Бұрғылау машиналары мен кешендері

Жер қойнауынан мұнай мен газды өндіруге арналған бұрғылау ұңғыларын қамтамасыз ететін бұрғылау машиналары мен механизмдері болып табылады. Құрлықта және теңізде, әр түрлі тереңдікте, әр үлгідегі ұңғыларды бұрғылау үшін бір сыныпты немесе бір түрлі бұрғылау қондырғыларын қолдануға болмайды, дегенмен барлық жағдайда да қондырғылардың атқаратын қызметі мен орындайтын функциялары бірдей десе де болады. Сонымен бірге әр түрлі жағдайларға арнап арнайы қондырғылар жасау мүмкін емес, сондықтан бұрғылау қондырғылары белгілі бір әмбебапты немесе нақты бір бұрғылау шарты үшін жылдам түрленетін және икемді болуы қажет.

Бұрғылау қондырғыларының негізгі көрсеткіштері – ілмектегі шекті жүктеме және бұрғылаудың шартты тереңдігі.

Бірінші көрсеткіш бұрғылау қондырғысының ұңғыдағы апаттар мен шиеленістерден туындайтын жүктерді және бұрғылау, шегендеу тізбектерінің салмағынан болатын тік жүктемелердің барлық түрін қабылдау мүмкіндігін сипаттайды.

Екінші көрсеткіш шартты болып табылады, себебі бұл қондырғының көмегімен бұрғылаудың шекті тереңдігі ұңғы құрылысының (бұрғылау және шегендеу тізбектерінің салмағын аныктаушы) өзгеруіне байланысты үлкеюі немесе азаюы мүмкін.

Бұрғылау қондырғыларын жобалау және олардың түрін таңдау мына факторларға тәуелді болады:

- қондырғының атқаратын қызметі және бұрғылау шарты құрлықта, батпақты жерде, теңізде; климат немесе қоршаған ауаның температурасы және оның өзгеруі, желдің күші, т.б.;

- бұрғылаудың мақсаты – барлау немесе пайдалану;

- ұңғылардың түрлері және параметлері – тік немесе көлбеу; бұрғылау тереңдігі және ұңғы конструкциясы;

- бұрғылаудың әдістері мен технологиясы (ротормен немесе түпкі қозғалтқыштармен); түпке қажетті гидравликалық қуат; бұрғылау ерітінділерінің құрамы мен түрлері (сұйықтық, көбік немесе газ), ерітінділердің сипаттамасы (су немесе мұнай); тізбекті түсіру және көтеру әдістері және т.б.

- бұрғылаудың геологиялық шарттары (бұрғыланушы тау жынысының сипаттамасы, қысымының өзгеру деңгейі, тереңдіке қарай температурасының өзгеруі, жер асты суларының деңгейі және т.б.)

Бұрғылау қондырғысының жинақ құрамына төмендегі механизмдер мен агрегаттар кіреді: тәл жүйесі ілінетін және бұрғылау құбырлары орналасатын мұнара, бұрғылау аспаптарын көтеріп-түсіруші және айналдырушы жабдықтар, жуу сұйықтарын айдаушы бұрғы сораптары, күштік жетектер, жуу сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары, көтеріп-түсіру операциялары, автоматтандыру және механизациялау аспаптары, бақылау-өлшеу приборлары мен қосалқы аспаптар. Сонымен бірге бұрғылау қондырғысының жинақ құрамына қондырғы орналасатын ірге тас та кіреді.

 

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздер мен «Псевдоинтернационалдық» сөздерді көшіріп жазыңыздар.

 

3-тапсырма:Төмендегі сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.

Бұрғылау қондырғысы, бұрғылау роторына әсер ететін жүктемелер, механизмдер мен агрегаттар, тәл жүйесі, бұрғылау шарты, көтеріп-түсіру операциясы, бұрылау ұршығы, бұрғылау шығыры, бұрылау тізбегі, шегендеу тізбегі.

 

4-тапсырма:Мұнай мен газ ұңғыларын бұрғылау саласына қатысты шағын мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Талевая система – это часть спускооподъемного комплекса, преддназначенная для подъема и спуска бурильной колонны при проведении спускооподъемных операций, поддержания на весу бурильной колонны при бурении, спуске обсадной колонны и выполнении других работ в скважине.Талевая система состоит из неподвижной группы шкивов – кронблока, установленного в верхней части буровой вышки на подкронблочной раме, и подвижной группы шкивов – талевого блока с крюком. Талевый блок и кронблок соединены между собой стальным тросом – талевым канатом, один конец которого крепится к барабану лебедки (подвижный, ходовой, тяговый, ведущая ветвь полиспастной системы), а второй конец через специальное устройство – к основанию вышки (неподвижный).

Крепление неподвижного конца каната к основанию буровой вышки с помощью специального устройства обусловлено необходимостью уравновесить горизонтальную составляющую усилия в ведущей ветви, установки на нем датчика измерительной аппаратуры, предназначенной для контроля нагрузки на крюке, а также осуществления перепуска талевого каната для уменьшения его износа. При такой системе число шкивов кронблока всегда на один больше, чем в талевом блоке, а количество ветвей в оснастке – четное, т. е. имеет место формула:

Zкб = Zтб+1

где Zкб и Zтб – число шкивов, соответственно, кронблока и талевого блока.

Число шкивов блоков, их размеры и количество ветвей каната в талевой системе определяются грузоподъемностью на крюке, тяговым усилием лебедки, количеством слоев навивки каната на барабан лебедки, размерами, прочностью и скоростью навивки на барабан лебедки талевого каната, а также его типом и стоимостью.