Тапсырма Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз

1.Это мой дом, а тот –его дом. 2.Сделайте это сами. 3.У меня ничего нет. 4.Все люди гуляют на улице. 5.Кто это? 6. Пусть сейчас никто ничего не читает. 7.Это твое место? Пусть туда никто не садится. 8.Как Вы говорите по –казахски? Я Вам говарю! 9.Это упражнение выполняйте сами. 10.Никто тебя сейчас не заставляет.

 

І Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

Сабақтың қорытындысы:

1.Ақпаратты технология және маман қызметі дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Есімдікті сөз таптарының жасалу жолдары?

3.Мағыналарына қарай есімдіктер неше топқа бөлінген?

 

Рефлексия:1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау:Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

 

Үй тапсырмасы: «Ақпаратты технология және маман қызметі» мазмұндау, презентация дайындау.

 

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

 

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 26

Тақырыбы: Кәсіпкер және кәсіпкерлік. Етістік. Етістіктің категориялары.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:кәсіпкер, кәсіпкерлік сөздерінің мағынасын түсіндіру . Етістік және оның категориялары туралы айту, мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: мәтінді оқи білуге, сөздерді анық, дұрыс айтуға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

Жаңа сабақ : Кәсіпкер және кәсіпкерлік.

Кәсіпкер-нарықтың экономикасының басты қозғаушы күші. Кәсіпкерлік қызметпен Республиканың кез келген азаматы айналыса алады. Кәсіпкерлік адамды еңбексүйгіштікке, ұдайы ізденіске, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Кәсіпкер шешімді өз бетінше қабылдайды. Егер кәсіпкердің отбасында татулық болса, онда оның жұмысы да алға басады.

Азақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені ксіпкерлік –азаматтық қоғамның тұрақты, бір қалыпты өмір сүруінің кепілі.

Етістік. Етістіктің категориялары

Етістік –заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді?, не қылды?, қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Етістіктің категориялары

Етістіктер дара және күрделі болып бөлінеді.

Дара етістіктер: негізгі кел, айт, көр, бер.

Туынды басқар, шығар, тазала, төмендеп.

Күрделі етістіктер: тіркес сөз айтып берді, айтқым келмеді

Ос сөз сыйлай-сыйлай

Салт етістік, сабақты етістік, болымсыз етістік, болымды етістік

Есімше, көсемше, етіс.

Етістіктің шақтары: осы, өткен, келер.

Етістіктің райлары: ашық, бұйрық, қалау, шартты.

І тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай есімдік екенін анықтаңыз.

1.Сізге қазақ тілі ұнап жүр ме? 2.Сіздің маған қандай сұрақтарыңыз бар? 3.Мынау –өте қызық тақырып, ал анау-онша емес. 4.Қазақстанда әрбір адам қазақ тілін жақсы білуге тиіс пе? 5.Сіз оны не үшін үйреніп жүрсіз? 6 .Мына жаттығуды бәрі орындап отыр ма? 7.Мына тақырып барлық студенттерге оңай ма? 8.Сіздердің тобыңызда ешкім ештеңе түсінбей отыр ма?

ІІ тапсырма Отбасыңыздың суреттерін пайдаланып, жолдасыңызбен сөйлесіңіз.

ІІІ тапсырма. Өлеңді оқып, аударыңыз. Қандай есімдік екенін айтыңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

«Сіз» деген-сыпайылық,

«Сен» деген –анайылық.

«Біз» деген - көмек

«Сіз» деген -әдеп.