Ас жаулықтар сипаттамасы

 

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындазалды безендіру және тұтынушыларға қызмет көрсету үшін әртүрлі ас жаулықтар қолданылады. Негізгі ас жаулықтар түрлеріне дастарқан, майлықтар, қол орамалдар, сүлгілер жатады.

Дастарқандар негізінен кенеп және мақта матадан жасалады. Кенеп маталар мақта матаға қарағанда ұстап көргенде берігірек және тығыздау.

Кенеп маталар гигиналы, себебі олардың гигроскопиялылығы мақта матаға қарағанда жоғары, беті тегістеу, соның салдарынан аз кірленеді, жеңіл жуылады, ақтығы мен жылтырлығымен ерекшеленеді. Кенеп тез мыжылатынын ескеріп, қазіргі кезде оған мақта мата немесе синтетикалық талшықтар қосуға негізделген арнайы технолгиялар құрылған. Осылай алынған жартылай кенеп аз мыжылады және күтімді қажет етпейді.

Элиталы мейрамханаларда жоғары сапалы ұзын талшықты мақта матадан жасалған, жууға және үтіктеуге төзімді дастарқандар қолданылады. Жылтыр шығыңқы өрнекті кенеп және мақта мата дастарқандар камчатными деп аталады. Өте мерекелі жағдайларда ақ камчатные дастарқандар қолданылады. Банкеттер ұйымдастырғанда нәзік пастель реңді гүлді дастархандар; ашық-көгілдір, қызғылт және т.б; ұлттық аспаздықты кәсіпорындарда ұлттық оюмен, әртүрлі қолөнерімен дастарқандар, майлықтар және қол орамалдар қолданылады.

Жаңа заманғы маталарға акрил, полиэсир, пластификаттан және т.б жасалған синтитикалық маталар жатады. Олар жеңіл жуылады, мыжылмайды, атмосфера әсеріне төзімді, онша күтімді қажет етпейді, сондықтан күнделікті қолдануға жақсы жарайды.

Ас жаулықтар таңдау кезінде түстік психологиялық әсеріне көңіл болу керек. Мейрамхана жұмысының таңғы уақытында ашық түстер, түскі ас үшін нақты сызықтар мен суреті бар бейтарап реңдер, кеш үшін бір реңді немесе ұсақ суретті жылы реңді қолданылған жөн.

Дастарқан түсі жыл мезгіліне байланысты өзгеруі мүмкін. Суық түстерді (көгілдір, жасыл, күлгін, сұр, ашық қоңыр) жылы климат немесе ыстық жыл мезгілінде зал терезелері оңтүстікке, оңтүстік-батысқа шықанда таңдайды. Жылы түстерді (сары, қызыл-сары, қызыл, қызғылт, қоңырдың көбі) егер суық климат немесе суық жыл мезгілі болғанда немесе зал терезелері солтүстікке қарағанда немесе аса ұзын болғанда, қараңғы залда қолданылады.

Қазіргі кезде үстелге жаюға астыңғы және үстінгі дастарқандар наперондар кең тарағандар. Олардың контраст принціпі бойынша суық реңді жылы реңмен немесе жылы реңді суық реңмен жауып немесе ақ түсті ашық, көк-қою қызыл түспен үлестіріп таңдайды.

Дастарқандар жеке немесе майлықтармен немесе наперонмен жинақта шығарылуы мүмкін. Наперондар синтетикалық (полиэстер) немесе жартылай синтетикалық (вискоза-мақта-поиэстер) болады. Наперондарды банкет және фуршет үстеліндерінде жаюда қолданыбайды. Олар үстелдер сияқты квадрат, тік төртбұрышты, дөңгелек, овал болуы мүмкін. Үлкен тіктөртбұрышты үстелдерге бірнеше наперондар төсеуге болады, олардың бұрышын үстел шетіне және үстел осі бойымен негізгі дастарқан үстіненен ортантады. Егер үстел беті жылтырлатылған болса, онда дасатрқан асатынан біртүсті мақта мата фланельдан төсегіш (мольтон) жаяды. Мольтон дастарқанды созылып кетуден сақтайды, сонымен қатар үстел жайғанда ыдыс сыңғырын азайтады.

Тағайындалуы бойынша дастарқандар қарапайым және банкеттік болады.

