестігін мадақтау

жеке өмірге қатысуына бас тарту

саяси биліктің ең басты аргументы – бедел, бірақ оған күш пайдаланбай жету

 

Авторитарлық режимдердың типологиясы (Е. Вятр)

әскери басқару

 

теократиялық авторитарлық режим

 

монархиялық авторитарлық режим

 

 

неоавторитарлық режим

 

 

персоналық авторитарлық режим

 

 

Авторитарлық режим туралы мысалдар келтіріңіз

 

Демократия саяси жүйемемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге қатысатын құқы бар халықты биліктің қайнар көзі ретінде мойындаған және азаматтары кең көлемді құқық пен еркіндікке қолы жеткен қоғамның саяси жүйесінің өмір сүру тәсілі.

 

Демократиялық саяси режимнің ерекше белгілері:

мемлекет және жергілікті өзән өзі басқару органдарын жалпыға бірдей, тең мен тікелей принцип арқылы сайлау

биліктін заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципін жүзеге асыру

азаматтық қоғамның жоғары дәрежеде дамып, мемлекет пен саяси жүйені қадағалайды

мемлекет органдарының қызметінде заңсыз саяси әдістер пайдаланбайды, керісінше келсім тәсілдері пайдаланады

мемлекет – құқықтық мемлекет

көп партиялық жүйе

легальдық оппозицияға билікпен бірдей барлық саяси құқықтар және еркіндіктер үлестіріп берілді.

БАҚ цензурадан еркін болады және заң түрде билікті сынай алады, бірақ қүзарлы органдар ішқі және сыртқы қауыпсыздығын қматиды, олардың қызметы зандармен белгілінедіоны күштеп тайдыруға құқы жоқ.

Құзырлы органдар ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп заңмен бекітіледі және олар саясаттан тыс болады.

жарияланған құқықтарға мен еркіндіктер барлық саяси жүйемен кепіл болады

плюрастік саяси мәдениет

идеологиялық плюрализм және ресми идеологияның жоқтығы

 

Саяси режимның әрекеттерінің кепілдектері:

Азаматтық қоғам негізінде мемлекеттік органдар мен аппарат қызметінқадағалау жүйесі

билік байланас бар жеңілдектер жүйесін жою

азаматтарды уақыттында саяси ақпаратпен қамтамасыз ету

билік өкілдерінің органдарда қызметте болу мерзімін шектеу

депутаттармен шенеуніктердің ауысым процедурасының жеңілдетілуі

азаматтардың теңдіктеріне кепілдектер берілу, әр адамның билікті сынау құқығын мойындау

 

Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің демократиялық режиміне өзгеру формасы:

«Жоғарғы» - реформа демократиялық өзгеріс бағдарламасын билікте отврғандар өз еркі бойынша шешеді.

Мысал келтіріңіз________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тоталитарлық пен авторитарлық режимдердің элементтерін демократияда пайдаланбау

Мысалдар келтіріңіз________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Оппозиция мен билік басындағылардың арасындағы күштерінің әрекеті келісім негізінде бірте – бірте жүрізілетін реформа

Мысалдар келтіріңіз_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Елдің экономикалық дамуының шарты саяси режимнің құрылуынан қалыптасады ма?

Жауабын түсіндіріңіз___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстан қоғамын демократияландыру ерекшеліктері қандай?________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

1-тест.Саяси режим дегеніміз:

А) мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі мен органдар жиынтығы;

Б) соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру;

В) белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;

Г) нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология;

Д) саяси жүйедегі негізді өзгерістің өктемдік тәсілі.

2-тест.Тоталитаризм дегеніміз:

А) билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Б) билік бұқаралық аппарат құралдарының жаппай әсеріне негізделген мемлекеттік құрылыс;

В) белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс;

Г) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;

Д) билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс.

3-тест.Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін «тоталитаризм» терминін саяси лексиконға енгізуші:

А) Муссолини;

Б) Гитлер;

В) Наполеон;

Г) Сталин;

Д) Мао Цзе Дун.

4-тест.Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды?

