Скери демократияның қалыптасу мәселелерін анықтаңыз? 2 страница

16-билет.Алғашқы тұрмыстық қоғам пәнінің маңызына және алатын орнына баға беріңіз.Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық-экономикалық формациялар:алғашқы тұрмыстық-қауымдық,құл иеленушілік,феодалдық,капиталистік,коммунистік формациялармәлім.Алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуынан таптық қоғамдар мен мелекеттердің тууына дейінгі бүкіл орасан үлкен уақыт кезеңін қамтитын осы формациялардың алғашқысы болып саналады.

Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын,оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын,оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуымен алғашқы қадамдарын зерттейді.Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу,оның қалыптасуының,дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету,оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.

Алғашқы тұрмыстық қауым құрылысына өндіргіш күштер дамуының өте-мөте төменгі дәрежеде болуы тән.Оның бүкіл дамуы бойында дерлік қарулар жасау үшін басты материал болып тас қала берді,бұдан жетілдіруге зорға дегенде көнетін тек ең қарапайым өндіріс құралдарын ғана жасауға болатын еді.Сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамдарының еңбек дағдылары мен өндірістік тәжрибелері де мейлінше жетілдірілген еді.Техникалық жағынан нашар жабдықталған өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы тұрмыс адамы табиғат ортасында бір өзі қорғаныссыз болды.Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін коллективтік еңбек пен еңбек құралдарына және өнімдеріне коллективтік меншіктіліктің сөзсіз бірігу қажеттігі туды.Алғашқы қоғам жеке меншікті,адамды адамның қанауын және халықтан бөлінген күштеу өкіметін білмеді.Бұл тапқа дейінгі,мемлекетке дейінгі немесе оны сондай-ақ В.И.Ленин атағандай,алғашқы тұрмыстық коммунисік қоғам деді.

Алғашқы тұрмыстық қоғам құрылысының осы аса маңызды еркшелігі,оны зерттеудің неге тек танымдық қана емес ,сондай-ақ үлкен дүниеге көзқарастық маңызы да болатынын түсіндірді.Алғашқы тұрмыстық тарихының деректері жеке меншіктің,әлеуметтік теңсіздік пен мемлекеттік өкіметтің шығуына нұр құйды,таптық қоғамның осы негізгі институттары мүлде мәңгі еместігін ,демеек адамның қоғамдық тіршілігінің тіректері өзгеріссіз қалмайтындығын көрсетеді.Міне,сондықтан да ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар өздерінің еңбектерінде капиталистік қоғамның сөзсіз апат болуының теориялық негіздемелерінің бірі ретінде оның деректерін пайдаланыпр,алғашқы тұрмыс тарихына талай рет көңіл аударды.

Ақырында алғашқы тұрмыс тарихының деректері тікелей практикалық маңыздан да құр алақан емес.Біздің еліміздегі соцализм құрылысының бастапқы кезінде бұлар оның ең кейінгі таптық укладтарымен өз ара әрекеттестігінде ,алғашқы тұрмыстық қауымдық укладтық формалары мен көріністерін ғылыми талдауды талап еткен және бұрын неғұрлым артта қалған ұлтты шеткі аймақтарды қайта құруда ойдағыдай пайдаланылды.Қазіргі кезде бұл деректер тағы да актуалды болып отыр. Алғашқы қоғам тарихы пәні адамзат тарихының ең көне дәуірін, яғни адамның жануаралар дүниесініен бөлініп, қауым болып қалыптасуын, оның қоршаған табиғи ортаны игерудегі іс-әрекеті, материалдық-рухани мәдениетінің дамуын және мемлеекеттік сатыға өту мәселелерін кешенді түрде қарастырады.

Алғашқы қоғам тарихының маңызды жағы, оның біртұтас тарих ғылымының спецификалық бөлімі ретінде көрініс беруі этнография; археология және антропология ғылымыдарымен үйлесімділігінде деп санаймыз.

Алағашқы қоғам тарихының маңызы, оның жоғары даму сатысындағы қазір дәуірдің барлық құбылыстарының түпкілікті бастауларын беруінде және алғашқы қауымдық дәуірдің негізгі мәселелерінің (адамның пайда болуы, нәсілдік белгілердің мәнісі, ұжымдық концепциясы, жеке меншік мәселесі, діни-нанымдары, рухани-мәдени бастаулары) идеологиялық астарларын қарастыруында.

Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлудегі археологиялық, геологиялық және палеантропологиялық дәуірнамаларға бөлеміз.

