Дағдарыстан жаңару мен дамуға». Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы

6 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Жолдауда қазақстандықтар екі онжылдық бойы жаңа ел құрып келе жатқаны атап өтілді. Мемлекет соңғы бірнеше онжылдықтар ішіндегі ең күрделі әлемдік дағдарыстың экономикаға кері әсерін тигізіп отырған қиын жағдайда батыл шараларды қолға алып, іске асырып келеді.- Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға – 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Біздің сауда-саттықтағы негізгі әрі жақын көршілеріміз – Ресей мен Украина - өз ұлттық валюталарын девальвациялады. Қазақстанға отандық тауар өндірушілердің мүддесі үшін теңгені девальвациялауға тура келді.Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.Өмір сүруге бейімді және икемді экономика құру үшін ел экономикасында құрылымдық реформалар жүргізілді, әртараптандыру бастау алды, қаржы ресурстарын – Ұлттық қорды жинақтаудың тетігі құрылды.Қазақстан дағдарысқа жедел ден қойып, алдын алу шараларын іске асыруға шұғыл кіріскен дүниежүзіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Дағдарысқа қарсы жоспарға ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау, тұрғын үй құрылысын қолдау мен үлескерлер проблемаларын шешу, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру сияқты бағыттар енді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 триллионнан астам теңге бөлінді.- Иә, бүгін қиыншылықтар бар, ертең де жеңіл болады деп уәде бере алмаймын. Бірақ бетбұрысты кезеңдер алыс емес. Ол күнге біз батыл іс-әрекет жасап, өзіміздің экономикалық және қаржы ресурстарымызды тиімді пайдаланатын болсақ тезірек жетеміз. Біз туындаған проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыратын болсақ, қиындықтарды жылдам еңсереміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.Жолдауда Үкімет мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды, сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі барлық міндеттемесіне кепілдік беруі тиіс екендігі айтылды.Сонымен бірге дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, алдағы экономикалық өсуге дайын болу қажет.- Біз дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруымыз керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.Алдағы екі жылда экономиканы жаңғыртудың жаңа жоспарын жүзеге асыру үшін 600 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойған трансферттерден тыс қосымша қаржы.Осы мақсатта, Ұлттық қорға әдетте шикізат секторынан түсетін кіріс 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің мұқтаждықтарына жұмсалатын болады. Бұл орайда елдің қазіргі бар жалпы резервтерінің сол көлемі сақталады. Қаражаттың басқа бір көзі – бұл бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатал үнемдеу мен қатаң қаржылық тәртіп.- Қаржылық тәртіпті бұзушылардан дағдарыс кезеңінің заңдары бойынша қатаң сұрау болуы тиіс. Басым емес шығыстардың барлығы - әкімшілік, инвестициялық және басқалары нөлге теңестірілуге тиіс, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына бірқатар міндеттер қойды.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру қажет. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 140 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыру сондай-ақ жергілікті бюджеттерден де бөлінеді. Осының арқасында кемінде 350 мың қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі.Ең алдымен, коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика және кәріздер нысандары мен желілерін қайта жаңғырту және жаңарту қажет. Автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру керек. Бұл мақсатқа нысаналы трансферттер бөлінуге тиіс. Аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде бұл қаражатты қайда жұмсайтынын өздері шешуі тиіс. Осы орайда қазақстандық өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалану қажет.Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру керек. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Мемлекет басшысы осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл бағдарламалар бойынша 96 мың адам жұмыспен қамтылатын болады.Жұмыссыздарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу кезеңінің ұзақтығын 4 айдан 6 айға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.- Дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа жоспары аясында біз қазіргі перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды жалғастырамыз, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Маңызды жобалар қатарында Атырау мұнай-химия кешенінің, Мойнақ су электр станциясының, Екібастұз 1-ГРЭС-ін, Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергиялық блогын, Балқаш жылу электр станциясының құрылысын салу, кеңейту мен жаңғырту, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ел үшін маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндеттерін шешуге бағытталады.Экспортқа мамандану болашақта 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды және таяудағы бес жылда ішкі жалпы өнімді 8 пайыз шамасында қосымша өніммен қамтамасыз етеді.- Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үш бірдей міндет болып қала береді. Мен осы міндетті шешуге бел будым. Құрметті отандастарым, оны өздеріңізбен бірге шешуге алдарыңызда жауаптымын, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті Парламент депутаттарын, «Нұр Отан» партиясын, Қазақстан халқы Ассамблеясын, барша саяси күштерді, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарын жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында тізе қосуға үндеді.- Біздің барлық қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанды күшті, өсіп-өркендеген және әлем мойындаған мемлекетке айналдыратынымызға сенімдімін! – деді Мемлекет басшысы.


 


 

Азақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.

Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.

Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.

Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:

- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;

- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;

- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.

 

 

Азақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы:бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс):ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.