Ызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары

42.Қызметтік сұхбат пен кездесу өткізудің этикалық талаптары. Сөйлеу мәдениеті. Тұрғындарды қабылдау.Қызметкер сұхбат беруге құқылы. Қызметкер сұхбат берген кезде қызметтік этиканы сақтауы тиіс. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді атқару барысында, егер ол ҚҚО қызметкері болған жағдайда, өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, банкілік құпияны, коммерциялық құпияны, тергеу құпиясын көпшілік алдында жария етуге болмайды, ал егер құпия көпшілік алдында заңсыз жария етілген жағдайда ол қызметкерді заңда көзделген жауаптылыққа тартуы мүмкін. Сұхбат беру барысында қандайда бір саяси партияны немесе өзгеде ұйымды қолдап сөз айтпауы тиіс. Өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің қызметкерлері туралы теріс пікір айтуға, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын сынауға тыйым салынады, әріптестерін ұятқа қалдыратын сөздер айтпауы тиіс. Мемлекетік орган қызметінің мәселелері бойыншакөпшілік алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді. Мелекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, сұхбатты әдепті жүргізуі тиіс.

Ызметтік ұжымдағы қатынас. Маңызды кеңестерді өткізу.

Ызметтік құжаттарды құру және маңызды хат алмасуды жүргізу.

Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі. Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.

Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері.

47.Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар. Судьяға мынадай талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;

сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi;

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруіне болмайды;

Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуге тиіс емес;

Судьяның лауазым атқаруының шекті мөлшері 60 жас, ерекше жағдайда ғана Әділет министрілігің әрі кеткенде бес жылға ұзартуы мүмкін.

Аудандық соттың судьясы болып: жиырма бес жасқа толған; жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар; Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған; медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған; сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.

Осы талаптарға сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде бес жыл судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алса.

Ал, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

48.Тәртіптің жоғарғы стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы және құрметі. Судья әділділіктің, заңдылықтың айнасы, ал оның әдептілігі, бет-бейнесі, түр сипаты, өзін-өзі таныту жолындағы іс-әрекеті, тура ұстаған жолы, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттің молдығына байланысты болады.

Профессор К.Х.Халиқов мемлекеттік органдар жүйесінде сот ерекше орын алады деп өз еңбектерінің бірінде атаған болатын.

Ал адамгершілік өзара қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың ережелерін мүлтіксіз орындау әдеп сақтау болып табылады. Адам баласы белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Ал қоғам болса адамның кейбір нәрселердің орындалуын талап етеді, бұл талаптар орындалмайынша адам сол қоғамнан өзіне тиісті орнын таба алмайды, бұзықтық жасаған адамды шеттеуге тура келеді. Сол себепті әркім өзі өмір сүрген қоғаммен қалай болғанда да санасуға тиісті, яғни өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, оны адал орындауы қажет, солардың бірі судья болып табылады.

Заң қызметкерлерінің негізгі жұмысы заңмен тікелей байланысты болғандықтан оларға екі түрлі міндет жүктеледі, бірі заңды өте жақсы меңгерген білікті маман ретінде заңды мүлтіксіз қатал сақтау болса, екіншісі адамгершілік тұрғыдаға түр сипаты ең жоғарғы дәрежеден көрінуге тиіс. Сондықтан өзнің еңбек жолында заңның қай саласын таңдауына қарамастан, алдыңғы тарауларды аса назар аударуды түсіндіріп, талдаған мән-жайларға айрықша көңіл бөліп, ондағы бұлжымас әрі аса қажетті қағижаларды жадына ұстап, оны күнделікті күйбең тіршілігінде дұрыс әрі тиімді пайдалана білгенді жөн санайды.