Қарапайым дастрқандар әр түрлі өлшемді болады. Кең тараған дастарқандар тіктөртбұрышты үстелге аралған- ені 130 см және ұзындығы 150,160, 230 см және 280см; дөңгелек үстелдерге арналған дастарқандар диаметрі 130,150,160 см. Кішкентай дөңгелек үстелдерге екі квадрат дасатрқан жаюға болады. Овал үстелге арналған ерекше пішілген дасатрқандар бар. Бір үстелге 2-3 астыңғы дастарқан және 4-тен 10- дейін үстінгі дастарханға тапсырыс береді.

Банкет дасатрхандарының ені 173 см және ұзындығы 208, 250, 280, және 500 см болуы мүмкін. Банкет үстелдерін жайғанда 4,5-6 м дейін үлкен өлшемді дастарқан қолданылады. Көбіне бір үстелге бірнеше дастарқан жаяды. Оларды жасауға жасанды (вискозамен полиэстер), орташа жеңіл мата қолданылады.

Фуршет дастарқандары алдын- ала салынған және тігілген қыртыстармен өндіріледі, ішкі жағына жабысқақ таспа тігіледі. Желпелдеген жағы үстел бетінде жатқан дастарқан түсінен және фактурасына ерекшелену мүмкін. Арнайы клипсымен үстел тақтайына бекітіледі. Оған желпілтекті кигізіп, жапсырмамен бекітеді.

Майлықтар негізінен мақта матадан және әртүрлі өлшемді болады. 32х32 өлшемді майлықтар таңғы аста қолданылады.

46х46 см және одан жоғары өлшемді ас майлықтары ақ немесе түсті өрнекті және өрнексіз болуы мүмкін. Дастарқан мен майлықтар суретті бірдей болуы керек. 50х50 мақта мата майлықтарын үстел безендіретін әртүрлі композиция құруға болады. Залда бір орынға 4-10 дейін ауыстырлатын майлық есептеледі.

Жылтырлатылған үстелдерге немесе гигиеналық жабылған үстелдерге үлкен өлшемді (55х55см) дастарқан әзірлеу майлықтары қолданылады. Олардың түрі көрнекті және матерал тығыздығы жоғары (полиэстер немесе қоспа маталар) болу керек.

Подностарға өлшемі поднос өлшеміне сәйкес мақта матадан жасалған жұмсақ майлықтар төсейді.

Қол орамалдар (ручник ) ақ кенеп матадан жасалды. Төртке бүктелген 40х80см өлшемді қол орамал тағамдарды ұсыну үшін қолданылады.

Ыдыстар мен аспаптарды жылтырату үшін арналған сүлгілер 100х40 см өлшемді болады, ылғалды тез сіңіретін жұмсақ мақта матадан жасалады. Қол орамалға қарағанда сүлгілерді жалпақ сызықты немесе ірі торлы ақ матадан тігеді.

Жаңа ас жаулыққа бір бұршына жуылмайтын бояумен кәсіпорын мөрін басады немесе қолдану күні көрсетіліп өңбейтін түсті жіпен белгі тігеді. Банкет дастарқандарына екі белгі қояды (дастарқанның диагональ бойынша екі ұшында бір-бірден) және метр есебімен ұзындығын белгілейді. Белгі басылған жаңа ас жаулықтарын қолданар алдында жуады.

Жуу бөлмесінен алынатын ас жаулық жақсы крахмалданған, мұқият үтіктелген болу керек. Дастарқандар арнайы тәсілдермен бүктелді; мысалы үтіктелген дастарқанды ұзындығы бойынша бүктейді; бірінші (негізгі) қыртысын үтіктейді, содан соң тағы да ұзындығы бойымен екіге бүктейді, содан соң ортасыннан бастап екі рет көлденеңінен бүктейді. Ас жаулықтар сақтайтын бөлмеде таза және қолданылған ас жаулықтарды жеке -жеке сақтауды қарастыру керек.

Қағаз дастарқандар мен майлықтар бір рет және көп рет қолданылатын болуы мүмкін. Мата материалдардың түсі мен фактурасын сақтай отырып, бұл дасатрқандар суға, майға ерекше тұрақты. Қағаз дастарқандарға полимерлер қосып жасайды, бұл жоғары тығыздық береді, жеңіл жуылады, экологиялық таза, аса берік. Қағаз дастарқандардың стандартты өлшемі -84х84 және 120х180 см. Қағаз негізде қарапайым (48х18), үш қабатты (24х24;40х40см) майлықтар, банкеттік орамалдар (125х125), фуршет дастарқаны өндіріледі.

 


ДӘРІС