Аударма турлері және тәсілдері

Аударма – бұл бастапқы тілдегі хабарламаны аударма тіліне түрлендіру. Түрлі тілдердің грамматикалық тәртібі бойынша , сөздердің саны бойынша ерекшеленуіне байланысты оларды дәл аудару мүмкін емес, сондай-ақ халық мәдениеттерінің бір-бірінен ерекшеленуі аударма тәсілдері және нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.Аудармашы аудара отырып, ең алдымен аударма тәсілін, яғни аударылатын мәтін үшін ақпараттық тәртіптілікті анықтайды . Тәртіптілік тәсілін таңдауда ең алдымен аударылатын бастапқы мәтіннің аударатын мәдениетке қандай түрде ұсынылатындығын анықтауда жатыр(толық түрде әлі жуық түрде) . Коммуникативтік тапсырмаға тәуелді осы сатыда толық немесе қысқартылған аударма таңдалады (кейбір көздерде ол реферативтік деп аталады).

Қысқартылған аудармаға мәтіндерлің барлық типтері дерлкі жатады: жай іс хатынан бастап романға дейін. Қысқартылған аударманы қолданудың нәтижесі мынандай мәтіндер болып табылады: тезистер, конспектілер, рефераттар, аннотациялар және т.б.. Қысқартылған аударма аударманың іргелі екі тәсілімен жасалады: іріктеме немесе қызметтік аударма.

Қысқартылған аударманың тәсілі ретінде іріктеме аударма аудармашының ойынша, бастапқсы мәтіннің өзекті бірліктерін таңдаудан және олардың толық аударылуынан тұрады. Осындай тәсілде бастапқсы мәтіннің барлық қалған компоненттері нәтиже жағынан қосалқы деп алынады және аударылмайды. Осындай аударманың сенімділігі бастапқы ақпараттың маңызды бөлігін жоғалтпау үшін , өзекті бірліктерді дәл таңдауға негізделеді.

Қысқартылған аударманың тәсілі ретіндегі қызметтік аударманың мәні бастапқы мәтіннің қызметтік түрлендірілген бірліктерінен аударылатын мәтнді құрастыруда жатыр. Қызметтік түрлендіру бастапқы мәтінді лексико-семантикалық, грамматикалық пен стилистикалық трансформацияландырудан тұрады; бұл оны қысқарту немесе оңайлату үшін жасалады. Аударманың осындай тәсілінің мысалы, әдебиеттік мазмұндау, бұл ретте ірі шығарма қысқартылған нұсқамен мазмұндалады: мысалы, Б.Заходердің аударма-мазмұндамасындағы «Керемет Әлеміндегі Алиса» .

Қысқартылған аудармадан айрықша толық аударма аударылатын тіл бірліктерімен, бастапқы мәтіннің ақпараттық тәртіптіліктің барлық компоненттерін мұқият жаңғыртуға бағытталған. Толық аударма түрлі тәсілдермен іске асырылуы мүмкін, бірақ ең таралғандары мыналар: дәлме-дәл немесе сөзбе-сөз, семантикалық және коммуникативтік тәсілдер.

Сөзбе-сөз аударманың мәні бастапқы мәтінді аударатын тіл бірліктерімен сөзбе-сөз жаңғыртуында жатыр ; бұл ретте элементтер бірізділігінің тәртібі де сақталуы мүмкін. Дәлме-дәл аударма коммуникативтік мақсаттар үшін сирек қолданылады , және көбінесе ғылыми салада пайдаланылады.

Семантикалық аударманың мәні аударатын тіл бірліктерімен бастапқы мәтін элементтерінің контекстуальдік мәнін мүмкіндігінше толығымен жеткізуде жатыр. Семантикалық аударма барысында екі стратегия қолданылады, олар: аударатын тілде қабылданған білдіру тәсіліне бағытталған стратегия , және білдірудің бастапқы түрінің ерекшеліктерін сақтауға бағытталған стратегия.

Семантикалық аударма , әдетте жоғары әлеуметтік-мәдениеттік мәртебесі бар мәтіндерге қатысты пайдаланылады: маңызды тарихи құжаттар, жоғары әдебиеттің шығармалары, эпостің сирек кездесетін үлгілері және т.с.с., сонымен қатар техникалық нұсқаулар типіндегі мәтіндерді , көптеген ғылыми жарияланымдарды, және сөзсіз, заң құжаттарын аударуда қажет.

Коммуникативтік аударманың мәні оқырманға адекватты бастапқы әсерді беретін аударылатын мәтінді алу үшін бастапқы ақпаратты жеткізудің дұрыс жолын таңдауда жатыр. Аударманың осындай тәсіліндегі негізгі объект – бастапқы мәтіннің тілдік құрамы емес, оның мазмұндық және әсерлі-әсемдік мәні . Және де, қызметтік аудармадан айрықша коммуникативтік аудармада бастапқы материалдың қысқартулары да, оңайлатулары да болмауы керек.