 

17-билет.Қауымдық-рулық ұжымның қалыптасуына классификация жасаңыз.Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды.Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық коллективтерінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады.Бірақ сонымен бірге ,бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды ,мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті.Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстық табынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді,сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдайлар анықтап берді.Біріншіден,жаңа ұйм қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін өзінен-өзі туған табиғи,қандас туыстық,бірден-бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді.Екіншіден ,жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де ,демек әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға ,яғни аналық,әейлдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды.Ақырында,үшіншіден сол кездегі коллективтердің ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі рөл және балаларға қамқорлық жасау,отты сөндірмей ұстау,үй шаруашылығын жүргізуде ерекше рөл атқаратын әйелдер болды.Барлық осы жағдайлардың арқасында алғашқы тұрмыстық адам табынын алмастыруға тиісті қоғам ұйымының формасы аналық ру немесе аналық рулық қауым болуға тиіс еді.Ертедегіден кейінгі палеолитке көшу стадиясында аналық рулық қауымның тууын жанама ,бірақ пайымды археологиялық деректер дәлеледеп отыр.СССР-дің ориняк тұрақтарында орасан зор,бірнеше ондаған ,кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды,бұларды салып пайдалану тек мықты біріккен өндірістік коллективтердің қызметімен ғана байланысты бола алатын еді.Бұл тұрақтардың кейбіреулері егжей-тегжейлі қарағанда,этнографияда мәлім ,атап айтқанда ирокездердің ұзынша үйлері деп аталатын аналық рулық қауымның мекендеген жерін еске түсіреді.Осы уақытқа жыныстық белгілері ,баса көрсетілген ориньяк және солютре әйел мүсіндерінің көптеген олжалары да жатады.П.П.Ефименкодан кейін көптеген археологтар осы ориньяк «Шолпандары»дейтінді ана-арғы әжелердің басына сиыну ретінде алып қарастырады.Бұларды арғы-әжелер емес,үй иесі де үй ошағының сақшысы ,рулық топ өмірінің шоғырын бейнелеуші деп танып,оларға жуырда С.А.Токарев басқа тұжырым берді.Толып жатқан этнографиялық параллельдермен растала түскен екінші көзқарас ,сірә,шындыққа жанасатын шығар.Бірақ, қайсысныкі дұрыс болса да кейінгі палеолиттік тұлғашалар қоғамның өмірі мен дүниеге көзқарастағы әйелдердің еркше орнын атап,аналық-рулық иемденушіліктің туғанын көрсетеді.

Алғшқы тұрмыстық адам табынынан айырмашылығы аналық рулық қауым,енді қалыптасқан «дайын»адам қоғамы болды.Бұларда алғашқы тұрмыстық коллективизмнің бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті,мұнда көптеген совет зерттеушілері айтып отырғандай,жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі,олардың қандас-туыстық байланыстарының үйлескендігі болды.Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндіріледі.Осы арқылы туықандық қатынастарды мойындау қоғамдық маңызға ие болды,өндірістік коллективтің негізгі шоғырлаушы белгісі болып алғандай еді.Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзогамия,яғни ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды.

 

18-билет.Питекантроптар және олардың еңбек қызметіне сипаттама беріңіз.
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия,Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен.

Питекантроп, тік жүретін тіршілік иесі бола отырып, осы заманғы адамнан, сірә, жартылай иілген аяқтарының неғұрлым аз жүрісімен көзге түскен. Бірақ оның осы заманғы адамнан жалпы айырмашылығы бас сүйек қорабының құрылысына қарағанда бұл ерекшелігінде де аз еді. Тік жүруге дағдылану, әрі алдыңғы қозғалыс мүшелерін еңбек іс-әрекетіне босату, осы сатының өзінде-ақ аяқталған, ал мидың дамуы бұлармен салыстырғанда әлі кешігіп жатқан еді деп айтуға болатын. Ол түсінікті де: бұл тұрпайы еңбек актыларынан тұратын кезде еңбек іс-әрекеттері дамуының алғашқы кезеңдерінде қалыптасқан тік жүру және бос тұрған қол, қарапайым еңбек операцияларын жасау қабілеттері дамыған мидан гөрі неғұрлым маңызды және қажет еді. Питекантроп миының көлемі 900 см? болды, ал бас сүйегі тұрпайы құрылысы мен маймылдың көп белгілерінің, атап айтқанда, бас сүйегінің шағындығымен және қабақ үстінің қатты дамығандығымен сипатталатын еді.

Питекантроп қаруларды даярлай білді деген дәлелдер жоқ, өйткені бұлармен тас индустриясының ешқандай қалдықтары табылмаған. Алайда барлық төрт особьтің сүйек қалдықтары қаруларды табу мүмкіндігі жоқ ауысып кеткен күйде табылған. Бірақ Явада осы қабаттарда, питекантроп олжаларының сол фауналарымен тас қаруларының олжалары жасалған. Бұл қаруларды питекантроптар қалдырды деуге барлық негіздер бар, олжалар тобының кеңейе түсуіне қарай питекантроптар шелль және ашелль мәдениетіне жататын еңбек қаруларымен пайдаланған деген тұжырымға көбірек бой ұруда.

 

19-Нәсілдердің қалыптасу құрылымына анықтама жасаңыз. Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

· экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

· еуропалық,

· моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Әуел бастапқы эйкумендердің кеңінен тарауы адамзаттың нәсілдік жіктелуіне мүмкіндік берді.Кейінгі палеолит дәуірі адамдарының бас суйектерінің табылуы ,осы кездегі адамзаттың нәсілге бөлініуінің негізгі ерекшеліктері ,сол кейінгі палеолит дәуірінің өзінде –ақ жеткілікті айқын білінгенін,дегенмен де қазіргі кездегіден оның аз болғандығын көрсетіп берді.Нәсілге бөлінушілік материктер шекараларымен біршама дәл келіп отырды.

