Скери демократияның қалыптасу мәселелерін анықтаңыз? 1 страница

Әскери доктрина- ғылыми негізделген, ресми қабылданған әрі үзақ мерзімге арналған басқыншылықты тойтару, қорғану, мемлекетгің соғысқа даярлығын, әскери саясаттың стратегиялық, техникалық, экономикалық, құқықтық және басқа да маңызды қырларын қарастыратын, болашақ мүмкін болар соғыстардың мақсаты мен маңыcын, мәнін айқындайтын көзқарастар жүйесі. Әскери доктрина нақтылы тарихи жағдайда төнер қауіптерді ашып көрсетіп, мүмкін болар қақтығыстардағы негізгі қарсыластарды немесе жақтастарды анықтап, тармақты жолдарын, әскери міндеттердің шешілу тәсілдерін белгілейді, қарулы күштерді дамытудың әскери қүрылысының бағдарламасын жүзеге асырып, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін саяси күш салу мен әскери қүралдардың өзара әрекеті мен үйлесуін қадағалайды.

Әскери доктрина (Военная доктрина) — ықтимал соғыстың болу мүмкіндігінің сипаты, мақсаты, маңызы, мәні, оған елді, Қарулы Күштерді дайындау және оны жүргізу тәсілдері туралы мемлекетте белгілі бір уақытта қабылданған көзқарастар жүйесі. Әскери доктринаның негізгі қағидалары мемлекепің әлеуметтіксаяси және экономикалық құрылысына, өз елінің және қарсылас елдің экономикасының, соғыс жүргізу құралдарының және әскери ғылымының даму деңгейіне, географиялық жағдайына негізделеді. Әскери доктринаның бір-бірімен тығыз байланысқан және шарттас әлеуметтік-саяси және әскери-техникалық екі жағы болады. Әлеуметтіксаяси жағы ықтимал мүмкіндігі бар соғыс мақсатына орайлас әдістемелік, экономикалық, әлеуметтік және зандық, негіздерін қарастыратын мәселелерін қамтиды. Ал әскери-техникалық жағы әлеуметтік-саяси мақсаттарға сәйкес тікелей әскери құрыныс, Қарулы Күштердің техникалық жабдықталуы және оларды дайындау, Қарулы Күштердің операция, соғыс жүргізу тәсілдері мен нысандарын анықтау мәселелерін қарастырады.мемлекеттік міндет.

12-Сұрақ

Л.Г. Морганның адамзат тарихын дәуірлеу құрылымының маңызына анализ жасаңыз?

 

1. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамнының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл ірге тас үйленумен құрылды. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осындай іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меңшіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меңшіктің пайда болуына байланысты ол моногомиялық ( бір некелік ) отбасы мен ауысады.

Принципінде отбасы – тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дің, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.

Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әртүрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – экстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет.

