Ділет органдарындағы паспорттық тіркеудің ізгілік негіздері

ЕСЕП

1.Судья этикасы кодексіне сәйкес, қызметтен тыс кезінде судья өзін судьялық міндеттеріне қатысты дау-шарлар мүмкіндігінше аз болатындай ретте ұстауы тиіс. Сондықтан судья өз мінез-құлқында – судья мамандығына кір келтірмейтіндей, өз міндеттерін лайықты түрде орындауға кедергі болмайтындай ұстанымды болуы тиіс. ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы 25.12.2000ж. заңға сәйкес, судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жазалардың келесі түрлері қолданылады: - ескерту; - сөгіс; - біліктік сыныбын төмендету; - ерекше жағдайда сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату; - ерекше жағдайда судья қызметінен босату.

2.Шағымдар шағымдарды қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға заңмен уәкiлдiк берiлген, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн жауапты сол мемлекеттiк органға немесе сол лауазымды адамға берiледi.
Шағымды қарағанда прокурор немесе судья онда жазылған дәлелдердi жан-жақты тексеруге, қажет болған жағдайда қосымша материалдарды талап етуге, тиiстi лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан шағымданылған iс-әрекеттер мен шешiмдерге қатысты түсiнiктеме алуға мiндеттi.
ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы 25.12.2000ж. заңға сәйкес, судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жазалардың келесі түрлері қолданылады: - ескерту; - сөгіс; - біліктік сыныбын төмендету; - ерекше жағдайда сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату; - ерекше жағдайда судья қызметінен босату.

3. Жауабы:Cудья істерін қарау кезінде қызметін дұрыс орындамағаны үшін, бұл судьяның үстінен іс қозғалады. Заңда ескертуден бастап жұмыстан босатылуға дейінгі шара қолданылады. Олардың ісін жоғары сот инстанциялары қарайды.

4.Судья К. өзінің өндірісінде қаралып жатқан істің барысынжария ету үшін рұқсат алып келген тілші мен операторға күш қолданды, себепсіз ұрысу және сот мәжілісі залынан шығарып жіберу заңсыз болып табылады. ҚІЖК-нің 326-бабына сәйкес, сот отырысына залына 16 жасқа дейінгі адамдар , егер олар тарап немесе куә болмаса, сондай-ақ мас адамдар жіберілмейді.Ал, осы баптың 6 тармағына сәйкес, Сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағаның рұқсатымен жол беріледі. Бұған орай, төрағалық етушіден рұқсат алып келген тілші мен операторға К. Судьяның күш қолдануы және мәжіліс залынан шығарып жіберу заңсыз әрекет.Судья өз кәсіби әдебін сақтамай,өзінің алдына келген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жерге таптады.Судья тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс.Бұл ескерту түрінде,егер қайталанса сөгіс не қатаң сөгіс түрінде жауаптылық көрсетілуі мүмкін.

5. Жауап : 1 Бұл жағдайда судья лажсыз куә болып және істің мән-жайы туралы анықтап, Б –ның әрекетіне келетін болсақ істі басқа судьяға тапсыруға тиіс. 2 Аталған жағдайда Судья Б істі жалғастыру және оны қарай беру мүмкіндігі жоқ және де ҚР-ң заңдарына , Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңға сәйкес Судья істі қарауға құқығы тоқтатылады судьяның әдебіне сәйкес келмейді.

6. Жауап Судья А өзінің жұбайына жеңіл жарақат соққанына байланысты және өзінің көршілерін мазалағаны үшін Судья А ҚР-ң Сот және сот төрелігі туралы заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.Адвокат В.өзіне заң көмегін сұрай келген зейнеткер А-ға гонорар төлеуге шамасы жоқ деген сылтаумен заң көмегін көрсетуден бас тартып,дөрекілік танытқан.

 

7. Жауабы:прокурор өзіне келіп түскен шағымдарды белгілі бір мерзім ішінде қарауы керек. Бұл есепте прокурор өз қызметін дұрыс орындамады. Сонымен бірге ол арыз иесінің шағымданбауын талап еткен. Бұл жерде прокурордың әдебі бұзылып отыр. Ол азаматтармен қарым-қатынасқа түскен кезде ешқандай да қысым жасамауы тиіс. Прокурордың іс жүргізу барысында біреуді мәжбүрлеуге, қысым көрсетуге, оны кемсітуге, т.б. әрекеттерге құқығы жоқ. Прокурорлық әдепті бұзғаны үшін прокурордың орынбасары тәртіптік жазаға тартылуы тиіс.

