Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саяси билік принциптері легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялықтөңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.Легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен немістің көрнекті ғалымыМакс ВеберСаяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;

2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Саяси биліктің маңызды қырла

Саяси биліктің маңызды қырлары: адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату; адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті; нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі; түтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мүндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық,күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот,прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.


 

Саясаттың басты субъектілері ретіндегі әлеуметтік топтардың, тұлғалардың және мемлекеттің арасындағы қатынасты сипаттап беріңіз.

Саясаттың субъектііне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттері, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөніндегі кейінгі тақырыптарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объектісі адамға тоқталайық. Тұлға деп деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүрістұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, сяасатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б қоғамның нақты, тарихи жағдайымен анықталады.


 

 

Саясаттанудағы саяси жүйелер ұғымына анықтама беріңіз. Саясаттанудағы саяси жүйелерді түсіндіретін теориялардың негізгі ерекшеліктерін қысқаша жазып түсіндіріңіз.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз бмлікке ие болады. Парламент, оппозицмялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдары жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді. Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады. 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды. 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді. 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқарум белең алады. 5) авторитарлық консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Батыс саясаттанушылардың арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын американдық, құрлықтық еуропалық, индустрияланбаған және жартылай индустрияланған, тоталитарлдық. Саяси жүйенің ағылшын американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Мемлекеттің алдына қойғанмұрат мақсатын халықтың барі қолдайды. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. (АҚШ, Англия, Канада, Австралия). Құрлықтық еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениет жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйеншген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады. Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт дәстүрлер, діни әдет ғұрыптар шоғырланады. Бұл елдерде автолитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған ( Азия, Африка елдері). Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптьық сипаты бар. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс әрекетіне бақылау жасайды.