Демократия ұғымына анықтама беріңіз, басқа саяси тәртіп түрлеріен ерекшеліктерін түсіндіріңіз

Демократия туралы жалпы түсінік.Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1.Мемлекет түрі. 2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
. Қазақстан Республикасындағы демократия
Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православилік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, онституция негізінде құрылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – “заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі” , мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат” болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы “бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” үйлестіріледі. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.
Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.

12. Саясаттану ғылым шеңберінде «мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз. Мемлекет түрлері мен типтерін қысқаша суреттеп өтіңіз.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.