 

8.ҚР-ң Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің Ар-намыс кодексіне сәйкес Прокуратура органдарының қызметкерлері қызметтен тыс уақытта :1) теріс қоғамдық пікірталас тудыратын әрекеттерге жол бермеуге, олардың атағына нұқсан келтіруге мүмкін мінез-құлықтардын тартынып жүруге; 2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; 3) прокуратура органының қызметкері жоғары атағына нұқсан келтіретін жеке қарым-қатынастарға бармауға тиіс.

Прокуратура органдары қызметкерлері осы талаптарды бұзса немесе орындамаса ҚР-ң заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

 

9.Жауап:Прокурор А-ікі дұрыс емес 28 қыркүйек 2001 жылғы өткен алқа шешімін негізге алып, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексіне сәйкес - қызметтік міндетерін атқарған кезде өз әріптестеріне және өзіне шағымданған басқа азаматтарға құрметпен қарап, шыдамдылық пен әдептілік таныта білуге, олардың ар – намысын сыйлап, осындай қасиетті басқалардан да талап етуге; сонымен қатар

-кәсіби білікті және саяси сауатты болуы;

-адал, жоғары рухани таза және моральдік орнықты болу;

-тәртіпті болу және өзіне - өзі сын көзбен қарай білу керек. Осы нормаларды сақтамағаны үшін оларға әрбір прокурор өзі жеке жауапты болады. Ол үшін моральдық айыптау мен тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

 

10. Жауап: Бұл есеп бойынша, С. Прокурор әдебін бұзып отыр. Ол өз басшысына балағат сөздер айтпай, жоғарғы тұрған прокурорға арыз жазуы керек еді. Оның істеген әрекеті дұрыс емес, сол себепті оның іс —әрекеті тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

 

 

11. Жауабы:Бұл жерде, әрине, прок/қ әдеп бұзылып отыр. ҚР-ң прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасы кодексінде баяндалғандай әрбір прокурор прокуратура органдарының престижын , абыройын, атын қалыптастырып, оны қорғауы тиіс.Бұл жерде прокурор С. қоғ/қ жерде өзінің қызмет киімінде алкогольдік ішімдік ішіп, мас болып прок/р атағына кір келтірген, ал бұған заң бойынша тыйым салынады,сондықтанда прокурор С. өз әрекеті үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы тиіс.«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР 2003 жылғы 15 сәуірдегі және «Прокуратура туралы» ҚР заңына сәйкес прокурорларға қолданылатын жазалар:

1) Ескерту

2) Сөгіс

3) Қызметтік сәйкес еместік туралы ескерту

4) Белгілі бір қызметінен немесе шенінен төмендету

5) Жұмыстан босату

Жазаны қолданатын тұлғалар:

1) Жазаны қолдануға уәкілеттік берілген тұлғалар

2) Мемлекеттік органдар

3) Аудан прокурорының көмекшісі С-қа келетін болсақ, оның жоғарыда айтылған қылығы үшін қолданылатын жаза- қызметтік сәйкес еместігі туралы ескерту жазасы қолданылуы мүмкін. Егер ол прокурордың көмекшісі С қоғамдық жерде мас күйінде және қызметтік киіммен (форма) жүріп қандайда бір құқық бұзушылық жасаса, онда оған қатысты қатаңдау жаза қолданылуы мүмкін.

12.1. Прокурор қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс.
Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса, прокурор ҚІЖК 90-бапқа сәйкес қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
Сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде - iстi қараушы сот шешедi.

2. Прокурор әдебін бұзғаны деген негізбен ол жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадрлармен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, 28 қыркүйек 2001 жылғы өткен алқа шешімін негізге алып, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі қабылданды. Прокуратура органдарының қызметкерлері өздерінің әс - әрекеттеріне жеке жауапкершілік береді.

