Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары

Өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелді болады. Жер еңбек процесіне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығында еңбек заты, бірақ өнімі емес. Сондықтан, жерді бағалау үшін керек жағдайлар: 1)жердің тұтыну қасиеттеріне баға беру 2)жердің пайдалы қасиеттеріне баға беру.

Сонымен, жерді бағалаудың бірнеше әдістері бар. Салыстырмалы құнарлылықты диференцияалдық жер табысы қамтамасыз етеді. Олардың көлемі табиғат жасаған құнарлылықтың дәрежесімен ғана емес, желді жетілдіру үшін жасалған қосымша капитал салымдары мен еңбектен тәуілді болады. Бірақ, жер сатылғанда, оның иесі жердің қыртысын салып қоймайды, ол одан жылдар бойы табыс алу құқын сатады. Сондықтан, оның есебі бойынша жер үшін алынатын сома, егер ол банкіде сақталғанда, оған процент формасында рентаға тең табыс әкелуге тиісті. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:

Рента мөлшері

Жердің бағасы = қарыз процентінің мөлшері *100%

 

Мінекей, жер бағасы теориялық тұрғыдан осылайша анықталады. Ал тәжірибеде жер бағасы жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы: жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланбайтын жерлерге деген сұраныстың өсе түсуімен де түсіндіріледі. Жерге сұраныстың күрт өсуі инфляция мен әсіресе гиперинфляциямен байланысты бұл дегеніміз тиісінше жер бағасының өсуін жеделдетеді. Жерді бағалау жүйесінің мәселелерін атап өтейік: 1)жер рентасының нақты сандық анықталуы, 2)жер рентасын қоғамдық мұқтаждықтар үшін пайдаланудың қағидаларын негіздеу 3)жер рентасын жер салығы және жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау. Мысалы: егер астықтың бағасы төмендесе, онда осыны өсіретін жерге де сұраныс төмендейді, ал сұраныс төмендегенде арендалық төлем ставкасы да төмен болады.

Жердің бағасына көп факторлар әсер етеді. Жоғарыда айтып өткен инфляция, гиперинфляция жерге сұранысты күрт жоғарылатып оның бағасын өсіреді.

Қазақстандық эко-да жердің нарықтық құнын және жылжымайтын мүлікті бағалауда қолданылып отырған әдістерді үшке бөлуге болады: сатуларды салыстыру әдісі, шығындық әдіс, табыстарды капиталға айналдыру, яғни табыстық әдіс.

 

90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)

Еңбек нарығы-бұл жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшыларды және елдегі шаруашылықты реттеуде негізгі функцияларды атқаратын жұмыс күші көзғалысының өзара байланысқан динамикалық жүйесі.

Қазіргі кезде жұмыспен қамту катынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және түрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.Еңбек рыногындағы тепе-тендік сұраным мен ұсыным көмегімен
бекітіледі. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері
пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген
кезінде фирмалар нарытық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне
сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке
сұраным артады. Жұмыс күшіне деген нақты байланыска іс-әрекет етеді.

Мемлекеттің маңызды міңдеті келесі, принциптерді ұстана отырып,жұмыспен,қамтамасыз етуді реттеу:

1)еңбек еркіндігі, еңбекке деген өз мүмкіндіктерін еркін иемдену. Әрбір адам өз қызмет ету ортасын таңдай алады, еңбекке қүштеу болмауы керек.

2)Мемлекеттің еңбек құқығын іске асыру үшін бірдей алғы шарттар құру бойынша жауапкершілігі;

3.ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету

4.аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшеліктер мен жұмысшы күшіне қажеттілікті есепке алу;

5)жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне кешенді көзқарас.

Еңбек нарығы жалпы түрде жұмыс күшін жалдау және ұсыну мен байланысты коғамдық катынастар жүйесін көрсетеді, яғни оны сату мен сатып алу. Еңбек нарығында екі жақ өзара бірігіп қызмет етеді жұмыс күшінің иесі сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар.Бұл жерде енбекті құндык бағалау жүреді. Жұмыс қүшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптастырады. Сату мен сатып алу-обьектісі болып саналатын тауар - адамнын жұмыс күші, оның жұмысқа дегеп қабілеті.Еңбек нарығындағы жұмыс күшін сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара қатынас заңды формада- келісім-шарт түрінде жүргізіледі және еңбек заңында көрініс алады.

Жұмыспен қамтамасыз ету мен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің бағыттары мен әдістері әртүрлі және елдегі нақты экономикалық жағдаймен, мәселенің өткірлігімен анықталады.

Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласында, нарықтық инфрақұрылымда жұмыс істейтіндердің санының өсуі күтілуде. Алдағы уақытта қосымша 900 мың жұмыс ашылады деп болжануда.

Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі ұлттық экономикадағы сияқгы біркелкі емес. Бір жағынан оның еңбек нарығына белсенді араласуы нарықтық механизмінің құртып, еңбекке ынталандыру, кепілді еңбек ақы сияқты жағымсыз зардаптарды тудырады. Екінші жағынан мемлекет жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмысты және жұмыс құнының ұзақтығын тандау варианттарын ұсынады, бос уақытын табысты пайдалануға мүмкіндік береді.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құрайтын элементтерге жұмыс күшін иемденетін адамдар жатады. Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардығ тепе-теңдік бағасы мен саны, Оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономкалық агенттердің арасындағы бәсекелестің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Жұмыспен қамту.Жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшті. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта қорғауға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті. Осыған жету жолдары: -жұмысқа жалдау мен жұмыс беру формаларының көбейту және икемді қылу. -Жұмыс уақытын реттеу формаларын әр түрлерін пайдалану нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану. -Жалақыны реттеудің икемді өзгермелі түрлерін қолдану. - жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмыс күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағаның еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру. Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қорытындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр тұрлерінің қалыптасуын талдап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстағы жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 



/footer.php"; ?>