Аударманың белгілі бір тәсілін таңдауда аудармашы нақты аударма барысында айтылған тәсілдердің бірде-бірі таза түрінде қолданылмайтындығын ескерген жөн : әдетте, көптеген күрделі мәтіндерді аударғанда түрлі тәсілдер пайдаланылады, алайда олардың біреуі негізгі болады; осыған байланысты бастапқы мәтіннің аударма шарттары , аударма бірліктері анықталады, сондай-ақ бастапқы мәтіннің аударылатын мәтінге түрлендірудің аударма амалдарын таңдалады.

Аударма жазбаша да , ауызша да түрде іске асырылуы мүмкін.

Жазбаша аударма – бұл аударма түрі, бұл ретте түпнұсқа және аударма аудару барысында бекітілген мәтіндер (негізінен жазбаша мәтіндер) түрінде болады ; аудармашы оларды қайта-қайта қарастырып , түпнұсұаның өз түсінігін тереңдетеді және аударманың таңдаған нұсқаларын реттейді. Осы жағдай түпнұсқаны жоғары дәлдікпен аударуға және де аудармашыға түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды, мамандардың көмегін пайдалануға, өз аудармасын мұқият реттеуге мүмкіндік береді. Ауызша аудармада түпнұсқа мен аударма аудару барысында бекітілмеген (ауызша) түрде болады, мұнда аудармашы түпнұсқаны бір рет қабылдап, оны айтудан кейін түзете алмайды. Ауызша аударма біртіндеп жасалуы мүмкін – оратордың сөйленген сөзінен немесе оның кейбір бөлігінен кейін – немесе синхронды түрде, яғни оратор сөзімен біруақытта орындалады. Ауызша аударманың айрықша түрі аудармашының әңгімесін аудару немесе екіжақты аудару, бұл ретте аудармашы аударма тілі ретінде тілдердің әрбіреуін пайдаланылады. Сонымен қатар аударманың аралас түрлері бар: жазылған мәтінді ауызша аудару («беттен аудару») және сөйленген сөздің магнитофон жазбасын жазбаша аудару.

Сөйленетін сөздің біртіндеп аударылатын , яғни аудармашының сөйлеудің кейбір бөлігін қабылдауынан кейін оны максималды қысқа уақытта аударылатын ауызша аударманың түрін бірізділік аударма деп атайды. Ол үзбелі түрде жүргізіледі, және де аудармашы оратордың алатындай болады, яғни оның орнына сөз сөйлеп, аудитория назарында болады.

Бірізділік аудармада қабылдау, сынау, синтез және жартылай аудару (өз ішінен) жазумен біруақытта жүреді, бұл алғашында жылдам жазуды меңгеруде қиыншылықтарды тудырады , өйткені адамның есі біруақытта тыңдау мен жазуға тап болады. Біртіндеп аударылатын мәтіндер – бұл ауызша, жылдам қарым-қатынастың ақпараты , бұл тілдің барлық деңгейлерінде байқалады: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және де стилистикалық.

Диалогтарды аударуда (сұхбат, келіссөздер және т.с.с.) , әдетте, көлемі бойынша кішігірім сөйленген сөздер аударылады , бұл аудармашының жылдам реакциясы және бір тірлден басқаға сынау мен синтез процестеріне жылдам өтіуін талап етеді.

Монологиялық сөйлеуді біртіндеп аударуда (сөз сөйлеулер, лекциялар, хабарламалар және т.с.с.) бөліктердің ұзындығы бір жағынан сөйлеудің сипатымен (логикалық байланысымен, стилімен жіне т.б.) анықталады, екінші жағынан тыңдармандар жағынан түсінудің қажеттілігімен анықталады.

Абзац-фразалық аударма (АФА) (phrasalinterpreting) – аудармашы қысқа фраза немесе сөйлемнің деігейінде жұмыс істейді, және де есте сақтауды талап ететін ақпарат көлемі, қысқауақытты (оперативтік ) еске жүктеме секілді аз. АФА-да әдетте, жазулар қолданыламадй.ы Тек прецизиондық ақпарат үшін ең қысқа мақалалар керек.

АФА тұрмыстағы, жұмыстағы қатынаста, кәсіпорындар, дүкендерге баруда, ресми емес кездесулерде, қабылдауларда кеңінен қолданылады, ол екіжақты аударудың ең таралған түрі. Бастаушы аудармашылар алғашында аударманың осы түріне кезігеді.

АФА аудармашының жақсы есте сақтау қабілетін , реакцияның тездігін және жағдайға бейіделуін , сұхбат айналымдарын , сөйлеу этикетін , жағдайлық клишелерді білуін, сонымен қатар жалпы эрудицияны талап етеді, себебі сұхбатта түрлі сұрақтар және түрлі тақырыптар туралы сөз болуы мүмкін.

Сұхбаттардың, интервьюлердің, келіссіөздердің бірізділік аудармасы (жазусыз) (consecutivetranslation) аударамшылық жылдам жазуды талап ететін, негізінен оперативтік еске негізделетін қысқа сөздермен алмасуда қолданылады.

