Ашықтықтан оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп - жоғарғы оку орны - білім жетілдіру институты - мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты - эффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі элементтер ерекше маңызды болып саналады:

Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерініңприоритеттілігі.

Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;

Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, эксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

Білім беруде ақпараттық технологияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларына оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.

Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкіндігін – қашықтан оқытудың енуін берді [12-13].

Қашықтан оқыту - электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу- танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасайтын оқу нысандарының бір түрі. Сонымен қатар білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясы қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы – оқыту барысында қолданылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын оқушылар тез қабылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.

Қашықтан оқыту:

біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын таңдауына;

екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға;

үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға;

төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға;

бесіншіден, білім беруді жекешелендіруге мүмкіндік жасайды.

Оқыту - білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі, ал білім беру- бұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.

Қашықтан оқыту- бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сыртгай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл- байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио-, бейне- және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары колданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.

Қашықтан білім беру- қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылымда қашықтан білім беру -бұл білімді қолма-қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту - бұл білімді қабылдау процесі ( бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптаскан.Қашықтан білім беруде білім беру процесінің негізін өзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқытушысымен телефон, электрондық почта арқылы байланысу мүмкіндігі бар оқушының бір мақсатқа бағытталған және бақылалып отыратын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.

Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жсрлерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Білім беру процесін студенттердің өздігінен оқу принциптеріне негіздеп жаңаша оқыту да осы қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Оқыту ортасы оқушылардың көп жағдайда, кейде, тіпті мүлдем оқытушыдан кеңістіктік және уақыт тұрғысынан алыста болуымсн сипатталады. Солай бола тұрса да олар кез келген уақытта телекоммуникациялар құралдарының көмегімен диалогқа түсе алу мүмкіндігіне ие.

Қашықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) қолданушылардың білімдік кажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған ақпараттық ресурстар, өзара қарым-қатынас протоколдары, аппараітық-бағдарламалык және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етудің жүйелі түрде ұйымдастырылған құралдарының бірлігінен тұрады.

Қашықтан оқыту жүйесі міндетті түрде төмендегідсй функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- Оқушыларға ақпараттық технологиялардың көмегімен үйренілетін материалдардың негізгі бөлігін жеткізу;

- Оқыту процесі барысында оқытушы мен оқушының өзара интерактивтік қарым-қатынасы;

- Оқушыларға зерттелетін оқу материалын игеруде өзіндік жұмыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ету

- Оқу процесі барысында оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалап отыру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру, барлық санаттағы қызметкерлердің өндірістік процестен қол үзбестен жүйелі түрде біліктілігін көтеру болып табылады.

Қашықтан оқыту мыналарға бағытталған:

- оқыту процесінің тиімділігін арттыруға,

- оқитын қызметкерлер контингенттерін көбейтуге,

- қызметтік және немесе кәсіби өсуде қызметкердің қосымша уәжін толықтыруға,

- қоғамның өзгерістерге дайындық деңгейін арттыруға,

- оқытуды жекелеуге,

- жұмысының ерекшеліктерінен оқытудың әдеттегі формасы сәйкес келмейтін, қызметкерлердің білім алуына.

Қашықтан оқытудың артықшылығы:

- икемділік – жұмыс (өндіріс) процесіне бейімделген кесте бойынша оқу мүмкіндігі

- модулдік – қызметкердің атқаратын лауазым біліктілік талаптарына сәйкес, тәуелсіз оқу курстар-үлгілері жинағынан оқу жоспарын қалыптастыру мүмкіндігі

- қосарлылық – жұмыс (өндіріс) процесінен қол үзбей оқуы

- қол жетерлік – оқитындардың көп контингентінің оқу ақпаратының әртүрлі көздеріне (электрондық кітапхана, деректер қоры, білім қоры т.б.) бір мезгілде жүгінуі (көңіл аударуы)

- үнемділік – оқу алаңдары мен техникалық жарақтарды тиімді пайдалану, оқу ақпараттарын және мультикіруді шоғырландыра және біріңғайландыра бере алуы

- технологиялық – білім беру процесіне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның ең жаңа жетістіктерін пайдалануы

- үздіксіздік – ҚО серверіне үнемі кіре алуы

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтан оқытудың құрамына енуі;

- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

Қашықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

Қашықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Қашықтан білім берудің ерекшеліктері

Икемділік. Оқушылар көп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды. Әркім өзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне ғана керекті мөлшерде білім алады.

