Аналитикалық тәсіл

Сөз тіркесіндегі сөздер аналитикалық тәсіл арқылы байланысқанда олар қосымшаны қажет етпейді, оның есесіне ол сөздердің байланысуына интонация, сөздердің орын тәртібі және шылау көп көмегін тигізеді.

Сөздер интонация арқылы байланысқанда, дауыс ырғағына, әуеніне ерекше көңіл бөлінеді. Дауыс екпіні немесе логикалық екпіні немесе логикалық екпін дұрыс қойылмаған жағдайда қай сөздің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажырату қиындыққа түседі. Алшағыр ауылға қайтар күнді қаты сағынатын еді (Ғ.М.) сөйлемін айқын түсіну үшін дауыс екпінін дұрыс қоюдың мәні ерекше.

Егер Алшағыр сөзінен кейін сәл кідіріс жасалған болса, сағынып иесі сол (Алшағыр) екені даусыз. Олай етпей, Алшағыр ауылға қайтар күнді деген тізбекті тұтас бір интонациямен айтқанда, сағынып иесі Алшағыр емес, басқа біреу болып шығады. Осыған сәйкес сөз тіркесі де өзгерер еді: Алшағыр сағынатын еді және Алшағыр ауылға қайтар күнді сағынатын еді. Бірінші жағдайда сөйлемнің бастауышы Алшағыр болар еді, екіншісі жағдайда бастауыш бұл сөйлемде айтылмай, жасырын тұрған бөтен біреу болар еді. Дәлірек айту керек болса, бірінші нұсқада өзінгің ауылға да, екінші нұсқада Алшағырдың ауылға қайтар күніні белгісіз біреу сағынады деген ой келеді. Арай баласының бұл құпиясын біле алмай, ішінен шалына ұрсып жатты (Ш.М.) деген сөйлемдегі Арай мен баласының сөздерінің арасындағы интонациялық қызметі туралы да осыны айтуға болар еді. Демек, Арай мен баласының сөздерінің арысндағы интонациялық қызметі туралы да осыны айтуға болар еді. Демек, Арай сөзінің баласының сөзімен тіркесетінін немесе біле алмай сөздерімен тіркесетінін білу үшін интонацияны дұрыс қоя білу керек. Шығарманың мазмұнына қарағанда, Арай - сөйлемнің бастауышы, яғни біле алмай сөздерімен тіркесуге тиісті. Басқа жағдайда, айталық баласының сөзімен тіркессе, Арай сөзі бастауыш бола алмайды. Сонымен, Арай сен баласының сөзінің арасында интонация болса, Арай біле алмай сөз тіркесінің құралатынына көз жеткіземіз де, ондай интонация болмай алдыңғы екі сөз бірдей әуенмен айтылса, Арай баласының деген сөз тіркесін жасап, қатеге ұрынамыз.

Аналитикалық байланыс тәсілінің бір түрі- сөздердің орын тәртібі. Мұндайда бір-біоімен тіркескен сөздердің орындары қатаң сақталуға тиіс. Олардың орындарының ауысуы не мағыналық өзгеріске ұшыратады, не мағынасыздық тудырады. Айталық, үлкен бөлме тіркескен бөлме үлкен деп алмастыруға болады, бірақ сол алмаструға сәйкес мағына да өзгеріске түседі. Үлкен бөлме деген сөз тіркесінде анықтауыштық қатынас болса, бөлме үлкен деген сөө тіркесінде предикаттық қатынас бар. Ақылды бала, көгілдір аспан, сұр машина деген сөз тіркестерін бала ақылды, аспан көгілдір, машина сұр дегендей өзгеріске түсіргенде дек, осыны айтуға болар еді. Ал кешеден бері жазып отыр, қызықтыра әңгімелейді деген сөз тіркетерін ілгерідей өзгеріске түсіргенде, бір қарағанда, мағынасыздық туу мүмкін (жазып отыр кешеден бері, әңгімелейді қызықтыра), әйткенмен, әлдебір сөзге логикалық екпін түсіру мақсатында сөз тіркестерінің көркем, публицистикалық шығармаларда осылай кездесетіндері де бар. Нормативтік грамматиканың талабы бойынша біз келтірілген алдыңғы нұсқалар дұрыс болады:

 

Именіп көптен

Сақтық қып еппен,

Тасалама бойыңды!

Ашынса етің,

Ашылмақ бетің,

Тірі көмбей бойыңды,

Жүрегіңнің жарасын

Көрсет жұртқа, қарасын (А.Б.).