12.Л.Г.Морганның адамзат тарихын дәуірлеу құрылымының маңызына анализ жасаңыз.Адам тәрбиесінің тарихи дәуірлердегі көріністерін сипаттау үшін ең әуелі міндетті түрде Американың атақты ғалымы Л.Г. Морган ұсынған адамзат қауымының даму классификациясын пайдаланған жөн. Ол өзінің «Көне қоғам» атты еңбегінде тағылық, жабайылық, мәдениеттілік делінетін үш түрлі кезеңдердің мәнін ашып, оның тағылық пен жабайылық кезеңдерінде төменгі, орта, жоғары сатылары болатындығын терең талдаулармен дәлелдеп береді. Оның бұл еңбегін қолдану кезінде КСРО — ның идеологиясы үзілді-кесілді тыйым салғандықтан, ол елеулі ғылыми жаңалық ретінде аталынбайтын да еді. Л.Г. Морганның өмірлік негіздерге сүйенген ғылыми зерттеулері бойынша, адамдардың алғашқы қауым болып бірігуіндегі қарым — қатынастары әлі де дәстүр — салтқа айнала қоймағандықтан, отбасы зандылықтары да бірте — бірте қалыптасқандығын айтады. Мінеки, осы классификацияны пайдалану арқылы Тас, Жаңа тас, Қола дәуірлеріндегі адамзат қауымының тәрбиесіндегі дамуды салыстырмалы түрде анық байқауға болады. Адам баласының табиғат қойнауынан әлі де ажыраса коймаған кезеңі — мөлшермен тас дәуірімен сәйкес келеді. Әйтсе де, құпия сырлары ашыла қоймаған құбылыстар жер бетінде қаншалықты көп болса, солардың ең бір күрделі де қиыны — адам баласына байланысты ашылмаған жұмбақ жайларды атаған жөн. Бұл жайында тіпті басқаны айтпағанда, тек адам баласының шыққан тегі туралы сауалдардың өзі бір төбе. Алайда, адамның Жер бетінде пайда болуы қалайда бір ғаламат жолмен емес, осындағы тірі табиғаттың сатылай жетілуі мен ұзақ дамуының нәтижесі екендігі ғылымға аян. Ғылымның пайымдауы бойынша — Адам жануарлар дүниесінен шыққан, Бірак, бұл пайымдауды дәлелдеу керек. Әйтпесе, оның ешбір құндылығы да болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзінің антропологтары, бұл салада табылған күллі ғылыми олжалардың негізінде, адамзат қауымының бірте-бірте қалыптасу тарихын айқын да анық етіп ажыратқандай еді. Адамның шыққан тегін іздестіру жолында, ең әуелі алғашқы маймылдардың тегі бірнеше салаларға жіктеліп, олардың өздері де бастабында маймақ жануарлар мен лемурлар болғаны анықталып отыр. Солардың ішінен келе — келе мартышка тәрізді маймылдар (макакалар, павиандар) өзгелерден едәуір бұрын оқшауланады. Бұдан кейін гибон және дриопиттер… немесе ағаштардың бастарында тіршілік ететін маймылдар бөлініп шығады, Міне осы маймылдар шамамен 25 — 30 миллион жылдар бұрын өзара даралана жетіліп екі түрлі тармақка бөлінеді: бірі -сол кездегі қалыптарынан онша үлкен өзгерістерге ұшырамай бүгінге дейін жетіп, бұрынғысынша сол ағаш бастарында тіршілік еткен күйі жануарлар дүниесінде қалды. Ал, екінші тармағы — адам тегінің бастау алуына себепкер болған. Міне, біздің қысқаша «өмірбаянымыздың» бейнесі осындай. Дегенмен адам тегі жайын-дағы ғылыми сайыстар әлі де жүріп жатыр. Жалпы Тас дәуірінің ұзақтығы — мөлшермен 180 мың жылға созылған. Тас қоғамы, немесе палеолит заманы — түгелдей адамзат қауымының тағылық кезеңін қамтиды. Оның өзі үш сатыдан: төменгі, орта, жоғарғы, — деп бөлінетіндігі белгілі. Адам баласы өзінің тағылық кезеңінің төменгі сатысында әлі табиғат қойнауында болса, ал, орта сатысында алғаш рет отты пайдалануды үйреніп, бүкіл тіршілігіне өзгерістер әкелген ұлы жаңалығын ашады. Тағы-лық кезеңінің жоғарғы сатысында адамдар найза, садақ құралдарын жасап, ілгерілей дамуының тағы да бір баспалдағына көтеріледі. Міне, осылайша мимырт баяу дамуының өзінде-ақ адам дене тәрбиесі мен жан дүниесінің тәлімдерін де үнемі жетілдірумен болады. Бұл шақта отбасын құру тәртібі бір ізге түсе қоймағанымен бұрынғы тым қарабайырлығынан өзгере де бастайды. Адам баласы өзі шыққан жаратылыс қойнауынан мүлдем құралақан, ешбір тәрбие — тәлімсіз шықты деуге болмайды. Өйткені, ол шыққан жануарлар әлемінде тіршіліктің төрт динамикасының үшеуі – өзін — өзі сақтау, жыныс қатынасы мен ұрпақ қалдыру, үйірін қорғау тәрізді аса күшті түйсіктер қалыптасып қана қоймай, сонымен қоса жетілу мен сұрыпталудың тамаша тәжірибелері табиғи заңдылықтарымен өркенін жайып үлгірген болатын. Мінеки осынау жануарлар әлеміндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің