Молда Мұса шығармаларына араб әдебиетінің әсері

Өз шығармаларын, қазақ өлең өнерінің дәстүрлі үлгісінде жазып, шығыстан (оның ішінде араб) классикалық әдебиетінен нәр алған, бар өмірін Қаратау атырабында өткізген өнер иелерінің бірі - ақын Молда Мүса Байзақұлы.

Ел аузында Молда Мұса атанып кеткен ақын Мұсабек қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданына қарасты Шоқтас деген елді мекенде 1849 жылы дүниеге келген. Бұл кісі де діни сауатты, діндар ақын адам болған. Өз ана тілінен басқа араб, парсы тілдерін білген. Жас кезінде әкесі ұстаған молдадан арапша хат таныған. Есейе келе Қарнақ елді мекенінде Қозы молда медресесінде оқыған. Ақынның мына өлеңіне қарап жастайынан шығас (араб, парсы) әдебиетінен нәр алғандығын байқаймыз.

Адамға ғылым, өнер қамшы деген, Жүйрікпін арабыға парсыменен, Аз ғана шайырлығым тағы да бар Кідірттім неше ақынды қарсы келген. Ақын өзінің араб және басқа да түрік тілдерін білгендігін бұдан да басқа өлеңдерінде айтып кеткен. Мұсабек ақын да жоғары да атап өтіп кеткеніміздей, өз замандастары секілді, өлеңдерінде араб сөздерін жиі-жиі қолданған. Ол кезде діндар қаламгерлер санаулы ғана болмады ғой. Сонымен қатар сол уақыттағы ақындарды діннен хабарсыз болуы да мүмкін емес. Онымен қоса ол кісілер өз өлендерін бір тақырыпта жазулары да ғажап емес.

Қазіргі кезде оңтүстік шайырлары жайында жан-жақты зерттеулер жүргізіп жүрген Ә. Оспанұлы Мұсабек ақынның Шора Батыр жыры жайында сөз жүргізген. Ол кісі осы жыр жайындағы қорытынды пікірінде былай дейді: «Сонымен Шора Батыр тоңірегіндегі барша әңгімеміздің тобықтай түйіні түріндегі қорытынды пікіріміз - бұл шығарма халық қазынасы қатарында саналуға лайық.

Егер онда адамның күш мүмкіндігінен тыс кереметтер келтірілген, жеке батырлардың жекпе-жек күрестерінде дінге кіріп, тілді кәлимаға келтіруді талап ету секілді кейінгі кезең қоспалары болса, олар жөнінде айтарымыз - қазақ ауыз әдебиетінде ондай белгілерден дені таза шығармалар жоқ. Ал, оларсыз шығармалар жасалған дәуірлерге тән белгілер өшіп, олар көне күндеріміздің ескерткіші ретіндегі мән-маңызын жоғалтар еді».

Ә. Оспанұлы да ол кездегі шығармалардың діни мәтінсіз болмағандығын айтқан. Дегснмен бұл кісінің кей сөзіне қосыла алмаймыз. Бұл аталған ақындар өз өлеңдерін, жырларын діни тақырыпта көп жазған. Діни сөздерді келтіре отырып халықты жақсылыққа шақырған. Діни сөздерді келтіре отырып жамандыққа бастаған ақын жоқ шығар. Себебі дін туралыққа, тазалыкқа шақырады. Осы себепті Ә. Оспанұлының: «ондай белгілерден (яғни діни, арабша сөздсрден) дені таза шығармалар жоқ»,-деген сөзіне қосыла алмаймыз. Сонымен қатар ақын Мұсабектің өлеңдерінің дені таза емес деп те айта алмаймыз.

Қазақ айтысқа бейім халық қой. Сондай-ақ айтыс үрдісі сонау ертедегі арабтарда да болған. Арабтар Ислам келмсй тұрып есте сақтауды, жаттауды жақсы дамытқан, басқаша айтқанда жазып отырған адамға: «соны жаттауға шамаң келмейді ме?»-деп күлетін болған. Ислам келіп бұл жағдайлар өзгерді. Айтыстың жаңа түрі жазбаша айтыс пайда болып дамыды. Айтыстың бұл түрі араб, парсы, түркі яғни Шығыс елдерінде тарады.

Бұл Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан жазбаша айтыс дәстүрі қазақ арасасында да кеңінен тарады. Бұл айтыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы Молда Мүса мен Сырым, Манат қыздармен хат арқылы айтыстары бар.