Аналитикалық тәсілдің келесі түрі сөздердің шылау арқылы байланысуы болып табылады. Байланыстың бұл түрінде жалғаулықтар мен демеулер сөз тіркесінің құрамындағы сөздері мағыналық жағынан бір-бірімен ұластыруда елеулі қызмет атқарады. Отан үшін отқа түс, - күймейсің (Б.М.), Елеңдей қарасып, ақтар да тілмаш арқылы бұл хабарды есітіп, апыл-құрыл аттана жөнелді (С.С.) деген мысалдардағы отқа түс, есітіп сөздері бсыңарларыменүшін, арқылы сөздерінің жәрдемімен байланысып тұр: Отан үшін отқа түс, тілмаш арқылы есітіп.

Синтетикалық тәсіл

Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс деп есептеледі.

Қазақ тілінде жалғаудың – септік, тәуелдік, жіктік және көптік деп аталатын төрт түрі бар екендігі белгілі. Осылардың қай-қайсысы да сөз тіркесін құрауға өз мүмкіндігенше қызмет атқарады.

Осы жалғаулардың ішінде сөздерді байланыстыруда ерекше атқаратыны – септік жалғаулар. Септік жалғауын жалғаған сөздер әдетте сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болып келеді: аңға шықты, жолдасымен сөйлесті, самолетпен келді, тапсырманы орындады. Осындағы барыс (аңға), көмектес (жолдасымен, самолетпен), табыс (тапсырманы) септіктерде келген сөздермен тіркесе түскендіктен басыңқы сңарларындағы сөздермен тіркесе түскендіктен басыңқы сыңарларындағы сөздермен олардың байланысы сөз тіркесін құрап, белгілі мағына тудырып тұр.

Тегінде, септелу – зат есім сөздерге тән қасиет. Әйтсе де, субстантивтену нәтижесінде басқа сөз таптары да септеле береді де, зат есім сөздер сияқты, сөздердің байланысуына жәрдемін тигізеді: Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе, шөлдегенге су да бал татыр. Есікте отырған – төрде отырғаннан дәмелі. Аңышының кешіккенінен сүйін, Қағазға тіл бітірген – қалам, жансызға жан бітірген – адам (мақалдар). Осындағы сын есімдер мен етістік сөздер заттық мағынаға ие болу арқасында зат есімдереш септіктердің әрқайсысында түрленіп, сөз тіркесін жасауға септігін тигізіп тұр.

Тәуелдік жалғау арқылы да сөздер байланысады: менің республика, оның қарындасы, сенің тілегің т.б. Басыңқы сыңар қызметін атқарып тұрған тәуелдік жалғаулы сөз бағыныңқының ілік септікте тұруын «талап етеді». Ілік септіктегі сөздердің, ілгеріде келтірілгендей, есімдер болуы да мүмкін, басқа сөздерде болуы мүмкін: аттың тұяғы, қаланың көшесі, өзеннің жағасы, таудың етегі т.с.с.

Көптік жалғаулары –лар (лер), -тар (тер), -дар(дер) негізінен сөйлемнің бастауыш пен баяндауыш мүшелерінің қиысуына қызмет етеді: сіздер көпсіздер, бұлар студенттер т.б.

Жіктік жалғауларға келетін болсақ, бұлар сөйлем ішінде баяндауыштың тұлғасын көрсетіп отырады. Жіктік жалғаудың ерекшелігі сондай – жіктік жалғаудаың белгілі түрін қолданғанда, бастауыш орнындағы сөзді алып тастауға да болады, яғни жіктеу есімдігінің бірін қойса жеткілікті: (мен) оқимын, (ол) оқиды, біздер (оқимыз).

Сөздердің синтетикалық байланысы туралы сөз етіп отырып, сөйлем мүшелеріне, мәселен, бастауыш пен баяндауышқа, қатысты әңгімелегенде, қайшылыққа ұрынып отырғанымызды ескерте кеткен жөн. Әңгіме мынада: сөйлем ішіндегі қай бөлікті алсаңыз да, олардың әрқайсысы белгілі бір байланысу заңдылықтарына қарай тіркесіп отырады.

 

Сөздердің байланысу формалары

Сөздердің байланысу тәсілдері туралы сөз болғанда, ол сөздердің қалай, не арқылы байланысатынына назар аударылса, сөздердің байланысу түрлеріне қатысты әңгіме қозғағанда, синтаксистік байланыстың түрлері (формалары) еске алынуға тиіс. Сөздердің синтаксистік байланысының мынадай бес формасы бар: қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу.