тәжірибелері, түгелдей адам баласының игілігіне қызмет етуден ешқашан да жаңылған емес. Сондықтан да, адам баласы өзі шыққан жаратылыс ортасындағы биологиялық заңдылықтарға бағынатын түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбие хақында, тіпті анығырақ айтсақ, адам баласына дейінгі жануар-лар әлемінде қалыптасқан қарым-қатынастардың тәртібі мен ұрпақ тәрбиесіндегі тәлімдік көріністердің өзара байланыстары жайындағы зандылықтарды ескермей болмайды. Адамзат қауымы өзі өрісін ашқан саналық тәрбиенің алдында жануарлар дүниесі пайдаланған, әсіресе сүтқоректілердің түйсіктік және қарабайыр саналық тәрбиелерін ескермеуден қазіргі адамзат қауымының ұрпақ тәрбиесінде қабағат ауыр қателіктер бой көрсетуде. Біз табиғаттың барлық ғаламаттарына көңіліміз бен көзіміз тойған адамша қарамай, керісінше санамыздың таңырқау мен таңдана білу қасиеттеріне еркіндік бергеніміз жөн. Мүмкін сондай сәттерде ара ұясы мен құмырсқа илеуіндегі әбігерліктерден жүрегімізді лүпілдете ойға қалдырар әсерлерді аңғарармыз. Жалпы Сіздер сонда, олардың әрекеттері мен қимылдарынан аса тамаша реттелген түйсіктік механизмді ғана емес, адамның сезімдеріне әсер ететін, тіпті оның ой-өрісіне жақын сипаттардың бар екенін өз көздеріңізбен көресіздер. Адам баласы өзінің тағылық кезеңінің орта сатысында, бүкіл тіршілігінің мәні мен мазмұнына өзгеріс әкелетін ұлы жаңалыққа колын жеткізеді. Ол жаңалықтың аты айналасына жылылық пен жарық әкелетін от атты құдіреті мол құбылыс болатын. Міне, адам отты ашқанға дейін өзі де Жер бетіндегі өлі және тірі табиғаттың бір бөлшегі тәрізді. Жаратушының жаратынды заттарының бір түрі ғана болып саналатын еді. Ал енді отты серік ете бастаған адам баласы, өзі өмірге әкелген жасанды заттардың түрлерін біртіндеп көбейте береді. Осылайша, Жер бетінде Жаратушының (табиғаттың) жасаған жаратынды заттарымен қоса, Адамның қолынан шыққан жасанды заттардың түрлері көбейе түседі. Сөйтіп, от ең әуелі адамдардың ой-қиялына қозғау салып, оның ойлау қабілеттерін күшейтеді. Олар от арқылы біртіндеп айналасындағы үрей мен қорқыныштардан құтылып, үнемі еңсесін басып тұратын қараңғылықты сейілтеді. Салыстырмалы ойлау тәсілдерін игере бастайды. Осының арқасында ол оттың көмегімен тән қажеттілігін іздеу арқылы — ең алғашқы аса қарапайым нұсқадағы — табиғи ғылымдардың (физика, химия, биология.., т.б.) негіздерін қалай бастаса, ал жан дүниесінің қажеттілігін аңсау арқылы әуел бастағы рухани ғылымдардың (сөз, тағылым, тәлім, құлық, айла т.б.) бүгінгі халық педагогикасы мен психологиясының қарабайыр сұла-бапарын қалыптастыра береді. Сонымен алғашқы адамдар оттың арқасында біртіндеп жетіле бастаған саналарына, тәні үшін физиология заңдылықтарын, ал жаны үшін тәлімдік тағылымдарын жетілдірумен қоса, көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан — ұрпаққа жалғастырып отырған. Ендеше, Адам және Ғылым бірінсіз — бірі өмір сүре алмайтын егіз ұғым және егіз құбылыс екен. Осылайша, адамды адам еткен ең әуелі от, сонан кейін еңбек еді, — деп бұрынғы Ф. Энгельстің тұжырымына аз — кем өзгеріс енгізген жөн. Адамзаттың тағылық кезеңінің орта сатысындағы оттың ықпалын осылайша ғана тұжырымдамасақ. оның бүкіл сипаттарын айтып түгендеу мүмкін емес. Адам бойындағы өнер тапқыштықпен ізденгіштік қабілеттерінің біртіндеп дамуының арқасында, жалпылама қажеттіліктер — күрке жасау, ошақ қазу, тамақты теріп жеу, т.б. сол сияқтылармен қоса, келе — келе арнаулы құралдар: найза, садақ, пышақ, көсеу, балға, балта тәрізді көптеген мақсатты саймандарды ойлап табумен қоса, оның ыңғайлы түрлерін де жетілдіре береді. Осылайша, адам өндір-гіш құралдардың арқасында кез келген мақсаттарын ұтымды орын-дайтындығына әдеттене түседі. Мұның өзі түрлі саладағы қажетті заттарды жасауға деген бейімділіктің қайнар көзіне айналады. Адамның тән құрылысының тәлімі нәзіктенген сайын, оның жан дүниесінің күрделенуі мен рухының жетілуі жеделдейді. Енді ол өте қарабайыр болса да материалдық құндылықтар мен рухани байлықтардың алғашқы қадамдарын жасай бастайды. Бұл шақта отбасын құру тәртіптері бір ізге түсе қоймағанымен, бұрынғы тым қарабайырлығынан имандылық жолдарына ыңғайлана береді.

