Р қазіргі жұмыссыздық жағдайын талдау

 

ХХI ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсересе, әлемдік қаржылық дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».

Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.

Әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда елімізде бірқатар бағдарлама, құжаттармен қатар 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепсиясы» қабылданды. 2008 жылы «Әлеуметтік қызметтер туралы ҚР Заңы» қабылданды.

Қаржылық дағдарыс жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Осы тұста Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты әлеуметтік сала болып қала берді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Өткенді сараптасақ, соңғы он жылдағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуында алға басушылық бар. “2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ көлемі екі еселенді. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіш­тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті “. Әрине, экономикалық көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштердің болуына тікелей әсер етеді. Cондықтан да 1993 жылдардан бергі халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының артуын қалыпты құбылыс деп бағалаймын.

Қаржылық дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттары аймақтық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен мамандарды қайта дайындауға, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға баса назар аударылып отыр. Осы бағыттарды қамтыған «Жол картасы» бағдарламасы алғаш рет 2009 жылғы ҚР Президентінің Халыққа Жолдауында айтылған еді. Өткен жылғы бағдарламаның нәтижедлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 168,9 млрд. теңгенің 99,6 пайызы игеріліп, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әлеуметтік, мәдени нысандар мен жол жөндеу, және жылылау жұмыстары, мамандарды қайта дайындау, жастар тәжірбиесін ұймдастыру шаралары жүзеге асты. “Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде жобалар іске асырылып, электр желісі, сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Бұл ауқымды әлеуметтік маңызы зор бағдарлама 2010 жылы да жалғасын тапты. Жалпы көлемі 131,8 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Жалпы алғанда 130 мың жұмыс орындарын ашу күтілуде. Сонымен өатра, әлеуметтік жұмыс орынары мен жастар тәжірбиесі бойынша 53 мың уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.

Дегенмен, «Жол картасы» бағдарламасының негізгі кемшін тұстарының бірі – білімі, біліктілігі жоқ мамандарды қамтиды. Сонымен қатар, төленетін қаржы көлемі нарық сұраныстарына сай емес, яғни төмен. Сондықтан, көп азаматтардың, әсірес, дипломы бар мамандардың бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысуға құлшыныстары төмен. Әсіресе, соңғы кездері жұмыссыздықтың көлемі дипломды жастар арасында артып отырғандықтан, студенттердің тәжірбиесі дұрыс ұйымдастырылмай келеді. Мысалы, «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасы 2010 жылы студенттер тәжірбиесінің маусымдық кезеңінде ұйымдастырылмады. Мысалы, Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық 5,9 пайызға төмендегенін көрсеткенімен, бұл нақты жұмыссыз ретінде тіркелеген азаматтардың саны ғана. Тағы бір мәселе, өткен жылы 5056 педагог ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты дегеніміз, ауылды жерлердегі сұраныс әлі де қанағаттанбай отыр. Негізінен «Жол картасы» бағдарламасы нақты еңбек нарығындағы жұмыссыздардың көп бөлігін қамти алмай отыр. Ал қайта дайындаудан өткен 70668 адамның, тек 58 пайызы ғана жұмыс жасап жүр. Демек, мамандарды қайта оқытудағы мақсатымыз ақталмай отыр; мамандар еңбек нарығына қажеті жоқ, немесе біліктілігі төмен, бәсекеге қабілетсіз.

 

Қорыта айтқанда, «Жол картасы» бағдарламасын әр өңірдің инфраструктуралық дамуы ғана емес, нақты еңбек нарығындағы мамандарға қажетті жұмыс тауып берудің негізі ретіне дамытқан дұрыс.

Елімізде жыл сайын әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы, зейнеткерлер зейнетақысы мен студенттер шәкіртақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Мәселен 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметкерлер жалақысы мен студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артып отыр. Сөйтіп студенттер қауымының шәкіртақысы енді ғана еліміздегі күнкөріс минимумына (12141 теңге) жетейін деп отыр. Жалақы өсуімен қатар қымбаттайтын базар, коммуналдық қызметтер бағасына мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің көңілі толар емес.

Қазіргі заманғы әлеуметтік мемлекеттердегі негізгі басымдықтарының бірі әлеуметтік төлемдер төлеу болып табылады. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету – парызымыз. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 14 400 шамасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. Биыл Жеңістің 65 жылдығына орай ардагерлерге 65 мың теңге бір жолғы жәрдемақы сәуір айының 30-ына дейін төленеді. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге қарастырылған. Сонымен қатар олардың ТМД мемлекеттеріне бер рет пойызбен немесе ұшақпен тегін барып-келуіне; Қазақстан аумағында бір рет пойыз немесе ұшақпен тегін жүруіне; облыс ішінде қатынайтын жолаушы автобустарына төрт рет тегін мінуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар ардагерлер мамыр айында қалалық автобустардың, Мәскеу мен Астанаға Жеңіс парадтарына бару үшін темір жол немесе әуе көлігі қызметін қызметін тегін пайдаланады. Дегенмен, ҰОС ардагерлеріне әлі де болса толық көрсетілмей келе жатқан тұстарын қамтып өтсем деймін. Мысалы, елімізде ардагерлер әлі де толыққанды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген. Ауруханаларда тегін емделгенімен, дәріханаларда тек қана 10 пайыз жеңілдік бар, оның өзін толық қолданбайды. Себебі, іздеген дәрі-дәрмегін табу қиын. Осы тұста тек дәрі-дәрмектік терапиямен өмір сүретін мүгедек-ардагерлердің жағдайы қиын. Осы тұста республика көлеміндегі барлық ардагерлерді республикалық немесе жергілікті ауруханаларға тіркеп, оларға қажетті барлық дәрі-дәрмектер тізімін жасап, олармен тегін қамтамасыз ету керек. Ал жалғызбасты соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмектер жүргізу. Тыл еңбекқорларына жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Мәселен тыл еңбекқорларына мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді. Ал жергілікті әкімшіліктен биыл Алматы қаласы әкімішілігі 10 мың теңге ғана қаражат беріледі екен. ҰОС ардагерінің ең жасы 84-келіп отырған күнде, оларға толыққанды жағдай жасауға мемлкетіміздің әлеуеті жететінін атап өткім келеді.

Әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді жүргізуіне тәуелді. Ал Қазақстан ұстанған бүгінгі әлеуметтік саясат халықтың тұрмыс жағдайының артуына әсерін тигізіп отыр.