Модулділік. Қашықтан оқыту бағдарламаларының негізіне модулдік принцип салынады. Оқушылар игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал мұның өзі бір-біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Параллелділік.Оқыту процесі негізгі кәсіби қызметтің оқумен қатар жүруіне мүмкіндік береді, яғни, өндірістен қол үзбеуге жағдай жасайды.

Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі.Оқушы мен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелеріжұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру процесіне кедергі болмайды.

Қамту.Бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды. ҚОЖ жүйесінде оқитындар саны шектеулі параметрге жатпайды. Олардың көптеген оқу ақпараттары көздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады.

Рентабелділік. Қашықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады. Шетелдік қашықтан оқыту жүйелерін бағалау олардың дәстүрлі жүйеге қарағанда 10-50% -ға арзанға түсетінін көрсетіп отыр. Бұл, оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардың техникалық құралдарын тиімді қолдану, сондай-ақ, оқу материалдарының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге келтірілген мазмұнын қолдану, ҚОЖ технологиясының өте көп тыңдаушылар санына бағытталғадығымен түсіндіріледі.

Жаңа ақпараттық технологиялар.Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио-бейнетехника, телекоммуникациялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.

Қашықтықтан оқыту жүйесі қызметкерлерін дайындау туралы В.Копеланд, К.Зейнер, Д. Листон еңбектері негізінде қашықтықтан оқытудағы рефлексияның әртүрлі деңгейлері келесідей бөліп көрсетілген: техникалық деңгей (белгілі бір мақсаттарға қалай жету керектігі), интерактивтік ұғымына сәйкес тәжірибелік деңгей; сын деңгейі (институционалдық контекст, мораль, этика). Рефлексияның тәжірибелік амалдарының ішінде журналды жүргізу; метафораларды пайдалану; «әрекеттегі зерттеу» амалдары бөліп қарастырылды.

Оқытушыларды қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларына оқыту мақсаты - оқу үдерісіне тән барлық компоненттерді бейнелейтін (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары және ақпараттық-коммуникациялық технологияларының құралдарымен, соның ішінде Интернет-технологиямен оқыту әдістері мен құралдары) оқытушы мен студенттің арасындағы арақашықтықта өзара әрекеттесуіне негізделген оқыту жүйесі жұмысына дайындық, оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарына және қашықтықтан оқыту жүйесі жұмысының негізгі тәсілдеріне мамандарды оқыту болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларына оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларында келесі ақпараттық-педагогикалық құзырлылықтарды қалыптастыруға бағытталды:

қашықтықтан оқыту сабағын, курсын және т.б. әдіснамалық жобалаудың құзырлылықтары;

қашықтықтан оқыту, бақылау үдерісінде электрондық оқу-әдістемелік кешенді (ЭОӘК) әзірлеу, енгізу және қолдану құзырлылықтары;

оқу орнында әдістемелік жұмысты сүйемелдеу құралдары мен жүйелерін жобалау құзырлылықтары;

біріккен, топтық кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру құзырлылықтары;

педагогикалық бақылаудың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру құзырлылықтары;

бақылау материалдарының сапасын бағалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және бақылауды жүргізу технологиялары құзырлылықтары;

сондай-ақ, коммуникативті және коммуникациялық құзырлылықтар:

қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын тәжірибелік меңгеру (вебинарларды, ситуативтік талдауды, жобалау іс-әрекетін, рөлдік және іскерлік ойындарды және т.б. жүргізу);

білімдік-ұйымдастырушылық іс-әрекет саласындағы құзырлылықтар, оның ішінде оқу жағдайын талдай білу іскерлігі, қашықтықтан жұмыс істейтін оқытушылар мен студенттердің өзара қатынастарында норма мен этиканы білу, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары құзырлылықтары;

ақпараттың әртүрлі көздерінен білімді алу тәсілдерін (оқытудың техникалық құралдарын, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын) меңгеуге негізделген өзіндік танымдық іс-әрекеті саласындағы құзырлылықтары.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің моделі 2 суретте берілген. Берілген модель қашықтықтан оқыту бойынша оқытушыларды даярлаудың құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің моделі 4 суретте көрсетілген.

