Курстық жұмыстың тапсырмасы

Мазмұны

 

Кіріспе 3

Курстық жұмыстың тапсырмалары 4

1 Адаптивті коммутациялық жүйе 5

2 Жылжымалы шекара коммутациясы 8

3«Баньян» түріндегі коммутациялық жүйе 11

4 «Бенеш» түріндегі коммутациялық жүйе 12

5 Кеңжолақты коммутатор жадының сыйымдылығы 13

Қорытынды 14

Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

А қосымша

Ә қосымша

 

 

Кіріспе

Байланыс желілерінің дамуының дүниежүзілік тәжірибесінің талдауының көрсетілімі бойынша аналогтық интеграцияланған жүйелерден интеграцияланған қызметі бар цифрлық жүйелерге өтудің негізгі кезеңі:

- цифрлық жүйенің жазылуы;

- біртұтас 64 кбит/с цифрлы арна негізінде дестелік коммутациясы бар телематикалық қызмет үшін және телефония қызметі үшін арналар коммутациясы бар интегралды қызмет ететін таржолақты цифрлық жүйелерді жасау;

- интегралды қызмет ететін кеңжолақты цифрлық жүйені құрастыру.

Бүкіл әлем мемлекеттерінің интегралды цифрлық желіге өтуі, цифрлық желінің артықшылығын айқындайды. Арналар коммутациясы үшін құрылған мәліметтерді тарату желілері дестелер коммутациясында да қолдана береді.

Дамудың келесі сатысында телефондық желіні және негізгі цифрлық арналарды қолданатын мәліметтерді тарататын желіні байланыстыратын интегралды қызмет ететін таржолақты цифрлық желілер жұмыс жасауын жалғастырады. Дәл осы кезеңде абоненттік байланыс линиясында дауыс таратуды цифрлық түрде тарату ойластырылған.

Үшінші кезеңде кеңжолақты цифрлық желіге өту іске асырылады.

“Кеңжолақты және иілгіш коммутация жүйесі” курсы “Байланыс желілері және коммутация жүйелері” мамандығының студенттерін тереңдетіп дайындауға арналған. Курс алдында өтілген “Коммутация жүйелері”, “Телетрафик теориясы”, “Дестелер коммутациясы негізіндегі цифрлық желілер” дәрістерімен негізделген.

Курсты үйренудің негізгі тәсілі студенттердің өз бетінше оқулықтармен жұмыс істеуі. Курс бойынша курстық жұмыс дайындау қарастырылған. Студенттердің теориялық және практикалық білімін тексеру үшін емтихан тапсырады.

 


 

Курстық жұмыстың тапсырмасы

 

 

1. N=N1+N2; N1=N2 адаптивті коммутациясы бар коммутация жүйесін қарастырайық. N-циклдағы канал аралықтарының саны. N1 және N2 – каналдар саны, жүктеме ретінде бөлінген бірінші (дауыс) және екінші класс (десте). Блокировка болуының төменгі ықтималдығы үшін ρ1=0,1. ρ1 – бірінші кластың жүктемесі үшін жүйені пайдалану коэффициенті. Бірінші класс жүктемесі үшін тәуелділік графигін құрастырыңыз. μ2·Е(Т) екінші кластың жүктемесінің нормаланған кешігуі мен ρ2 -дың α=μ21=10, 100 и 104 үш жағдайға арналған пайдалану коэффициентін тәуелділік графигін тұрғызыңыз. μ1 и μ2 – бірінші және екінші кластың қызмет ету екпінділігі. Жүктеме аймағын қоса, ρ2 мәндерінің бүкіл диапозонын қамтыңыз. α өсуінің жүктемеге қатысын түсіндіріңіз. N=20; N1=10; N2=10.

2. АК жүйесінде N каналдың әр каналы 64кбит/с тарату жылдамдығымен жұмыс істесін. Циклдағы әр екі канал аралығының біреуі 8 дәрежені құрайды. Дестенің орташа ұзақтығы - 1/ μ2 2 – циклдағы дестелерге қызмет көрсету екпінділігі).

2.1 1-ші класс жүктемесінің келесі екі жағдайын қарастырыңыз:

а) Орташа жылдамдығы 1/μ1 тең сөйлесулер (μ1 – бірінші класс жүктемесі қызмет ету екпінділігі) б) ұзындығы L Мбайт тең файлдарды тарату.

Екі жағдайда да ρ1=0,1 (1-ші класс жүктемесі үшін пайдалану коэффициент жүйесі). Орташа кешігуі мен ρ2 - дың екі жағдайға арналған пайдалану коэффициентінің арасындағы тәуелділік графигін тұрғызыңыз және есептеңіз. ρ2 =1 шегінен шығатын ρ2 мәндерінің бүкіл диапозонын қамтыңыз.

ρ2=0,9 тең шекарасы орнықтырылған жағдайдағы кешігуді салыстырыңыз.

N1=N2 (1-ші және 2-ші класс жүктемелерінің арна саны), 1-ші класс жүктеме үшін бөлінген 2-ші класс жүктемесі арнаны қолдана алмайды. Циклдағы дестенің орташа ұзақтығы және оларға қызмет көрсету екпінділігі:

N=20; N1=10; N2=10; 1/ μ1=7 мин.; 1/ μ2=10 мс; L=10 МБайт

3. Кірісі мен шығысы N-ге тең болатын, «баньян» түріндегі көпканалды коммутациялық жүйені құру керек. Сол коммутациялық жүйедегі мрашрутизация процессін мысал ретінде келтіру керек. Кірісі мен шығысының саны: N=20.

4. Бенеш сұлбасы бойынша кірісі мен шығысы N-ге тең болатын көпкаскадты коммутациялық жүйені құру керек. Сол коммутациялық жүйедегі мрашрутизация процессін мысал ретінде келтіру керек. Кірісі мен шығысының саны: N=12.

Пакеттің бар болу ықтималдығы P (Ii>Li) буфер құрылғысының сыйымдылығы байланысты P(H)PLR рұқсат етілген шамадан аспау керек. N кіріс орнына жалпы буферді ұйымдастырғанда болатын ұтымды бағалаңыз. (N кіріс буферінің сыйымдылығы - L). Буферлік құрылғының сыйымдылығы:

N=22; P=0.75; P(H)PLR=10-6