Скери демократияның қалыптасу мәселелерін анықтаңыз? 6 страница

 

41. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті.

Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды.

Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және сірә, ешкінің де болар, сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.

Ежелгі заманлағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды.

Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп. өндіру малдың көбеюіне жеткізді.

Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек құралы, өндіріс құрал –жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-cүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.

Мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады.

Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді.және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.

 

 

42. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

 

 

43. Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:

1.ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;

2.эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

3.ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған.

44.Дәуірлеу кезінде, яғни өндіруші шаруашылықтың дәуірлеуі кезеңінде қосымша өнімнің пайда болуы бірінші кезекте жеке меншіктің пайда болуына алып келді. Шешуші мағынаны жеке меншік иеленді, басқа да институттардың дамуына ықпал етті.

Жеке меншіктің қалыптасуы. Жеке меншіктің қалыптасуы екі біртұтас процестің нәтижесі болды, яғни кейінгі рулық кезеңіндегі өндіруші шаруашылықтың туындауы мен жеке меншіктің қалыптасуы. Біріншіден, еңбек өнімділігінің артуы және ол өнімнің жекешеленуі, бұл өз кезегінде қосымша өнімнің пайда болуындағы бір адамның оны құруы, ал екінші адамның оны иеленуіне алып келді. Екішіден, өнімнің өнімділігінің өсуі және еңбектің жоғары мамандандырылған түрінің шығу айырбас үшін өнімді тұрақты түрде шығаруға алып келді. Сөйтіп, қауымнан және рулық қауым дәуірінен ерекшеленіп, бәрінен бұрын экспуатациялық қарым-қатынасқа жол ашқан жеке меншік қалыптасты.Ең алғашқы жек меншік бірнеше азық-түлік өнімдерінен және қолөнер бұйымдарынан, өндірістік жабдықтармен қару-жарақ түрлерінен, ал малшылықпен айналысатындар үшін барлығынан бұрын мал түрлерінен тұрды. Жеке меншіктің ерте түрімен салыстырған кезде жек меншік құлдарға да қатысты болды. Бірақ енді айырбас кезінде айырбас эквиваленттері де пайда болып, алғашқы ақша түрлері де шыға бастады. Жеке меншіктің шығу тегі және жинақтау туралы көптеген мәліметтер археологияда кездеседі. Династияға деінгі қабірлер Көне Египетте кездеседі, яғни онда жеке меншіктің алғашқы түрлері кездеседі, рулық және отбасылық дәстүрде емес, әр қабірде ол белгілер әртүрлі. Жеке меншіктің алғашқы белгілері (сол уақытта магиялық дәстүр болса да) әртүрлі мөрлер болған, энеолиттік мәдениетке жататын Алдыңғы Азия мен Грецияда, месопотамиялық мәдениетке жататын халафтар мен убайдттар да кездеседі.

Өте танымал археологиялық мәліметтерге сүйенсек, өте бағалы әрі жауһар дүниелерді кезіктіруге болады. Энеолитке, қола дәуіріне және ерте темір дәуіріне жататын Азия мен Еуропада көптеген көмбелерден металл құймалар, қару-жарақ, құрал-саймандар мен әшекей бұйымдар, сонымен қатар ақшалар да табылды. Бұл тұрғыда Бородино селосы маңынан табылған Белгород- Днестр деп аталатын өте бай көмбеден соғысуға арналған церемониялық қару-жарақ, сонымен қатар күміс найза, алтын жалатылған күміс ілгек, нефриттен жасалған балта табылған, мұның барлығы жергілікті жерден шықпаған дүниелер екені айдан анық.

45. Иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі, рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Аңшыылар мен балықшылардың ертедегі аналық-рулық қауымы келді.Қоғамның экономикалық негізін бұрынғысынша жерге рулық меншік құрады. Егістік жер мен бау-бақша, аңшылық, балықшылық және жинап-теретін жерлер, бір жағдайларда тура руға тиісті болды, екіншісінде, тайпаға тиісті деп саналды, бірақ бұған кіретін жеке руларға бекітіліп берілді. Өндірістің басқа құрал-жабдықтары ұжымның да, жеке меншіктің де иелігінде болды, алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін, иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен бұларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік ұжымды нығайта түскен табиғи қандас-туыстық байланыстармен сай келе берді.Тіршілік ету құрал-жабдықтарымен біршама қамтамасыз етіліп тұрғын халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар ана тарапынан аналық үйлік қауым, немесе аналық отбасы дейтін ең жақын туыстардың ірі ұжымдарына жиі бөлінді. Ирокездерде бұп үйлік қауымдар —«овачирлер» бір «ұзын үйде» тұрған бірнеше ондаған, ал кейде жүзден астам туыстар саналатын. Овачирлердің мүшелері өздеріне бөлініп берілген рулық жерді бірігіп пайдаланды және ортақ шаруашылық жүргізді. Тұтыну да бірлескен болды: Морганның сөзіне қарағанда ауланған аң мен егіншілік өнімдері ортақ пайдалануға берілді және барлық азық-түліктер ортақ қорға салынды. Мұндай қауымдар кейбір басқа тайпаларда — солтүстік-батыс үндістерде, Канаданың алгонкиндерінде де белгілі болған.Рулық құрылыстың дамуымен әйелдердің шаруашылық және қоғамдық ролі бұрынғыдан да арта түсті. Көптеген мөлшерде тамақ қорларын, оларды сақтау үшін ыдыстарды отынды, тағы басқаларды дайындауды талап еткен берік отырықшылықтың арнайы әйелдер жүргізіп отырған үй шаруашылығының маңызын елеулі арттыра түсті. Сондай-ақ көбіне өндірістің әйелдер саласын құраған кетпендік егіншіліктің таралуы да осы бағытта жүрді. Әйелдердің шаруашылық ролінің артуы, әдеттегідей демесек те жиі аналық-локальды мекен-жайға көшуді тудырды, бұл өз кезегінде, рулық қауымда оның ықпалы күшеюінің ірі факторы болды. Шынына келгенде, аналық локальдылықтың орнауымен бауырлары мен ұлдары енді көбіне өз әйелдерінің мекен-жайында тұрған нақ сол әйелдер руға тиісті өндірістің негізгі қару-жарактарының, нақтылы ұжымдық меншіктіктің иелері болып, рулық жердің, рулық қорлардың, рулық мекен-жайлардың шынайы билеушісі болды. Осы жағдайларда әйелдер тек ерлер мен бірдей ғана емес, сондай-ақ басымдық, үстемдікке ие болған жағдай қалыптаса бастады.

46. Фридрих Энгельс Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті. Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі[өңдеу] Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол: "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.

47. Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын, эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын; ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді. Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.