Р Президентінің 6 наурыз 2009ж.дағдарыс

Дағдарыс кезінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес­керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.

Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілердің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндет­темелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті. Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы та­ғы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. Бұл ретте 2011 жылы базалық зей­нет­ақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр.

Өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтама­сыз ету үшін Президент Үкіметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын болды. Кем дегенде 350 мың қазақ­стандықты жұмыспен қамтамасыз ете алады, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.Қосымшы бөлінген қаражат Біріншіден, бұл коммуналдық желі­лерді қайта жарақтандыру және жаңғырту үшін жұмсалады. Бұл – сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілері.

Екіншіден, бұл жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту.
Бұл енді ӘКК-лердің міндеті, олар халықтың барынша жұмыспен қамты­луын қамтамасыз етуге міндетті. Мәселенің қаржылық жағы – Үкімет пен әкімдердің құзырында.

Үшіншіден, әрбір нақты елді мекен­дегі жергілікті мәндегі нысандар. Бұл жергілікті биліктің шешуі бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдан­дыру, жөндеу.

Төртіншіден,бұл әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру.
Біздің міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Сонда 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта­масыз етіледі. Қазақстанды мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Атырауда мұнай-химия кешенін салуды жалғастырамыз. Мойнақ ГЭС-інің құрылысын биыл аяқталады, Екібастұз 1-ГРЭС-ін кеңейту және қайта жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Ол жерде сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп тұр. Бұл дайын, шығынды қажет етпейтін электр қуаты.

Біз электровоздар, жолаушы және жүк вагондары, жол битумдары өнді­рісін, химия өнеркәсібін ұйымдастыруға кірістік. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту арқасында аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз.

 

 

67.Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі. ҚРда өндіріс факторларын пайдаланудың тиімділігі өте жоғары деп ойлаймын. Себебі ҚРсының табиғи жағдайының қолайлығы, ресурстардың және шикізаттардың молдығы көп мүмкіншілік береді. Экономикалық даму үрдісінде, қазіргі кезде ҚРсының атқарып жатқан жұмыстары аз емес.Өндіріс факторлары:жер,еңбек,капитал,кәсіпкерлік қабілет.Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал,ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер факторы жатады.Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы.Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды,сәйкесінше оны өндіре де алмайды.Қазақстан аумағында кеңінен пайдаланып жүрген өндіріс факторының негізгісі еңбек.Еңбек адамнгың мақсатқа сай қызметі,еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді,өзіне лайықтап икемдейді.Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек.Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды.Бұл жерде еңбек адамның мақсатты іс әрекеті емес,жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.Қазақстанның өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады.Бірақ менің ойымша жұмыс күшін пайдалану табиғат заттарын өзгертуге,оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адамның мақсатты іс әрекеті.Іс әрекеттердің мақсаттылығы,олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы,еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану,сондай ақ жинақталған тәжірибелер мен ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды деп ойлаймын.Капиталды Қазақстанда өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан,құрал жабдықтардан жіне жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.Жер,еңбек жіне капитал жеке нысандар н/е жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін ж/е тәуекелге бел буатын,сондай ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп танылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда ж/е басқаруда,менің ойымша,дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болу керек. Ал ол өз кезегінде өндірістің төртінші факторы болып табылады. Дәл осы факторды Қазақстанда пайдалану өте тиімді.