 

Жоғары оқу орнында оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі Мақсаттық компонент Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру
Мазмұндық-технологиялық компонент мазмұнды анықтау мазмұнды құрастыру жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту технологиясы қашықтықтан оқыту құралдары мен әдістері қашықтықтан оқытудың білім беру ресурстары қашықтықтан оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етуі қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру формалары
Бақылаушы- коррекциялық компонент қашықтықтан оқытуда бақылау және өзіндік бақылау құралдары қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтың қалыптасу деңгейлері

 

4-сурет. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің моделі.

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады. Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды. Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін. Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту". Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балала ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды. Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр [22-25].

ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:

• әдістемелік жабдықтау жағына;

• мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

• қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

• базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

• аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке крсылу).

Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.

Мұндай процестің маңыздылығы Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек".

Жаңа жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.

Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.

Модельге сәйкес оқытушылардың біліктілігін арттыру курсының құрылымы және мазмұны төмендегідей анықталады:

Ашық білім беру жүйесіне кіріспе. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық және ұйымдастырушылық модельдері. Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары.

Қашықтықтан оқытудың АКТ. Қашықтықтан оқыту жүйесінде (ҚОЖ) қашықтықтан оқыту технологиясының тезаурусы. Оқу үдерісі барысында ҚОЖ қызмет етуі, көріну аймағы және пайдаланушылар рөлі. ҚОЖ сервері, клиенттік компьютер. ҚОЖ компоненттері.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерін оқып-үйрену.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі. Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені құрамының нормалық талаптары.

Әртүрлі пәндер бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендерді даярлау.

Қашықтықтан оқу курсын жоспарлау. Дәріс оқушы, тьютор, әкімшіліктің міндеттері.

«Тесттер дизайнері»-нде әртипті тесттік тапсырмаларды әзірлеу.

Форумда, чатта және бейне-конференц-байланыс арқылы алғашқы электрондық семинарлар.

Вебинарларды, ситуативтік талдауларды, жобалық іс-әрекеттерді, рөлдік және іскерлік ойындарын интерактивті жабдықтардың көмегімен жүргізу.

ҚОЖ-інде электрондық құжаттар және есептер.

«Курстар дизайнері» - лектрондық оқу - әдістемелік құралын әзірлеу.

Электрондық оқу – әдістемелік құралын Интернетте жариялау.

Жарияланған электрондық оқу-әдістемелік кешендердің коммуникативті және дидактикалық қасиеттерін бағалау.

Қашықтықтан оқыту қабықшаларының салыстырмалы сипаттамасы.

Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру ортасында жұмысы бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтары біріншіден, интеграция құзырлылықтары: білімдерді құрылымдау, білімнің өзектілігі, жинақталған білімнің өсуінің кеңейтілуі ретінде айқындалады. Ақпараттық-білім беру ортасында кәсіби қасиеттерінің көрінуі қоғаммен, студенттермен өзара әрекеттестігіне қатысты болғандықтан, екіншіден, әлеуметтік өзара әрекеттестік құзырлылықтары және қарым-қатынас құзырлылықтары, ақпараттық-білім беру ортасында қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру іс-әрекетпен байланысты болғандықтан, үшіншіден, оқытушылардың танымдық іс-әрекет құзырлылықтары, қызмет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлылықтарын қарастыру мүмкіндігі болу керек. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушыларды дайындау және олардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыру қашықтықтан оқыту моделін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға кәсіби бағытталған ақпараттық-білім беру ортасында жүзеге асыруды қажет етеді.