Молда Мұса Сырым кызға да 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан уақытта былайша хат жаған: Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай, Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай. Сыртыңнан Сырым сенің болдым асық, Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай. Ақын өзін қыранға, қызды ақсүңқарға, асыл тасқа теңеген. Арада бұл хатқа Сыр бойынның ақыны Будабай араласып, Мұсабекке жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. Отыздан асып қалған Мұсабек Төрткөл елдімекеніне досы Жылқыбайдың үйіне түседі. Ал Манат осы ауылдың жиырмадан асқан кескін-келбетіне ақыл парасаты сай қыз екен.

Мұсабек: Хат жаздым қалам алып Манатжанға, Жүзіне жанның бәрін қаратқанға, Ақ жүзін бір көрсетер күн бар ма деп, Сыртыңнан жалынушы ем Жаратқанға, -деп бастап:

Қайтейін лажсыздан кеттік біз де Кетсек те басқа да емес, көңіл сізде. Болғанмен ауыл емес, көңіл жақын, Біздерден әлі дс болса күдер үзбе. Ұлғайған жасына қарамай, жастық дәурені басында тұрғандай астам сөйлеген ақынның күйіп-жанған от жалынды, лапылдап тұрған сөздерге толы хатын алған Манат өзін ұлғайған ақынға тең санамайтынын төмендегіше ашық айтады: Жасында анық сұңқар болғаныңыз, Дариядай жігіт күнде толғаныңыз. Сыпырып жас кезінде ілсең-дағы, Тұғырға мәреден өтіп қалғаныңыз. Осылайша Мұсабек пен Манат екі мәрте хат алысады. Мұсабектің үшінші хатына Манаттан жауап келмейді. Айтыстың жалғасы ауылдағы тойда бетпе-бет кездескенде жалғасып, кейін бітеді.

Молда Мұсаның өмірі мен шығармашылығын екі ксзеңге бөлсек болады. Мұсаның шығармашылығы Абайдың шығармашылығына сәйкес келеді. Сәйкес келу ссбебі ақын жастайынан арабша хат танып, Кеңес өкіметі орнағанға дейін діни мәтінде өлең, жырлар жазып діндар қаламгср болады. Бұл уақытты шығармашылығының бірінші кезеңіне жатқызуға болады.

 

Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.

«Бекболат поэмасы» – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс суреттелетін шығармалардың ішіндегі көрнектілерінің бірі – Иса Даукебаевтың «Бекболат» поэмасы.

Поэма «Июнь жарлығы», «Елдің қамдануы», «Елге әскер шығуы», «Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны», «Би, қажырлардың жауабы», «Бекболаттың екінші рет жаулап алуы», «Бекболаттың жауабы», «Соттың жауабы мен үкімі», «Бекболат дарға бара жатқанда», «Дар түбінде төрелердің Бекболатқа айтқаны», «Бекболаттың ақырғы сөзі» тәрізді тақырыптар қойылған көлемі мен шағын тараушалардан тұрады.

Шығарма желісінде 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ даласына жеткен хабары, оған халықтың қарсы шығып, көтеріліс жасауға бел байлауы, жергілікті ұлықтардың күш көрсетуі, елдің көтеріліске дайындала бастауы, елге қарулы әскер шығып, көтерілістің күшпен басылуы, көтеріліс басшысы Бекболаттың қолға түсіп, қамалуы, ақырында дарға асуы баяндалған.

Автордың идеялық нысанасы – әділеттілік пен азаттық үшін күрескен халықтың көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейінгі азапты күндері мен аянышты халін, көтеріліс басшысы Бекболаттың ел тағдыры үшін ерлікпен қаза табуын жырлау.1916 жыл оқиғасын сол дәуірдің кӛрнекті ақындарының бәрі дерлік жырлайды. Соның бастылары – Жамбыл, Иса Дәукебаев, Біржан Берденов,Омар Шипин, Күдері, Сартай, Сәт Еспанбетов сияқты ақындар. Жетісудағы халық кӛтерілісінің кӛсемі жайылмас елінен шыққан Бекболат батыр болды. Бекболат бейнесін ақын Иса Дәукебаев поэма түрінде жырлаған. Оқиғасы үлкен – үлкен екі бӛлімнен құралған. Ақын алдымен маусым жарлығының шығып, елдің күреске түсуін, олардың жазалаушы отрядтардан жеңіліс табуын, екінші бӛлімінде Бекболаттың қолға түсіп, тергелуін, дарға асылуын суреттейді. Иса Дәукебаев поэмасында Бекболат бастаған қозғалыс тек қазақ арасындағы таптық күрес емес, патшалық тәртіпке қарсы бағытталған үлкен күрес ретінде суреттелген.

