Дірілді өңдеу тәртібі

Дірілдету режимін таңдауда әсер ететін факторлар. Дірілдетудің режимін сиипаттайтын көрсеткіштер: тербеліс амплитудасы, тербелістің жиілігі және виброциялау уақыты болып саналады.

Дірілдету режимін тағайындауда ең тиімді көрсеткіш – дірілдетудің қарқындылығы болып саналады.

Таңдалған режим. Режим қалыпталынатын бетон араласпасының түріне және қолданылатын қондырғының түріне байланысты тағайындалады. Науа бұйымдарын дайындау үшін тік бағытта тербелетін діріл алаңдары қолданылады. Дірілдету уақыты 2-3 мин. Діріл алаңның орташа тербеліс жиілігі 0,35-0,6мм аралығында болуы керек. Қалып алаңындағы орташа амплитуданың тербелісінің ауытқуы % болуы керек.

 

БЕТОнараластырғыш СБ-146А

1 – сурет. БЕТОнараластырғыш СБ-146А

 

Бетонараластырғыш СБ-146А циклді әрекет етуші роторлы бетонараластырғыштардың класына жататын, қозғалмайтын араластырғыш ыдысы бар және жеңіл және ауыр бетон араласпаларын дайындауға арналған, сондай-ақ араластырғыш блоктардың құрамында БСУ, РБУ зауыттарының технологиялық линияларында құрғақ араласпаларды араластыруға арналған.

Қозғалтқыш пен редуктор бетонараластырғыштың жоғарғы бөлігінде орналасқан, бұл СБ-146А –ның барлық негізгі бұрыштарына жеңіл жетуге, басқаруға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде бетонараласпаның жоғарғы жөндеу қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Ыдыстың араластырғыш бөлігі дөңгелек қалыпқа ие. Араластырғыш ыдысының ішкі бөлігі ауысымдық бронмен қорғалған. Корпустың түбінде араласпа шығару үшін бекітпе тесігі орналасқан. Араластырғыштың бекітпесі Сamozzi (Италия) фирмасының пневмоцилиндр көмегімен қозғалысқа келтіріледі.

Бетонараластырғыштың сыртқы бөлігі соңғы өшірушімен жабдықталған, ол арқылы бекітпенің қиын жағдайда тұрғанын операторға сигнал жіберу арқылы хабарлайды, сондай-ақ өшіргіш қондырғы ыдыстың қақпағы ашылған кезде электрқозғалтқыштың жұмысын тоқтатады.

 

Бетонараластырғыш СБ-146А келесі бөліктерден тұрады:
• цилиндрлі қозғалмайтын корпус;
• араластырғыш ыдыс;
• араластырғыш қалақтары бар ротор;
• редуктор;
• пневмоцилиндр;
• қақпақ;
• затвор;
• электрқозғалтқыш.

 

Араластырғыш ыдыстың жоғарғы бөлігінде келесі элементтер орналасқан:
• құбырша (патрубки) – цемент және инертті материалдар жүргізу үшін;
• сорғыш құбырша – аспирационды жүйемен байланыстыру үшін;
• су құюға арналған құбыр;
• бақылаушы люк.

 

6 – кесте. Бетонараластырғыш СБ-146А техникалық сипаттамасы

Құрғақ құрамды жүктеу көлемі, л 750±75
Бетон араласпасы 500±50
Құрылыс ерітіндісі 650±65
Бетон араласпасы
Құрылыс ерітіндісі
Толтырғыш ірілігі, мм
Ротордың айналу жиілігі, об/мин 22,7
Электрқозғалтқыштың орнатылған қуаты, кВт 18,5
Пневмоцилиндрдің жұмыс қуаты, кВт  
Өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі), мм 2500х2325х1760
Салмағы, кг
Басқарушы тізбектің кернеуі, В
Күштік тізбектің кернеуі, В
Сағатына өнімділігі, м3 24