Бірізділік аударма (жазумен) саяси, экономика-қаржы, құқықтық және басқа да сауалдар бойынша жауапты келіссөздер , ресми кездесулер кезінде қолданылады. Лекциялар, сөйлеулер, сөздер, пресс-конференциялар, прессамен кездесулер, семинарлар , «дөңгелек үстелдер» және т.б. барысында қолданылады.

Бірізділік аударма елеулі адекваттылық және дәлдікке жетуге мүмкіндік береді, бұл мұқият өндеуді талап ететін, аса күрделі сұрақтарды толық талқылауда маңызды.

Аудармашылық жылдам жазуды қолдану сұхбаттың сапалы және толық жазуын жасауға мүмкіндік береді, оны әдетте, аудармашының өзі жасайды.

Осылай, жазуы бар екіжақты аударма ауызша аударманың күрделі түрі болып табылады. Аудармашының жоғары шеберлігіне, тақырыпты жақсы білуіне , сәйкесінше психологиялық дайындығына, өзіне сенімді болуына және сабырлылығына талап қойылады. Сәйкесінше аударма адекваттылығының деңгейіне де талап қойылады, өйткені тек мәнді ғана емес, форманы да жеткізген жөн.

Кино және бейне аударма (КБА) – ауызша аударманың бұл түрінде күрделі және қызықты кәсіби мәселелер туындайды, мұнда өнер үшін жоғары мүмкіндіктер туындайды, бұл жағынан ол жазбаша аудармаға жақын, өйткені кино – бұл өнер болып табылады, және жанрдың ең жақсы үлгілері ХХ ғасыр әлем мәдениетінің жауһарлары болып табылады.

Жалпы көркем көріністі төмендетпеу, автордың ойын , диалогтардың сапасын, сөз сипаттамаларын (мүмкіндігінше) бұрмаламау, стильді сақтау, дәуір мен даралықтың сипатын жеткізу – құрметті, алайда қиын мәселе. Фильмнің бұрыс ауызша аударылуы шығындарға әкеледі, алайда оларды азайтуға тырысу керек.

КБА қиыншылықтарының бірі – кинофильмдер және телесериалдардың персонаждары, келіссөздер немесе халықаралық конференцияларға қатысушылардан айрықша аудармашылардың мүдделерін ескермейді .

Жұмыстың мақсаты және сипатына байланысты кино және бейне материалдарды аудару синхрондық, бірізділік және жазбаша аударманың белгілеріне ие (аудиторияға, дубляж үшін, дыбыстандыру үшін аударма және т.б.) .

Кино және бейне аударманы дайындықсыз аудару өте қиын, ол тәжірибе мен білімді талап етеді.

Бас мәселе болып аудирлеу қалады (қабылдау және түсіну) , оларды кино мен бейнеде аудару өте қиын. Осы жағдайда эрудиция, негізді білу, логика, интуиция, және жиі түрде – жай жорамал , сюжет дамуының логикасына қайшы келмейтін жалпы фразалармен кемістіктерді толтырудың дағдысы (аудармашының айтылғанды түсінбеуден) көмекке келуі мүмкін.

Синхрондық сияқты аударманың түрін (simultaneoustranslation) аудармашылық мамандықтың жоғары пилотажы деп атайды: маман еместерге ол күрделі болып көрінеді. Бұл аударманы аудармашы баяндамашы сөзімен біруақытта жасайды.

Синхрондық аударма - ауызша аударманың жауапты және күрделі бағыты. Аударманың осы түрі аудармашыдан арнайы дағдылар мен икемдерді , сонымен қатар жұмыстың үлкен тәжірибесін сұрайды.

Синхрондық аударма мәтіндік материалдардың ұсынылуын талап етеді. Синхрондық аударма жақсы аударылуы үшін ең алдымен айтылатын тақырыпты терең зерттеу керек, осы жағдайда импровизацияны аз қолданған жөн, себебі синхрондық аударма кезінде аудармашының фразаларды ойластырудың уақыты, естілгенді нақтылаудың мүмкіндігі болмайды. Синхрондық аударманың бірізділік аудармадан ерекшілігі осында.

Синхрондық аударманың технологияларын пайдаланумен мынандай шаралар ұйымдастырылуы мүмкін: конференциялар, семинарлар, форумдар, презентациялар. Жай болып көрінетіндігіне қарамастан , осы шараларға ұзақ және күрделі дайындалады, ғылым мен техниканың инженерлерден бастап, копирайтер мен сценарийшілерге дейін, түрлі салаларындағы мамандарды қатыстырады. Нюанстардың көп саны және көптеген басқа да жайттар ең жоғары кәсіби амалды және осындай шараларды жүргізудің үлкен тәжірибесін талап етеді. Оған немқұрай қарау қойылған мақсаттардың жетуіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

 

Лекция 3



php"; ?>