Жиырма алтыншы июньде

Даланы қара бұлт басты.

Зілді бұйрық кез келіп,

Кәрі, жастан нұр қашты.

Қырып – жойып қазақты,

Фельбаум шықты кіжініп, - дей келіп, ақын елдің күреске шығуын баяндайды. Халықтың осы бағытына қарсы патшаның жендеттік саясаты да жақсы кӛрсетілген.

Жандаралдар, тӛрелер,

Патшадан хабар алады:

«Атыңдар да, шабыңдар,

Қырғыз бенен қазақты», -деген бұйрық алған Фельбаум әскер шығарып, елдің малын талап, кәрі – жасын бірдей қырады. Үшқоңырда болған соғыста қарусыз халық асқан ерлік кӛрсетеді. Он бес кісі оққа ұшып, Бекболат қолға түседі. Поэманың бұдан арғы жері Бекболаттың тергеудегі ерлігін, халықтық бейнесін суреттейді. Тергеуде бекболат үш рет жауап береді. «Серіктеріңді айтсаі, ӛзіңді құтқарамыз» деген сӛзге, ол:

Рас, мен соғысуға шықпақ болдым,

Басыңды жер астына тықпақ болдым.

Рас десең, рас сӛз мен айтайын,

Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым.

Жалынып, жаным сұрап жыламаймын.

Айтқанын патшаның қыла алмаймын,

Пәленше жолдасым деп бекер айтып,

Күнәкәр ӛмірімде бола алмаймын...

Бекболаттың жауабы патшалық тәртіптің сыны ғана емес, ӛзінше бір үкім. Батырдың осындай ерлігіне Әндірбек, Кӛпбай сияқты байлардың сӛзі қарсы қойылған. Олар: «Бізді Бекболат қорқытты, әйтпесе біз ақ патша жағындамыз», - дейді. Бекболат екінші жауабында да алған бетінен қайтпайды:

Патша залым болды бұқараға,

Бұқара қарсы тұрмай болмас шара.

Бүйте берсең, бұқараң ӛзіңді алар,

Тӛрелер, мұныдағы ойлап қара.

Сот Бекболатты дарға асып ӛлтіруге үкім шығарғанда, ел кӛшеге сыймай кетеді. Дар түбінде де ол саспайды:

Қуанған, қорыққан бара – бар,

Кӛзіне жас алады.

Абдоллаға сәлем де,

Танырсыз менің баламды.

Басқа сӛзге уақыт жоқ,

Мойныма арқан салады.

Патша ұлықтары одан дар түбінде тағы да жауап алып, серіктеріңді айт дегенде де, ол ешкімнің атын атамай, ерлікпен ӛледі. Поэманың аяғанда ақын Бекболатпен қоштасқандай болады да, соның идеясын әсірелейді.

Сәлем де Орта жүздің баласына.

Кіші жүз Орынбордың қаласына.

Ағаңды асып отыр Алматыда,

Зарлауыма құлағың саласың ба?

деп, бүкіл елді бостандық жолындағы күреске шақырады. Иса Дәукебаев Махамбет ақын сияқты кӛтерілістің басты бір тұлғасы болып кӛрінеді. Осы жерде ақын ел пікірін де келтірген:

Ойлайды орыстар да әрбір пікір

Ісі емес бұл закон деп ыбыр – жыбыр.

Ішінен жаны ашып бұқараның,

Кӛңілі жаман қатты бұзылып тұр.

дейді халық.

Бекболат ӛлімі бүкіл халықтың ой – санасын, патшалық тәртіпке қарсы ниетін бірлестірген Қазан тӛңкерісі алдындағы үлкен бір дайындық болды. «Бекболат батыр» поэмасының басы жыр, толғау үлгісінде, аяғы 11 буынды қара ӛлең түрінде кӛбіне монолог арқылы жырланған. Ұлықтардың сұрауымен Бекболаттың жауабынан батырдың бейнесі, ойы ғана емес, саяси тәртіптің әділетсіздігі мен халықтың бостандық күткен арманы да кӛрінеді. Сӛйтіп, 1916 жыл оқиғасы, сол жайында туған реалистік жырлар езілген шаруалардың саяси күреске бастағандығын кӛрсететін үлкен тарихи құбылыс болды.

 

Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.

Байжанұлы Жаяу Мұса (1835—1929) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны. Туған жері — Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы.

Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.

Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.

Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Полония, Литуания жерінде болады.

Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулиеата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.

Шығармалары

Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.

Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады.

Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты

Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақысты асқақ әндері Қазақстан композиторларының көптеген шығармаларына арқау болған. Мұса атақты "Ақ сиса" әнін шығарған:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себепті "Жаяу Мұса".

Жаныма батқандықтан ашынамын,

Мен неге жаяумын деп басыламын?

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,

Қылығын Мұстафаның паш қыламын!

 

Тұрмағамбет Ізтілеуовтың шығармашылығы.

Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939) - халық ақыны, аудармашы.

Ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Бухара қаласындағы «Мир араб», «Көкілташ» медреселерінде оқыған.

«Мәрді дихан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану», «Әшкәбус», «Мақта» дастандары, мысал-өлеңдері мен айтыстары халық арасында кеңінен таныс. Ә. Фирдаусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне еркін аударған.

Ақынның «Рүстем-дастан», «Назым» жинақтары жеке кітап болып басылған.

Тұрмағамбет ұлы ақын шығармаларымен ерте танысып, оны медреседе оқып жүрген кезінде-ақ қазақ, өзбек, тәжік, қарақалпақ халықтары арасында кеңінен насихаттаған. Халық көп жиналатын жерлерде: базарлар мен жиындарда Абай өлеңдерін оқып, домбыраға қосылып айтып қана қоймай, жұрт-шылыққа оның мағынасын да түсіндіріп отырған. Өзінің 1910 жылы жазған «Абайды оқығанда» деген елеңінде ақынның «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
деген философиялық тұжырымын негізгі ой өрісіне қазық етіп алады да, Абайдан қалған асыл сөзді түсініп, бағалайтын ортаның олқылығына өкініш білдіреді. Оның осы кезеңде жазған басқа туындыларынан да Абай ойының әсері айқын байқалады. Тұрмағамбет тежес ұрпақты өнер-білімге үндеп, адалдыққа, адамгершілік жолын ұстауға шақырады. Тұрмағамбет өлеңдері оның Абай шығармаларының 1909 жылы Санкт -Петербургте жарық көрген жинағымен таныс болғанын танытады. Өзінің Александр Македонскийге арнап 1910 жылы жазған «Ескендір» хикаясында шығыстың басқа классиктері сияқты ұлы қолбасшының ерліктері мен шапқыншылықтарын дәріптеп кетпей, Абай жолына түсіп, құрғаққуған, «мақтан сүйгіштіктің» түбі өкініш екенін дәлелдейді. Тұрмағамбетте:

 

«Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайынан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп...»
- деген Абай тұжырымына орай хикаясын:

«Ғибрат ал, қайырымды бол, қатал болма,
Жақсы атақ болсын десең сүйек шіріп...»
- деп аяқтайды. Тұрмағамбет мысалдарынан да Абай идеясына жақындық айқын аңғарылады.

XX ғ.б. қазақша кітап шығару мен баспа ісінің дамуы.

Баспасөз – қазақ халқының қоғамдық -әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті.

ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық. Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.

Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор, көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.

ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші – баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе.
Халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени ой- пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаятының газеті» болып патшалық Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді.
Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты» газетінің соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет-журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты» газеті болды. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық – жарлықтарын, заң – закондарын әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды.
Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды.
Орыстың революцияшыл-демократиялық баспасөзі мен публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады. Орыс баспасөзінің әсерінде қазақ тілінде «Қазақстан», «Серке», «Қазақ», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұлан», «Үш жүз», «Тіршілік» және т.б. газет- журналдар шығып, қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарды.
Қазақстанда ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын құрды.
Патша самодержависінің отаршылық саясатын батыл әшкерлеп, пролетариатты оған қарсы әзірлеуде аса маңызды рөл атқарған газеттер Лениндік «Искра» , «Новая жизнь», «Орал», «Трудавая жизнь», «Степная жизнь» еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн сілтеді.
1905 – 1907 жылдардағы Қазақстан большевиктік баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революциялық күреске қатыстыруда үлкен рөл атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөздер жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды.
Большевиктік баспасөздері «Социал-демократ», «Звезда», «Правда» - Қазақстан еңбекшілерінің азаттық жолындағы күресі туралы үнемі хабарлап отырды. Орыс және қазақ еңбекшілерінің ауыр халі мен күресін жазған баспасөзхалықтың таптық ынтымақ сезімін шыңдады. Большевиктік идеалдардың ұшқындары көрінген қазақтың демократиялық баспасөздері пайда болды. «Қазақстан» газеті, «Айқын» журналы қазақтың қоғамдық ой-пікірін, әдебиеті мен публицистикасын Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың ағартушылық дәстүрлері негізінде дамытты.
1915 – 1918 жылдары Уфадағы Рама медресінде оқып жүрген қазақ жастары Б. Майлиннің ұйымдастыруымен «Садақ» журналы шықты. 1913 жылы «Елім» газеті. Россиядағы революциялық қозғалыстың жаңадан өрлеуі және дүниежүзілік бірінші империалистік соғыс кезінде большевиктік баспасөз, демократиялық бағыттағы қазақ баслымы Қазақстан еңбекшілерін самодержавиеге қарсы аттанысқа орыс пролетариаты, оның серігі еңбекші шаруалармен бірлесіп шығуын әзірлеуде елеулі қызмет етті.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Біз бітіру жұмысында, әсіресе қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен «Қазақ» газеті мен «Айқын» журналының қызметіне ерекше тоқталдық.
Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, Әлихан Бөкейханов, М. Тынышпаев сияқты қазақтың біртума талаптар шоғырын осы газеттер арқылы үзеңгі қағыстыра мәдениет майданына шығуы ұзақ уақыт отар болып келген елдің қордаланып қалған келелі мәселелерін көтерді.
Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзі – қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер еткен рухани құрал қызметін атқарды. Жалпы баспасөз атаулыға тән төл ерекшелік үгіт – насихат қызметін атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті.