 

13.Жауабы: Бұл жағдайда адвокаттық әдеп ережесі бұзылып отыр.Адвокат өз лауазымын құқықтық реформа, заң білімін жалғастыру, оқыту, құқықтық көмек бағдарламасы, қоғамның кедей мүшелеріне құқықтық көмек көрсету сияқты қызмет түрлерінде де қолдануға тиіс.Берілген жағдайда адвокат осы міндеттер ішіндегі қоғамның кедей мүшелеріне көмек көрсету міндетін орындамай отыр.Сондықтан адвокат В.-ға қатысты тәртіптік жауапкершіліктің сөгістен қызметімен айналысу құқығынан айыруға дейінгі кез келген түрі қолданылуы мүмкін.

14.Адвокат этикасына сәйкес « Адвокат бiр клиенттен алынған немесе оған қатысты жасырын құпия ақпараттың басқа клиентке таратылу мүмкiндiгiне жол бермеу керек. Екiншi клиент адвокаттан осындай ақпаратты талап еткен немесе күткен жағдайға қарамастан, ол ақпаратты жариялаудан не қолданудан бас тарту керек» Яғни бұл тікелей түрде адвокаттық этиканы ұстанбауға жатады. Адвокат заңдылықты бұзды деген негізде адвокаттар алқасы тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

15. Жауабы: Адвокат әдебі бұзылды. Себебі заңның бұзылуын болдырмауға және құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдесу адвокаттың кәсіптік міндеті мен адами борышы болып табылады. Адвокат өзінің қызметінде заң көмегін көрсетудің заңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеуге, істі өз пайдасына (мүддесіне) шешу үшін заңға томпақ құралдар мен әдістерді қолдануға, жалған мәліметтерге жол бермеуге міндетті. Ал егер адвокат өзінің қызметінде осындай жағдайларға жол берген болса, онда ол 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңға,1998 жылы 20 тамызда қабылданған адвокаттардың тәртіптік әдеп тәртібінде көрсетілген шарттарда жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

 

 

16.Адвокаттың аталған әрекетінде әдеп бұзушылық бар. Себебі адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс. Жеке адвокаттың тиіссіз мінез-құлықтары адвокатураның қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін. Сол себептен адвокат жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуға,жан-жағындағы адамдармен, клиеттермен әдеп нормаларын сақтай отырып, балағаттамай, дауыс көтермей, дұрыстап сөйлесуге міндетті. Ал егер адвокат өзінің қызметінде осындай жағдайларға жол берген болса, онда ол 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңға,1998 жылы 20 тамызда қабылданған адвокаттардың тәртіптік әдеп тәртібінде көрсетілген шарттарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

17.Адвокаттың әдебі бұзылды. Себебі адвокат заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзін әдепті ұстауы тиіс, яғни оның сөйлеген сөзі, кепілдемесі, өтініші және басқа да іс-әрекеттері мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде болуға тиіс. Ал егер адвокат өзінің қызметінде осындай жағдайларға жол берген болса, онда ол 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңға, адвокаттардың тәртіптік әдеп тәртібінде көрсетілген шарттарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

18. Адвокаттың осы әрекетінде заңды бұзушылық және адвокаттық этиканы бұзушылық бар. Себебі адвокат көрсетулері мен мүдделерінде қайшылық бар екі бірдей айыпкерді қорғауға құқығы жоқ. Ол тек бір айыпкердің ғана мүддесін қорғауы, ол үшін барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс. Ал егер адвокат өзінің қызметінде осындай жағдайларға жол берген болса, онда ол 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңға, адвокаттардың тәртіптік әдеп тәртібінде көрсетілген шарттарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

19.Ия, адвокаттық әдеп бұзылды. Себебі ол адвокат кезекші адвокат болып табылғандықтан ақы төлеу мүмкіндігі жоқ кәмелет жасына толмаған сезіктіні қорғауға міндетті. Сезіктінің ақы төлеу мүмкіндігі жоқ болып табылғандықтан, оған мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, ол сезікті мемлекеттің қорғңауына алынады, яғни кезекші адвокатқа мемлекеттің өзі ақы төлейді. Ал егер адвокат өзінің қызметінде осындай жағдайларға жол берген болса, онда ол 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңға, адвокаттардың тәртіптік әдеп тәртібінде көрсетілген шарттарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

