Алдын-ала дастарқан жаю нұсқаларының сипаттамасы

Таңғы асқа дастарқан жаю үшін бәліш тәрелкесі, тісбасарлық аспап, шай қасық, фужерлар және мата майлықтары қолданылады. Таңғы ас мәзірінде сары май қосылады, сондықтан үстел жабда майға арналған пышақ қосымша қойылады.

Оң қолға бәліш тәрелкелерін алып, сол қолмен үстел шетінен 5-10 см жерге қояды. Содан кейін тісбасарлық аспаптар және шай қасықтар салынған кішкентай ас тәрелкесін немесе подносты алып, оң жағына оң қолмен тісбасарлық пышақтарды бәліш тәрелкесінен 26-25 см және үстел шетінен 2 см қашықтықта қояды және шай қашықтықтарды үстел шетіне параллель сабын оң қаратып қояды. Содан соң даяшы тәрелкені немесе подносты оң қолына алып, сол қолмен сол жақтан бастап үстелге тісбасарлық шанышқыларды қойып шығады. Майға арналған пышақты әтбір бәліш тәрелкесінің оң жақ шетіне қояды. Пышаұтың сабын оң қаратып немесе тісбасарлық шанышқыға параллель орнатады. Үстелге фужерларды подностан алып қояды. Фужерді оң жаққа оң қолмен шай қасықтың алдына немесе пышақ жүзіне қарсы қояды. Мата майлықтарды бәліш тәрелкесінің үстіне немесе әр қонақтың алдына қояды.

Дәмқосарларға арналған аспапты (тұз, бұрыш сауыттыры) қағаз майлықтарды ұстағышпен бірге бір түп қоймада үстел өсі бойымен орналастырады. Үстел ортасына гүлмен құмыра қояды.

Бизнес - ланч үшін дастарқан жаюда бәліш тәрелкесі, ас аспаптары (пышақ, қасық, шанышқы), тісбасарлық аспап, фужер, мата майлық, дәмқосарлар аспабы (тұз, бұрыш сауыттары), гүл салынған құмыра қолданылады. Алдымен үстелге таңғы асқа үстел жайғандай бәліш тәрелкелерін қойып шығады. Содан кейін даяшы ас және тісбасарлық аспаптар салынған подносты сол қолына алып, оң жақтан оң қолмен үстелге ас пышақтарын, ас қасықтарын, тісбасарлық пышақтарды бәліш тәрелкесінен 33-35 см қашықтықта және үстел шетінен 2 см қашықтықта қойып шығарады. Содан соң даяшы подносты оң қолына алып, үстелге сол жақтан бастап сол қолмен ас және тісбасарлық шанышқыларды қойып шығады. Үстелге фужерларды подностан қойып шығады. Фужерді оң қолмен оң жаққа пышақ жүзіне қарсы қояды. Мата майлықтарды подностан қойып шығады, оларды бәліш тәрелкесіне немесе қонақ алдына орналастырады.

Дәмқосарлар аспабын (тұз, бұрыш зауытын) және күлсалғышты бір мезгілде қоюға болады. Ол үшін кішкентай ас тәрелкесіне конверт түрінде бүктелген мата майлықты төсеп, ішіне дәмқосарлар аспабын салып, майлықтың жоғарғы шетін кері қаратады да, тәрелкеге күл салғышты қояды. Үстелге дәмқосарлар аспабын бір жағына, күл салғышты қарама-қарсы жағына қояды. Үстел ортасына гүл салынған құмыра қойылады.

Кешенді түскі ас үшін дастарқан жаюда бәліш тәрелкесі, ас және тісбасарлық аспаптар, шай қасық, фужер, мата майлық, дәмқосарлар мен татымдықтармен аспап (тұз, бұрыш, қыша сауыттары), гүл салынған құмыра қолданылады.

Дастарқан жаю реті: таңғы асқа және бизнес ланчқа дастарқан жаюдағы сияқты бәліш тәрелкелерін үстелге қойып шығу; подностан немесе кішкентай ас тәрелкесінен ас және тісбасарлық пышақтар, ас және қасықтарды қойып шығу (оң жақтан оң қолмен); үстелге ас және тісбасарлық шанышқыларды қойып шығу (сол жақтан сол қолмен); үстелге фужерлер мен мата майлықтарды қойып шығу (сол жақтан оң қолмен); үстелге дәмқосарлар аспабын, гүл қою (- сурет).