Мысалы, әділ сот қара қылды қақ жарып, ақ-қараны айырып, әділдігін істеп, немқұрайлылыққа, жүрдім-бардымға салынбай, азғыруға көнбей, параға сатылмай, тек қана заңға сүйеніп, айыпталушыға оның жасаған қылмысына сәйкес кінәлі екендігін анықтап отырып заң баптарында оның тиісті тармақтарында көрсетілген сан мөлшеріне пара-пар нақты жаза тағайындайтындығы бәрімізге белгілі нәрсе.Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады, ал судья сот билігін атқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

49.Этикалық ережелерді бұзғаны үшін соттың жауапкершілігі. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

50.Прокурордың кәсіби әдебі; ізгілік тәртіп пен шектеулер, моральдың түсінігі мен негізгі талаптары. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.

Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми ұйымдардың және білім беру ұйымдарының аттестациядан өткен қызметкерлер.

Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.

Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады.

Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi.

Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының беделі оның қызметкерлерінің біліктілігі, кәсіби, моральдық-әдептілік сипатына және басқа адамгершілік қасиеттеріне тікелей байлансыты.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадрлармен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, 28 қыркүйек 2001 жылғы өткен алқа шешімін негізге алып, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі қабылданды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері республиканың мемлекеттік билік жүйесіндегі конституциялық орны мен прокуратураның ерекше рөлін өз санасына енгізіп, қызметтік міндеттерін әділдікпен және саналы түрде орындау ақылы прокуратураның беделін нығайтуға ұмтылсын, сондай-ақ қызмет пен тұрмыста осы Кодекстің және жалпыға бірдей рухани ізгілк пен мораль қағидаларның талаптарын атқарады.

Прокуратура органдарының қызметкерлері өз іс-әрекетінде төмендегіні орындауға міндетті:

- өз антына адал болсын, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен және саналы түрде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің актілеріне, жалпыға бірдей мораль қағидаларына сәйкес орындауға;

- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға, Отансүйгіш болсын, халық пен қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінуге;

- әділ, шыншыл және турашыл болуға, кімнің болмасын сыбайлас жемқорлық пен өзге құқық бұзушылық қылмыстарына тосқауыл қоюға;

- прокуратура органдарының жоғарғы білімін нығайтуға және өзінің кәсіби намысын сақтауға;

- қызметтік міндеттерін атқарған кезде қызметтік мүдделерді жеке басының мүддесінен жоғары ұстауға;

- берілген өкілетікті Конституция мен заң шеңберінде қатаң сақтауға;

- тұрмыста және жеке өмірінде қарапайым болуға, айналасындағылар үшін өз тәртібі мен адалдықтың, ұстамдылықтың үлгісін көрсетуге;

- ұжымдағы достық қарым-қатынасты жоғары ұстауға, қызметтестерінің сынға алуы мен ескертулерін дұрыс және ізгі ниетпен қабылдауға, қызметтік міндеттерін атқарып жатқан әріптестеріне көмектесуге;

- кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруға, қызметтік міндеттерін атқарған кезде белсенділік пен шеберлік танытуға, ұтымды іс-тәжірибелерді пайдалануға;

- қызметтік міндетерін атқарған кезде өз әріптестеріне және өзіне шағымданған басқа азаматтарға құрметпен қарап, шыдамдылық пен әдептілік таныта білуге, олардың ар – намысын сыйлап, осындай қасиетті басқалардан да талап етуге;

- қызметтік қарым – қатынас ережелерін қатаң сақтауға, үнемі таза және ұқыпты болуға, формальдық киім кию тәртібін бұзбауға;

- әріптестері мен басшыларының сынға алуы мен ескертулерін дұрыс және ізгі ниетпен қабылдауға, жіберген қателіктерін уақытында мойнына алуға, сондай – ақ қарамағындағылармен әділ қарым – қатынаста болуға.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі бойынша прокурор лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар:

кәсіби білікті және саяси сауатты болуы;

адал, жоғары рухани таза және моральдік орнықты болу;

тәртіпті болу және өзіне - өзі сын көзбен қарай білу.

Прокуратура органдарының қызметкерлері өздерінің әс - әрекеттеріне жеке жауапкершілік береді.

Прокуратура қызметкері халықпен тығыз қоян – қолтық араласып жүретіндіктен, не нәрсеге де өте қырағы көзбен қарап, әдептілік қалып көрсетіп, байсалды мінез танытып, не нәрсенің болсын әділдігіне жүгінгені дұрыс.

