Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар. Елдің 1993 жылғы бас Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қаралып

Елдің 1993 жылғы бас Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қаралып, өзгерістермен 1995 жылы қабылданды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін біртұтас, демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, басқару формасы – президенттік деп жариялады. Президент Елбасы болып табылады және жалпы, тең және тікелей дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі ұлттық референдум арқылы ұзартылды.

Заң шығарушы, жоғарғы өкілетті орган Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан - тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенатқа 47 депутат кіреді (Олардың ішінде 40 депутат әр облыстан екі адамнан сайланған депутаттар; 7 депутатты президент тағайындайды.) Мәжілісті бір мандатты аймақтық, аймақ бойынша сайланатын 67 депутат құрайды. Парламенттің өкілеттігі – 4 жыл. Үкімет басында президент тағайындап, Парламент бекітетін Премьер – Министр бар. Үкімет Президент алдында өз жұмысы жөнінде жауапты және Парламентке есеп беріп отыруға міндетті.

Республикадағы сот жүйесі Жоғарғы Сот пен жергілікті сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық және қылмыстық істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады. Конституциялық заңдардың сақталуын бақылауды 7 адамнан тұратын, әрі 6 жыл мерзімге сайланатын Конституциялық кеңес жүзеге асырады. Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқарушы органдар болып табылады.

Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар осыған сәйкес әкімшілік – аумақтық бірліктердің тұрғындарының еркін білдіреді. Жергілікті атқарушы өкімет – облыс әкімдері басқаратын әкімшіліктер болып табылады. Облыс әкімдерін Премьер – министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.

  1. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыздар.
  2. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып, түріне ажыратып айтыңыздар.
  3. Мәтінге толық морфологиялық талдау жасаңыздар.

 

СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:

Зат есімнің лексика-семантикалық топтары: жалқы және жалпы есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер.негізгі және туынды зат есімдер. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Сан есім. оның лексика-семантикалық топтары. Сан есімнің емлесі. Есімдіктің мағыналық түрлері мен емлесі. Етістік.Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары: Рай және шақ категориясы. Үстеу, морфологиялық сипаты мен мағыналық түрлері. Шылау түрлері мен емлесі. Одағай, оның мағынасына қарай түрлері, тыныс белгісі. Еліктеуіш сөздер.

Синтаксис

«Синтаксис» гректің «Syntaxis» деген сөзінен алынған, Оның мағынасы «құрастыру», «құрылым», «құру» дегенді білдіреді.

«Синтаксис» терминнің өзі лингвистикалық қолданыста екі түрлі ұғым береді.: біріншісі – зертейтін объектісін танытатындығы: екіншісі – тіл білімінің, соның ішінде, грамматиканың бір саласы екендігін көрсетеді.

Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі тұтастық синтаксистің ең басты мәселелері деп есептеледі. Ескерте кететін жайт – соңғы жылдарға дейін синтаксистік тұтастыққа тиісінше мән берілмей келді де, ол синтаксистің негізгі объектісі ретінде аталмайтын. Тілдік материалды зерттеудің соңғы жылдардағы нәтижесі, басқа тілдердегідей, қазақ тілінде де мұндай құбылыс (күрделі синтаксистік тұтастық) бар екендігін толық дәлелдеп, оны синтаксиске жататындығын көрсетіп отыр.

Синтакесистік единицалардың қай-қайсысы да өз ішінде сөздердің байлансыу заңдылықтарына негізделген. Ондай байланыстардың бастылары – салаласа және сабақтаса байланысулар. Салаласа байланысу көп ретте сөйлемге тән болып келеді де, сабақтаса байланысу сөз тіркесіне қажетті болады. Бұған қарап, сөйлем ішіндегі элементтер сабақтаса байланыспайды деген ұғым тумасқа тиіс: сөйлемдер де сабақтаса байланысу арқылы жасалады. Айталық құрмалас сөйлемнің салалас және сабақтас, тіпті аралас түрлерін қарастырғанда, бұған анық көз жетеді. Бұларада әңгіме сыңарларының (компоненттерінің) салаласа емес, тек сабақтас байланысатындығ туралы болып отыр.

Синтаксистік элементтердің арасындағы осындай байланыстар синтаксистік мағына тудырады. Ал синтаксистік мағына беруі – синтаксистік единицалардың ең басты белгісі, өйткені ол сөйлеуші мен жазушы ойының тіл арқылы берілген көрініс болып табылады. Демек, осыдан келіп ойлау мен тілдің, логика мен синтаксистің өзара тығыз қарым-қатынасы білініп тұрады.

Синтаксистік қатынастардың предикативті және бейпредикативті (непредикатовное) болып келетіндігін әсте естен шығармау керек. Мұндай жағдайда да сөйлем мен сөз тіркесінің принципті айырмашылы байқалады. Дәлірек айтқанда, предикативтік (бастауыштық-баяндауыштық) қатынас сөйлемнің белгісі ретінде көзге түседі, ал бейпредикативтік қатынас – сөз тіркесіне тән белгі. Сөз тіркесінің осы қасиетіне байланысты зерттеушілердің басым көпшілігі оны (сөз тіркесін)сөйлемнің құрылыс материалы болуға тиіс деген пікірді жақтауда.

 

Сөз тіркесі

Синтаксистің ең басты единицаларының бірі болып табылатын сөз тіркесінің зерттелу тарихында отандық тіл білімі саласында әр түрлі, тіпті кереғар көзқарастар орын алып келеді. Бүгінгі таңда да ондай проблемалар шешімін толық тапты деп айту қиын.