 

 

13.Кроманьон адамдарының пайда болуының және олардың еңбек қызметіне анықтама беріңіз. «Саналы адамның» сүйегі алғаш табылған жер Кро-Маньон үңгірі болғандықтан кроманьондық деп аталды. «Саналы адам» тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды.Рухани жағынан жетіле түсті.Үңгір қабырғаларына салған суреттері бұған дәлел болады.Діни наным-сенімдері қалыптаса бастады, адамды жерлегенде түрлі әшекей бұйымдарын бірге жерлеген.Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Жеміс- жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап, азық етті.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды.Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады. Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды. Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын.Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша – хауас сәлим, қазақша – рух, санскритте – аура, орысша – дух, латынша – спирит, ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан.

14.Алғашқы тұрмыстық көне адамдардың тұрақтары және баспаналарын саралаңыз. Алғашқы қауым — адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық-экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты — қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.Неолиттік дәуірде еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде ең қарапайым шаруашылықтан (аңшылық, терімшілік, балық аулау) өндіруші шаруашылыққа (жер өңдеу, мал өсіру) өту процесі іске асты. Өндіріс қуатының өсуі тұрақты артық өнім шығаруға, қауым ішінде әлеуметтік қатынастардың өзгеріске ұшырауына, сыйлық алмасу жүйесінің дамуына негіз қалады. Әйел үстемдігіне негізделген некеден патриархаттық некеге, кейіннен моногаметалық некеге өтуге байланысты отбасының нығаюы және оның қауым шеңберінен дербестігі бірте-бірте арта түсті. Қауымдық меншік жеке меншікпен толықтырылды. Өндірістің жекешеленуі және отбасының нығаюы Алғашқы қауымдық ұжымшылдық пен қауымның тұтастай әлсіреуінің белгісі еді. Өндіргіш күштердің дамуына қарай (қола және темірден жасалған еңбек құра-жабдықтарына көшу) және отбасы арасында территориялық (көршілік) байланыстардың орнауына байланысты бірте-бірте Алғашқы қауымның ыдырауына әкелген көршілік, кейіннен жер өңдеуші қауым дүниеге келді. Жерге жеке меншік пен қауымдық меншік арасында ішкі қайшылық пайда болды. Мұндай ішкі қарама-қайшылықтың дамуы қоғамдық әлеуметтік жіктелу мен мемлекеттің пайда болуына жағдайлар жасап берді. Алайда адамзат тарихының бастауындағы қауымдаса өмір сүріп, шаруашылық жүргізу үрдісі әр түрлі үлгіде дамып, жалғасып келді. Әсіресе, шығыс халықтары дәстүрінде, табиғаты қатал аймақтарда қоныстанған өзге де халықтар тұрмысында өндірісті жүргізудің қауымдық түрі 20 ғасырдың соңына дейін сақталып отыр.

 

15.Ч.Дарвиннің еңбектері мен теорияларын алғашқы қоғам тарихындағы маңызын және орнын сипаттаңыз.Ч. Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғ соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жанурлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Ғылымдағы жетістіктері. ХІХ ғ жаратылыстану саласында – геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Чарлз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігердің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Роберт өз заманында атақты дәрігер болған. Ч.Дарвин мектеп бітіргеннен кейін 1826 ж Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға қабылданады, бірақ оны тірі табиғат көбірек қызықтырады. әкесінің ұйғарымымен 1828 жылы Кембридж университетінің діни факультетіне оқуға қабылданады.1831 ж Кембридж университеттін бітірген Дарвин сол университеттің профессоры Генсолдан «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатыны және осы саяхат кезінде табиғат зерттушісі болып жұмыс атқаратындығы жайлы шақыру хат алады. Ол 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп мәліметтер жинайды.«Бигль» кемесі Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасауды мақсат етіп қойды.Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч. Дарвиннің ілімі. Адам қолмен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің қасиеті тек организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым Ч.Дарвин. Ол адамның қолдан сұрыптау мен табиғатта болатын сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажыратып, қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу. Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген.1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесінде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты - Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді.Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.Болашақ әйгілі ғалым ағылшынның шағын қаласы Шрусбериде туды.1831 жылдың көктемінде Чарльз Кэмбридж университетінің дін ілімі факультетін бітіреді, бірақ поп болып істеуден бас тартады. Оны өсімдіктер мен жәндіктерді зерттеу ісі қызықтырады.Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар: «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871 ж.)«Адам мен жануарлардын мінез–құлықтары» (1872 ж.). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады.Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі.Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды