Тақырып: Ауа бассейнінің ластануына мониторинг жүргізу үшін фитоиндикациялық «биотест» әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Атмосфералық ауа және оның ластаушылары, елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластайтын көздер және ауаның сапасын бақылауды ұйымдастыруғ ластаушы заттардың өсімдіктерге әсері, қоршаған ортаны ластануын бағалауда фитоиндикацияның қолданылуы, қылқан жапырақтылар қоршаған орта ластануының биоиндикаторы туралы білімдерін толықтыру

Сабақтың жоспары:

1. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.

2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

3. Тапсырмаларды орындау.

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Атмосфералық ауа және оның ластаушылары

2. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластайтын көздерді ата.

3. Ластаушы заттардың өсімдіктерге әсері қандай

 

Тапсырмалар:

1. Ластаушы заттар мен оларға сезімтал индикатор-өсімдіктер:

 

Ластаушы заттар Индикатор-өсімдіктер
Жалпы ластану Қыналар, мүктер
Ауыр металдар Қара өрік, бөрібұршақ
Күкір диоксиді Шырша, беде
Фторлы сутек Қайың, бүлдірген
Аммиак Күнбағыс, каштан
Күкіртсутек Бұршақ
Фотохимиялық смог Қалақай, темекі
Полициклді ароматтық көмірсулар ПАК Соя

 

2. Өсімдіктердің күкіртті газға салыстырмалы төзімділігін қарастыр

 

Өсімдіктердің түрлері Төзімділік деңгейі, балл Зақымдалу деңгейі  
Жоңышқа (Medicago sativa) 1,0 Әлсіз
Сұлы (Avena sativa) 1,3 Әлсіз
Беде (Trifolium pratense) 1,4 Әлсіз
Бидай (Triticum aestivum) 1,5 Әлсіз
Асбұршақ (Pisum sativum) 2,1 Орташа
Жүзім (Vitis vinifera) 2,2 Едәуір
Сары өрік (Armeniaca vulgaris) 2,3 Едәуір
Картоп (Solarium tuberosum) 3,0 Едәуір
Жүгері (Zea mays) 4,0 Едәуір
Қияр (Cucumis sativum) 4,2 Едәуір
Қарағай (Pinus silvestris) Едәуір

 

3. Индикаторлардың шынайылық шкаласы (100% индикаторлармен аймақ саны) қарастыру:

 

Индикаторлары бар аймақ Шынайылық деңгейі Индикаторлар бағасы
Өте жоғары Абсолютті
> 90 Жоғары Шын
75-90 Жеткілікті Қанағаттанарлық
60-75 Төмен Күмәнді
<60 Құрыған Индикация мүмкін емес

 

4. Суретін салып, айырмашылықтарын айыра білу. Жер асты сулары индикаторлары болып тамыр жер асты суларына жететін – фреатофиттер тобының тамырларының тереңге кететін түрлері жататыны анық және суды капиллярлы аймақ ылғалымен қолданатын трихогидрофиттер жатады. Омброфит өсімдіктер аса тереңге кетпейтін тамыр жүйесімен атмосфералық жауын-шашын көмегімен өмір сүретін өсімдіктер бұл жағдайда индикатор ретінде жарамайды.

Сурет-1 Өсімдіктер: А - фреатофиттер, Б – трихогидрофиттер, В – обмроиттер (сызба) І – топырақ беті, ІІ – грунттық су астындағы капиллярлы жолақ; ІІІ – грунттық сулар

 

Глоссарий:

Фреатофиттер тобының тамырларының тереңге кететін түрлері жататыны анық және суды капиллярлы аймақ ылғалымен қолданатын трихогидрофиттер жатады.

Омброфит өсімдіктер аса тереңге кетпейтін тамыр жүйесімен атмосфералық жауын-шашын көмегімен өмір сүретін өсімдіктер бұл жағдайда индикатор ретінде жарамайды

Эуторфты немесе олиготрофты түрлердің басым болуы, әртүрлі «трофты» өсімдіктер тобы бойынша сандық қатынасы, нитрофилдердің немесе топырақтың фосфорға бай екендігінің көрсеткіш индикаторы - өсімдіктердің болуы – осы деректердің барлығы топырақ байлығының дәрежесін өсімдіктер арқылы нақты бағалауға көмектеседі.

Гомеостаз -негізгі жүйелердің қайтадан пайда болуы арқылы әр салада функционалды реттелетін ағзада энергетикалық құрылымының ішкі динамикалық тепе теңдік табиғи жүйесінің жағдайы.

Гумус- топырақтардың қарашіріктерінің органикалық заттары.