Дөрекілік, озбырлық, әдепсіздік, менмендік, көргенсіздік, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты жағымсыз, әрі өз басына зиянын тигізетін іс - әрекеттен аулақ болған жөн.

Кездей соқ қиын жағдайлардың бәріне де ақылға сыйымды, көңілге қонымды іс - әрекет жасап, істеген ісінің тек заңға сәйкес болуын ойластырғаны жөн.

Қолыңның жеткеніне тоқмейілсімей өз білгенін үзбей жетілдіріп, озық тәжірибеден үлгі алып, ұлағатты ғалым адамдардан үйреніп, үнемі ізденіс үстінде болған жақсы. Кімде – кімнің заңды жете білмей тұрған кемшілігі, білместігі болса оған түсіндір, табалама.

Әркімнің өмірдегі шыңдалу мектебі еңбек сүйгіштігі, қиыншылықтан қорықпауы, сапалы білімі, кәсіби шеберлігі, ұқыптылығы, икемділігі, алғырлығы, өз орнын табуда шешуші рөл атқарады.

Өзіне де, өзгелерге де биік талап қоя білетін адам ғана нәтижелі жұмыс істейді.

51.Адвокаттың кәсіби әдебі. Соттағы адвокаттың негізгі этикалық талаптары.ҚР Конститутциясында кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның бұзылуын болдырмауға және құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдесу адвокаттың кәсіптік міндеті мен адами борышы болып табылады. Осыған байланысты, адвокаттық кәсіп қолданыстағы заңнама талаптарын дәл және сөзсіз орындауды, адвокаттың мінез-құлықтық әдептік нормаларын бұзбауды, өзіне заң көмегі және әдістермен қорғауды талап етеді. Жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін алудағы олардың, конститутциялық құлықтарын қамтамасыз ету адвокаттардың кәсіби қызметінің ірге тасын қалайды.

«Адвокаттардың кәсіби әдеп» ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдар мен және лауазымды тұлғалармен, әр түрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерін кең ауқымын қамтиды.

Адвокаттың әдеп нормаларын сақтауы – оның өз кәсіби міндеттері мен іс-әрекеттерін тиісті орындаудағы қажетті шарт.

Адвокаттың кәсіби қызметі беделінің түсуі адвокатура институтына қоғамдық сенімді жоғалтады және адвокат абыройын түсіреді.

Сондықтан, адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіби тәртіптерді сақтауға тиіс:

көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс білдіру, бұл осы қызметті ешбір асығыстық жасамай және жеңіл-желпі қарамай, яғни тапсырылған істі адал, мұқият және білімдарлықпен орындап, кеткен уақытпен санаспай атқару керектігін көрсетеді;

заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымда адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау, яғни оның сөйлеген сөзі, кепілдемесі, өтініші және басқа да іс-әрекеті мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде болуға тиіс;

өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға салуға, заң көмегін көрсетудің саңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеуге, егер жүгінушінің талабы заңға қайшы болса немесе ол өз мүдделерін қорғау үшін заңға томпақ құралдар мен әдістерді қолдануды талап етсе, адвокат оған заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.

Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау, яғни адвокат жүгінушінің мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдар мен әдістерін пайдалануға, ешбір жағдайда да бұрынғы, сондай-ақ енді өтініш жасаған адамдардың мүддесіне қайшы келетін әрекетке жол бермеуге, істің заңды шешілімі аяқталғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемеден жалтармауға тиіс.

Адвокат заң көмегін адал көрсетуге, моральдық тазалықтың үлгісі мен адами мінез-құлықтың сүйеніші болуға, өзінің кәсіптік машығын ұдайы жетілдіруге, құқықтық білімдер мен қолданыстағы заңнаманы белсенді насихаттауға тиіс.

Адвокаттар процесінің тең құқықты кетінде өз кәсібінің абыройы мен беделін ұстауға тиіс.

Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:

қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге;

заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға;

заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принциптерін түсіндіре отырып кеңес беруге;

өз клиентінің мүдделеріне іш тартуға тиіс.

Адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс.

Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:

1. жеке адвокаттың тиіссіз мінез-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін. Сол себептен адвокат жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуы қажет

2. Сот жүйесі барлық істерді әділ және өз мәнінде қарау үшін арналған. Адвокат сот жүйеісне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.

3. Адвокат клиент айтқан немесе тапсырысты орындау барысында белгiлi болған жағдайлар мен фактiлерге қатысты мәлiметтi, сонымен бiрге кез-келген клиенттің оған кеңес сұрап келген фактiсiн қатал құпияда ұстау керек және клиенттен айқын және бiр мағыналы тапсырыс берiлмейiнше және заңмен талап етiлген немесе заңмен қаралған жағдайлар туылғанға дейiн бұндай ақпаратты қатал құпияда ұстау керек.

52.Шұғыл іздестіру этикасының мазмұны. Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекет бұл органдар алдына азаматтарды, меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, басқару тәртібіне нұқсан келтіретін қылмыстың алдын алуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер қояды. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады.

Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызды конституциялық міндеті — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да.

53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы. Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекет бұл органдар алдына азаматтарды, меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, басқару тәртібіне нұқсан келтіретін қылмыстың алдын алуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер қояды. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады. Олардың бойында осы қасиеттерді тәрбиелеуге басшылардың, тәрбие және кадр апараты қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың барлық іс-әрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл жағына талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды. қызметінен босатылады.

54.Қылмысты ашудағы этиканың негізгі әдістемелері. Қылмысты тергеудегі этиканың негізгі әдістемелері болып құқықбұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай, “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар — осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады. Олардың бойында осы қасиеттерді тәрбиелеуге басшылардың, тәрбие және кадр апараты қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың барлық іс-әрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл жағына талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды.

55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер. Қылмысты тергеу процесінде тергеушінің моральдық сипатына құқықтық сана үлкен роль атқарады, ол қоғамдық нормаларды іс-жүзінде пайдалануда шешуші роль атқарады. Құқықтық идеалогия ретінде құқықтық сана дегеніміз – құқықтық білім, көзқарастар, идеялар жүйесі, ал құқықтық психологиялық тұрғыдан құқық әсерімен байланысты уайым, әдет сияқты саналық сезімдер жиынтығы. Құқықтық психология құқықтық құбылыстардың адам санасындағы барлық көрініс түрлерін, оның сол құбылыстарға деген пікірлерін зерттейтін ,ылым саласы. Тергеуші қызметінің бұл саламен байланыстылығы оның қызмет ерекшеліктеріне байланысты, атап айтар болсақ ол бөгде кей реттерде заңға қайшы ықпалдарға ұшырап отырады, мүдделі жақтардың әсерлеріне төтеп беруі тиіс, өз қызметін қауіпті нәтижелер болуы мүмкін деген үрейде атқаруы тиіс және т.б. Сондықтан тергеушінің психикалық қалыптасуында еріктік қасиеттер үлкен рөл атқарады. Тергеу қызметіндегі шамадан тыс жүктеме, оның секірмелі қызметіне әкеледі, яғни ай соңында немесе істі қарау мерзімі аяқталар кезде айрықша ауыртпашылықпен жұмыс жасауы байқалады. Тергеу жұмысының нормативтік сипаты тергеушінің жеке басының формализм қасиетімен бірге отырып, тұрақты түрде шаблонды әрекет етуге әкеледі. Тергеуші қызметінің психологиялық құрылымының негізгі құрамдас бөлшегі қылмыстың өткен оқиғасы, ол кездегі жақтардың қарым-қатынасы, қылмыс жасаған субъектінің жеке басын танып білу, әр түрлі фактілерді жинау және зерттеу барысындағы тергеушінің танымдылық белсенділігі болып табылады. Тергеуші қызметінде қолда бар ақпараттарды дұрыс түсініп, оларды, орынды таңдауына жағдай жасайтын криминалистік білім және тәжірибе елеулі орын алады. Тергеу қызметін атқарып жүргендердің кәсіби қабілеттерін дұрыс бағалау тергеу қызметкерлерінің біліктілігін көтеруде үлкен рөл атқарады. Өкінішке орай, ғылымда тергеуші қызметіне үміткердің осы қызметке жарамдылығын, қабілеті мен икемділігін жүз пайызға анықтайтын әдіс, тәсілдер жоқ. Адамның тергеу қызметіне жарамдылығы жөніндегі оң болжам жасау тәсілдері әлі де жақсарту қажет етеді.