20. Тергеу әдебі бұзылды. Тергеуші істегі тек коммерциялық құпияны ғана емес, сонымен қатар айыпталушының, жәбірленушінің жеке басының құпиясын, отбасылық құпияларын,істі тергеу барысында белгiлi болған жағдайлар мен фактiлерге қатысты мәлiметтi қатал құпияда ұстау керек. Ал бұл жерде осы құпияның сақталмауына байланысты жәбірленуші зардап шегіп отыр, сол себептен тергеуші өзінің қызметі барысында әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ҚР-ның заңнамаларында, тергеу этикасының ережелерінде көрсетілген негіздерде тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

21.Тергеушінің осы аталған әрекеті заңсыз. Себебі тергеуші ҚР-ның барлық заңнамаларын қатаң сақтауға, өз қызметін жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеттерге жол бермеуге, ондай әрекеттер орын алған болса олардың жолын кесуге, өзінің мүддесі үшін іске қатысушы басқа да тұлғаларға заңсыз ықпал етпеуі тиіс. Ал бұл жерде тергеушінің өзі айыпкерді заңсыз әрекетке итермелеп отыр, сондықтан да оның әрекеті заңсыз. Тергеуші өзінің қызметі барысында әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ҚР-ның заңнамаларында, тергеу этикасының ережелерінде көрсетілген негіздерде тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

 

 

22.Тергеушінің бұл жердегі әрекеті заңсыз болып табылады. Себебі біріншіден бұл жерде жәбірленуші әйелдің жеке басына, жынысына қол сұғылып, ар-намысы тапталып отыр, ал екіншіден ҚР-ның ҚІЖК-де көрсетілгендей: куәландырылатын адамды шешіндіруді қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердің қатысуымен жүргізіледі, егер куәландыруда адамның денесі жалаңаштандырылатын болса, онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды. Ал бұл жерде бірнеше заңсыз әрекет орын алып отыр, жәбірленуші әйел адам болғандықтан, оған куәландыру тек қана сол жынысты, яғни әйел жынысты куәлердің қатысуымен жүргізілуі тиіс. Сондықтан да осындай заңсыз әрекеттерге жол беріп, әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тергеуші тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

 

23.Оның әрекетінде заңды бұзушылық орын алып отыр. Себебі жедел-іздестіру органының қызметкері өзінің қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз етуге; коммерциялық құпияны қатаң сақтауға міндетті. Ал бұл жерде жедел-іздестіру органының қызметкері өзіне мәлім болған банк құпиясын танысына жария еткен. Бұл жерде бірнеше аңсыз әрекет орын алып отыр, біріншіден жедел іздестіру органының қызметкері телефон әңгімесін тыңдауды санкциясыз жүргізген, екіншіден өзіне мәлім болған банк құпиясын танысына айтып қойған. Сондықтан да ол өзінің қызметі барысында әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ҚР-ның заңнамаларында, этика ережелерінде көрсетілген шарттарда тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

 

24.Қызмет әдебі бұзылып отыр. Себебі учаскелік полиция инспекторлары өзіне арызбен келіп жүгінген барлық адамдарды ешбір кемсітушілікке жол бермей қабылдауға, олармен әдеп нормаларын сақтай отырып, балағаттамай, дауыс көтермей, дұрыстап сөйлесуге міндетті. Ал бұл жерде учаскелік полиция инспекторы Б. дөрекілік танытып, әдеп нормаларын сақтамай отыр. Сондықтан да учаскелік полиция инспекторы өзінің қызметі барысында әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ҚР-ның заңнамаларында, этика ережелерінде көрсетілген негіздерде тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

 

 

25.Жәбірленушінің прокурорға шағымдануы дұрыс деп есептеймін. Себебі анықтама жүргізуші өзінің қызметін жүзеге асырған кезде жәбірленушінің қылмыстан көрген қорлығын есепке ала отырып, оның психикалық және моральдық жағдайларын түсіне отырып, жәбірленушінің қайтадан осы қылмыстан көрген қорлығының қайталануына жол бермеуі тиіс еді, ал бұл жерде керісінше анықтама жүргізуші осындай әрекеттерге жол беріп отыр. Сондықтан да анықтама жүргізуші әдеп нормаларын сақтамағаны үшін, жәбірленушінің одан әрі қорланғанына жол бергені үшін ҚРның заңнамаларында, этика ережелерінде көрсетілген шарттарда тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

