Кеспеағаш аймағындағы тәжиірбелік жұмыстар

 

Кеспеағаш (лесосека) – орманның пісіп жетілген ағаштарын кесу мақсатында арнайы шектелген аймақты атайды. Мұндай жерлер арнайы бағаналар мен белгілермен (шекаралармен) көрсетіледі. Кеспеағаш аумағы ондаған га-ға ал, жаппай кесуде аймақтың ені 50м ден 1 км-ге дейін жетеді.

Орман квартал бойынша бөлінгендіктен, оларды азимуттық градус бойынша Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс болып нақты секторларға бөлінеді. Сол себептен таксаторлар бағанды қатесіз орнатуы тиіс.

Сурет 6. Кеспеағаш аймағының секторға бөлінген шекарасы

 

Басты пайдалануға кесу – орманды басты пайдаланудың бір түрі, ішкі ресурстарды пайдаланудың басты бөлігі болып табылады. Орманды дұрыс пайдалануда, кесудің пайдасын негізге алып, олар ағаштың өлшемі мен сапасын алады, халық шаруашылығымен тұрғындардың қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Кесуден кейін тұқым ағаштарын отырғызатын жер қалдырады көлемі 0,5 тен 1,5 га дейін, көлденеңі 10 - 15 метр. Елімізде ағашты тұтастай кесу тәсілі басты кесудің түрі болып табылады, себебі осының көмегі арқылы 95 % орман материалдарын дайындайды. Тұтастай ағашты кесу көбінесе ІІІ және ІІ топ ормандарында кеңінен қолданылады және көптеген сорттардың көлем сұранысына байланысты. Олар ағаш кесетін учаскенің өлшемі жағынан өзгеше және тар жерде ағаш кесу айырмашылығы байқалады, онда ағаш кесетін жердің ұзындығы 100 м аспайтын және ауданы 50 га жерде құнарландырылған кесумен көлік жол магистралында болу керек, құнарлы ағаш кесетін жердің ұзындығы 200 м-ге дейін жетеді.

Сурет 7. Профессорлармен бір топ болып кеспеағаш жұмыстарын жүргізу

 

Сурет 8. Кеспеағаш аймағын шекаралау

Буссоль (фр. boussole, компас) — жергілікті жерде магниттік азимуттарды немесе румбтарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Ол бұрыштық бөліктері бар дөңгелектен және оның ортасыңдағы сүмбі ұшында айналатын магнит нұсқарынан тұрады. Көздеу үшін буссольдің диопторлары бар, өлшеу кезінде оны штативке орнатады, планшетке қояды немесе қолда ұстайды. Буссольдің анықтаулары ерекше сақталатын нормаль буссольдік көрсеткішімен тексеріледі. Нормаль және жұмыс буссольдерінің көрсеткіштері арасындағы айырым буссольдің түзетуі деп аталады. Дөңгелек

Буссоль немесе буссоль-бағдарлауыш, әдетте, дәл және техникалық теодолиттердің жиынтығында болады. Теодолит пен магниттік азимутты анықтау үшін алидаданы 0 С есептеуіне қойып, қысқыш бұрандасымен бекітеді де, аспапты айналдырып, Буссоль нұсқарын 0°0' есептеуіне келтіреді. Содан соң көру дүрбісінің көздеу өсінің басқа бір азимутты жағдайында лимбтегі есептеу көздеу сызығының магниттік азимутына тең болады

 

Сурет 9. Буссоль құралы

 

Кеспеағаш аймағында ең алдымен қандай ағаштардың кесуге жарамдылығын анығтау қажет. Сондықтан, белгіленген кесу жұмыстарына арналған ағаш сорттары мен сапасына байланысты анықтамалық жұмыстарды жүргізу керек. Ол үшін арнайы ағаштың диаметріне байланысты сызғыш құралымен өлшейді. Сызықтық нәтижелері 16-20см, 20-24см, 24-28см, 28-32см, 32-36см. Осы көрсеткіштер ағаш диаметрінің қандай екенін және қай категорияға жататынын білуге болады. Кейін ол көрсеткіштерді арнайы кестеде көрсетілген ағаштың ақпарат орындарына кәдімгі қарапайым қарындашпен толтырады. Жұмыстың соңында қай ағаштың кесуге жарамдылығы бар екені анықталып, оларға белгі қойылады. Сөйтіп, кеспеағаш жұмыстарының аймақтық іс-шаралары біткеннен кейін ағаштарды кесу жұмыстарына өткізеді. (10-суретте қарастырылған)

 

Сурет 10. Ағаш диаметрін өлшеу жұмыстары

3.3 РМҚК «Республикалық орман селекциялық орталығы»

 

Орман питомнигі– ғылыми зертттеу негізінде тәжірибе мекемесіндегі өсімдіктерді, ағаш-бұталарды өсіруге, көбейтуге арналған жер телімі. Бурабай ауданының солтүстік аймақ филиалының РМҚК «Республикалық орман селекциялық орталығы» орман шаруашылығын дамытуда көп көмегін тигізіп отыр.

 

Сурет 11.Қарағайлы питомниктер

 

Көшеттік, екпелі көшеттік, жемістік, сәндік, ағаштық, бұталық және орман Питомнигі болып бөлінеді. Мұндағы іріктеу жұмыстары тұқым дайындаудан бастап, бір немесе екі жылдық тікпе көшеттер өсіріп шығарғанша жүргізіледі. Ормандық және орман мелиоративтік Питомниктерінде орманға егілетін 1 — 2 жылдық көшеттер. Питомникте негізінде елді мекендерге отырғызылатын көшеттер өсіріледі.

Питомниктерде топырақ құрғату, жер суару, тыңайтқыш қолдану, машина пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Ауа-райы жағдайына, топыраққа, өсірілетін көшеттердің түріне байланысты көп танапты ауыспалы егіс жүйесі қолданылады. Питомниктерде өскен көшеттерді 2-, 3-, 4-жылы күзде немесе ерте көктемде машинамен қазып алып, көшет отырғызатын жерлерге жібереді.

Мұндағы лабораторияда тұұымдарғы зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірнеше факторларды ескеру қажет:

1.Температура;

2.Ылғал;

3.Жарық;

Осы негізгі факторлар тұқымның түріне байланысты әр-түрлі болып келеді. 100-ден аса тұқымдардың 25% -ы жойылуға ұшырайды.

 

Сурет 12. Пробиркадағы тұқымдар

Тұқымдарда алғашқы тамыр жүйесі қалыптаса бастаған кезде оларды пластикалық стақандарға салады. Кейінгі өсу жағдайын сыртқы ортаның факторларына, яғни, төзімділігін арттыруға назар аударады. Өйткені, жас өскіншектің дамуы неғұрлым табиғи факторларға үйлескен болса, болашақ өнімнің адаптациясы және сапасы мықты алқа ағаш болып қалыптасады. Жыл сайын мұнда көктем айында тұқым саласы бойынша көп жұмыстарды атқарады.

 

 



>