Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары

Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.

Экономиканың пәні ретіндегі ерекшелігі бірнеше анықтама арқылы сипатталады:

1.Экономикалық теория экономикалық дамудың жалпы қағидаларын,заңдылықтарын және экономикалық жүйенің қалыптасу механизмін талдайды.

2.Экономикалық теория адамдар арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді.

3.Экономикалық теория ғылым ретінде экономикалық құбылыстардың стратегиясын және экономикалық саясат негіздерін зерттейді.

Экономиканың негізгі қағидалары:

1.Не өндіру керек.Берілген уақытта тауарлар мен қызметтердің қай түрі және қандай мөлшерде өндірілуін анықтау.

2.қалай өндіру.Өндірілуі қажет тауарларды қандай технологиямен және ресурспен өндірілу керектігін анықтау.

3.кім үшін өндіру.Тауарды сатып алушыны кімге арналғандығы және қалай бөлу керек екендігі анықталады.

Атқаратын қызметтері.1.танымдық.Экономикалық заңдар мен құбылыстарды оқу және түсіндіру.

2.практикалық.Зерттелген проблемалардың теориясын тәжірибеде қолдану.Бұл қызметтің ерекшелігі мемлекеттің экономикалық саясатының негізін қалыптастыру.

3.дүниетанымдық.Қоғам өмірінде ғылыми анықталған көзқарастар жүйесін қалыптастыру.

4.әдістемелік.Экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және әдістемелік нұсқалар құру.

5.болжамдық.Экономиканың дамуына және жалпы қоғамның дамуына ғылыми болжамдар жасау.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар ж/е басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тұтыну мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. м емлекеттік кәсіпорын.

1. Толық серіктестік-қатысушылары кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серікткстік б.т. Т.с. құрылтай шарты негізінде құрылады ж/е әрекет етеді. Т.с.қызметі барлық қатысушылардыңжалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.

Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойыншаөзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір н/е бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі б.т.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-бір н/е бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік б.т. Оның мүшелері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.

Қосымша жауапкершілігі бар сер/к-тің қатысушыларысеріктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.

2. Акционерлік қоғам-Бұл өз қызметін асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Акция д/з-оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталында өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін ж/е оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акц/к қоғамды құру үшін сер/к келісім шартн жасау керек, оны қоғамның жарғысы д.а.Бұл қордың мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.

3. Мемлекеттік кәсіпорындар. Бюджеттік кәсіпорынға-заңды, шар/қ дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемл/к бюджет арқылы өтеледі. Мемелекеттік корпорациялар-кең тараған түр. Олар белгілі бір құқық суб/рі ж/е өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Олар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің эк/қ негізін мемл/к қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал, пайда құрайды. Аралас компаниялар-акционерлік қоғам ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.