Бекет Өтетілеуов шығармашылығы.

Өтетілеуов Бекет – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог. Ол кісі 1.7. 1883 жылы Қостанай облысы, Обаған ауданында туды – 9.7.1949 жылы сонда көз жұмған. Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейіннен мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.
*1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан.
* 1923 – 1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші.
*1925–1929 жылдары округтік оқу комитетінің төрағасы.
* 1930 – 1949 жылдары орыс тілінің мұғалімі болды. Өтетілеуов Ыбырай салған ағартушылық жолды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды.

Шығармалары

· “Дүние ісі ахиретке кетпес” атты тұңғыш кітабы 1912 жылы Қазанда жарық көрді. Онда ақынның екі дастаны бар.

1. Кітаптың атымен аталады.

2. “Жанғыз сәуегей сипатында”.

· Келесі кітабы “Жиған-терген” 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Оған “Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және ғалымдық пен надандық”, “Данышпан қазы”, т.б. шығармаларымен қатар Хемницерден “Құмырсқа мен дән”, Пушкиннен “Көктемнің келуі”, Жуковскийден “Туған жер”, Лермонтовтан “Үш бәйтерек”, Крыловтан 15 мысал аудармалары енген. Осы кітаптардан кейін Өтетілеуов жазушылықты біржола қойып, педагогтік қызметпен айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің “Автобиографиялық әңгімесінде” Өтетілеуовтің ұстаздық бейнесі суреттелген.

XX ғ.б. әнші-ақындар шығармашылығының ерекшелігі

Әнші ақындар поэзиясы - қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. Әнші ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі - 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан өнерпаздар халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік-өнер мектептерін, орта дәстүрін орнықтырды. Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері маңына бір шоғыр талантты топ жиналса, Маңғыстауда "Адайдың жеті қайқысы" деген атпен белгілі сал-серілер - Шолтаман, Тастемір, Досат, Тұрсын, Жылкелді, Әділ, Өскінбай ел аралап өнер көрсетті. Әнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған. Көпшіліктің ықыласына бөленген. Біржанның "Әңгіме сегіз дуан таңырқаған", "Пар келмеген еш әнші тіпті маған", Әсеттің "Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып, Орман, тоғай, өзенді жамыратып", "Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, аққумен аспанда тілдеседі" деуі тегіннен тегін шықпаған. Олар қазақ әнінің классик, биікке жетіп, формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан. Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан сал, Батыс Қазақстандағы өншілік мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір мақам дәстүрі Нартаймен байланысты. Әнші ақындар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ, т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел затының әдемі көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің "Ақтоқты", "Мақпал", "Перизат", "Ақсаусақ", "Жамал қыз", "Балқадиша", Үкілі Ыбырай әйғілі "Гәккуі", Естайдың "Қорлан", Қайыптың "Ақбөбек", Сауытбектің "Ақбөбек", т.б. махаббат тақырыбына арналған. Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше, арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. 19 ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Мәди, Жаяу Мұса, Сары Батақұлы, Иманжүсіп, Қанапия, т.б. ақындар өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздіктерді сынады. Мәселен, Жаяу Мүсаның "Ақсисасы" - теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем топтардың іс-әрекеттеріне деген наразылық пен ызакектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор туынды. Сол себептерден аталған ақындар шығармашылығы күрескерлік те қасиетімен ерекшеленеді.