Қиысу.Бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан немесе жекелік, көптік жағынан өзара сәйкес келуі қиысу деп аталады. Осынысына (жақтық және жекелік, көптік жағынан үйлесімді келуіне) қарай қазақ тіліндегі қиысу жақтық қиысу және сандық қиысу деген екі түрге бөлінді.

Айта кететін жайт –қиысуда басыңқы сыңар бастауыш, бағыныңқы сыңар баяндауыш болып келеді де, баяндауыштың тұлғалық жағына сәйкестеліп отырады. Айталық, бастауыш қай жақта болса, баяндауыш та сол жақта болуға тиіс, сондай-ақ бастауыш жекелік түрде болса, баяндауыш та жекелік түрде, немесе бастауыш көптік түрде болса, баяндауыш та көптік түрде болып келеді.

Осы жайдан әлгі аталған жақтық қиысудың да, сандық қиысудың да табиғаты ашылатын сияқты. Сонымен, бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан үйлес келуі жақтық қиысу деп танылады: мен қуанамын, сен қуанасың, сіз қуанысыз, ол қуанады, біз (дер) қуанамыз, сендер қуанасыңдар, сіздер қуанасыздар, олар қуанады, мен азаматпын, сен азаматсың, сіз азаматсыз, олар азамат, біз(дер) азаматпыз, сендер азаматсыңдар, сіздер азаматсыздар, олар азаматтар.

Осы келтірілген мысалдардың ішінде сандық қиысуға келтірілген сөз тіркестері де бар. Сандық қиысу дегеніміз – басатуыштың көптік тұлғада келуінен сәйкес баяндауыштың да көптік тұлғада тұруы.

Меңгеру.Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен септік жалғауы арқылы байланысу формасын меңгеру деп атайды. Меңгеру негізінен етістікті сөз тіркестерінде көп қолданылады. Меңгерілетін сөздер іліктен басқа септіктерде – барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келеді.

Етістіктердің есім сөздерді меңгеруінде қалыптасқан заңдылық бар. Мәселен, сабақты тура толықтауышты меңгереді: Қолмен істегенді мойнымен көтереде. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Мәпелесе жүйрікті, бас жүлдені әперер. Осы тәріздес, етістіктен болған баяндауыштар табыс септігіндегі сөздерді (бірді Мыңды, жүйрікті, жүлдені) қажет етеді. Ал салт етістіктердің ілік пен табыс септіктерден басқаларының бәрімен байланысатыны белгілі.

Басыңқы сыңардың қай сөз табына жататындығыа қарай меңгеру екі түрлі болып келеді: етістікті меңгеру және есімді меңгеру. Аталуынан көрініп тұрғанындай, басыңқы сыңар есім сөздердің біреуінен болса, есімді меңгеру деп есептеледі. Мәселен, Жақсылық жолға келе жатып, жаман әдет көрсетпе (С.М.). Екі Кенен келмейді, Алатауға ексең де (К.Ә.). Бөрінің артынан бөрі ақылды болғандықтан өрмейді (М.Ә.) деген сөйлемдердегі жақсылық жолға келе жатып, Алатауға ексең, бөрінің артынанермейді конструкциялары – етістікті сөөз тіркестері. Сондай-ақ Жақсы жырға қарттық жоқ. (М.Әлім.). Жақсы ата – жаман балаға қырық жыл азық (мақал), Бір ағашта қанша бұтақ, біреуі-ақ қамшыға сап (К.Ә.) сөйлемдеріндегі жырға қарттық жоқ, балаға азық, қамшыға сап – есімді сөз т іркестері.

Меңгеру осылайша тек етістікті немесе тек есімді меңгеру болумен бірге, ортақ меңгеру деп аталатын түрге бөлінеді. Мұндайда басыңқы сыңардың құрамына етістік сөз де, есім сөз де кезедіп отырады: Тәнім таза болғанша, жаным таза болсын (Ғ.Мұст). Бабаңнан жүз жас үлкен бол, балаңнан жүз жас кіші бол (Б.Мом.). Бұл сөйлемдердерден ортақ меңгерудің біраз мысалын табуға болады.

Матасу.Сөз тіркесіндегі сыңар мен бағныңқы сыңардың тәуелдік жалғауы мен ілік септігінің жалғауы арқылы байланысу формасын матасу деп атайды.

