Синхронды аударма тарихынан

Көне әлемнің алғашқы мамандықтарының өкілдері – аудармашылар «мың тілде» сөйлей бастаған және вавилон мұнарасы замандарынан бастап, өз мансабының бастамасын қалаған. Бұл бүкіл жерде бір ғана тіл және бір ғана болғанда, яғни алтын кезеңінен кейін болды. Бірақ кейін коммуникациялар , яғни аударма да адамдар мен мемлекеттер қатынастырында да маңызды рольге ие болды. Соңғысы қазіргі таңда бас мемлекеттердің көшбасшылары арасындағы байланыстарға да жатады, бұл ретте қарым-қатынастың ауызекі құралы түсіністік пен сенімділіктің шартына айналды. Аударма теориясы саласындағы бас ғалым В.Н. Комиссаров былай деп жазған:

«Халықаралық байланыстардың таралуы, мәдениет, сопрт, туризм салаларындағы алмасу , түрлі халықаралық формудардың, кездесулердің және келіссіөздердің өткізілуі , көптеген халыаралық,қкіметтік пен өкіметтік емес ұйымдарындағы мемлекет өкілдігінің болуы аудармалар мен аудармашыларға қажеттіліктің туындауына әкеледі».

Алайда, халықаралық кездесулер мен байланыстардың қатысушыларына бір-бірімен қатынас жасауға және бір-бірін тануға , сонымен қатар құжаттар мен келісімдерді өндеу мен қол қоюға мүмкіндік беретін адамдардың жұмысын олардың түсінбейтіндігі немесе бағаламайтындығы таң қалдырады.

Егер микрофондары , құлақшындары және дыбыс жазу үшін жабдығы бар қазіргі синхрондық аударма – салыстырмалы жаңа құбылыс болып табылса, онда аударма өнері – бұл адамзат секілді көне өнер болп табылады.

Аудармашылардың қызметі алуан түрлі : олар келіссөздерде миссионерлер, елшілер, шабармандар және арашашылар ретінде жұмыс істеді. Пуникалық соғыстар кезіндегі келіссөздерді аудармашылар жиі жүргізген болатын , ал ХІІ ғасырдың драгомандары – жергілікті билікпен тағайындалған, ресми аудармашылар халықаралық қатынастардағы мамандар болған, оларға жеке сұхбаттарды жүргізуге де сенім білдірілген. Осылай түрлі рольдерде қызмет етіп, аудармашылар шетел азаматтарының тілін де, олардың мәдениеті мен саясатын да аударған.

Шығыс тілдерін жақсы меңгерген француз драгомандары түрлі сөздер және шетел тіліндегі сөз тіркесімдерін аударып қана қоймай, өз саяси қайраткерлеріне олардың мәнін, яғни бір мәдениет тілінен екіншісіне аударуды қамтамасыз етуі тиіс болған. Колумб жас индейцтерді Жаңа Мемлекеттен Испанияға аудармаға оқыту үшін және олар кейін оған қызмет етуі үшін жіберген.

Ортағасырлық Еуропада латын тілі бүкіл континенттің қатынас құралы болған, және де анық ерекшеленетін ұлттық сөйлеу тілдерінің пайда болуының алдында аудармашыларға сұраныс болмаған.

ХІХ ғасырдың Еуропасында жоғары деңгейдегі аудармашыларға сұраныс болмаған, себебі француз тілі дипломаттар және барлық білімді адамдардың жалпы тілі болған.

Қазіргі ғасырда аудармашылық қызметтің институализациялануына жоғары қажеттілік халықаралық пен аймақтық конференциялардың өтуі барысында туындаған; осындай конференциялардағы делегаттардың кейбіреулері жоғары білімді адамдар , ақсүйек элитасының өкілдері болмаған. Олар лингвистикалық арашашылардың қажетсінетін көптілдік аудиторияны алған. 1919 жылы Париждің әлемдік конференциясында ең алғаш рет бірізділік аударма қолданылған, ал КСРО-да синхрондық аударманы қолданудың бірінші тәжірибесі 1928 жылы Коминтерннің 6 конгресінде орын алған. Синхрондық аударма жабдығына бірінші патент радиоинженер және ІВМ американдық фирмасының қызметкері Гордон Флиннің атына берілді, осыдан кейін микрофондар мен құлақшындар экзотика болмай, біртіндеп жетілдіріле бастады.

20-шы жылдардан бастап синхрондық аударма Кеңес Одағында жылдам дамиды. 1935 жылы Ленинградта ХV Халықаралық физиологиялық конгресте академик И.П.Павловтың кіріспе сөзін ағылшын, француз және неміс тілдерінде тыңдаудың мүмкіндігі болды. Коммунистік партияның ХХ Құрылтайында синхрондық аударма алты тілде іске асырылды, ал ХХІ құрылтайда 184 тілде.

Синхрондық аударманың болуын дәлелдеген бірінші «ең көлемді тәжірибе» 1945 жылы басталған,ұлтшыл әскери қылмыскерлердің Нюрнберг процесі болған. Синхрондық аударма ең алғаш рет халықаралық қоғамның үлкен қызығушылығын тудырған.Осы процесте жұмыс істеген, орыс , француз және неміс тілдерін білген аудармашылардың көбі – эмигранттар және түрлі мемлекетердің босқындары процестің аяқталуынан кейін жаңа құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының штатына өткен. Олардың тілі мен білімінің байлығы туралы Нюрнберг процесіне қатысқа кеңес эксперті баяндаған : «Олардың көп бөлігін Англия мен АҚШта көп жыл өмір сүрген эмигранттар құраған , олар үшін екі немесе үш шетел тіл тең дәрежеде туған болып келген. Аудармашылар ретінде ақ эмигрнаттар да қатысқан. Олардың кейбіреулері ұзақ уақыт бойы Францияда өмір сүрген, ал кейін АҚШқа көшкен, олар процесте француз тілінен ағылшын тіліне және керісінше аударған. Отаны жоқ осы адамдар орыс тілінде сөйлеуді ұмытқан. Олардың «орыс тілінде» шетел сөздері және архаизмдері көп, және айтатын сөздерін олардың күшті акцентінен түсіну қиын.»

Ресейде синхрондық аударманы ХХ ғасырдың аяғынан қолдана бастаған, бұл бірізділік аударма заманының соңы болған. Жаңа тәсіл өзінің үнемділігі мен тиімділігіне байланысты кең қолданысқа ие болды. Зияткерлік және оның салы ретінде экономикалық прогресс синхрондық аударманың қалыптасуында маңызды роль алған, оған байланысты технологиялық база қалыптасты – бұл осы саланың мамандарын тартумен дұрыс ұйымдастырылған шара негіздерінің бірі. Синхрондық аударманың қолжетімділік пен көптеген басқа да оң сипаттамаларының болуы халықаралық бизнестің қарқынды дамуына себепкер болды. Осылай нарықтың бір мемлекет шегінде де, сондай-ақ бүкіл әлемде де динамикалық дамуын анықтаған. Синхрондық аударма орнықтылық пен жауапкершіліктің белгісі ретінде іскерлік белсенділіктің айналымына кірген. Бұл келіссөздердің барысын оңтайландырды және саясат пен бизнес аяларындағы жобалардың іске асырылуы мен дайындығына шығындалатын уақыттың мөлшерін қысқартуға мүмкіндік берді .

Синхрондық аударманың өз артықшылықтары мен қиыншылықтары да бар, олар атап өту біздің жұмысымыздың жалғасы болып табылады.

 

Лекция 4