АКТ-ның ішінде ақпаратпен ашық жұмыс жасау үшін, қашықтықтан оқыту жүйесіне оңтайлы қол жеткізу үшін желілік болып табылатын Интернет-технологияны пайдаланамыз. АКТ-ны талдау барысында қашықтықтан оқыту үшін әмбебап құралдың жоқтығы анықталды. АКТ құралдардың бірінде қашықтықтан оқыту бойынша тиімді кері байланысты интерактивті ұйымдастыруға мүмкіндік бермесе, ал бірі құралдарды компьютерге студент жағынан орнатуды талап етіп, бірқатар қиындықтар туғызады және т.б. Міне осы мәселелелерге байланысты АКТ аспаптың мүмкіндіктерін интеграциялауға келеміз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген АКТ қашықтықтан оқыту кадрларын дайындауға қажеттілік жағынан іріктеу лицензиялық келісім, оқытушы-тыңдаушы интерфейсін ұйымдастыру, тест моделі және т.б. халықаралық стандарттарға сәйкес болу, әзірленген ресурстардың экспорт-импорт мүмкіндігінің болуы, білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін жабдықталған интерфейс қосымша білімнің болуын және компьютерге қосымша бағдарламалық құралдарды орнатуды талап етпеуі, жоспарлау, басқару, әзірлеу және желі курстарын тестілеу құралдарының болуы, синхронды-асинхронды қатынас түрлері сияқты коммуникация құралдары, алуан түрлі конференциялар, аудио және бейне-форматты қалыпты түрде ұстап тұру, тестілеу құралдары, студенттердің өзін-өзі тестілеуі, ағымдағы үлгерімді бақылау, оқыту мониторингі және білім беру үдерісінің статистикасын беру, сыртқы бағдарлама құралдарына жүгіну мүмкіндігі (мысалы, on-line мәліметтер базасына, мәтіндік және графикалық редакторларға, навигациялық құралдарға және т.б.) талаптарын қанағаттандыру керек.

Қашықтықтан оқытудың көптеген белгілі жүйелері (ПО Learning Spase, Prometei, MOC «ToolBook» Lotus Domino/Notes, Web CT, XDLS (extensibte Distanse Learning System «e-learning Office 3000»)) және т.б. мүмкіндіктерін зерттеу бұл бағдарламалардың ұйымдастыру бойынша тек типтік шешім ұсынатындығын көрсетті. Нақты білім беру мекемесінің ерекшелігін ескермейтін және тұтынушыларға толық білім беру үдерісін енгізу үшін бағдарламалық құралдарды өздігінен тиімді етуге мүмкіндік бермейтін Интернет-оқытудың бағдармалық пакеті екендігі анықталды. Дәлірек айтқанда, бағдарламаның негізге web беті төмендегі 5 суретте көрсетілген.

 

Сурет 5. е-learning

 

Қашықтықтан оқытудың жаңа технологияларына бейімдеу үшін, студент мүмкіндіктерін ескеру керек. Қазіргі заманғы WAP-хаттама бойынша оқу ақпараттарына кіруді қолдау, SMS-хабарларды пайдаланудың өзара әрекеттесу мүмкіндігі, GSM/GPRS-қосылулары үшін ыңғайлы Web-интерфейс, ҚОЖ-де жүзеге асыру мүмкіндіктері мобильдік оқыту технологиясының пайда болуына әкеліп, ситуативтік оқыту → проблемалық бағытталған оқыту → контекстік үздіксіз оқыту сұлбасы бойынша оқытудың дамуын берді.

Әрине мобильдік құрылғылар даму үстінде, сол себепті оқыту мазмұнын беру технологиясы мен мобильдік оқыту әдістемесі динамикалық түрде өзгеріп, дамиды. Бағдарламалық қамтама, браузерлердің мүмкіндіктері мобильдік оқытуға бейімделіп дамуда. Сол себепті, қашықтықтан оқыту кадрларын дайындау техниканың дамуына сәйкес болу үшін, қазіргі техникалық қамтамасыз етумен, бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа түрлерінің мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Мобильдік оқытудың консорциумының құрылуы (Канада, 2002) және оның мобильдік оқыту үшін жасаған оқыту құралдары қашықтықтан оқытудың бір түрі ретінде мобильдік оқытуды қарастыруға болатынын көрсетеді.

Алайда білімді басқару жүйелері ақпараттың қандай бөлігін мобильдік түрде жасау қажет, сонымен қатар, ақпаратты мобильдік конвертациялау үшін Autnoring Tool, мобильдік оқу материалын жасау үшін мобильдік LMS және оны алу үшін LMS құраушыларынан тұратын жүйені қолдануды оқытушыларға үйрету керек. Бұл жерде қашықтықтан (мобильдік) оқытудың интегративтік аспаптары ретінде CRM және HRIS жүйемен өзара байланысу құралдарын меңгеру мақсатында қолдану қажет. Сонымен, мобильдік оқыту белсенділігімен айрықшаланатындықтан, курстар жүйесінен амал немесе іс-әрекеттер жүйесіне, контекстік оқытудан іс-әрекетке шығатын оқыту моделін құруды қажет етеді. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері [29-31].

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:

• Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.

• Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

• Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

• Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

• Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

• Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

• Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;

• Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

• Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

• Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

• Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

• Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

• Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.

Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

 



php"; ?>