Меңгеруде болсын, байланысу формаларының басқа түрлерінде болсын, байланысу бір жақты, демек, басыңқы сыңардың ыңғайына қарай тіркесу болып жатса, матасуда екі жақты байланысуболатынын байқац қиын емес. Нақтырақ айтқанда, алдыңғы сыңардың ілік септігінде келуі онымен байланысқа сөздің тәуелдік жалғауында келуін қажет етеді де, тәуелдік жалғауындағы сөз алдыңғы сөздіңілік септігі жалғауымен келуін қажеттетеді: ағаштың жапырағы, менің пікірім, аспанның түсі. Осы тіркестердің ағашты жапырақ, менің пікір, аспанның түс түрінде келуі мағынасыздық тудырар еді де, күлкі шақырар еді. Сондай-ақ ағашқа жапырағы, менімен пікірім, аспанды түсі сияқты қатар қоюымыз да әлгінде әсер туғызар еді. Сондықтан мұндай байланыстағы екі дақты үйлесімділік ерекше сақталуға тиіс. Осындай екі жақты байланыстың беріктігі соншалық – олардың арасына басқа сөздер кірістіргенде де ол байланыс үзілмейді: ағаштың жапырағы, ағаштың күзгі сары жапырағы, ағаштың күзде жиі түсіп жататын сары жапырағы т.с.с.

Басқа байланысу формасын, майталық, меңгеруден матасудың тағы бір айырмашылығы сол – мұндай бағыныңқы сыңардан жасырын қалдырғанның өзінде мағынаға нұқсан келмейді: менің пікірім, пікірімді қолданғаныңызға ризамын, оның пікірі де қолдау тапты, пікірінде кейбір қайшылықтар да ұшырасып қалады, сенің пікіріңді де қуаттаймыз, пікірлеріңізді әлде де болса дәлдей, дәлелдей түсерсіз т.с.с. Демек, ауылға бардым, аудиторияда отырдым деген сөз тіркестерімен мұны салыстыру қиын. Контекст ішінде қарастырғанда болмаса, қайда барғанды, қайда отырғанды біле бермес едік.

Қабысу.Сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың қатаң тәртібі арқылы қатар тұрып байланысу формасын қабысу деп атйды.

Қабысуда ешбір жалғау байланыстыруышылық қызмет атқармайды. Қабысуда ешбір жалғау байлансытыруышлық қызмет атқармайды. Қабысуда сөз тіркесінің бірінші сыңарлары есім сөздер, есімшелер, көсемшелер болатынды да, басыңқы сыңар қызметін есімдер мен етістіктер атқарады.

Қабысу арқылы байланысқа сөз тіркесінің мағыналары әр түрлі болып келеді. Мұндай реттерде анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастар жасмалады. Мәселен, жиырма бес адам, ұзақ уақыт айқын мақсат дегенде есімді сөз тіркестерінің мағынасы анықтауыштық екенін көреміз: ал асыға сөйледі, кеш оралды, шулап жүгірісті, жалт-жұлт қарады дегенде пысықтауыштық қатынас болып тұрғаны белгілі: сондай-ақ ән шығарды, мал қоралады сияқты тіркестердің толықтауыштық қатынас тудырып тұрғаны дау тудырмаса керек.

Жанасу.Жанасуды қабысудың бір түрі деп қараушылық та бар. Жалпы ұқсастығы, айталық, мұнда жда орын тәртібіне қарай болғанымен, міндеті түрдегі қатарлыстықты сақатй бермегендіктен, мұны байланысудың қабысудан басқа формасы деп ұғынған дұрыс сияқты.

Сөз тіркесі құрамындағы басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың ешбір жалғаусыз байланысу формасын жанасу деп атайды.

Жабай енді соңғы сөзін айтуға ыңғайланғанда, ақырын ғана жер үйдің есігі ашылды (Ғ.М.) сөйлемінде байланысу формасының «туыстас» екі түрі де бар. Соңғы сөз тіркесі қабысу арқылы жасалса, енді ыңғайланды жанасу арқылы жасалып тұр. Қабыса байланысқан сөз тіркесініңбір сыңарының орнын ауыстырғанда не басқа мағынаға ауысып кетеді, не мағынасыздық туады, ал жанасуда олай емес: әсіресе бағыныңқы сыңар сөйлемнің қай жерінде тұрса да, басыңқымен байланысын үзбейді: Жабай соңғы сөзін айтуға ыңғайланды т.с. Қалай болғанда да, соңғы мен ыңғайландының аркасындағы мезгілдік қатынас еш бұзылмайды.