26.Ия, қызмет этикасын бұзу орын алған. Себебі, жол полициясының қызметкері өзінің қызметін жүзеге асыру барысында ол қызметін асыра пайдаланып, жүргізушінің намысын қорлап, ойына келген әрекеттерді жасатқан. Ал ол, яғни жол полициясының қызметкері керісінше, заңды сақтауға, заң бұзушылықтарға жол бермеуге, өзінің қызметін асыру пайдаланбауға, азаматтардың намысын қорлайтындай ешбір әрекеттерге жол бермеуге, ал ондай әрекеттер орын алған болса, онда олардың жолын кесуге міндетті. Сондықтан да полиция қызметкері әдеп нормаларын сақтамағаны үшін, жүргізушінің намысын қорлағаны үшін ҚР-ның заңнамаларында, жол полиция қызметкерлерінің этика ережелерінде көрсетілген шарттарда тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

27.Ішкі істер бөлімінің кезекшісінің әрекетінде қызмет әдебін бұзушылық бар. Себебі ол жәбір көрген азаматтың жағдайын түсінбей, өзінің қызметін асыра пайдаланып, кінәлі емес, тек қатты абыржыған адамды кезекші қапазға қамаған. Ішкі істер бөлімінің кезекшісінің мінез-құлқы, әрекеті күнделікті тіршілігінде де, қызметін жзеге асыру барысында да заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс. Бұл жерде бірнеше заңсыз әрекет орын алып отыр, біріншіден бөлімше кезекшісі зиян шегіп, көмек сұрап келген азаматты «маған дауысын көтерді, тәртіпті бұзды» деп айыптап, қапазға қамады, ал екіншіден жәбірленушінің жағдайын түсініп, оған көмектесудің орнына, керісінше жәбірленушіні қапазға қамағанның нәтижесінде оған моральдық зиян келтірген. Бөлімше кезекшісі жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуға,жан-жағындағы адамдармен, көмек сұрап келген адамдармен әдеп нормаларын сақтай отырып, балағаттамай, дауыс көтермей, дұрыстап сөйлесуге міндетті. Сондықтан да бөлімше кезекшісінің әдеп нормаларын сақтамағаны үшін, жәбірленушіге зиян келтіргені үшін ҚР-ның заңнамаларында, Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің этика ережелерінде көрсетілген шарттарда тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

 

28. Адвокаттық әдеп бұзылды. Себебі адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс. Адвокат лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуға, жан-жағындағы адамдармен әдеп нормаларын сақтай отырып, балағаттамай, намысын қорламай, дөрекілік танытпай, дауыс көтермей, дұрыстап сөйлесуге міндетті. Ия, жәбірленуші адвокаттар алқасына шағымдана алады, себебі айыпкердің қорғаушысы Д. оның намысын қорлап, дөрекі сөздер айтқан.

 

 

29.Адвокат пен прокурордың әдеп бұзғаны үшін жауаптылықтары ҚР-ның 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» және 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған «Прокуратура туралы» Заңдарында, Адвокаттық қызмет пен прокуратура органдарының этика ережелерінде көрсетілген. Оған сәйкес егер адвокаттар мен прокурорлар өзінің қызметін жүзеге асыру барысында этика ережелерін сақтамаған болса, яғни бір-біріне деген құрмет, сыйластық білдірмей, керісінше намыстарын қорлап, балағат сөздер айтып, дөрекілік танытатын болса, онда олар жоғарыда аталған заңдар мен ережелерде көрсетілген шарттар мен шектерде тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

30. Менің ойымша тергеушінің тергеу этикасын бұзуының дәрежесіне қарай оған тәртіптік жаза тағайындалады. Егер де тергеуші өзінің қызметін жүзеге асыру барысында жеңіл дәрежеде этика ережелерін бұзса, онда тергеушіге өзінің басшылығы тарапынан тек сөгіс берілуі мүмкін, ал егер ол қызметін атқарған кезде этика ережелерін бұзып, соның салдарынан басқа айналасындағы адамдар, мемлекеттік органдар, мекемелер зардап шегетін болса, онда тергеушіге қатаң жаза қолданылып, қызметінен босатуға дейін де қолданылуы мүмкін. Тәртіптік жазалардың түрлері:

А) Сөгіс жариялау;

Ә) Қатаң сөгіс жариялау;

Б) Белгілі бір мемлекеттік наградаларынан айыру;