Таптық қоғамның қалыптасу кезеңіндегі өндірістің өсуінің негізгі

Себептеріне анықтама беріңіз.

Бұл кезеңнің ең маңызды өндірістік алғышарты – металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуі соншама тамаша мәдени және әлеуметтік алға басушы өз салдары болды.

Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді.

Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан жасалған еңбек қарулары кеңінен тарлған және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді. Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір қарулардың таралуымен саипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темірден жасалған қарулары аса маңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дәуір де темір ғасырына енеді.

Қола дегеніміз – мыс пен қалайының, кейде аламыстың, қорғасынның, мышьяктың немесе мырыштың әр түрлі үлесте балқытылған қоспасы.. Алайда, қола қарулар тас құралдарды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден, бірқатар жағдайларда, қоладан тастың жұмыстық сапалары жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлық жерде дерлік бар еді, ал қоланың, әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте сирек еді.

Мыс пен қалайы рудаларына бай аудандарды мекендеген тайпалар металл шығаруға маманданып, көршілес елдің халқын солармен жабдықтап қамтамасыз етіп отырды. Мыс Иранда, Кіші Азяида, Аравия мен Арменияда, қалайы Иран мен Аравияда болды. Еуропада ертедегі мыс кен орындары Испанияда, Францияда, Австралида, Венгрия мен Англияда, ертедегі қалайы кен рудалары Испания мен Англияда ашылды. Қытайдың оңтүстігі мен Солтүстік Вьетнамда ашылғаны белгілі.

Ең ертедегі металл қарулар өзінің формасы жағынан тас қаруларды бүтіндей қайталады. Тек адамзат бірте – бірте жаңа материалдың ең тиімді қасиеттерін пайдаланатын қару формаларын: балаталарды, қашауларды, балғаларды, қайлаларды, кетпендерді, пышақтарды, қанжарларды, сапыларды, шапқыларды, найза ұштықтарын, жебелерді, т.б. жасап шығарды.

Өндіріске металдың енуі шаруашылық қызметтің барлық саласын дамытуда, ең алдымен, егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуда ерекше рөл атқарды.

Неолит пен энеолитте егіншіліктің өсуі тас индустриясының шектелуі техникалық мүмкіндіктерімен тежелді. Орман табанын тас балтамен тазалау қисапсыз күш – жігер жұмсап, орасан көп уақыт кетіруді талап етті. Қола балаталар белгілі дәрежеде бұл процесті жеңілдетті де, егіншілік алқапты ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондай – ақ тозған ескі учаскелерді енді жақсылап өңдеудің қажеттігі, өз кезегінде егіншілік процесін жеңілдету туралы ойластыруға итермеледі, бұл сайып келгенде қол қаруларынан, күш көлік тартқан жырту құралына көшуге алып келді.

Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының негізгі дерек көздерін атаңыз және

Сипаттама беріңіз.

Алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының дереккөздері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адамның жасағандарының, оның ықпал еткендерінің, адам іс - әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі – міне тарихи ғылым үшін дереккөздер жиынтығы осындай.

Археология деректері. Көне замандардан сақталған заттық дереккөздердің немесе оларды басқалай атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дереккөздер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдары, ыдыс – аяқтары, т.б. – бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары. Заттар – аса бағалы тарихи дереккөз, өйткені бұлардың бәрі өз дәуірінің өнімі болып саналады, тек сол дәуірге ғана тән болып келеді, әрі олардың өздері өндірілген сол кездің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді.

ХІХ ғасырдың аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты. Археологиялық мәдениет деп бір заманға қатысты, жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады. Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін көрсетеді. Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып, таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дереккөздер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халлықтардың тарихын реконструкциялауға мүмкіндік береді.

Этнография деректері.Тарих ғылымы салаларының бірі – жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы та йпалар мен халық топтарын, сондай – ақ неғұрлым дамыған халықтардың тұрмысында сақталған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Этнографиялық деректердің арқасында өткен шақтағы қоғамдық дамудың әр түрлі салалары туралы анағұрлым толық ұғым алуға қол жетті.

Алыстағы өткен шақты реконструкциялау үшін, сарқыншақтарды, яғни ең кейінгі қоғамдағы сақталған өткеннің іздері мен қалдықтарын зерттеудің зор маңызы бар. Мұндай сарқыншақтар салт – саналарда ерекше айқын байқалады (құда түсу, той – думан, жерлеу салттарында), кейде бұлар киім – кешекте, әшекейлерде, үй құрылысында, т.б. сақтала береді. Алғашқы тұрмыстық табыну және алғашқы тұрмыстық тіршіліктің басқа да көріністері фольклорда - әңгімелерде, өлең – жыр, толғау, жұмбақ, аяттарда, т.б. бейнеленеіп қалған.

Лингвистикалық деректер. Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дереккөздері лингвистикалық деректер бола алады. Осы заманғы барлық тілдер қорының дамуына қарай қалыптасқанда өз бойында өте ертедегі өткен шақтың іздері жиі сақталып қалған. Мәселен, орысша «стрелять» сөзі «стрела» сөзінен шыққан, яғни сонау садақтан жебе атқан замандарға саяды. Қоғамдық дамуға қарай сөздердің мазмұны, мәні (семантикасы) өзгеріп отырған. Үнді – еуропалық тілдердің көбінде, соның ішінде орыс тілінде, «скот» (мал) сөзі «мүлік», «қазына», «ақша» мағынасында қолданылған, өйткені көне заманда мал шынында да ақшаның орнына жүрген және айырбас құралы болған. Семьяның көне заманда ұйымдастырылуы, мәселен, көне үнді тілінде «племянник» сөзі «соперник» деген сөздің мағынасын беретіндігінен де көрінеді. Осы заманға тілдердің өзара қарым – қатынастары мен туыстық дәрежесін зерттеу халықтар арасындағы тарихи байланыстар фактілерін табуға әкеп соғады, өйткені тілдік семьялар дегеніміз тілдердің тобы, демек шыққан тегінің ортақтығына байланысты халықтардың да тобы.

Антропологияның және басқа да жаратылыс ғылымдарының деректері. Антропологиялық дереккөздердің – алғашқы тұрмыс адамдарының сүйек қалдықтарының да маңызы зор. Бұл қалдықтар тиісті замана неғұрлым көне болған сайын соғұрлым олар фрагментарлы және олардан толық құнды дерек алу үшін соғұрлым көп өнер жұмсау керек болады. Қандай да болсын қазып алынған форманың физикалық типі туралы ұғым қаңқа сүйектердің, толық сақталмаған бас және жақ сүйектердің фрагменттеріне жиі негізделеді. Тек мұқият салыстырмалы – анатомиялық зерттеу ғана жетіспеген бөлімдерді реконструкциялап, оның бөліктері бойынша тұтас бейнесі туралы ұғым құрастыруға мүмкіндік береді. Бұған антропологияда мұқият жасалған өлшем саистемасы көмектеседі.

Алғашқы тұрмыстық қоғамның антропологы мен тарихшысының қарамағына приматология – маймылдарды зерттеумен шұғылданатын зоология саласы маңызы үлкен материалдарды бере алады. Бір жағынан, жоғары адам тәрізді маймылдардың дене құрылысын салыстырмалы – анатомилық зерттеу адамның тікелей ата – тектерінің морфологиялық ерекшеліктерін реконструкциялау үшін мүмкіндік ашады, екінші жағынан, антропологтардың жоғарғы нерв қызметтерін зерттеу ойлаудың, сөздің, еңбек қызметі өркендерінің туып, қалыптасу процесін түсінуге көмектеседі.

Алғашқы тұрымыс адамадарының тіршілігі өткен табиғат ортасын реконструкциялау үшін деректерді тарихшыға геология, палеозоология, палеоботаника сияқты ғылымдар да береді.