Ол пікір алшақтықтары сөз тіркесін сөйлем құрамында ғана қарастыру керек пе, демек, сөз тіркесін сөйлемнің құрылыс материалы деген жөн бе немесе сөз тіркесі сөйлемнен тыс тұрған құбылыс па дегенге саяды. Сондай-ақ кез келген сөздердің тіркесімін синтаксистік терминологиялық мағынадағы сөз тіркесі деп есептеуге бола бере ме, әлде синтаксистік сөз тіркестерден ерекшеліктері бар ма, болса, ол қандай ерекшеліктер деген мәселелер де күн тәртібінен түспей келе жатыр.

Синтаксистік сөз тіркесінің сөйлеммен арақатынасы, сөзбен арақатынасы, яғни өзге синтаксистік категорияларға жайлары мен олардың айырмашылқтарын да білудің қажетттігі өзінен-өзі туындайды.Ақырында, сөз тіркесінің өзіндік сипаты, анықтамасы туралы мәселенің қойылуы заңды.

Манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған Ақбала енді өзі сөйлеуге оңтайланды (Ж.А.) деген сөйлемді алсақ, бірнеше сөз тіркесінен құралған көреміз. Анығырақ айтқанда, сөйлем ішінен мынадай сөз тіркестерін ажыратуға болады: манадан бері тыңдап отырған, сөзін тыңдап отырған , өзге жолдастардың, енді оңтайланды, сөйлеуге оңтайланды.

Санамаланған сөздер тобының сөз тіркестері болу себебі – сол құрамындағы екі немесе үш сөз тіркесу нәтжесінде белгілі бір синтаксистік қатынас арқылы синтаксистік мағына береді. Айталық, манадан бері тыңдап отырған дегенде мезгілдік қатынас, сөзін тыңдап отырған дегенде тура объектілік қатынас, өзге жолдастардың дегенде анықтауыштық қатынас т.с.с. бар. Демек, кемінде толық мағыналы екі сөздің тіркемесі шағын да болса синтаксистік мағына береді.

Осы мысалдың ыңғайында сөз тіркестерінің сөйлемді құрпауға қажет единицалар екенін және оларды сөйлем ішінде қарастыруға болатыны дау тудырмаса керек.

Бейпредикативтік қатынастағы конструкциялардың сөйлемнен тысқары да сөз тіркесі бола беретіні күмән келтірмейді. Мәселен, өзге жолдастар деген тіркесте біршама аяқталған ойды, яғни сөйлемге тән белгіні байқамайсыз. Ал келтірілген сөйлем ішіндегі тыңдап отырған мен оңтайланды сөздеріне аяқталған сөз тіркестерін жеке-жеке бөліп қарастырғанда (манадан оңтайланды, сөйлеуге оңтайланды, өзі оңтайланды, кейбіреулердің бұлардың сөз тіркесіне жататынына күдіктенуі мүмкін. Әсіресе, өзі оңтайланды тіркесінеде бастауыштың да, баяндауыштың да бар екені көрініп тұр. Сонда мұндай құбылысты қалай түсіндіруге болар еді? Сөз тіркесі деу керек пе? Сөйлем ішіндегі сөйлем деу керек пе?

Қазіргі тіл теориясындағы табан тіреген тұжырым бойынша сөз тіркесінің кез келген түрінің сөйлем құрауға енгіз болатынын ескерсек, яғни сөйлемнің бір бөлшегі ретінде сөз тіркесі болатынын теріске шығармасақ, өзі оңтайланды конструкциясын берілген жағдайда сөз тіркесі деп қабылдаған жөн. Шындығында, дәл осы жағдайда, мысал ретінде алынған сөйлем тұрғысына алғанда, өзі оңтайланды тіркесінде сөйлемге тән белгі толық сақталмаған: оның предикатвтілігі де, интонациясы да ол құрамында тұрған сөйлемнен әлдеқайда әлсіз. Ал басқа жағдайда дәл осы конструкциясының сөздің толық мағынасындағы сөйлем бола алатынын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, келтірліген сөйлемді парадигматикалық бірнеше түрлерге ауыстыруға болар еді: Ақбала манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған. Енді оңтайланды. Осылайша бір жайылма жай сөйлемді төрт жай сөйлем түріне келтіргенде ілгерідегі сөз тіркестеріміздің сөйлем болып тұрғанына күмәнданудың еш реті жоқ. Мұндай жағдайда «оңтайландыға» аяқталған конструкциялар сөйлемге тән иннотацияға, предикативтік қасиетке ие. Сөйтіп сөз тіркесін сөйлем құрамында және сөйлем құрамынан алып қарастырған жөн.

Сөз тіркесінің құрамы туралы мәселенің де теориялық әрі практикалық үлкен мәні бар. Синтаксистің басқа категориялары, айталық, сөйлемдер сияқты, сөөз тіркесі де кеі басты элементтен немес сыңардан (компоненттен( тұрады. Ол компоненттер кемінде бір лексикалық толық маығнасы бар сөз болуға тиіс: студенттің дәптері, үлкен бөлме, қала маңындағы демалыс үйі, екі кітап, он шақты қой, ауылға келе жатырмын, көпірге жақын келді т.с.с.

Сөйтіп, қанша сөзден құралса да , сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Оның бірі – - басыңқы, екіншісі – бағыныңқы сыңар деп аталады. Ілгеріде келтірілген мысалдардың сыңарлары былайша болып келеді: мысалдардың сыңарлары былайша болып келді: студенттің (бағыныңқы) дәптері, (басыңқы), қала маңындағы (бағыныңқы) демалыс үйі (басыңқы), ауылға (бағыныңқы) келе жатырмын (басыңқы) т.с.с. Толық лексикалық мағынасы бар сөздің маңына топтасқан жартылай мағыналы немесе көмекші сөздер сол толық мағыналы сөз тіркесінің бір сыңарын (не бағыныңқы, не басыңқы сыңарын) құрайды.