Нарықтың элементтеріне талдау

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шеғындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныс және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

 

79.нарықтық эк/ка жағдайында макроэк/қ тепе теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.Қазақстандағы ең қиын да өзекті проблемалардың бірі-жұмыссыздық пен инфляция.Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты және макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін жағдайладың бірі.Бұл проблемалар экономиға үлкен зиянын тигізеді.Айта кететін болсақ,инфляцияның экономикаға тигізетін кері әсерлері-өндірістің кедергісіне айналуы,баға деңгейінің өсуінен салықтың да өсуі,тауар тапшылығының өсуі,ақша-несие жүйесінің бұзылуы,бағаның өуі табыстың өсуінен жоғары болатындықтан,нақты табыстың азаюы.Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар. Ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі,тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты,бағалардың өсу қарқыны ақшалай табыстың өсуінен жоғары болады,сондықтан нақты табыс азаяды.Инфляцияның зардабы,әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.Ал жұмыссыздықтың салдарын қарастыратын болсақ,жұмыссыздық елдің жағдайына көптеген кері әсерлер тигізеді.Әлеуметтік жағдай төмендейді.Физикалық және психологиялық аурулар көбейеді,еңбек белсенділігі төмендейді.Ал экономика былай әсер етеді.Жұмыссыздарға көмек шығындары,ұлттық табыстың төмендеуі,салықтың аз жиналуы.

Бұл проблемаларды Қазақстан жағдайында қарастыратын болсақ,проблемалар қандай күрделі болмасын еліміз онымен тиімді күрес жүргізіп келеді.Осы орайда «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан Жанар Айтжанованың мақаласын қарастыруға болады.Елдегі жұмыссыздық деңгейі осы жылдың қыркүйек айында 5,6пайызды құрады,бұл өткен жылмен салыстырғанда тұрақты төмендеу үдерісін көрсетеді.Жұмыссыздықтың қысқаруына бірқатар факторлар ықпал етті.Оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы маңызды рөл атқарды.Қазақстандағы жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейін өткен жылмен салыстыратын болсақ,жұмыссыздық 2009 жылы 7,1 болса,2010 жылы 5,6 проц болды.Ал инфляция 2009 жылы 8,8, 2010 жылы 6,2 проц болды.Жүргізіліп отырған бағдарламалар банктерді бизнесті несиелеуге,ал бизнесті өңдеу өнеркәсібінің басым салаларындағы жаңа белестерді бағындыруға ынталандыра түсті.

Осы проблемаларды шешудегі менің ұсыныстарым.

Инфляцияға қарсы-1.шетелдерден келетін ақшаға шек қою,2.ұлттық валюта курсын көтеру қажет,3.бағаға тұрақты түрде бақылау жүргізу,4.мұнай мен газды теңгеге сатуымыз қажет.Сонда артық ақша басылмайтын болады.

Жұмыссыздыққа қарсы.

1.Жұмыссыздарды кәсіптік дайындау және қайта оқыту қажет.

2.шағын және орта бизнесті дамытуға көбірек микрокредиттер бөлу

3. «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты бағдарламаларды көбейту қажет.

Қорытындылай келе,жұмыссыздық және инфляцияға қарсы тиімді күрес жүргізу арқылы макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтауға болады.Дүниежүзілік шаруашылықпен интегра­ция­ланған Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың циклдік даму тенденция­ла­рына айтарлықтай тәуелді. Осындай жағ­дайда макроэкономикалық тұрақты дықтан циклдік көтерілулер кезеңінде эко­номиканың сапасын қамтамасыз етіп, оның “қызып лықты қамтамасыз ету үшін экономиканы мемле­кет­­тік басқарудың рөлі арта түседі. Сон­ кетуінен” сақтану үшін эко­но­ми­калық өсуді тежей тұру қажет, ал цикл­дік құлдыраулар кезеңінде инвести­ция­лық үдерістерді белсендіріп, өндірістің оңтайлы тепе-теңдігін сақтау талап етіледі. Осындай міндеттерді орындау үшін ақша-кредит, фискальдық, сондай-ақ, құрылым­дық сая­сат құралдарын тепе-тең пайдала­ну­ды қарастыратын макро­экономикалық саясатты жүзеге асыратын біртұтас жүйені қалыптастыру өте маңызды.2010-2012 жылдарға арналған респуб­ли­калық бюджеттің пара­метр­лері өткен жылы қа­был­данған және құлдырау сатысын еңсере отырып әрі осы сатыдан эконо­ми­каның тұрақтануы мен кө­терілу сатысына шығу жөніндегі бірқатар бюд­жеттік-салықтық саясатты қарасты­ратын Салық жә­не Бюджет кодекстерінің негізінде қалыптастырылды. Мәселен, са­лық заңнамаларына енгізілген өзгерістер экономиканы әртараптандыруға және экономикалық өсуді ынталандыруға қолдау жасауға бағытталған.Салықтық ауыртпалықтарды төмендету мақсатында бұрынғыға қарағанда 2014 жы­лы корпоративтік табыс салығы (КТС) став­касы екі есе азайтылмақ. Бюджеттің тепе-теңдігін сақтау үшін КТС ставкасын төмендету сатылап жүргізілетін болады, атап айтқанда, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ставка 30-дан 20 пайызға дейін тө­мен­детілді. Ол 2012 жылға дейін сақтала­ды да, 2013 жылдан 17,5 пайызға, ал 2014 жылдан бастап 15 пайызға төмендетіледі. Салықтарды төмендету негізгі қорларға ие болуға және модернизациялауға, сондай-ақ кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндік­терін кеңейтуге қосымша қаржы көздерін ашатын болады.

 

80.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі ж/е оны дамыту жолдары. Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан капиnалға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы,мемлекеттің эк/қ ж/е әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе боп табылады.бағ.қағаздар нар/ң ерекшелігі;банктік өнімге бәсекелес құралды шығару және халықтың,компания,қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамға қажетті 2 міндеттер шешіледі:1)сатушылар мен сатып алушыларды кездестіре отырып,олардың эк/қ қатынастары дамиды.2)бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізіледі.қазақстандық бағ. қағаз нар/ң дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтауда,экон/ң даму болашағының мақсаттары мен қағидаларын,сондайақ,эк/қ-әлеуметтік факторларды ескеру керек.осыған орай,бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт.сонымен қатар,реттеу эк/қ субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға,нақты экон/ға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.қаз/н жағдайында,бағ.қағаздар нар.дамуының стратегиялық мақсаты ретінде қаз/қ эк/ға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы,ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады.тактикалық шаралар негізінде,интраверттік нарықтан,яғни өз шеңберінде даму,экстраверттік нарыққа,яғни эк/ң нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн.мұнда бір жағынан,нарық инвесторларға максималды түрде ашық болу,екінші жағынан,эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.сонымен,еліміздің бағ.қ,нар/ң дамуы мемлекеттің эк/қ-әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар,алдағы ұзақ мерзімге бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік береді

 

81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.

Мемлекеттің өте үлкен рөлі және оның эко-қ процестерді реттей алатын қабілеті эконимика мен саясаттың байланыстарынан, эко-қ саясаттың жасалуынан тәуелді болады. Яғни, мем-т қоғамдық жүйенің жемісі, биліктің барлығына ие болады, мем-к емес институтардың барлығының болуын (болмауын) болжап отырады. Сонд. Мем-тің жаратылып, қызмет етуі тарихи қажеттілік болумен бірге, бұл дамудың қоғамдық прогрессивтік ж.е. өте маңызды факторы болып табылады. Үкіметтің «көрінетін қолы» бәсекенің «көрінбейтін қолын» реттеп отвруга тиісті, бұл туралы А.Смит айтқан. Қазақстан экон-қ құрылымдарда реформалау жолының бастапқы кезенінде келеді. Оның нарықтық экономиканы құру және оны пайдалану туралы тәжірибесі жетімді емес, сонд. Дамыған елдердің мем-к реттеу тәжірибесін талдап, оны қолданудың меңызы өте зор болып табылады. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп білудің арқасында, эко-қ дамудағы қателіктерді қайталамауға мүмкіндігіміз туады деп ойлаймын. «Ұлы дағдарыс» тәжәрибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеле болмаса, ең төменгі пайыз қойылымының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайда, олай болса сұраныс та ұлғаймайды, тоқырау процесі жалғасады. Оған қарсы бірден-бір қолданатын шара-мемлекеттің араласуы. Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу туралы 2 методологиялық бағыт қалыптасқан.

