Тар жолақты келісім

Дәріс. Тарату желілерінің келісімі

Келісім шағылған толқынның толық немесе бөлік компенсациясынан тұрады. Келісілетін құрылғының сипаттамасы мен типінен, сонымен қатар жиілік жолақтарынан тәуелсіз келісім схемасы 12.1 суретінде көрсетілген түрге ие болады.

 

12.1 сурет – Келісім схемасы

 

Келісілетін құрылғының қызметі – шағылған толқындарды жою.

Келісімнің екі әдісі бар:

1) Шағылған толқындардың келісілетін құрылғыларда жұтылуы. Бұл кезде түскен толқын шығынсыз болады (немесе шығын өте аз).

2) Желіде амплитудасы жүктемеден шағылған толқынның амплитудасына тең болатын және 1800 фазасына ауытқыған тағы да бір толқынды тудыру.

Бірінші әдістің негізінде көпірлік схеманы немесе тәуелсіз құрылғыларды пайдалану жатыр. Бұл құрылғылар жүктеменің қандай түрі болмасын шағылған толқынды жұтады, және де бұл құрылғылар кең жолақты болғандықтан еркін жүктеменің кең жолақты келісімінің мәселесі шешіледі. Кемшілігі – салыстырмалы түрде алғанда түскен толқынның шығынны көп және шағылған толқынның энергиясының толық жоғалуы, яғни ПӘК-і төмен.

Келісімді құрылғы екінші типіне реактивті элементтердің іс жүзінде шығын енгіэбейтін түрі жатады. Бұл құрылғылар шағылған толқынды қайта шағылдырып, оның жүктемеден жұтылуын қамтамасыз етеді (яғни, желідегі шығынға ұшырамау үшін келісілетін құрылғыны жүктемеге жақын орналастыру керек). Кемшілігі – өткізу жолағының шектілігі, өткізу жолағының ені неғұрлым тар болса, соғұрлым ҚТК-ге (қума толқындар коэфффициенті) деген талап күшейеді. Егер жүктемедегі кедергі активті болса ғана жолақта мұндай шектеулер болмайды.

Тар жолақты келісім.

Қума толқындар режимі тек қана белгілі бір жиілікте пайда болады.

Әдістемесі:

1)Жүктеменің өткізгіштігі: YН=GН+iBН , мұндағы GН¹0, ұзындығы l болатын желі кесіндісінің көмегімен Y1=GВ1+iB1 трансформирлейді, активті бөлік желінің толқындық өткізгіштігіне тең болады.

2) Y1 өткізгіштігінің реактивті бөлігі өткізгіштіктің өлшеміне тең және таңбасына қарама қарсы болғанда компенсирленеді.

12.2 сурет – Шлейфтің қосылуы: а) параллельді; б) тізбектей

 

12.3 сурет – Диафрагмалар: а) сыйымдылықты; б) индуктивті;

в) резонансты

 

12.4сурет – Штырлар: а) индуктивті; б) резонансты

 

Т-типті толқындарлың желідегі таржолақты келісімі көбнесе реактивті кедергісі бар шлейфтердің көмегімен орындалады (12.2 сурет). Қуыс (полый) толқынжолдарда шлейфтердің орнына диафрагмалар (12.3 сурет) немесе штырлар (12.4)қолданылады.

Шлейфтің қосылу орны ZBX жалғанған жерде активті және ZB-ға тең болатындай етіп таңдалады..

Егер реактивті элементті пайдалануға тура келсе, онда ширектолқынды трансформатор қолданылады: Lтр=lBтр/4. Трансформатордың жалғанатын жерін не түйінге, не электр өріс кернеулігінің ағынына келетіндей етіп таңдайды, яғни таза активті етіп (12.5 сурет).

Келісім идеалды болу үшін минимумде , ал максимумде болу керек.

Егер ZН – таза активті болатын болса, онда трансформаторды жүктемеге тікелей жалғауға болады.

ҚТК-нің (ТТК) келісім болғанға дейінгі жағдай ескеріледі.

 

12.5 сурет – Желідегі кернеудің эпюрлері: а) комплексті жүктемемен; б) комплексті жүктеме және трансформатормен Wтр>Wл; в) комплексті жүктеме және нагрузкой и трансформатором Wтр<Wл