56.Ішкі істер органдары кезекшілерінің ізгілік негіздері.Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкілетшілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.Тәртіп - әр адамның өзін үнемі бақылауда ұстайтын ішкі тірегі, сананың дәйегі. Сондықтан да, тәртіп бар жерде адамның, жеке тұлғаның күнделікті іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тәрбие дегеніміз – адамдарға қалаған бағытта ықпал жасау. Адалдық пен шыншылдық адамгершілік жағынан кіршіксіз болу қоғамдық өмірде және жеке басының өмірінде қарапайым, кішіпейіл болу деген сөз. Имандылық - әділетсіздік, жауыздықты, зорлық-зомбылықы, ұрлық-қорлық тағы басқа толып жатқан теріс қылықтарды айыптайды, жолын кеседі, болдырмауға тырысады.

57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары – мемлекеттік басқарудың қоғамдық тәртіпті қорғау мен қылмысқа қарсы күресу жөніндегі атқарушы және өкімші қызметті жүзеге асыратын, жеке адамның, азаматың және мемлекеттің Конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қарулы құқық қорғау жүйесі.

Тәртіп - әр адамның өзін үнемі бақылауда ұстайтын ішкі тірегі, сананың дәйегі. Сондықтан да, тәртіп бар жерде адамның, жеке тұлғаның күнделікті іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тәрбие дегеніміз – адамдарға қалаған бағытта ықпал жасау. Адалдық пен шыншылдық адамгершілік жағынан кіршіксіз болу қоғамдық өмірде және жеке басының өмірінде қарапайым, кішіпейіл болу деген сөз. Имандылық - әділетсіздік, жауыздықты, зорлық-зомбылықы, ұрлық-қорлық тағы басқа толып жатқан теріс қылықтарды айыптайды, жолын кеседі, болдырмауға тырысады.Полицияның учаскелiк инспекторы, ішкі істер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерi, соның iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарай отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған, ұйымдар үшiн мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негәздері. Ішкі істер органдары жол полициясы өз қызметінде келесідей ізгілік категорияларын басшылыққа алуы тиіс. Тәртіп - әр адамның өзін үнемі бақылауда ұстайтын ішкі тірегі, сананың дәйегі. Сондықтан да, тәртіп бар жерде адамның, жеке тұлғаның күнделікті іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тәрбие дегеніміз – адамдарға қалаған бағытта ықпал жасау. Адалдық пен шыншылдық адамгершілік жағынан кіршіксіз болу қоғамдық өмірде және жеке басының өмірінде қарапайым, кішіпейіл болу деген сөз. Имандылық - әділетсіздік, жауыздықты, зорлық-зомбылықы, ұрлық-қорлық тағы басқа толып жатқан теріс қылықтарды айыптайды, жолын кеседі, болдырмауға тырысады.

Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері осы орган қызметкерлерінің қызметка кірісіер алдында қабылдайтын антынан да көрініс табады.Оның ресми мәтіні келесідей:

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты)
iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана отырып:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң
сақтауға, бастықтардың, командирлердiң бұйрықтары мен нұсқауларын
және өзiме жүктелген қызметтiк мiндеттердi адал атқаруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын
және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге, оларды құқыққа қарсы
әрекеттерден қорғауға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында
белгiленген қоғамдық тәртiптi өз өмiрiмдi аямастан қорғауға;
қызметке байланысты қиындықтарға шыдамдылықпен төзе бiлуге,
адал, батыл, қырағы қызметкер болуға; мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтауға салтанатты түрде ант етемiн. Егер де мен осы антты бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтеруге әзiрмiн.



php"; ?>