ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКІ САЛДАНУ КЕСТЕСІ

Салдану түрі Орталық немесе спастикалық салдану Перифериялық, босаң немесе атрофиялық салдану
Зақымдану аймағы Ми қыртысының қозғалтқыш проекциялық аймағы немесе пирамидті шоғырлар Зұлынның алдыңғы мүйізі, алдыңғы түбіршіктер мен шеткі нервтердің қозғалтқыш талшықтары
Салданудың таралуы Жиі диффузды Жиі шектелген аймақ
Бұлшық ет тонусы Спастика, гипертонус Гипотония, бос-болбыр
рефлекстер Сіңірлік рефлекстер жоғары, тері мен табан рефлекстері төмен немесе жойылған Сіңірлік және тері рефлекстері төмендеген немесе жойылған
Патологиялық рефлекстер Бабинский және т.б. белгілер Болмайды
Синкинезиялар бар Жоқ
Бұлшық ет атрофиясы жоқ Бар
Перерождения реакциясы жоқ бар

 

ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЗАҚЫМДАНУЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

1. Сырқаттың жалпы бейнесіне, мимикасына, сөйлеуіне, қалпына және жүрісіне көңіл бөлу

2. Белсенді қимылдардың көлемі мен күшін анықтау

3. Бұлшық еттердің енжар қимылы мен тонусын анықтау

4. Қимыл координациясын анықтау

5. Нерв пен бұлшық еттердің электрлік қозғыштығын анықтау

 

Сырқаттың қалпы, аз немесе артық еріксіз қимылдары көзге түседі. Сырқатпен әңгімелескенде, мимикалық бұлшық еттердің парезі, сөйлеу бұзылыстары, дыбыс ерекшеліктері байқалады. Дірілдеу, ұстамалық тырысулар көрінеді. Міндетті түрде сырқаттың жүрісне көңіл бөледі, жүрісі өзгерген: гемипарезде – гемиплегиялық жүріс, Вернике ө Манна кейпі; төменгі спастикалық парапарезде - спастикалық неемесе спастико-паретикалық жүріс. Босаң парапарезде сырқаттың табаны салбырап тұрады, жерге сүүйртпес үшін аяғын жоғары көтеріп жүруге мәжбүр («әтеш» немесе перонеальды жүрісі).

Белсенді қимылдар жоғарыдан төмен зерттеледі:

- Бетте маңдайын жоғары тыржиту, қабағын жұму, көз алмасының қимылдары, ауызын ашу, езуін тарту, тілін шығару.

- Басын қырына бұру көлемі, иығын жоғары көтеру. Қолын горизонтальды және одан жоғары көтеру, шынтақ, білезік және саусақ буындарында бүгу, пронация мен супинация қимылын жасау, саусақтарын біріктіру мен ажырату. Қайталап жұдырығын жұмып-ашуын сұрау жатады.

- Еңкею-тік тұру, оңға-солға бүгілуді сұрайды.

- Жамбас, тізе, тобық пен башпай буындарында бүгілу мен жазылу қимылдары зерттеледі. Аяқтың ұшымен және тлерсекпен жүруді зерттейді.

Бұлшық ет күшін анықтау; Бұлшық ет күші бес баллдық өлшеммен бағаланады: 0 балл – сал болып қалу; 1 балл –әзер пайда болатын қимылдар; 2 балл – ептеп қимылдау; 3 балл – қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтеру; 4 балл – бұлшық ет күші азайғанме, қимылы толық; 5 балл - бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған. Салдануды анықтау мақсатында Барренің жоғарғы және төмен сынағын жүргізудің диагностикалық маңызы ерекше. Барренің жоғарғы сынағын анықтау үшін сырқатқа қолдарын горизонтальды деңгейде ұстап тұруын сұраймыз, сырқат салданған қолын ұзақ ұстай алмайды. Барренің төменгі сынағы – сырқаттың аяқтарын қиғаш деңгейде ұстап тұруын сұрайды. Салданған аяғын әлсіздіктен ұзақ ұстай алмайды.

- Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.

- Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігердің қолды жазбақшы болған қимылына қарсыласады.

- Трицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальды деңгейде ұстап түрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.

- Қолдың әкеткіш бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласу керек.

- Қолдың әкелгіш бұлшық еттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласу керек.

- Саусақтардың күшін анықтау үшін екі саусақтарын кезек кезекпен сақина тәрізді қысып тұрады, дәрігер сол сақинаны үзуге тырысады. Вендерович сынағы – барлық саусақтарды біріктіргенде, дәрігер 5-саусақты ажыратуға тырысады. Салдану кезінде 5-саусақ оңай ажырап кетеді.

- Аяқтарда да бұлшық ет күшін анықтау қолдағыдай жүргізіледі.

 

Бұлшық ет тонусын зерттеу тыныштықтағы бұлшық еттің пальпациясынан басталады. Атония немесе гипотония кезінде бұлшық еттер бос және болбыр болады. Буындағы енжар қимылдар босаған болады. Гипертонус кезінде бұлшық еттер тығыз, кернелген. Ал буындағы қимылдар буындардағы қимылдар шектелген. Енжар қимылдарға қарсыласу тән. «Бүктелген бәкі» симптомы – орталықтан салданған мүшені дәрігер бүгіп-жазғанда, алғашында бұлшық еттердің қарсыласуы сезіледі, кейін бұл сезім жойылып қол-аяқты бүгу-жазу жеңілдейді.

 

Клинические синдромы перерыва двига­тельных путей.

 

А. Субкортикальды зақымдануда (ісік, гематома, инфаркт және т.б.) – қолдың немесе аяқтың контрлатеральды парезі дамиды. Қолдың майда жұмыстары. Моноплегия емес монопарез дамиды. Джексон эпилепсияы тән.

Б. Ішкі капсуланың зақымдануы – спастикалық гемиплегия дамиды. Бет кейде тіл асты нервінің контрлатеральды салдануы мүмкін.

В. Ми аяқшаларының зақымдануы - контрлатеральды спастикалық гемиплегия

Г. Ми көпірінің зақымдануы – контрлатеральды, кейде билатеральды гемиплегия. Әкеткіш және үшкіл нервтің ипсилатеральды зақымдануы мүмкін.

Д. Пирамиданың зақымдануы – контрлатеральды бос шеткі салдану дамиды.

Е. Мойын деңгейінде зақымдану, яғни латеральды пирамидті жол зақақымданады - Өз жағында спастикалық гемиплегия дамиды.. Бүйірлік амиотрофиялық склероз немесе шашыранды склероз кезінде кездеседі.

Ж. Кеуде бөлігінде бір жақты зақымданса, ипсилатеральды аяқтың спастикалық моноплегиясы тән. Егер екі жақты зақымданса, спастикалық параплегия дамиды. БАС және шашыранды склероз ауруларында кездеседі.

З. Алдыңғы түбіршіктің зақымдануы - перифериялық мотонейрон зақымдандықтан, ипсилатеральды шеткі салдану тән.