А) полиархияның;

Б) монархияның;

В) авторитаризмның;

Г) тоталитаризмнің;

Д) демократияның.

5-тест.Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.;

Б) Италияда 1922 ж.;

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Совет Одағында 1937 ж.;

6-тест.Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қайта елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.;

Б) Италияда 1922 ж.;

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Жапонияда 1938 ж.

7-тест.Ресми бекітілген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:

А) бонапартизмнің;

Б) демократизмнің;

В) тоталитаризмнің;

Г) либерализмнің;

Д) волюнтаризмнің.

8-тест.Авторитаризм дегеніміз:

А) тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;

Б) біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы;

В) ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс;

Г) билік әскери адамдардың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Д) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс.

9-тест.ХХ ғасырда авторитаризмді заңдастыру мақсатында кеңінен қолданылған идеология:

А) радикализм;

Б) консерватизм;

В) ұлтшылдық;

Г) марксизм;

Д) волюнтаризм.

10-тест.Авторитаризм теориясының негізін қалаушылар:

А) Ж. де Ментр, Л. де Бональд;

Б) Ш.-Л. Монтескье, Ж.-Ж.Руссо;

В) А.Токвиль, Д.Локк;

Г) Р.Михельс, М.Острогорский;

Д) Г.Моска, В.Парето.

11-тест.Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:

А) шіркеу;

Б) халық;

В) парламент;

Г) әскер;

Д) бюракратия.

12-тест.Авторитарлық қоғамда салынатын тиымдардың сипаты:

А) барынша жариялылық;

Б) биліктің бұйрығымен ғана руқсат етілген;

В) саясатқа қатысы жоқ нәрсе ғана рұқсат етілген;

Г) билік ауысуынан басқасының бәріне рұқсат етілген;

Д) заңмен тыйым салынғаннан басқаның бәріне рұқсат.

13-тест. Тоталитаризм кезіндегі биліктің жүргізілуінің сипаты мен мөлшері:

А) билік қоғам өмірінің әр түрлі салаларында пісіп жетілген, тәуелсіз топтармен диалог жүргізеді және оның нәтижесін өзі анықтайды;

Б) билік заңға сәйкес сайланған азаматтар өкілдері арқылы жүргізіледі;

В) билікке бағынбайтын қоғамдық өмірдің салаларының пайда болуы;

Г) қоғамның билікке деген рұқсаты аз мөлшерде;

Д) жалпы, шегі жоқ бақылау мен зорлық.

14-тест.Адамдардың тоталитаризм кезіндегі билікке қатынасы:

А) қоғамның билікке деген қатысы аз мөлшерде;

Б) қоғамның билікке ықпалы;

В) халықтың биліктен алшақтауы;

Г) қоғамдық сананың билікпен бірігуі;

Д) халықтың биліктің нақтылы өкілдерін таңдауы.

 

15-тест.Тоталитаризм кезіндегі биліктің саяси мінез-құлықтың идеалды сипаты:

А) энтузиазм;

Б) компетенттік;

В) құдіреттілік;

Г) патриотизм;

Д) заңдардың сақталуы.

 

Семинар сүрақтары:

1. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.

2. Диктатураның тарихи формалары.

3. Тоталитарлық жүйенің формалары.

4. Тоталитарлық режимдердің саяси тәжірибесі.

 

Реферат тақыраптары:

1. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер жиынтығы.

2. Саяси-құқықтық режим қамтамасыз ететін қоғамдық институттар.

3. Әр түрлі саяси режимдер жағдайында ақпарат құралдарының рөлі.

4. КСРО кезіндегі саяси режим: ерекшеліктері, дамуы, дағдырыс пен ыдырауы.

5. Қазіргі Қазақстанда саяси режимнің конституциялық бекітілу процесі.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

2. Арендт Х.Истоки тоталитаризма. М.,1996

3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М.,1993

4. Даль Р.О демократии. М.,2000

5. Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: российский конституционализм в сравнительной перспективе. М.,1998

6. Назарбаев Н. Критическое десятилетие. Алматы, 2003