Тапсырысқа берілетін тағамдар ас мәзірі бойынша түскі асқа дастарқан жаюда әзірлеу, тісбасарлық және бәліш тәрелкесі, ас және тісбасарлық аспаптар, фужер, мата майлықтар, дәмқосарлар аспабы (тұз, бұрыш сауыттары), гүл салынған ваза қолданылады.

Даяшы үстелде сервировочные тәрелкелерді қойып шығады (оң жақтан бастап оң қолмен) (а), содан кейін сол қолға тісбасарлық тәрелкелермен конверт түрінде бүктелген мата майлықта ас және тісбасарлық пышақтар, ас қасықтар салынған кішкентай ас тәрелкесін алып, оң жақтан оң қолмен тісбасарлық тәрелкені әзірлеу тәрелке үстіне қояды, үстел шетінен 2 см қашықтықта ас пышағын, ас қасығын және тісбасарлық пышақты қояды.

Бұл кезде даяшы үстел бойымен сағат тілі бойымен қозғалады. Үстелге бәліш тәрелкелерін, ас және тісбасарлық шынышқыларды даяшы бәліш тәрелкесімен шанышқылар салынған кішкентай ас тәрелкесін оң қолда ұстап, үстел бойымен сағат тіліне қарсы жылжып қояды (в), фужерларды кейде шарап рюмкаларын мата майлық төселген подностан оң қолмен алып оң жақтан бастап қояды. Үстелге алдын-ала, ерекше бүктелген майлықтарды да подностан алып қояды.

Дәмқосарлармен аспап пен күлсалғышты үстелге конверт түрінде бүктелген мата майлық төселген кішкентай ас тәрелкесіне қойып, бизнес-ланчқа дастарқан жаюда қолданылатын техникалық тәсілдерді қолданып қояды.

Кешкі асқа дастарқан жаюда сервировочные, тісбасарлық және бәліш тәрелкелері, тісбасарлық және ас аспаптары (пышақтар мен шанышқылар), фужерлар, ерекше бүктелген мата майлықтар қолданылады. Дастарқан жаю реті тапсырысқа берілетін ас мәзірі бойынша түскі асқа дастарқан жаюға сәйкес жүргізіледі.

Жұмыс барысында даяшы тұтынушыдан тапсырыс қабылдаған соң, үстелдің тапсырысқа сәйкес жайылуын тексереді, жетіспеген аспаптармен толықтырады, артығын алып тастайды. Қабылданған тапсырысқа сәйкес дәл келтірілген алдын-ала дастарқан жаю толық дастарқан жаю деп аталады. егер қонақ тісбасар мен ыстық балық тағамын тапсырса, онда ас аспабы (пышақ пен шанышқы) балық аспабымен алмастырылады. Қажет болса қызмет көрсету барысында тапсырылған мәзірге сәйкес қосымша аспаптар берілуі мүмкін.

Үстелді қосымша (толық) жаю алдын-ала құрылған тапсырыс мәзірі бойынша жүргізілетін сервировка ол әдетте банкттерде, шетел түристеріне, әртүрлі делигацияларға, мәжілістерге қатысушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде қолданылады.

Тапсырыс мәзірі бойынша дастарқан жаюдың көп нұсқасы бар. Дастарқан жаюға қолданылатын аспаптар саны ұсынылатын тағамдар ассортиментіне байланысты. Артық құралдардың болуы немесе қажетті құралдардың болмауы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын төмендетеді.

Бақылау сұрақтары:

Ыдыстар мен аспаптарды алу және дайындау реті

Дастарқан жаюдың жалпы ережелері

Таңғы асқа дастарқан жаю сипаттамасы?

Түскі асқа дастарқан жаю сипаттамасы?

Бизнес ланчқа дастарқан жаю сипаттамасы?

Кешкі асқа дастарқан жаю сипаттамасы?


ДӘРІС