Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі

Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі

“Алақан” тренингіМақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату. Уақыты:10-15 минут Көрнекілігі:ақ парақ, қарандаш Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.

Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы

«Денелік мүсіндерді» жасау.Рольдерін ауыстырып отыру арқылы жұптар жұмыс атқарады.Бір қатысушы (мүсінші) үндеместен келесі қатысушының денесінен кез-келген «мүсінді» жасайды. «Мүсіндер» дайын болған кезде алынған әсерлермен алмасу арқылы талдау жасалады

Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі

Еден-төбе-мұрын» жаттығуы Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады. Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды. Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады. Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді: Суретте ненің бейнесі салынған? Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз? Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі

«Жанұя бақыты» жаттығу.Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу. «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата - ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

 

Жер сілкіну» тренингі

Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді

Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады.

Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі

Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жаттықтыра алуға арналады.

Нұсқау: актер болуға үйренесіздер, парақтағы жазуды бет-әлпеттеріңізбен бейнелейсіздер.

Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер

Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.

Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету

Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

«Сәлемдесудің»- әртүрлі жағдайын көрсетіп беру.