ЫЗМЕТІ ҺӘМ АЯНЫШ ХАЛІ

Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,

Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.

Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,

Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.

Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,

Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,

Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,

Туғаннан міне шықтым талай жасқа.

Өкпемнен барады өтіп күзгі суық,

Бір жағынан қышытып биттер буып,

Бит жеген, ескі күпі жабағысы

Жөргекке оралғанда іштен туып.

 

Бұл битке сонан бері денем азық,

Көбінесе сондықтан да жүрмін азып.

Туысымен көргенім бәрі бейнет.

Тумай жатып қылып ем қандай жазық?

Жұрт айтады: «Еңбек қып, ерінбесең,

Маңдай термен ас тауып адал жесең,

Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң,

Ол сені алдап, арбап кетсе де есең,

Сонда сен көгерерсің»,— дейді халық,

Көп өмір өтпеді де бұған нанып?

Ес біле басталғаннан бері қарай

Бір тыныш жаттым ба, ұйқым қанып?

Адамға аса қымбат балалық шақ,

Ойға кіріп шықпайтын сор менен бақ,

АЛАДАҒЫ ЖЕБІРЛЕР

Мен жалғыз ел қызметін істедім бе?

Қаланың да дәм-тұзын ішпедім бе?

Тірі көрге түскендей жер астының

Кендерін шығарғалы түспедім бе?

Тірідей жердің асты көрім болып,

Көрден шыққан кісідей өңім болып,

Пұшпағымнан талай тер ақпап па еді,

Өнебойым қап-қара көмір болып?

Жер, қазып, қүм, тас тесеп шойын жолға,

Сүйелдер шықпап па еді біздің қолға?

Күніне 14 сағат жұмыс қылып,

Тамақтан қанша артылды ақым сонда?

Орын көп жаздай терлеп, тапқаныма:

Әкімдер алым алмай жатқаны ма?

Кәрі әкем қысқаннан соң ақша таппай,

Кеп түскем саудагердің қакпанына.

Қыстайғы киген, ішкен борыш қайда?

Борышсыз тұра алып па ең ұн мен шайға?

МІТСІЗДІК

Әкем, шешем, арғы атам солай өскен,

Олардың да өкпесін есік тескен,

Мен істеген жұмысты олар да істеп,

Мұқтаждықтан құтыла алмай, күні кешкен,

Сайдауыттай алты ұлы бар Макаң шалда,

Оларда да жасынан дамыл бар ма?

Өмір бойы өгіздей жегіліп жүр,

Не себепті бермейді оларға Алла?

Анау жүрген Қозыбағар, Сейсенбайлар,

Қойайдарлар, Ысқақтар, Бейсенбайлар,

Сондай-ақ болар ауыр адал қызмет,

Әлі күнге жоқтықпен соры қайнар.

Өмірі бәрінің де бір пішінде

 

ЗІН МЫРЗАЛАРМЕН САЛЫСТЫРУ

Ана Жақып сән түзеп, сауық құрған

Құрдасым емес пе еді бір күн туған?

Мен туғанда, табылмай қара сабын

Ол туғанда, иіс сабын тәнін жуған.

 

Менің сорлы шешеме қалжа қайда?

«Қой сат» — деп, әкем шапты көрші байға?

ОРЫТЫНДЫ

Жақыптың қай еңбегі менен артық:

Етігінде шешкен соң біреу тартып?

Құдайға не жазып ем тумай тұрып,

Туғаннан мені жоқ қып, оны жарытып?

Әлде маған таң бар ма өлгеннен соң,

Құр тәнімді қабірге көмгеннен соң,

Бұл күнгі ауыр бейнет, қайғыларды

Ұмытам ба хор қызын көргеннен соң?

Сонда ғана жамаусыз киім киіп,

Сонда ғана жақсы асқа аузым тиіп,

Сонда ғана пырақпен сайран салып,

Сонда ғана үйірлеп сұлу сүйіп.

Сонда ғана еркімше ұйқым қанып,

Бар» деген сөз қолға алынып қарала ма?

 

РУХАНИ ҚЫСЫМШЫ

Деген сөз бар болса да үміт үзбе,

Бұл медеу болса-дағы көңілімізге,

Байлардай берген ат пен асымыз жоқ,

Бере ме сол ұжмақты молда бізге?

Кедей сорлы дүниенің азабында,

Екі көзі байлардың қазанында,

Жарайтын киімі жоқ және тағы

Оқуға мұрша бар ма намазын да?

Ишандар келмеді ме сәлде киіп,

Байларға бермеді ме батаны үйіп?

Үлкен-үлкен кітаптан соқпады ма,

АДАМНЫҢ ҚАСИЕТІ ҺӘМ БАҚЫТҚА ТАЛПЫНУЫ

Жоқ, мен бұған разы тіпті болман!

Бақытты іздеу керек басқа, жолдан:

Бұл жолға көрге дейін өмірін беріп.

Жан аз ба менен басқа әуре болған?

Көнетін менде бүған тілек жоқ па,

Бақыт іздеп тулаған жүрек жоқ па?

Ақыл иесі қалайша көніп отырар

«Бейнеттен басқа алдында үміт жоққа».

«Бейнетке, жексұрлыққа, жаралғанға»

БАЙЛЫҚ-ҰРЛЫҚ ЗОРЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Қайтермін құтылуға бұл жайымнан,

Аспайды нені ойласам уайымнан,

Ақ ниет, адалдықпен қызмет қылып,

Торықтым, сұрай-сұрай құдайымнан

ЖАҚЫНЫНАН АЙРЫЛҒАНДАҒЫ КҮЙІК

Әзәзіл, орның даяр, кел ішіме,

Жүрмеймін мұнан былай ел ішінде,

Адамға өз елінен басқа ел жақсы

Түсуге тұр құбылтып бір пішінге.

БАҚЫТҚА ЖЕТЕТІН ОҢАЙ ЖОЛ

Жол қайсы құдай салған, шайтан салған,

Білмеймін, осы жері маған арман.

Мейлі құдай берсін, шайтан берсін,

Мақсатым — оқу, оқу көңліме алған.

Құдай беріп, мен болсам ишан, молда,

Байлар сыйлап, түсірмес қолдан-қолға.

Дөкей-дөкей кітаптан мен де соқсам,

Байдың ісін келтіріп, ылғи оңға.

Байын, тұрсын, болысың болар жорға.

Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып,

Шақырып тұр, мінеки, кеттім сонда.