ҚР-дағы мемлекеттік реттеу әдістері негізінен құқықтық, әкімшілік, экон-қ, тікелей, жанама болып бөлінеді: құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші-фирмалар ж.е. тұтынушылар үшін «экон-қ ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушіліердің еңбек қатынастарына б-сты өзара міндеттемелірін ж.е. т.б белгілейді; әкімшілік реттеуге – контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қ-да әкімшілік шаралардың әрекет ететін сферасы, қоршаған ортаны қорғаумен, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен шектеледі; тікелей мемлекеттік басқару – жекелеген салаларда, эко-мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саларды мем-т тарапынан қолдауды талап етеді. Мысалы: әскери-қорғаныс, қорықтар, ұлттық маңызы бар объектілер, демалыс, емдеу-салықтыру орындары, су ресурстары, т.б жатады; мем-к бағдарламасымен мем-к тапсырыс арқ. Реттеу, бұл жағдайда мем-к органдар бюджет қаражатының бір бөдігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаларға бөледі, әскерт өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыс береді; баға арқ. Реттеу, нарықтық экон-а жағд/да мем-т бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Рыноктық эко-ға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркініне жіберідіп, оларды ешбір шектеумен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің тиімді тетіктерін ойластыруымыз қажет; сыртқы эко-қ реттеу – мем-ң сытрқы эко-қ қызметі оның ішікі шару-қ қызметін жалғастырады, яғги сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта – несие қатынасын, ғылыми – техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.

82. ҚР-дағы өндіріс факторлары нарығының дамуы.

Өндіріс факторлары рыногы: еңбек р-ы, капитал р-ы, жер р-ы, ақпарат р-ы. Еңбек р-ы – бұл бір-біріне тәуелсіз көптеген адамдардың білікті еңбек қызметтерінің ұсынуы. Оның негізі көрсеткіштері: эко-қ белсенді халық – ҚР статитика жөн. Агенттігінің мәліметі б.ша 2006 ж. Мамыр айына ол 7,4 млн адам болған; жұмыспен қамтылған халық пайыздық көрсеткішпен 64 пайыз болды; жалдамалы жұмысшылар 4,7 млн адам; өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 35,6 пайыз болды; жұмыссыз халық саны (табысты жұмысы болмаған оны үздіксіз іздеген ж.е. оған кіруге әзір 15 жастағы ж.е одан жоғары адамдар) 617,3 мың адам; жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелінген азамат-ң саны 2006 ж. Мамыр айында – 108,7 мың адам; эко-қ белсенді халық-ң ішінде тіркелінген жұмыссыздардың үлесі 1,4 пайыз болды. Жұмыссыздық деңгейі Р-ка бойынша 7,7 пайыз болды, ал жұмыс орындарына 2006 ж. Қаңтар-мамыр ішінде жұмысқа орналасқысы келгендердің ж.е орналасқандардың саны 78,2 мың адам болды, яғни 59,2 пайыз. Жалпы, әлемдік эко-ны ғаламдануы аясында Қаз-н өндіріс фак рыногы бірқатар мәселелерге тап болвп отыр. Негізгі мәселе-ге мына. Жатқызуға болады: өндіріс-ң біржақты, шикізаттық бағыты, әлемдік эко-ға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық ж.е аймақ аралық эко-қ ықпалдасудың босандығы, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтер деген тұтыну процесінің мардымсыздығы,кәсіпорындардың жалпы тех-қ ж\е технологиялық тұрғыдан артта қалуы.Осыған сәйкес ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-15ж.арналған стратегия ұсынылуы.Бұл бойынша негізгі міндет өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4пайыз мөлшерінде қамтамасыз ету,2000жылмен салыстырғанда 2015ж еңбек өнңмділігн 3есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2есе төмендету;кәсіпкерлік ахуалды,құрылымдарды қалыптастыру ж\е жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту;ғылымды көп қажет ететін ж\е жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру. Сапаның әлемдік страндарттарына көшу, стратегияны ойдағыдай іске асыру. Адам капиталын өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген эко-ның тұрақты өркендеуіне алып келеді. Сондықтан, стратегия эко-ка құрылымында спалы өзгерістер жасауға, Қ-ның әлеуметтік дамуымен қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек. Бүгінгі таңда Қ-да әлемдік қауымдастық рыноктық эко-лы мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өтуіміз керек. Ол ТМД елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялық ел ритингіне ие болды. Әлемдік банк Қ-ды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Қысқаша қорытындылайтын болсам, ҚР стратегиясын іске асыру нәтижесінде 2015ж қарай еліміздің эко-сы сервистік технологиялық дамуға өтуге сақадай сай болуы қажет. Ол үшін біз секілді жастар да ат салысуы қажет деп ойлаймын.

83.ұлттық эк/ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары. Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады .Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау .Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегия-сы” атты Президенттің халыққа кезекті Жол-дауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұ-рынғы Жолдауында экономиканың, халық-тың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жол-дауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ-стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны-мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бә-секеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея .Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қысиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды