Мұнай мен газды өндіру машиналары мен жабдықтары

 

Мұнай мен газ адамзат қоғамының энергия көздерінің бастысына айналды, әрі ең маңызды химиялық бөлшек болып табылады. Мемлекетті мұнайгаз шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді. Мұнайгаз өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұндай өнімдер жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы ең соңғы үлгілермен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі өзара технологиялық процесстерді жүзеге асыра алатындай жағдайда. Оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жүрген саны, күрделілігі, әртүрлілігі жағынан машиналар мен жабдықтар қазіргі өнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Толассыз даму үстіндегі мұнайгаз өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саны жаңа мұнайгаз өндірісінің жаңа саласының қалыптасуына әкеледі. Мұнайгаз саласының дамуымен қатар бір мезгілде машина құрастыру салалары да даму үстінде. Сонымен қатар ғылым да даму бағытында.

Мұнай және газ өндіруге немесе конденсация жасауға арналған ұңғымалар өндіруші деп аталады. Ал суды, басқа да сұйықтық заттарды тартуға арналған, және де жатқан қорларға жасанды түрде әсер етуге арналған ұңғымалар айдау ұңғымалары деп аталады. Барлау ұңғымалары болса, мұнай кендерінің бар жоғын, мұнай мен газдың таралу аймағын айқындауға арналған. Бақылаушы және пезометрлік ұңғымалар жер қыртысы мен қыртыстық сұйықтықтың жағдайын анықтау бойынша жұмыстарды атқаруға, сонымен қатар қыртыстық қысымдарды ұстап отыруды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады. Іске асыру ұңғымасы ұңғымалардың ішіндегі ең негізгі де маңызды құрылым болып табылады, ал олардың жинытығы іске асыру қоры саналады, оның құны қазіргі кәсіпті барлық технологиялық жабдықтау құнының 75-80 пайызын құрайды.

Тізбектің ұзақ жұмыс жасауы ұңғыманың жұмыс жасау уақытымен сәйкес келуі тиіс. Ұңғыманың сыртқы шегендеу құбырлар тізбегі бірнеше метр тереңдікке түсіріледі, ал оның құбыр бойы толық цементтеледі. Бағыттаушының ішінде тезбек басы орнатылады, ал кондуктор барлық ұзындағы бойынша цементтеледі. Пайдалану тізбегі мен кондуктор арасындағы аралық шегендеу тізбегі түсіріледі. Олар ұңғыманы құрғанда технологиялық функцияларды жасайды, тереңдікке түсірілуі геологиялық қабатқа байланысты анықталады. Тезбек басы кондукторға жалғастырылады, ұңғыманы пайдалану ұңғымаға жобдықтарды түсіруге қолданылады.

Ұңғыманы пайдаланғанда ішкі және сыртқы қысым ауысып отырады. Ұңғыманы пайдаланғанда мұнай, газ және конденсат коррозия туғызады, оның шегендеу құбыр тізбегін бұзылуға әкеліп соғады. Өндіру кәсіпшілігінде мұнай мен газ көмір қышқыл газ және күкіртқышқылы көп. Өндіріліп жатқан кәсіпшілікте, тереңдеген сайын оның қысымы мен қабат температурасы артады.

 

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздер мен «Псевдоинтернационалдық» сөздерді көшіріп жазыңыздар.

 

3-тапсырма:Төмендегі сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.

Фонтандық ұңғыма жабдығы, ұңғыманы терең сораптармен пайдалану, штангалы сораптар, электрлі ортадан тепкіш батпалы сораптар, тербелмелі станок, тізбек басы, ұңғыманы күрделі жөндеу жабдықтары.

 

4-тапсырма:Мұнай мен газды өндіру саласына қатысты шағын мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Нефтегазодобывающая промышленность предполагает использование большого количества разнообразного оборудования, которое служит для добычи, хранения и транспортировки нефтепродуктов, а также обслуживания скважин. Комплекс, который объединяет в себя все, используемое в добывающей промышленности оборудование, принято называть «нефтегазопромысловым оборудованием».

Оборудование для нефтяной и газовой промышленности сегодня обеспечивает высокотехнологичную и эффективную добычу нефти и попутного газа в любых геологических и климатических условиях разработки. На нашем заводе практически применяются достижения в области конструирования нефтедобывающего оборудования, что позволяет добывать нефть с его помощью не только более оперативно, но и с минимальными потерями качества нефти.

Нефтегазопромысловое оборудование включает в себя агрегаты, машины, установки, материалы и другую продукцию, которая используется для бурения и ремонта скважин, а также для их обслуживания и эксплуатации. Перечень выпускаемого нашим заводом оборудования, насчитывает большое количество наименований, которое постоянно обновляется и пополняется новыми агрегатами и устройствами. Мы производим установки промысловые паровые передвижные ППУА-1600/100, ППУА-500/0,6, агрегаты цементировочные АЦ-32, агрегаты для депарафинизации скважин АДПМ-12/150, установки блока манифольдов БМ70/32 и многое-многое другое.