Европоидтық нәсіл көбіне-Европада,монголоидтық нәсіл –Азияда қалыптасты,негроидқ нәсілдердің өкілдері Африка мен Австралияны мекендеді.Бұдан өзгеше шекаралық аймақтарда-Жерорта теңізіндегі оның Еуропалық жағалауында негроидтық нәсіл өкілдері кездеседі,ал Африкалық жағалауында европоидтық топтар,Кавказ Орта Азияны негізінен европоидтық нәсілдер өкілдері мекендеді.Оңтүстік және Оңтустік Шығыс Азияда негроидтар монголоидтарменжәне европоидтармен араласып кетті.Сонымен,адамзаттың ең үлкен үш нәсідерінің арасында морфологиялық айырмашылықтың пайда болуында немесе антропология деп аталып жүрген бірінші қатардағы нәсілдік айырмашлықта негізгі рольді екі фактор атқаруы ықтимал,сөзсіз әр материктер арасындағы өте айқын көрінетін табиғи шектердің болуынан пайда болған тұтас материктердіңкең байтақ даласындағы оөшауланушылық болды.Бейімдеушілік мәні бар нәсілдік белгілерге мысал келтірейік.Негроидтық нәсілдердің классикалық өкілдерінің терілері өте қара,шатары бұйра,мұрындары өте жалпақ ,еріндері қалың,дүрдиген болады.Белгілердің бұл комплексі негроидтардың өмір сүрген орта жағдайларына физиологиялық бейімделудің сәтті үлгісі болып табылады,ол бұл орта,ең алдымен,өте жоғары температурамен және аса ылғалдылығымен сипатталады.Европалықтар тропикалық климат жағдайларына төзе алмайды,күннің ыстықтығынан және ауаның ылғалдылығынан жиі ауырып қалады.Ал Африканың байырғытұрғындарын алатын болсақ,бұндай климатта олар тамаша сезінеді.Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады:африкандықтардың және австралиялықтардың жоғарыда аталған морфологиялық ерекшеліктері көмектеседі.Негроидтардың терісінің қара түсі тернің бүркеніш қабаттарында теріні күйіп кетуден сақтайтын меланиннің –ерекше пигменттің болуы арқасында түзіледі.Монголоидтық нәсіл ыстық ,бірақ құрғақ континентальды климатта ,шөлейт те далалық ландшафты аймақтарында қалыптасты. Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Монголоидтік нәсілдердің де өздеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды өз алдына жеке нәсілдер деп бөледі. Үндістердің сыртқы түрі өздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді (бұйра емес), сақал-мұрты қалың өседі. Аустралиялықтардың тісінің құрлысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголидтік нәсілдерге ұқсас болып келеді. Антрополог ғалымдар бұл негізгі нәсілдерден басқа әрбір нәсілдің ішінде жеке нәсіл топтарын ажыратады. Жеке нәсіл топтарын екінші және үшінші реттік нәсіл топтары деп атайды. Бұл топтардыңда өзіне тән сыртқы белгілері болады. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалыдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің «Monos» — «бір» және латынның «centrum» — «орталық » деген сөздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан» деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым – полицентризм (грекше «полис» – көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғадымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігі атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайарының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді.

Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдар нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары, қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілеті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелі деп кемістеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып, нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз деп те кемсітеді, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.

Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамын зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді. Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес зандылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамға да қатысы бар деп арнайы ұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатігездік, жауыздық, мейірімсіздік «басым белгілер» болады деп түсіндіреді. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясы әрбір қоғамдағы мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған деп уағыздайды. Қоғамда сондай өмірге бейім адамдарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс деген пікірді қолдайды. Нәсілшіл ғалымсымақтардың пікірінше, қоғамда болатын теңсіздік-табиғи сұрыпталудың жемісі, адамдардың биологиялық теңсіздігінің нәтижесі деп жекелеген адамдарды қорғауға тырысады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгелс, көрнекті орыс ғалымы К.А.Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғалымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүред

20...Жыныстар арасындағы қатынастар. Маймылдар туралы мәліметтер алғашқы адамдар қауымындағы жыныстар арасындағы қатынастардың құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Маймылдардың көбею физиологиясы адамдардың көбею физиологиясынан басқаша. Негізгі ерекшелігі, маймылдардың ұрғашылары– эструс деп аталатын - әрбір циклде бірнеше күнге созылатын жыныстық күйді басынан өткізеді. Бұл күй олардың жыныстық жүйесінде осы кезде болатын өзгерістерге байланысты. Маймылдардың әр түрлерінде эструс түрліше, мысалы, тау гориллаларында 3-4 күннен, павиандарда 19 күнге дейін созылады. Басқа кездерде табиғи жағдайда маймылдарда шағылысу үрдісі жүрмейді. Басымдылық қарым-қатынастар нашар дамыған қауымдарда жыныстар арасындағы қарым-қатынастар тек жыныстық қатынас түрінде іске асады.